ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ (орыс тілінде оқытылатын сыныптарға) 9-сынып емтихан тапсырмалары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
9-сынып емтихан тапсырмалары Қазақ тілі мен әдебиеті

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ
(орыс тілінде оқытылатын сыныптарға)

Жалпы білім беретін мектептерге. І нұсқа

1-тапсырма . Төменде берілген мәтінді оқыңыз.

Кәсіп - бақыттың шырағы, Еңбек - ырыстың бұлағы

Жер - өмірдің бесігі, Еңбек - ердің несібі,-дейді қазақ халқы. Өз еңбегімен танылған азаматтар мен кәсіпорындар да көп. Солардың бірі - Қызылорда облысында күріш өндірумен айналысатын - Абзал және К ТС-і (Толық серіктестігі). Ауыл шаруашылығы өнімін шығару арқылы да үлкен жетістікке жетуге болатынын дәлелдеп отырған бұл өндірісті жас кәсіпкер Мағжан Ералиев басқарып отыр.

Абзал және К ТС-і 2017 жылдың қорытындысымен Алтын сапа сыйлығының иегері атанып, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қолынан үздік сапа белгісін алса, 2019 жылы желтоқсанда Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты шарада компания басшысы Мағжан Ералиевке Парыз сыйлығының Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын номинациясының Алтын жүлдесін табыс етті.

Компания Нағи Ілиясов ауылындағы арнайы жерлерінде күріш егеді де, алынған өнімді өз зауытында өңдейді. Компания жылына таза ақталған 25 мың тонна күріш өндіреді. Оның 50 пайыздан астамы Россия, Украина, Тәжікстан, Өзбекстан, Монғолия т.б. елдерге экспортқа шығарылады. Компания қазіргі таңда күріш өндірушілердің үздік үштігінің қатарына қосылды.

Жыл сайынғы өткізілетін Туған жерге тағзым жобасының төңірегінде компания туған жері- Н.Илиясов ауылының дамуына үздіксіз үлес қосып келеді. Мұнан өзге бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында компания 54 жаңа еңбек орнын ашып, жалпы 400-ден астам адамды еңбекпен қамтып отыр. Сондай-ақ, Қызылорда қаласында жаңа күріш зауытын, Мүсірәлі мешіті мен медресесін, Сырдария ауданына қарасты Нағи Ілиясов ауылында стадион, ауылдық округ әкімдігі ғимаратын салып, ауылдағы мұражайға күрделі жөндеу жүмыстарын жүргізді. Ауылды толықтай көгалдандырды. Ауылдағы тұрмысы төмен, сондай-ақ көпбалалы отбасылардың үйлеріне қайта жөндеу жүргізіп берді. Компанияның қолдауы нәтижесінде бұл ауыл республика көлеміндегі озық ауылдар қатарына қосылып отыр.

Жақсы болар жігіттің, жұмыссыз жүрген күні жоқ,- дейді халық даналығы. Жас болса да бас болып компанияны басқарып отырған Мағжан Ералиев:Біздің мекеме - Қазақстандағы тұқыммен айналысатын алдыңғы қатарлы компания. Сондықтан Германиялық PETKUS фирмасы өзінің 150 жылдық тарихымен және әлемде алғаш рет егістік тұқымын механикалық тазарту құрылғыларын жеткізетін және тұқымды дайындау, қайта өңдеу мен өнімді сақтауды ұйымдастыратын фирма ретінде бізді қызықтырады. Біз бұл фирмамен серіктестікке дайынбыз. Құрылғыларды сатып алып қана қоймай, Қазақстандық мамандарды оқыту үшін біз сол елден кәсіби шеберлерді шақыртпақпыз. Жаңа технологиялармен еңбек ету, өндіріс машиналарын құрылымдау сияқты маңызды салаларға да қызметкерлерді дайындау алдағы мақсатымыз, -дейді. Кәсібінен бақыт тапқан, ырысымен бөлісіп отырған бұл кәсіпорынға халық та риза.
(343 сөз)

Мәтіннен мына сөздердің сәйкес мағыналарын табыңыз.
Ғұмыр - ___________________________________ _______________________
Ісімен - ___________________________________ _______________________
Қамтамасыз етіп отыр- ___________________________________ __________
Түгел - ___________________________________ _______________________
Еңбексіз - ___________________________________ _____________________

28

9-сынып емтихан тапсырмалары Қазақ тілі мен әдебиеті

2-тапсырма. Төменде берілген әр сөйлемді өз сөзіңізбен қайта жазыңыз. Сөйлемдерді берілген сөздермен бастаңыз

Мысалы:Жер - өмірдің бесігі, Еңбек - ердің несібі,- дейді қазақ халқы. Қазақ халқы ________________________________
Жауабы:Қазақ халқы өмірдің негізі жер екенін, адамның несібесі еңбек екенін айтқан.

Солардың бірі - Қызылорда облысында күріш өндірумен айналысатын - Абзал және К ТС-і.
Абзал және К ТС-і ___________________________________ _________________

___________________________________ ______________________________________

Ауыл шаруашылығы өнімін шығару арқылы да үлкен жетістікке жетуге болатынын дәлелдеп отырған бұл өндірісті жас кәсіпкер Мағжан Ералиев басқарып отыр.
Жас кәсіпкер Мағжан ___________________________________ ________________
___________________________________ ______________________________________

3. Компания Нағи Ілиясов ауылындағы арнайы жерлерінде күріш егеді де, алынған өнімді өз зауытында өңдейді.
Нағи Ілиясов ауылындағы ___________________________________ ____________
___________________________________ ______________________________________

Компания қазіргі таңда күріш өндірушілердің үздік үштігінің қатарына қосылды. Қазіргі таңда ___________________________________ _______________________
___________________________________ ______________________________________

Жыл сайынғы өткізілетін Туған жерге тағзым жобасының төңірегінде компания туған жері - Н.Илиясов ауылының дамуына үздіксіз үлес қосып келеді.
Компания ___________________________________ ________________________

___________________________________ ______________________________________

Компанияның қолдауы нәтижесінде бұл ауыл республика көлеміндегі озық ауылдар қатарына қосылып отыр.
Ауыл ___________________________________ _____________________________

___________________________________ ______________________________________

Жақсы болар жігіттің, жұмыссыз жүрген күні жоқ, - дейді халық даналығы.
Халық даналығы ___________________________________ _________________
___________________________________ _____________________________________

Біздің мекеме - Қазақстандағы тұқыммен айналысатын алдыңғы қатарлы компания. Қазақстандағы ___________________________________ ___________________
___________________________________ ______________________________________

Құрылғыларды сатып алып қана қоймай, Қазақстандық мамандарды оқыту үшін біз сол елден кәсіби шеберлерді шақыртпақпыз.
Біз ___________________________________ ________________________________
___________________________________ ______________________________________

Кәсібінен бақыт тапқан, ырысымен бөлісіп отырған бұл кәсіпорынға халық та риза. Халық ___________________________________ ____________________________
___________________________________ _____________________________________

3-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз. Мүмкіндігінше, өз сөзіңізбен жауап беруге тырысыңыз.

1.Неге қазақ халқы Жер - өмірдің бесігі, Еңбек - ердің несібі дейді?
___________________________________ ______________________________________

Компанияның жеткен жетістіктері мен пайдасына қандай істерін жатқызуға болады? Кем дегенде 2 дәлелді көрсетіңіз.
___________________________________ ______________________________________

Компанияның алға қойған мақсатының елімізге тигізер әсері қандай? 2 әсерін жазыңыз.

29

9-сынып емтихан тапсырмалары Қазақ тілі мен әдебиеті

Жалпы білім беретін мектептерге. ІІ нұсқа

1-тапсырма.Төменде берілген мәтінді оқыңыз.

Көшпенділер мәдениеті

Адамзат баласы жасаған мәдениет екі түрге бөлінеді. Біріншісі - рухани мәдениет, екіншісі - материалдық мәдениет. Рухани мәдениетке музыка, әдебиет, сәулет өнері, сурет өнері, кескін өнері жатады. Адам баласының шаруашылыққа байланысты күн көрісінен туған дүниелер материалдық мәдениетті құрайды. Көшпелілердің рухани мәдениетінің дамуы тіршілік қарекетінің, тұрмысының ерекшеліктерінен туындайды. Көшпелілер өз тұрмыс-қарекетіне лайықты мәдениет қалыптастырған. Көшпелілердің материалдық мәдениеті көшіп-қонуға ыңғайланып жасалған. Мұндай таза көшпелі мәдениет үлгілерінің біріне жиналмалы, жығып-тігуі өте жеңіл киіз үйді жатқызамыз. Киіз үй тек баспана емес, халықтың өмірлік салт -дәстүрінің таңбасы қызметін атқарады.

Орталық Азиядағы күмбездік архитектураның бір бастауы - көшпелілердің киіз үйі. Киіз үй - Орталық Азия халықтарының негізгі баспанасы, көшпелі тұрғын үйі. Ол - көшпенділердің оңай жығып, шапшаң тігуге, көшіп-қонуға ыңғайлы үйі. Көшпенділердің киіз үйі - тарихымыздағы ең бірінші сәулеттік құрылыс. Киіз үй (оның құрылымы, ішкі безендірілуі) - қырғыз-қайcақтардың үйі, оның көшпелі өміріне ыңғайлы: орташа көлем мен салмақтағы киіз үйді бір түйеге артуға болады. Ол керегелерден, жіңішке уықтар мен бірнеше киіз жабдықтардан тұрады. Біріншісі - үйдің негізі, ал екіншісі - суық пен аяздан қорғайды. Киіз үйдің ағаш құрамы үш бөліктен тұрады: кереге, уық және шаңырақ, - деп жазады Шоқан Уәлиханов.

Шаңырақ - киiз үйдегі ғаламның моделi. Бүкiл ғалам мен адам арасын байланыстырушы. Рухани мәдениет ретiнде қарастырсақ, киiз үй баспана ғана емес, жамандықтан қорғайтын киелi орын. Шаңырақ - қасиетті. Шаңырақтың астында ошақ орналасады. Ошақ - адамның оты. Ошақ орналасқан соң, ортаға қазан асылады. Шағырақтың астында тұратын қазан - Құт деген түсiнiктiң басы. Оған аспаннан нұр құйылады. Оның бiзге жеткен керемет үлгiсi - Түркiстандағы Тайқазан. Қазанды татулықтың белгiсi ретiнде көрсететін аңыздар да бар. Оның бiрiнде: жауласқан мың батырдың найзасының ұшы ерiтiлiп, қазан құйылған екен деп басталады. Олай болса қазанды береке-бiрлiктiң символы деп те айта аламыз.

Киiз үйдiң есiгi әдетте шығысқа қаратылады. Бұл - күннiң сәулесi үйге бiрiншi түссiн дегендi бiлдiредi. Есiкке қарама-қарсы бетте - төр. Төрде отырып, билiк айтқандар мемлекет билiгiне дейiн көтерiлген. Мұны төр сөзi Орхон-Енисей жазбаларында мемлекет мағынасында қолданылғанынан байқауға болады.

Киіз үйдің іші қыста жылы, жазда салқын. Сондықтан, шопандар да, туристер де пайдаланады. Киіз үй жер сілкінісінде де ыңғайлы, өйткені ол оңайлықпен бұзылмайды. Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен елдерге шатырдың орнына киіз үйлер апарып жүр. Көшпенділердің киіз үйі -- ғасырлар бойы өз құндылығын жоймай келе жатқан құнды мәдени жәдігер.

(347 сөз)

Мәтіннен мына сөздердің сәйкес мағыналарын табыңыз.
Өзгешеліктерінен - ___________________________________ _______________
Белгісі - ___________________________________ _________________________
Жылдам - ___________________________________ _______________________
Қолайлы - ___________________________________ _______________________
Сақтайды ___________________________________ ________________________

30

9-сынып емтихан тапсырмалары Қазақ тілі мен әдебиеті

2-тапсырма. Төменде берілген әр сөйлемді өз сөзіңізбен қайта жазыңыз. Сөйлемдерді берілген сөздермен бастаңыз.

Мысалы: Адамзат баласы жасаған мәдениет екі түрге бөлінеді.
Мәдениет ___________________________________ _________
Жауабы: Мәдениет адамдардың жасауы бойынша екі түрге ажыратылады.

1.Адам баласының шаруашылыққа байланысты күн көрісінен туған дүниелер материалдық мәдениетті құрайды.
Материалдық мәдениетті ___________________________________ _____________

2. Көшпелілердің рухани мәдениетінің дамуы тіршілік қарекетінің, тұрмысының ерекшеліктерінен туындайды.
Рухани мәдениетінің дам___________________________________ _____________
___________________________________ _____________________________________

Киіз үй -- Орталық Азия халықтарының негізгі баспанасы, көшпелі тұрғын үйі. Орталық Азия халықтарының___________________________________ _________
___________________________________ _______________________________________

Көшпенділердің киіз үйі -- тарихымыздағы ең бірінші сәулеттік құрылыс. Тарихымыздағы___________________________________ _____________________
___________________________________ _____________________________________

Киіз үйдің ағаш құрамы үш бөліктен тұрады: кереге, уық және шаңырақ,-деп жазады Шоқан Уәлиханов.
Шоқан Уәлиханов___________________________________ _________________

___________________________________ ______________________________________

Қазанды татулықтың белгiсi ретiнде көрсететін аңыздар да бар.
Татулықтың белгісі___________________________________ ___________________
___________________________________ ______________________________________

7. Мұны төр сөзi Орхон-Енисей жазбаларында мемлекет мағынасында қолданылғанынан байқауға болады.
Орхон-Енисей жазбаларында ___________________________________ __________
___________________________________ ______________________________________

8. Киіз үй жер сілкінісінде де ыңғайлы, өйткені ол оңайлықпен бұзылмайды.
Жер сілкінісінде ___________________________________ _____________________
___________________________________ ______________________________________

Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен елдерге шатырдың орнына киіз үйлер апарып жүр.
Жер сілкінісінен___________________________________ _____________________

___________________________________ _____________________________________

Көшпенділердің киіз үйі- ғасырлар бойы өз құндылығын жоймай келе жатқан құнды мәдени жәдігер.
Ғасырлар бойы___________________________________ ______________________
___________________________________ ______________________________________

3-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз. Мүмкіндігінше, өз сөзіңізбен жауап беруге тырысыңыз.

1.Қандай қасиетіне қарап киіз үйді көшпелі мәдениет үлгісіне жатқызуға болады?
___________________________________ ______________________________________

2.Неге шаңырақ бүкiл ғалам мен адам арасын байланыстырушы? Кем дегенде
2 әсерін көрсетіңіз.
___________________________________ _____________________________________

Киіз үй неліктен бүгінгі күнге дейін өз құндылығын жоймай келе жатыр? 2 дәлелді жазыңыз.
___________________________________ _____________________________________

31

9-сынып емтихан тапсырмалары Қазақ тілі мен әдебиеті

Жалпы білім беретін мектептерге. ІІІ нұсқа
1-тапсырма. Төменде берілген мәтінді оқыңыз.
Наурыз және әлем халықтарының оны қарсы алу ерекшеліктері
Наурыз мерекесі әлемнің ең көне мерекелерінің бірі болып саналады. Бұл мереке
Орта Азия халықтарында мыңдаған жылдар бойы тойланып келеді. Ал 2010 жылдың 10 мамырынан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 64-қарарына
сәйкес 21 наурыз Халықаралық Наурыз күні болып белгіленді. Бас Ассамблея өзінің берген түсініктемесінде Наурызды көктем мерекесі ретінде 3000 жылдан бері Балқан түбегінде, Қара теңіз аймағында, Кавказда, Орта Азияда және Таяу Шығыста 300 миллион адам ойлайтындығын мәлімдеді. Ал UNESCO болса, 2009 жылдың 30 қыркүйегінде Наурыз мерекесін мәдени мұра тізіміне кіргізді.
Наурыз сөзі парсы тілінен аударғанда Жаңа күн деген мағынаны береді.
Парсының нау сөзі әр түрлі өзгерістерге ұшыраса да, мағынасы көп халықтың тілінде
сақталған. Шығыс жыл санағы бойынша, бұл мереке ирандықтардың жаңа жылы --
Наврузға жақын. Наурыз мерекесін түркі тілдес халықтар тойлайды. Тәжік халқы бұл
мерекені Бәйшешек не Гүлнавруз, татарлар Нардуган, бирмалықтар Су мерекесі, хорезмдіктер Наусарджи, буряттар Сагаан сара, армяндар Навасарди, чуваштар Норис ояхе деп атаған. Қазақтардың Наурызды тойлау тарихын ұлы ақын Абай өзінің Біраз сөз қазақтың қайдан шыққаны туралы жазбасында көшпелі халықтардың тарихымен ұштастырады. Бұл Әбу Райхан Бируни, Омар Һайям тәрізді әлем таныған тарихи тұлғалардың еңбектерінде де кездеседі. Шығыс халықтарының Наурыз мерекесін қалай тойлағаны туралы деректер көп. Парсы тілдес халықтар Наурызды бірнеше күн тойлаған. Яғни, олар Наурыз күндерінде мынадай салт-дәстүр, ырымдар жасаған: әр жерде үлкен от жағып, отқа май құйған. Жаңа өнген жеті дәнге қарап болашақты болжаған. Жеті ақ кесемен дәстүрлі ұлттық көже сумалық ұсынған. Көне киімдерін тастаған. Бір-біріне гүл сыйлаған. Үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою - күн символын салған. Жамбы ату тәрізді түрлі жарыстар өткізген. Бұл күні кәрі-жас қуанады.Адамдар бір-біріне жақсы тілектерді айтады, татуласады.
Наурыздың дәстүрлі тағамы Наурыз көже туралы деректер өте көп. Ол жеті түрлі азықтық заттан тұрады. Жеті деген сан аптаның жеті күнін бейнелейді, бұл санның мағынасы терең. Өзбекстанда Сумалақ -- наурыз көжеге ұқсас дәстүрлі тағам.
Қазақстанда Наурыз мерекесі 1988 жылдан бері қайта жаңғырып, халық болып тойлау дәстүрі өз жалғасын тапты.Ал 1991 жылы 15 наурызда Қазақстан Президенті Жарлығының негізінде мемлекеттік мәртебеге ие болды. 2009 жылдың 24 сәуірінде Елбасы наурыз айының 21, 22, 23 күндерін Наурыз мерекесі деп жариялады.
Наурыз -- көктем мен еңбектің, достық пен бірліктің мерекесі. Сан ғасырлық парасат пен еңбектің нәтижесінде қалыптасқан Наурыз мерекесі халықтың жарқын болашағының кепілі болып қала береді.
(346 сөз)
Мәтіннен мына сөздердің сәйкес мағыналарын табыңыз.
Ежелгі - ___________________________________ _________________________
Мерекелейді - ___________________________________ ____________________
Елдер - ___________________________________ __________________________
Мәлімет - ___________________________________ _______________________
Сайыс - ___________________________________ ________________________

9-сынып емтихан тапсырмалары Қазақ тілі мен әдебиеті
2-тапсырма. Төменде берілген әр сөйлемді өз сөзіңізбен қайта жазыңыз. Сөйлемдерді берілген сөздермен бастаңыз.
Мысалы:Наурыз мерекесі әлемнің ең көне мерекелерінің бірі болып саналады. Көне мерекелердің бірі _______________________________
Жауабы:Көне мерекелердің бірі дүниежүзі бойынша Наурыз мерекесі екен.
Бұл мереке Орта Азия халықтарында мыңдаған жылдар бойы тойланып келеді. Орта Азия халықтарында ___________________________________ ___________
___________________________________ ______________________________________
Парсының нау сөзі әр түрлі өзгерістерге ұшыраса да, мағынасы көп халықтың тілінде сақталған.
Әр түрлі өзгерістерге ___________________________________ _________________
___________________________________ ______________________________________
Шығыс жыл санағы бойынша, бұл мереке ирандықтардың жаңа жылы- Наврузға жақын. Бұл мереке ___________________________________ _________________________
___________________________________ _____________________________________
4. Қазақтардың Наурызды тойлау тарихын ұлы ақын Абай өзінің Біраз сөз қазақтың қайдан шыққаны туралы жазбасында көшпелі халықтардың тарихымен ұштастырады Біраз сөз қазақтың қайдан шыққаны туралы жазбасында ____________________
___________________________________ ______________________________________
Шығыс халықтарының Наурыз мерекесін қалай тойлағаны туралы деректер көп Наурыз мерекесін ___________________________________ ___________________

___________________________________ ______________________________________

Жаңа өнген жеті дәнге қарап болашақты болжаған.
Болашақты ___________________________________ _________________________
___________________________________ ______________________________________

7. Үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою - күн символын салған.
Күн символын ___________________________________ ______________________
___________________________________ ______________________________________

8. Наурыздың дәстүрлі тағамы Наурыз көже туралы деректер өте көп.
Наурыз көже ___________________________________ ________________________
___________________________________ ______________________________________

Қазақстанда Наурыз мерекесі 1988 жылдан бері қайта жаңғырып,халық болып тойлау дәстүрі өз жалғасын тапты.
Наурыз мерекесі ___________________________________ ____________________
___________________________________ ______________________________________

Сан ғасырлық парасат пен еңбектің нәтижесінде қалыптасқан Наурыз мерекесі халықтың жарқын болашағының кепілі болып қала береді.
Наурыз мерекесі___________________________________ ____________________

___________________________________ ______________________________________

3-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз. Мүмкіндігінше, өз сөзіңізбен жауап беруге тырысыңыз.

Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен 21 наурыз Халықаралық Наурыз күні болып белгіленуінің қандай себебі бар?
___________________________________ ______________________________________

Шығыс халықтарының Наурыз мерекесін қалай тойлайды? 2 дерек келтіріңіз.
___________________________________ ______________________________________
Наурыз мерекесі халықтың жарқын болашағының кепілі болу себебі қандай ? 2 дәлелмен көрсетіңіз.
___________________________________ ______________________________________

33

9-сынып емтихан тапсырмалары Қазақ тілі мен әдебиеті

Инновациялық мектептерге. І нұсқа

1-тапсырма. Төменде берілген мәтінді оқыңыз.

Алаш идеясы мен қайраткерлері

Алаш -- ежелгі түрік сөзі. Ол -- бауырластар, қандастар, туыстар дегенді білдіреді. Алаш аты тарихта кездесетін ең көне атаулардың қатарына жатады. Ескі шежіре

деректерінде Алаш атауы қазақ халқының синонимі ретінде келтіріледі. Мысалы, Қадырғали Жалаиридің өзі деректерінде қазақтың орнына Алаш атауын

қолданады. "Атамыз -- Алаш, керегеміз -- ағаш" деген қазақ халқы ұлттық тәуелсіздік жолындағы күресінде ежелгі Алаш ұғымына қайта оралып, оны бостандық пен бірліктің ұраны етіп алды.

Алаш идеясы -- қазақтың мемлекеттік, елдің ұлттық идеясы. Өйткені Алаш -- халқымыздың бойына күш-қуат және сенім берген ұлттық идея. Алаш -- ұлттың өзін бөлінбес тұтас жер, яғни территория ретінде сезінуі. Алаш -- ұлттың аспан асты, жер үстінде өз орны бар ел ретінде өз еншісі мен үлесін анықтау әрекеті.

Қазақ тарихында Алаш арыстарының орны ерекше. Олар Қазақ елінің сан ғасырлық даму тәжірибесін, салт-дәстүрін сақтай отырып, одан әрі дамытуды, білім алып, өр-кениетті елдердің өмір тәжірибесінен үйренуді көздеді. Елге демократия, білім-білік алып келу үдерісінің бастауында тұрғандар да осы зиялы қауым өкілдері болды. Алаш зиялылары Отанға адал қызмет етуді мақсат етті. Алаш қайраткерлері қазақ халқын азат ел ету бағытындағы мақсатты ойларын бес тұғырға негіздеді. Бірінші -- жер мәселесі. Жерсіз Отан жоқ. Қазақтың байырғы жерін қашан қазақтар өз бетінше ғылым мен техникаға сүйеніп толық игермейінше, жер жеке меншікке де, қоныстанушыларға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесі
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қазақ тілі оқу пәні
Әдебиет сабағында қолданылатын әдіс - тәсілдер жүйесімен танысу
Орыс сыныптарында қазақ тілі сабақтарындағы деңгейлік тапсырмалар жүйесі
Тест тапсырмаларын бағалау нормалары
Білім алушыларды үйде оқытуды ұйымдастырудың ерекшеліктері
Мухаммадия медресесінің ішкі жүйесі
Ағылшын тілі сабағында оқу - танымдық құзыреттілікті қалыптастыру тәсілдері мен түрлерін ашу
ҚАЗАҚ МЕКТЕБІНІҢ 5-6-СЫНЫПТАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ ОҚУЛЫҒЫНЫҢ ЛИНГВОДИДАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер