Экологиялық тәрбие туралы жалпы түсінік


Болат Дарияш
Бақылау сұрақтары:
- Мектеп жасына балаларға экологиялық тәрбие берудің негізгі жолдары қандай?
- Экологиялық сана дегеніміз не?
- Экологиялық мәдениет дегеніміз не?
- Экологиялық тәрбие туралы жалпы түсінік. ?
- Мектепке дейінгілерге экологиялық білім берудегі ойын әдісінің ролі қандай?
- Оқыту әдістеріне сиапттама бер.
- Табиғатқа жүргізілетін бақылау түрлерін ата
Жалпы Қазақстанның өсу жағдайы әлемдiк деңгейге сай келу үшiн өндiрiстiң, ғылым мен техниканың дамуы қажет екенi белгiлi. Ал, бұлардың өркендеуi табиғаттың сан түрлi салаларын шаруашылыққа қарқынды пайдалануды талап етедi. Бүгiнгi таңда өндiрiстiң дамуы табиғи ресурстарды азайтып қана қоймай, қоршаған ортаның ластану проблемасын тудырып отырғаны мәлім.
Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінде жүргізіліп жатқан реформа оны сапалық тұрғыда нарықтық экономика, қоғамдық экономикалық қатынастарды ғаламдандыру, дамудың ақпараттық кезеңінде қоғамның өтуі жағдайында қайта құруға бағытталған.
Қазақстан Республикасы тұрақты дамудың жаңа жолына түскеннен кейін экологиялық білім беру мен тәрбиенің маңызы арта түсуде.
Президент Н. Назарбаев ұсынған «Қазақстан-2030» даму Стратегиясы бағдарламасында экологиялық білім беру мен тәрбие ісі басты мәселе» .
Экологиялық білім - қазіргі білім беру жүйесінің өзекті мәселелерінің бірі. Білім беру үрдісінде экологиялық білім және тәрбие беру үздіксіздігі мен сабақтастығының маңызы айрықша зор. Оларды жүзеге асыру үшін білім жүйесін тұтасынан және оның жеке кезеңдері мен деңгейлерін кешенді түрде жетілдіретін шаралар қажет. Бұл мәселені шешудің бірден-бір жолы экологиялық біліммен қаруланған жеке тұлғаны қалыптастыру екенін көптеген ғалымдар өз еңбектерінде атап айтқан.
Адам-қоғам-табиғат арасындағы қарым- қатынастың ұлттық салт-дәстүрлермен байланысы Р. М. Қоянбаев, С. Қ. Калиев, Қ. Б. Жарықбаев, С. А. Ұзақбаева, А. А. Бейсенбаева, И. Н. Нұғымановтың және т. б. ғалымдардың зерттеулерінде әр қырынан сөз болады
Балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру үшін әртүрлі балаларға арналған газеттер мен журналдар беттерінде жарық көрген мақалалар кеңінен пайдаланылып, түрлі тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілген, экологиялық мәдениетін дамытып, қалыптастыру нәтижелері берілген.
- Экологиялық тәрбие мәселесi - ұрпақтың бiлiмi мен тәрбиесiн қалыптастырудың бiр бөлiгi. Сол арқылы әлеуметтiк-экологиялық, мәдени-рухани мәселелердi қоршаған орта мен адам баласының денсаулығына ешқандай зиян келтiрмей шешу жолдарын қалыптастыру керек.
Экологиялық тәрбиенi қандай да бiр халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан салт- дәстүрiнсiз, әдет- ғұрпынсыз елестету мүмкiн емес.
Көрнектi педагогтар Я. А. Коменский, И. Г. Песталоцци, К. Д. Ушинский, В. А. Сухомлинский тәрбиенiң бастау көзiн қоршаған орта әсерiмен, халықтық тәжiрибемен тiкелей байланыстырып отырды.
Мәселен, Я. А. Коменский “Тәрбие табиғилығы” еңбегiнде кешендi оқу процесiн жүргiзуде табиғаттың алатын орны ерекше екендiгiн, сондай-ақ оқыту мен тәрбиелеу жұмыстары қоршаған ортамен салыстырмалы түрде түсiндiрiлiп, жүргiзiлсе, нәтижелi болатынын ескертедi.
Педагог В. А. Сухомлинский табиғат құбылыстарының қай-қайсы да адамға әсер ететiндiгiн, сондықтан оның сырларын бiлудi бала кезден қалыптастыру керектiгiн айтқан. Сондықтан, жылдың қай мезгiлiнде де табиғаттың әдемiлiгiн танытып, сол арқылы бала жанына сұлулық пен тазалықтың нәрiн құю керектiгiн мол педагогикалық жұмысының өзегi еткен
Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалар бір бөлігі білім саласынның сапалық және экологиялық, қоғамдық-экономикалық қатынастар тұрғысында жаһандану кезеңіне өтуіне, әлемдік ақпараттық дамумен ықпалдасуына бағытталған.
- Балаларға экологиялық тәрбие беру - адамзаттың, тұтасатай қоғамның қазіргі табиғатпен, қоршаған ортамен үйлесімділігінің ең тиімді жолдарын ұрпаққа түсіндіру.
Қазақстанның келешегі бүгінгі күнгі жастардың мектеп қабырғасынан қандай құндылықтармен тәрбиеленіп шыққандығына, санасы мен өмірге көзқарастарының қаншалықты қалыптасқандығына тікелей байланысты.
Осыған орай, ең алдымен жастардың бойында халқына, туған жерге деген сүйіспеншілікті, қамқорлық пен құрметті тәрбиелеу және осы мақсатта экологиялық іс-әрекеттерді ұйымдастыру қажет.
Балаларға тәрбие берудің құралы ретінде балабақшада өтілетін іс-шаралардың мүмкіндігін ұтымды пайдаланудың жолдарын ұсыну, жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеуде ұлттық баспасөз материалдарын кеңінен қолдану - бүгінгі күнгі білім мен тәрбие беруегі негізгі мәселелердің бірі.
Қоғамдық өмірдегі қазіргі қайта құрулар, экологияны қорғаудағы жаңа стратегиялық бағдарлар мен бағыттар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті.
Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігі білім беру жүйесінде білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің қазіргі басты мақсаты білім алып, білік пен дағды-машыққа қол жеткізу ғана емес, олардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке иек арту, ақпаратты дербес іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, өзгерістерге толы бүгінгі дәуірде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.
Жалпы, тәрбие берудің саналуан жолдары бар. Әртүрлі жағдайға байланысты қажетті тәрбиенің әдіс-тәсілдерін, түрлерін таңдап алу үшін ең алдымен оқушының ішкі жандүниесін, сезімін, мінезін нақты анықтаған, бағдарлаған абзал.
Тәрбиеші өз іс-әрекетін дұрыс болжап, оқушының қабылдауына, ой-түйсігіне, сана-түсінігіне сәйкес өзіндік ұсыныстары мен көзқарастарын білдіруі керек.
- Экологиялық тәрбиенің мақсаты - қоршаған ортаға экологиялық сана базасы негізінде құрылатын жауапкершілікті қарым-қатынас қалыптастыру. Бұл дегеніміз - табиғатты пайдаланудың құқықтық және адамгершілік принциптерін, оны оптимизациялауды насихаттау идеяларын, өз жерінің табиғатын қорғау және меңгеру бойынша белсенді қызметті бақылау.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz