Демократиялық жолмен қайта құрудағы талпыныстар: жариялық, демокрияны насихаттау, ұлттық шиеленістер



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
1.Демократиялық жолмен қайта құрудағы талпыныстар: жариялық, демокрияны насихаттау, ұлттық шиеленістер
1980 жылдардың басында Кеңес Одағындағы дағдарыс пен тоқырау тереңдей берді. Әкімшіл-әміршіл басқару әдісі дағдарыстан алып шығуға дәрменсіздігін көрсетті. Халық шарушылығында жоспарлы экономика жүйесі тиімсіз екені айқын көрініс берді. Бұдан кеңестік қоғамның саяси-экономикалық жүйесіне түбегейлі реформалар жасау талабы туындады.1980 жылдардың ортасындағы шешуші оқиға - КОКП-ның басшылығына М.С.Горбачев бастаған, қалыптағыдан өзгеше ойлап, жаңаша әрекет ететін топтың келуі болды. Белгілі дәрежеде бұл жағдай сол уақыттағы партия өміріндегі ескі дәстүр мен жаңа көзқарастардың күресін көрсететін еді.1985 жылғы сәуірде КОКП ОК-нің бас хатшысына сайланған М.С.Горбачев бастапқыда қалыптасқан дағдарысты жағдайды экономикалық тұралау мен саяси тоқыраудың жалпы шеңберінде қарады. Ол өзінің ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзінде, -- адам факторын жандандыруға, өсу қарқынын жеделдетуге, шаруашылық тетікті қайта құруға ... социализмге екінші тыныс ашуға шақырды. Қоғамдық кұрылысты ырықтандыру жағдайында мұның өзі бейне бір таза шаруашылық мәселелерді шектен тыс саясаттандыруға әкеліп соқтырды. 1985 жылдың сәуірінде партия Орталық Комитетінің Пленумы өтіп, онда әлеуметтік-экономикалық өмірдің мәселелерін жаңаша қарауға әрекет жасалды. Кеңес Одағында 1985-1991 ж.ж. қайта құру кезеңі деп тарихқа енді және оның негізгі бағыттары:
1. Әлеуметтік-экономикалық дамуды жеделдету.Бұл секірістіэкономиканың құлдырау қарқынын тоқтату және жеделдету бағытына басты күшті жұмылдыру есебінен жасау тұжырымдалды;
2. Қоғамды демократияландыру.Бүкілхалықтық басшылықты жүзеге асыратын төменгі баспалдақтан бастап жоғарғы сатысына дейінгі Кеңестердің қызметін қалпына келтіру;
3. Елде жариялылықты қамтамасыз ету.Келеңсіз құбылыстар айналасындағы халықтың ой-бүкпелерін, пікір-тұжырымдарын, ұсыныстарын іркілмей, ашық айтуына мүмкіндіктер беру.
Көтерілген мәселелер орынды, қажетті де заңды болды, бірақ оны іске асыруда сөз бен істің алшақтығы тап бұрынғыдай тағы белең алды.
Қайта құру жылдары 3 кезеңнен тұрады: 1-кезең - 1985 жылғы КОКП ОК-нің Сәуір Пленумы - 1987 жылдың жазы. 2-кезең - 1987 жылдың жазы - 1989 жылдың мамыры. 3-кезең - 1989 жылдың мамыры-1991 жылдың тамызы.
Қазақ жастарының желтоқсан қозғалысы КСРО-дағы ұлттық-демократиялық қозғалыстың алғашқысы болды. Желтоқсан қозғалысы Қазақстанды жаңа әлемдік кеңістікке алып шықты. Желтоқсан оқиғалары арқылы Қазақстанның енді ғана қаз тұрып келе жатқан жас демократиясы мол тәжірибе жинақтады, тарихи сабақ алды. Бұл оқиғалар өзінен кейінгі кезеңде республикада жаңа бағыттың - экономикалық реформалардың, әлеуметтік бетбұрыстардың соны қарқынмен өрістеуіне себепші болды. Қозғалыс Одақ көлемінде жалғасын тапты. Одақтың құлдырауына, ыдырауына әкелді. Республикалардың мемлекеттік егемендігін жариялануына мол мүмкіндіктер берді. Сөйтіп, Қазақстан желтоқсаны республика шеңберінен шығып, Еуразиялық сипат алды. Алматыдан кейін Тбилисиде, Бакуде, Вильнюсте және елдің басқа да қалаларында тоталитарлық жүйеге қарсы оқиғалар өрбіді.
1991 жылдың күзіне қарай алғашқылардың бірі болып - Азат азаматтық қозғалысынан шыққан Қазақстан Республикалық партиясы (ҚРП) құрылды. Қазақстан Социал-демократиялық партиясы (ҚСДП) да осы тұста бой көтерді. Жастардың шағын тобы бірігіп, өздерін Алаш партиясы деп атады. 1986 жылғы Алматыдағы толқуға қатысқаны үшін жазаланғандар Желтоқсан партиясын құрды.
1990 жылдың аяғына таман Қазақстандағы саясаттанған қоғам бірлестіктерінің саны жүзден асып кетті. 1991 жылдың маусымында Қазақ КСР-індегі қоғамдық бірлестіктер туралы заң қабылданды. Республикада шын мәніндегі пікір алуандығы көрініс беретін, көппартиялық саяси құрылымның негізі қалана бастады. Қазақстанда қайта құру жылдарындағы түрлі қайшылықтарға қарамастан жариялылық пен демократияландыру идеялары қоғамды қарышты қарқынмен өзгерте бастады.
Қорыта келе, 1985 жылдан басталған қоғамдық-экономикалық өмірді қайта құру, горбачевтік социализмді жаңарту әрекеттері ешқандай оң нәтиже бермеді, КСРО-ны төніп келе жатқан терең дағдарыстан құтқара алмады және құтқара да алмайтын еді. Керісінше, кеңестік әміршіл-әкімшіл жүйе тоқырауға ұшырап, қоғамның барлық салаларын қамтыған дағдарыс одан әрі тереңдей түсті.
2.Желтоқсан көтерілісі және оның шынайы себептері.
Желтоқсан көтерілісі - 1986 жылы 16 - 19 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық қимылдары. Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облыстық партия комитетінің 1 -ші хатшысы Г.В. Колбинді Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің 1-ші хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды. 17 желтоқсан күні таңертеңгі сағат 8-де қаладағы Л.И. Брежнев атындағы алаңға (қазіргі Республика алаңы) саяси тәуелсіздікті талап еткен ұрандармен алғашында 300-дей адам жиналып, кешкісін көтерілісшілер саны 20 мыңға жетті. Бірақ көтерілісшілердің қойған талап-тілектері аяқ асты етіліп, бұзақыларды күшпен тарату мақсатында алаңға құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен арнайы әскери күштер тобы жеткізілді. КСРО Ішкі Істер министрлігінің №0385 бұйрығы негізінде дайындалған Құйын -86 операциясы бойынша көтеріліс қатыгездікпен басып-жаншылды.18 желтоқсан күні алаңға қайта жиналмақ болған көтерілісшілерге қарсы әскер күші қолданылды. Көтерілісшілердің қалған топтарын ығыстыру үшін жедел топ, милиция мен жасақшылардан арнайы топтар құрылып, қала көшелеріне аттандырылды. Осы әскери күштер 19 желтоқсан күні қаланың әр тұсында қайтадан шеруге шықпақ болған 6 топты басып, таратты. Алаңдағы көтерілісшілер таратылған соң ішкі істер бөлімдеріне 2401 адам жеткізілген (Алматы түрмесіне сыймағандықтан, қала сыртына апарып тасталғандарды қосып есептегенде барлығы 8,5 мың адам ұсталған). Желтоқсан құрбандарының катарында Е.Сыпатаев, С.Мұхамеджанова, К.Молданазарова, Қ.Рысқұлбеков, М.Әбдіқұлов, Л.Асанова сынды ержүрек қазақ жастары бар. Желтоқсанның 19-23 аралығында халықтың наразылық шерулері мен митингілер Қазақстанның Жезқазған, Талдықорған, Көкшетау, Қарағанды, Арқалық, Павлодар, Жамбыл, Талғар, Сарқант, т.б. қалалары мен Сарыөзек, Шамалған, Шелек елді мекендерінде жалғасты.Желтоқсан көтерілісіне Кеңестер Одағы Коммунистік Партиясының (КОКП) Орталық Комитетінің қаулысымен қазақ ұлтшылдығының көрінісі деген баға беріліп, көтеріліске қатысқан азаматтар қуғын-сүргінге ұшырады. Тоталитарлық, отаршыл саясатқа қарсы қазақ жастарының азаттық күресі тарихи маңызы бар үлкен оқиға болды. Қазақстан тәуелсіздігін алған соң Желтоқсан көтерілісі туралы шындық қалпына келтіріліп, бұл жөнінде Желтоқсан. 1986. Алматы (құрастырғандар - Т.Өтегенов, Т.Зейнәбілов), Желтоқсан құрбандарын жоқтау, Ер намысы - ел намысы жинақтары, К.Тәбейдің Мұзда жанған алау, Т.Бейісқұловтың Желтоқсан ызғары кітаптары мен Желтоқсан (бас редакторы - Х.Қожа-Ахмет) газеті жарық көрді, Аллажар (1991, реж. Т.Теменов), Қызғыш құс кинофильмдері түсірілді.
3. Президенттік институттың енгізілуі және тұңғыш президенттің сайлануы.
1990 жылғы 24 сәуірде Қазақстанда тұңғыш рет президенттік институт құрылып, сол кезде өткен Жоғарғы Кеңес отырысында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақ КСР Президенті болып сайланды. Бұл айтулы оқиғалар Қазақстанның мемлекеттігі мен егемендігінің нығаюында, сондай-ақ еліміздің табысты дамуында маңызды рөл атқарған президенттік институттың қалыптасуының бастамасы болды.
Тарих көрсеткендей, мемлекеттік билік қызметінің Кеңес Одағында және социалистік жүйе елдерінде қолданылған партиялық-мемлекеттік тетігі жаһандық экономикалық, әлеуметтік және саяси міндеттерді шешуге қабілетсіздігін байқатты әрі қоғамдық даму жолындағы кедергіге айналды.
Сөйтіп 1990 жылдардың басына қарай республика өмірінде Компартияның басқарушы рөлінен айырылуы салдарынан билік жүйесінде вакуум пайда болғаны айқындала түсті. Бұрынғы билік институттары мен құрылымдары, кеңестік әкімшіліккомандалық жүйенің сарқыншақтары қоғам құрылымының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі әлемдік үрдісті реттеу және жаңа әлемдік саясат
Оқушылардың құқықтық тәрбиесін қалыптастыру
ХХ ғасырдың 60-80 жылдарындағы Қазақстан
Үлкен сәтсіздік. Коммунизмнің жанталасы
Қазіргі таңдағы әлемнің шиеленіс аймақ елдеріндегі жалпы саяси жағдай мен мәселелер, оларды бейбіт түрде шешу жолдары
Ерекше балаға – ерекше мектеп
КСРО 80 жылдардың басында
Қазақ хандығы қазақ халқының алғашқы мемлекеттілігінің бір көрінісі
Дипломатиялық қызмет
Мемлекет басқару нысаны ретінде
Пәндер