ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ГЕРМАНИЯ ЕЛІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕ ШОЛУ


ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ГЕРМАНИЯ ЕЛІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІНЕ ШОЛУ
Биржанова А. А.
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «ерекше жағдайлар» деп ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдардың (балалардың) оларсыз жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларын меңгеруі мүмкін болмайтын, арнайы оқу бағдарламаларын және оқыту әдістерін, техникалық және өзге де құралдарды, тыныс-тіршілігін, сондай-ақ медициналық, әлеуметтік және өзге де көрсетілетін қызметтерді қамтитын жағдайларды көрсетеді. Дәл осы ерекше жағдайлар үшін білім берудің бір түрі - инклюзивті білім беру.
Инклюзивті білім беру (франц. «inclusif»-лат. «include»-қорытындылау, қосу) - ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылар үшін білімге тең қол жетімділікті қамтамасыз ету [1] .
Қазақстан Республикасында инклюзивті білімді қажет ететін балалардың саны жылдан жылға артып келеді. ҚР БҒМ Инклюзивті және арнайы білім беру басқармасының мәліметі бойынша 2020 жылы мүмкіндігі шектеулі балалардың саны 93, 9 мыңға жуықтаған. Бұл құрамда балабақша тәрбиеленушілері, мектеп оқушылары және жоғары оқу орнында білім алатын студенттер бар. Білім алушыларға жетілдірілген деңгейдегі инклюзивті білім беруді дамыту үшін Европа мемлекеттерінің ішінде инклюзивті білім беру жүйесін тиімді қолданып дамытқан Германия мемлекетінің тәжірибесіне сүйенген абзал [2] .
Германия 1994 жылы БҰҰ-ның «Мүгедектердің құқықтары туралы» конвенциясын ратификациялады. Құжат барлығына тең мүмкіндіктерге, соның ішінде білімге тең қол жеткізуге кепілдік береді. Осыдан бастап бүкіл ел бойынша арнайы мамандандырылған және түзету мектептері жабыла бастады. Бірқатар мамандар баланың барлық оқушылармен тең білім алуы міндетті емес, дегенмен өзінің жеке құқығы болып қала береді деп санайды.
Алдымен инклюзивті оқыту дегеніміз не және оның интегративті айырмашылығы қандай екенін анықтайық. Интегративті тәсіл Германияда 70-ші жылдардан бастап соңғы уақытқа дейін қолданылды. Оған сәйкес балалар бұрыннан бар оқыту жүйесіне еніп, оларды бар мүмкіндіктерге бейімдеуге тырысады.
БҰҰ конвенциясына қол қойылғаннан кейін бұл тәсіл қайта қаралып, ел инклюзивті білім беру жүейсіне көшті. «Кедергілер балада емес, қоғамда» ұранымен мүгедек балалар басқалармен бірге оқуға ресми түрде құқылы болды. Ал балабақшалар мен мектеп әкімшіліктері құжат тапсырып, білім алуға ниет білдіргендердің барлығын қабылдауға тапсырма алды.
Балабақшаларға инклюзивті білім беру жүйесін енгізу қиын болмады. Себебі балабақша балаларының жас шамасында ерекшеліктер айтарлықтай байқалмайды, теңдей қарым-қатынас жасалады және оқыту бағдарламасы жеңіл болғандықтан мәселе туындамайды. Тәрбиешілер "ерекше" балалардың қажеттіліктерін жақсы түсіну үшін қосымша білім алып, білім беру мекемелері қосымша жабдықтар ала бастады. Көптеген балабақшаларда жаңа мамандық иелерін, яғни, логопедтер, физиотерапевт және эрготерапевтер жұмысқа ала бастады.
Мектептерде жағдай әлдеқайда күрделі. Статистика бойынша білім деңгейі неғұрлым жоғары болса, баланың қатарға қосылу мүмкіндігі соғұрлым аз болатынын көрсетеді. Егер бүкіл Германия бойынша "ерекше" балалардың 67% басқа балалармен бірге балабақшаларда тәрбиеленсе, ал бастауыш мектепте бұл көрсеткіш 46% - ға дейін, ал жоғары сыныптарда 30% - ға дейін төмендейді.
Германияның барлық мектептері мамандандырылған (Sonderschule), түзету (Fцrderschule) және жалпы білім беретін мектептер болып бөлінеді. Мамандандырылған мектептерде психикалық және физикалық мүгедектіктің ауыр түрлері бар балалар оқытылады, ал түзету мектептерінде "қиын балалар", яғни оқу процесі қиынға соғатын, әлеуметтік немесе эмоционалды дамуы бұзылған немесе жай ғана ерекше мінезі бар балалар оқытылады. Конвенция қабылданғаннан кейін билік мұндай балаларға қатысты мектептердің құқықтары мен міндеттерін қайта қарай бастады. Оқу орындарын жергілікті билік басқаратындықтан, осы тұста біраз мәселелер туындады.
Мысал ретінде Германияның бір әкімшілік бөлініс жері Саксонии-Анхальтта жалпы мектепте білім алатын «ерекше» балалардың үлесі 2018 жылғы статистика бойынша 5, 7% ғана құрады. Осыдан кейін білім ерекше білімді қажет ететін балаларды тәрбиелеу мен білім беру саласында біраз жұмыстар жасалып, қағидалар өзгертілді.
Қазіргі таңда, Германияда ерекше білімді қажет ететін балалардың ата-аналары мектепке құжаттар тапсырады, осыдан соң арнайы комиссия мүшелері баланың диагнозына қарай жалпы білім беретін мектепте оқу мүмкіндіктерін қарастырып, шешім қабылдайды. Барлық оқушылармен тең қатарлы білім алудың арнайы түрі инклюзивті білім беру тәсілін тиімдірек ету үшін мектептерде білікті арнайы қызметкерлер жұмысқа алынып, оқушылардың ұжымның барлық мүшелерімен бірге оқу процесіне қатысуы мен жеке білім алуын қамтамасыз етеді. Оқушы тек мектепте ғана емес, одан тыс жерлерде де қолдау ала алатындай жағдай жасалады: оған бекітілген арнайы мұғалім және медицина қызметкері болады. Осы тұста Германия Федеративті Республикасында заманауи білім беру жүйесі педагогтарға оқушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, оқу процесін ұйымдастыру үшін көбірек еркіндік беретінін атап өткен жөн. [3, 21-22 беттер] .
Мектепте балабақшаға қарағанда «ерекше» балалар үшін білім алу қиынырақ болғанымен, Германия бұл мәселеніде тиімді шеше білді, жалпы мектепте басқа оқушылармен тең құқылы білім алуына бағдарламалар әзірледі.
Германияның жоғары оқу орындарында да инклюзивті білім беру жүйесі енгізілген. Неміс университеттері ерекше білім беруді қажет ететін студенттердің жеке жағдайларын зерттей отырып, оларды оқу бағдарламасын ұйымдастыру процесінде ескере бастады. Статистика көрсеткендей, мұндай студенттердің 6% - ы Германияның барлық жоғары оқу орындарында оқиды. Ескеретін жағдай Германия 16 тәуелсіз аймаққа бөлінген, олардың әрқайсысы мүгедектік бойынша ресми диагнозды белгілеу және ерекше қажеттіліктері бар студенттер үшін қандай қызметтер ұсынылуы мүмкін екендігі туралы өз ережелері мен нормалары анықталған. Дегенмен барлығына ортақ мүгедектіктің төрт негізгі түрін ажыратуға болады: психикалық бұзылулар, физикалық мүмкіндіктері шектеулі, соматикалық аурулар және аурудың бірнеше түрлерінің бірігуі [4, 67б] .
Елде орта және жоғары оқу орындарында мүмкіндігі шектеулі студенттерді қолдау бойынша арнайы орталықтар мен қызметтер толық жұмыс жасайды. Мысалы, Вупперталь университетінде мүгедектер және созылмалы ауруы бар студенттерге арнайы қызмет көрсету орталығы бар, Гейдельберг университетінде де осындай қызмет түрі ұйымдастырылған. Мүмкіндігі шектеулі және созылмалы аурулары бар студенттерге арналған қызмет Берлин техникалық университетінде ұзақ жылдар бойы жұмыс істейді [4, 5-бет] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz