Дене шынықтыру пәнінің жаңартылған мазмұнда берілуіне заманауи көзқарас



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Дене шынықтыру пәнінің жаңартылған мазмұнда берілуіне заманауи көзқарас
Қашан да білім беру ісі - қоғамның әлеуметтік-экономикалық, интеллектуалдық және рухани дамуының стратегиялық бағдары саалып келеді. Сондай-ақ, біздің қоғамымыздың қауіпсіздігінің ең басты кепілі де - сол сапалы, жан-жақты білім. Осы себепті оқытудағы жаңаша технологиялар аса маңызды педагогикалық мәселелердің шешімдерін көрсетуге, ой еңбегін дамытуға, оқу процесін пайдалы етіп басқаруды қамтамасыз етеді. Жаңаша технологияларды білім беру үдерісінде қолданудың негізгі ерекшелігі ол оқытушылар мен оқушыларға өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасауға көп мүмкіндік береді және оны педагогикалық мақсатта пайдалану оқушылардың зердесіне, сезіміне, көзқарасына әсер ете отырып оның интеллектуалдық мүмкіншіліктерін арттыруға көмектеседі.[1.12]
Қоғамдық даму формациясы тұрғысынан қарағанда, білім берудің инновациялық технологиялары барлық салада заманауи көзқарастардың, жаһандану құбылысына лайықталып кіріктірілуін талап етіп отыр. Десе де, неше жерден қоғам құбылғанымен адамзат үшін айрықша боп келген құндылықтарға мін түскен емес. Айталық, адам үшін ылғи да жанының тазалығы мен рухани һәм физикалық жай-күйінің өктем тұруы маңызды. Ендеше бұл тұрғыда салауатты өмір салтының алар орны ерекше.
Салауатты өмір салтын насихаттауда, салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру мәселелерін жетілдіретін, осы саладағы басымдықтарды анықтайтын ғылым да, өскелең ұрпақты оқыту, тәрбиелеу формалары мен жаңа әдістерді ұстанатын білім керек-ақ. Мектеп оқушыларының салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы алған білімдері болашақ азаматтардың денсаулығын сақтап қалуға берік тірек болады. Оқушылардың салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру - тұлғаның өзін қоршаған жансыз және жанды табиғи ортамен жан-жақты үйлесім тауып, өз ғұмырын Отаны, елі, отбасы және өзі үшін барынша пайдалы өткізу дағдысын қалыптастыру болып табылады. Себебі салауатты өмір салты - ол денсаулықтың үйлесімді дамып, сақталуы мен орнығуын қамтамасыз ету мақсатында денсаулықты нығайтуға бағытталған іс-шараларды жүргізу. [2.34]
Дене тәрбиесінің әлеуметтік жүйе және қоғамдық құбылыс есебінде дене тәрбиесі жүйесін, оның қалыптасуы мен дамуының негізгі заңдылықтарын, оның қызметі мен құрылымын танып, білудің қажеттілігі білім мен тәрбие талаптарына сәйкес өсіп келе жатқан ұрпақтың дене тәрбиесін қамтамасыз ету үшін керек. Дене тәрбиесі тек мектептегі дене шынықтыру сабағы ғана емес, ол сабақтан тыс, мектептен де тыс денсаулыққа байланысты шаралар жүйесі екенін ескерсек, қазіргі кезеңдегі білім беру орындарындағы дене тәрбиесінің жүйесі жастардың денсаулықтарын нығайтумен қоса, тұлға бойындағы биологиялық-психологиялық қажеттіліктердің жан-жақты жетілуіне, өмірге белсенді ұстаным мен ізгілікті қатынастарын дамытуды меңзейді.[1.47]
Заманның едәуір өзгерістерге түсуі, адамзаттың мүдде-талаптарына, тыныс-тіршілігі мен мінез-болмысына, сонымен бірге, өзінің жеке басына да тұлға ретінде өзгеруіне ықпал етуде. Тіпті айналадағы салауаттылық, дене мәдениеті мен рухани құндылықтардың рөлі, мән-мағынасы, ұғымның шығу тегі мен атқаратын қызметтері жайлы көпеген зерттеулер, оқушылардың салауатты елдің жастары болсын деуге үндеу тұр алдымызда. [2.64]
Біздің даму жүйемізде бәсекеге қабілетті білім - білім беру саласының ең басты міндеті саналады. Алдыңғы қатарлы дамыған елдердің білім дәрежесімен теңесу - еліміздегі білім саясатының негізгі көздеген мақсаты. Дамыған отыз елдің қатарына енудің алғышарттарының бірі де осы сапалы да бәсекеге қабілетті білім. Сондықтан да еліміздегі мектептердегі білім берудің басты ұстанымдары мен міндеттері, әрекеттері, жолдары осы мақсатқа орай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім алушыларды визуалды өнерге үйрету әдістемесі
Қазақ тілі оқу пәні
Қайталау сабағының құрылымы
Тест тапсырмаларын бағалау нормалары
Орыс тілі мен әдебиеті
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ ЖАҒДАЙЫНДА ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ПӘНІНДЕ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Стандарт туралы ұғым
ГЕОГРАФИЯ МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША МАГИСТРАНТТЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЕСЕБІ
Биология сабақтарында оқытудың белсенді әдістерін іске асыру
Қарым - қатынас мәдениеті арқылы оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру
Пәндер