Ұлттық журналистикаға қатысты еңбек


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

БӨЖ

Ұлттық журналистикаға қатысты еңбек

Орындаған:Хавдалхамит Хусейн

Тексерген:Аширбекова Г. Ш

Қазіргі журналистика - саналы жанның әлеуетін ашуға, қоғамдық қатынастарды жетілдіруге, қоршаған ортаны философиялық тұрғыдан тануға болысатын, шығармашылық әдіс-амалды дамытуға көмек қолын созатын жанашырлық сипаты басым бірден-бір пән. Сол себептен салыстырымдылық қағидаты, генетика заңдары, табиғи сұрыптау әдісі, гравитация райлары, болжамдық математика амалдары, түрлі-түрлі алгоритмдер қисындық һәм қолданбалы масс-медиаға да жат емес. Бұны біз көбінесе талдамалы жанрлар блогы, журналистика социологиясы, тарихи дәстүр жалғастығы деп, ақпарат саласы мамандары мен жалпы пейілдес көпшілікке ұғымды тілмен әліптеп жүрміз. Қазіргіше айтсақ, ғылыми қызмет пен білім беру үдерісін қатар ұстап отырмыз. Оның бер жағында журналистиканың қалыптасқан классикалық білім беру жүйесі еліміздегі ақпарат құралдарының кадрлық қажетін өтеуге, орын басу принципін ұстануға әзірше бірсыдырғы жарап келеді. Расына көшсек, журналистика факультетінің басты міндеті де сол емес пе? Бүгінгі күні барлық басылымдар тізгінін ұстап отырған жігіттер мен қыздар біздің шәкірттер десек, еш қателеспейміз. Кешегі моноидеологиялық риторика басым заманда да ұлттық баспасөзіміз, журналистика ұясынан түлеп ұшқан қазақтың талантты қаламгерлері қасаң пайымның шеңберінен шығып кетіп отырды. Ұлттың буынын бекітті, зиялы қауымның пікірін шыңдады.

Қазіргі журналистика - саналы жанның әлеуетін ашуға, қоғамдық қатынастарды жетілдіруге, қоршаған ортаны философиялық тұрғыдан тануға болысатын, шығармашылық әдіс-амалды дамытуға көмек қолын созатын жанашырлық сипаты басым бірден-бір пән. Сол себептен салыстырымдылық қағидаты, генетика заңдары, табиғи сұрыптау әдісі, гравитация райлары, болжамдық математика амалдары, түрлі-түрлі алгоритмдер қисындық һәм қолданбалы масс-медиаға да жат емес. Бұны біз көбінесе талдамалы жанрлар блогы, журналистика социологиясы, тарихи дәстүр жалғастығы деп, ақпарат саласы мамандары мен жалпы пейілдес көпшілікке ұғымды тілмен әліптеп жүрміз. Қазіргіше айтсақ, ғылыми қызмет пен білім беру үдерісін қатар ұстап отырмыз. Оның бер жағында журналистиканың қалыптасқан классикалық білім беру жүйесі еліміздегі ақпарат құралдарының кадрлық қажетін өтеуге, орын басу принципін ұстануға әзірше бірсыдырғы жарап келеді. Расына көшсек, журналистика факультетінің басты міндеті де сол емес пе? Бүгінгі күні барлық басылымдар тізгінін ұстап отырған жігіттер мен қыздар біздің шәкірттер десек, еш қателеспейміз. Кешегі моноидеологиялық риторика басым заманда да ұлттық баспасөзіміз, журналистика ұясынан түлеп ұшқан қазақтың талантты қаламгерлері қасаң пайымның шеңберінен шығып кетіп отырды. Ұлттың буынын бекітті, зиялы қауымның пікірін шыңдады. Белгілі бір шекара ауқымында айта білу, жаза білу шеберлігін қалыптастырды. Сондықтан журналист топтың адамы емес, көптің адамы бола білді. Халық алдында үлкен бедел жинады, бұқаралық ақпарат құралдары шын мәнінде қайраткерлік дәрежеге көтерілді. Соның бәріне ол қасиетіңнен айналайын қазақ тілін кібіртіксіз сөйлетудің арқасында, ұлт мүддесін төбеге ту қылып көтеру жолымен жетті. Қазақ журналистикасы халықпен бірге зардап шекті, елмен бірге ұлы мұраттарға ұмтылды, жаза басты, жаңылды, бойын түзеді, қайта қанаттанды. Ол қиын-қыстау кезеңнің өзінде де ұлт, тіл, діл сынды киелі ұғымдарды ешқашан құбылмалы науқанның санспектрлі өтеміне айналдырған емес.

Әр кезеңнің айтар өз сөзі, көздер өз мақсаты, тіпті өз сән-салтанаты бар. Әрине, кешегі моноидеология заманында қазақ журналистикасы да дүрмекке ілесе шауып, билеуші режимнің қызметшісі күнін кешті. Бірақ қызмет ету құлшылық ету, бұдырсыз бас ұру, табансыз табыну дегенді білдірмейді. Ол белгілі бір дәрежеде зиялы қауым мен саяси топ-менеджерлер арасындағы «қоғамдық келісім» болатын. Кеңестік кезеңнің өзінде күн тәртібіне өткір мәдени, әлеуметтік, экономикалық, экологиялық проблемалар қоя білетін озық үлгідегі журналистика мен өжет қаламгерлер күн кешкені әмбеге аян. Ал қазіргі демократиялық сипаттағы қоғам орнату дәуірінде баламалы журналистиканың, жарыспалы пікірдің ақпараттық кеңістікте өмір сүруі сол дәстүрдің жалғасы іспеттес және әбден заңды үдерістік құбылыс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Іскери журналистика
Азаматтық журналистика төңірегіндегі құқықтық мәселелер
Ражиожурналистиканың функциялары
Қазақстандық іскерлік журналистиканың қалыптасуын зерттеу
ҚАЗАҚ СПОРТ ЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ РӨЛІ
Журналист тұлғасын қалыптастыру факторлары
Телевизиялық бағдарламалардың ерекшелігі
Қазақ медиасының шағын шежіресі
Журналистика ұғымы, міндеттері
Интернет журналистиканың пайда болу тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz