Абай шығармаларының жанры
5- дәріс. Абай шығармаларының жанры
Әдебиет яғни сөз өнері эпос, лирика, драма дейтін негізгі үш салаға жіктеледі. Бұлар әдеби жанрлар мен түрлердің тегі деп те аталады және олардың әрқайсысы мазмұны және суреттеу, баяндау тәсіліне қарай өз тарапынан жүйе құрып, жанрлық түрлерге бөлінеді.
Үш текті әдебиет жанрларының бірі - лирика, адамның көңіл-күйін шертеді. Бұл жанрда ақын адамның ішкі ғаламы мен тысқы ғаламы түйіседі (Байтұрсынов). Адамның сырттан алған әсері көңіл көрігінде балқып, нәзік сәулелі сезімге айналады. Жалт өткен сезім жарқ етіп ақын жүрегін дөп сөзбен жарып шықса, міне, бұл - лирика. Лирикада субъектілік басым. Эпоста автор оқиға көлеңкесінде қалса, лирикада алға шығады, өзі өлең мазмұнына айналады. Және өз қалпын бетін өзгертпейді (Аристотель). Өлеңнің лирикалық кейіпкері көбіне автордың өзіне тартады. Лирикалық кейіпкер - жүрегін от сезімге ораған ой адамының бейнесі. Лирикалық өлеңдегі сұрапыл тебіреніс, толғаныстар, қызу қанды қарбалас әсерлер соқыр сезім емес, ой көзді сезім. Абай: Өмірде ойға түсіп кем-кетігің, Тулағыш мінезің бар, жүрек, сенің десе, бұл - лирик ақын бейнесі. Ой мен сезім лирикада ғашықтардай табысады, сол махаббат ләззатынан көркем сөз атты перзент туады. Қуатты ойдан бас құрап, Еркеленіп шығар сөз, деп Абай тегін айтпаған. Өлең қолдан жасалмайтынын, ой, қайрат, жүрек тұнығынан қайнап шығатынын ескерткен. Лирикалық жанр түрлері қазақ ауыз әдебиетінде терме, толғау нысанында қалыптасты. Әлемдік әдебиетте ертеден өріс алған элегия (мұңды өлең), ода (мадақ өлең), эпиграмма (әжуа өлең), эпитафия (жоқтау), сонет сыршыл, композициясы белгілі нормамен жазылатын өлең секілді түрлері қазақ поэзиясында берік орын тепті. Саяси-әлеуметтік лирика түрлері де дамыды. Тақырыбы мәңгілік саналатын махаббат лирикасы, табиғат лирикасы түрлерінен қазақ поэзиясы әлемдік поэзияның қай-қайсысымен де иық теңестіретін шығармалар тудырды.
Абай лирикасы - ақынның мол мұрасы, халқына қалдырып кеткен асыл қазынасы. Қоғам ілгерілеп, заман озған сайын ұлы ақын лирикасына қайта айналып соғып, жаңаша зерделеп отыру қазақ әдебиеттануының қасиетті борышы десек, артық айтқандық болмас. Абай өлеңдері, олардың тақырыптық, мазмұндық ерекшеліктері мен жанрлық сипаты туралы аз айтылып, аз жазылып жүрген жоқ.
Осындай ғылыми-зерттеу еңбектердің, мақалалардың бірі және үздік үлгісі - М.Әуезовтің Абайдың лирикасы деп аталатын көлемді мақаласы. Ғалым бұл мақаласында ақын өлеңдерінің жазылу жылдарының хронологиялық тәртібін сақтай отырып, терең тексереді, ақын өлеңдерінен асып, жалпы қазақ поэзиясының теориясы мен тарихы үшін өте құнды ой-пікірлерін айтады.
М.Әуезов аталған мақаласында Асқа, тойға баратұғын жайлы еш нәрсе айтылмаған. Ал, Бір сұлу қыз тұрыпты, хан қолында туралы әр кезде әртүрлі пікірлер айтылып, жазылып жүргені белгілі.
Асқа, тойға баратұғын деп аталатын өлең он шумақтан тұрады. Өлеңнің тақырыбы XIX ғасырдағы қазақ қоғамына типтік жағдай болып саналатын барымта-сырымта, әріректегі тарихи тақырып десек, жоңғар шапқыншылығының оқиғасы. Өлеңнің алғашқы шумақтарында асқа, тойға бара - тұғын, жас жігіттің жайы, оның жауға аттанғаны, жауға сойқан салғалы кеткен жігіттің алғалы жүрген қалыңдығының қала бергені жайлы жырланады. Өлең тақырыбы құшып сүюге күйеуіне ынтызар, көйлегін ақтан тіккіштеп, күні-түні демін алмай жүрген қалыңдық жайын айтумен ашыла түседі. Одан әрі өлеңде жас батырдың жаудан өлді ар үшін делініп, жаугершілікте өлгені жайлы, бұны естіген қалыңдықтың да ақ көйлегін бітіріп, кебінім деп киді, өлді делініп, жас өмірін аяулы да арлы өлімге қиғаны жайында баяндалған. Өлеңдегі ғашықтар трагедиясын ақын:
- Қол жетпеген некені,
Сүйіп кеткен жан екен.
Көзің неге жетеді
Қосылмақ онда бар ма екен?
Шыны ғашық жар болса.
Неге өлдім деп налымас,
Онда екеуі кез келсе,
Бірін-бірі танымас, - деп аяқтайды.
Өлең мазмұнындағы ғашықтар трагедиясы арқылы ақын сүйіспеншілік сезімнің тазалығы, махаббат тұрақтылығын, сүйіскен, серттескен жастардың беріктігін жырлаумен үлкен ой аңғартып, шын ғашық жарлардың, неге өлдім деп налымайтындығын айтып, адамдық асыл сезімді идея етіп көтереді.
Түрлі себептермен бастары қосылмаған ғашықтар жайы поэзия - мызда Абайдан бұрын да, кейін де айтылған. Бұл жерде өлеңнің тақырыбы не көтерген мәселесі жайлы емес, оның жанрлық сипаты яки тектік табиғаты, түрі туралы болып отыр. Біріншіден, өлеңде оқиға не сюжет бар. Бұл оқиға не сюжет эпикалық немесе драмалық шығармалардағыдай емес, лирикалық шығарманың жанрлық мүмкіншілігіне негізделген, оқиғаның барынша ықшамдалған, шағындалған түрі, оқиғаның өзі емес көзі, ізі, сілемі тәріздес. Өлеңдегі жас батыр мен қалыңдықтың жайы, ғашықтар трагедиясы шұғыл баяндалғандықтан оқиға бүге-шүгесіне дейін толық айтылмайды, сол себепті де оқырман жас батыр мен қалыңдықтың кімдер екендігін, оқиғаның қай жерде, қай кезде болғандығынан толық хабардар бола алмайды. Бұларды білу лирикалық поэзияның теориясында оқырман үшін шарт та емес.
Асқа, тойға баратұғынды қазіргі қазақ лирикалық поэзиясында оқиғалы немесе сюжетті деп аталып жүрген өлеңдердің профессионалды жазба әдебиеттегі алғашқы үлгілерінің бірі болған. Демек, қазіргі қазақ поэзиясындағы ақындарымыздың шығармашылығында көп кездесетін, әдебиет өмірінде өзіндік көркем мазмұнды - түр яки жанрлық түр болып әлдеқашан қалыптасып үлгірген, басты белгісі, жанрлық сипаты өлең мазмұнындағы эпостық элементтен: шағын, ықшам оқиғаның шұғыл (экспрессивті) түрде баяндалуынан, өлеңдегі ақыннан, лирикалық кейіпкерден тыс объективті кейіпкерлердің сұхбат, әңгімесімен айқындалатын сюжетті не оқиғалы өлеңдердің жазба әдебиеттегі өмір тарихы Абайдың Асқа, тойға баратұғынынан басталды.
Қазақ ли - рикалық поэзиясының мазмұнында эпостық поэзия элементтерінің кездесуі жалпы поэзиямыздың табиғаты мен тарихына, тегі мен түріне қайшы келмейді. Бұған бір жағынан халқымыз басынан өткерген қоғамдық жағдай, саяси-әлеуметтік, тарихи-тұрмыстық жайттар да себеп болды. Ақын-жыраулар, жыршылар тыңдарманын жалықтырмаудың амалы ретінде өлең-толғауларында, дас - тандарында қызықты оқиғаларды әртүрлі қырынан баяндап, суреттеп, бейнелеп отырғандығы шындық. Ұзақ дастандарды, жырларды таңды таңға ұрып тыңдаудың құпиясы ондағы қызықты, шытырман оқиғалармен байланысты. Ақылы мен білімінің күші аузына түскен ата-бабамыздың баспа, жазу мәдениеті кенжелеу болғандықтан әдеби шығармалар ауызша айтылып, таралып отырды. Осы жерде айта кетуіміз керек, қазақ әдебиеттануында оқиғалы өлеңдердің жазба әдебие - тіміздегі тарихын кеңес дәуі - ріндегі әдебиеттің алғашқы дәуірінен бастау дұрыс деген жаңсақ пікір қалыптасты. С.Сейфуллиннің твор - чес - тво - сында баллада үлгісінде сюжетті өлең жазу (Қашқынның аулында) дәстүрі туа бастады деген сияқты әдебиет шындығынан алыс, тым ұш - қары пікірлердің жаңалық біткеннің бәрін жаңа заман, қоғамдық өзгерістерге телитін компартиялық идео - логияның ықпалымен айтылған. Ол кезде халық әдебиетінің ұл - тық дәстүрі, сипаты деген мәселелердің өкінішке орай кейінге ысырылғандығын да атап айтуымыз әділетсіздік болмас.
Екіншіден, оқиғалы немесе сюжетті өлеңдердің Абай шығармашылығынан орын алуы да әбден орынды. Өйткені, Абай алдындағы XV-ХVІІI ғасырлар арасын қамтитын толғау үлгілі поэзиямызда әдебиеттің дамуын дәлелдейтін тақырыптық, жанрлық, стильдік, көркемдік өсулер, олардың жан-жақты жетілуі мен терең тамырлауы айқын байқалды. Абайдың Асқа, тойға баратұғыны халықтық әдебиеттің, толғау өлеңдердің дәстүрінде дүниеге келді.
Осыған ұқсас тағы бір өлең бар, ол - Бір сұлу қыз тұрыпты, хан қолында. Он екі шумақтан тұратын бұл өлеңнің де идеялық мазмұны оқиғамен байланысты ашылады. Ғылыми-зерттеу еңбектерінде кейде поэма аталып жүрген Бір сұлу қыз тұрыпты, хан қолынданы қазақ әдебиеттануында бірінші рет А.Нұрқатов баллада деп атады. Ұлы Мұқаң Абайдың лирикасында, Бұл жерде Абай қазақ әйелінің еріксіздік, күндік күйін арнаулы тақырып етіп қолға алады. Өлеңнің алғашқы екі шумағын аңыздай бір тақырыпқа арнайды:
- Етімді шал сипаған құрт жесін деп,
Жартастан қыз құлапты терең суға, - деп аяқтайтын жолдар шалға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz