Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арнасы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті

Реферат
Орындаған:Тоқмырзаева Альбина
Тексерген: Көшімова Бибатпа

2021-2022 оқу жылы

Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары. Қазақ тілінің сөздік құрамы мен негізгі сөздік қоры. Негізгі сөздік қордың басты белгілері. Түркі тілдеріне ортақ сөздер. Сөз тудырудың лексикалық, фонетикалық, морфологиялық және синтаксистік жолдарын қарастыру
Лексика - тілдегі барлық сөздердің жиынтығы деген мағынада қолданылады. Бұл термин қазақ тілінде сөздік құрам деген атаумен аталады. Тілдің лексикасын, немесе сөздің құрамын зерттейтін ғылым лексикология деп аталады. Лексикология тарихи лексикология және сипаттама лексикология болып бөлінеді. Лексикологияның енді бір саласы салыстырмалы лексикология. Бұдан басқа лексиканың фразеология, терминология, диалектология, лексикография, этимология, семасиология деп аталатын түрлері бар. Тілдегі жалқы есімдерді зерттейтін ономастика ғылымымен де лексикология өзара тығыз байланысты.Ол өз ішінде антропонимика және топонимика болып бөлінеді.
Қазақ тіл білімінің лексикологиясы саласы 1950 ж. зерттеле бастады. Бұл кезеңде лексикологияның жалпы мәселелеріне арналған Н.Сауранбаев, С.Аманжолов ,Ғ.Беғалиев, Ғ.Мұсабаев еңбектерінен басқа омонимдер туралы К.Аханов, синонимдер жайында Ә.Болғанбаевтың т.б. зерттеулері бар.
Сөздің мағыналық жағы семасиологияда қаралады. Лексикологияның ен басты зерттеу объектісі -- сөз. Тілдегі әрбір сөзде белгілі мағына бар. Мағынасыз сөз болмайды. Сөз өзімізді қоршаған кең дүниедегі зат пен құбылыстың атауы болғандықтан, оларға тән телінді дербес өзіндік мағынасы болады.
Сөздік қордағы сөздер сан жағынан да дамып, жетіліп, тілдің байлығы артады. Сөздің екі я одан да көп мағынаға ие болуын сөздің көп мағыналылығы дейміз. Көп мағыналы сөздер бір негізден таралады да, бір сөз табына қатысты болады. Лексикалық омонимдер айтылуы бірдей, бірақ мағыналары бөлек сөздер. Омонимдердің айрықша түрлері болады. Олар - омофондар мен омографтар, омофоралар мен паронимдер. К.Аханов омонимдердің төрт түрлі пайда болу жолын көрсеткен. Кейбір омонимдер сөз тудырудың лексика - семантикалық тәсілі арқылы, сөздердің әр түрлі фонетикалық өзгерістерге ұшарап, дыбысталуы жағынан сәйкес келуі нәтижесінде, сөздердің түбірлеріне омонимдес аффикстердің жалғануы арқылы, кірме сөздер мен төл сөздердің дыбысталуы жағынан сәйкес келуі нәтижесінде жасалады.Омонимдік қатарға енетін сөздердің түрлену жүйелерінің бір-біріне қаншалықты дәрежеде сәйкес келуіне қарай омонимдер лексикалық омонимдер, лексика-грамматикалық омонимдер және аралас омонимдер деп аталады. Мағыналары бір-біріне жақын, өз ара мәндес сөздер синонимдер деп аталады.Өз ара мәндес сөздерден синонимдік қатар құралады. Синонимдер сөз тудыру тәсілдері арқылы, кірме сөздер арқылы, әдеби тіл лексикасының диалект сөздердің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эвфемизм. Эвфемизмдердің жасалу жолдары
Қазақ тілінің дәстүрлі мәдениет лексикасы
Тележарнаманың тілдік ерекшеліктері (электронды медиакеңістіктің әлеуметтік рөлі мен прагматикалық мақсаттары)
Сөз және мағына
Рухани мәдениетке байланысты қалыптасқан этномаркерлі топонимдер
Неологизмдердің пайда болуы мен қалыптасу жолдары
Қазақ тілінің сөздік құрамы
Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары жайлы мәлімет
Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары
Материалдық мәдениетке байланысты калыптасқан этномаркерлі топонимдер
Пәндер