Социалистік партия


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

1. Кіріспе

XX ғасырдағы саяси қозғалыстар

2. Көппартиялық жүйенің қалыптасуы

3. Қорытынды бөлім

4. Қолданылған әдебиеттер

ХХ-шы ғасырдың бас кезінде қазақ өлкесінде ұлттық саяси партияларының алғышартының қалыптасып, одан әрі дамуы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысының маңызды кезеңі болып табылады. Отарлаушылар қазақ халқының жері мен оның табиғи байлығының айтарлықтай бөлігіне иелік етіп қана қойған жоқ, олар қазақ халқын рухани жағынан да отарлады: тілінен, ділінен бірітіндеп айыру бағытында қатыгездікпен ойластырылған шараларды жүзеге асырды. Бұл жөнінде М. Дулатов 1907 жылы жазған " Қазағым менің, елім менің" атты мақаласында былай деп ашына жазған еді: " . . . ең алдымен қазақ халқы - Ресейге тәуелді халық . . . Оның ешқандай правосының жоқтығы ыза мен кек тудырады. Халықтан жиналатын салық қаражатының көп бөлігі халыққа тіпті керек емес нәрселерге жұмсалады . . . Өздеріңіз көп жазбай байқап отырғандай . . . чиновниктер, урядниктер кедей қазақтарды ұрып-соғып, малдарын тартып, ойына не келсе соны істеді . . .

. . . енді чиновниктер біздің дінімізге, атадан мұра болып келе жатқан әдет-ғұрыптарымызға, біздің молдаларға да тиісті неке мәселелеріне араласа бастады, діни кітаптарды тұтқынға алды . . .

. . . енді бұл чиновниктер қазақ даласына мыңдаған мұжықтарды жер аударып қазақтардың суымен шұрайлы жерлерін тартып әперуде. Чиновниктерде арқалаған олар өздеріне жайлы қазақ жерлерін еркін иемденуде . . . Бұлар сорлы қазақтарды ұрып-соғып, бар мүлкін тартып алып кетуде . . . "

Сөйтіп Қазақстанда ең алдымен отаршылдыққа қарсы ұлттық сұраныстарға жауап беруге бағытталған идеялар, одан туындаған қозғалыстар мен саяси партиялар құрыла бастады.

Қазақ ұлтының демократиялық интеллигенциясының жетекшілері, біріншіден, патшалық Ресейдің халықты қорлайтын отарлау саясатының мәнін әшкерлеуді және қазақтардың этнос ретінде сақталып қалуы үшін оның келешігіне қатер төндіріп отырған патша үкіметінің өлкені кеулеп бара жатқан жан-жақты экспансиясының тоқтатуды мақсат етті. Екіншіден, олар заң шығарушы және басқарушы үкімет органдарының алдына кадеттер ұсынған үлгі мен әр түрлі петициялар арқылы талап-тілектер қою демонстрациялар мен шерулер ұйымдастыру, мемлекеттік думаның сайлауына белсенді түрде араласып, парламентке халық өкілдерін өткізу үшін күресуді мұрат тұтты. Сондықтан да 1905-1907 жылдары қазақ интеллигенциясы кадеттер ұсынған Ресей қоғамын реформалау талаптарын жүзеге асыру жолында жүргізілген саяси науқандарға қатынасуда айтарлықтай белсенділік көрсетіп, нақтылы іс-әрекеттерге барды. Олар, атап айтқанда қазақ қауымын ең болмағанда уездер мен болыстар шеңберіндегі жүйесін қалыптастырудың отарлық сипатын өзгертуді талап етті.

Қазақ интеллигенциясының қоғамдық-саяси қызметінің тағы бір бағыты Ресейден Қазақстанға орыс мұжықтарын көшіру ісін басқаратын аударушылардың қоныс аударушы мекемелерінің қызметін тоқтату үшін саяси күрес жүргізуге арналды. Үшіншіден, ұлттық-либералдық қазақ интеллигенциясы қоғамының саяси өміріне өзін өкімет пен дергілікті халық бұқарасын байланыстыратын күш ретінде көрсетуге ұмтылды

Қазақстанның көпұлтты мемлекет ретінде тарихи дамуының негізгі ерекшелігі, оның жергілікті халқының түркі тілдес халықтардан құралуы еді. Мұсылмандар ынтымақтастығы идеясы мен олардың санасындағы ұлт-азаттық қозғалыстағы " дін бірлігі" түрік халықтарының бір туғандығы туралы, олардың тарихи тағдырының ортақтығы туралы ұғымдар тығыз байланысты болып табылады. ХХ ғасыр басында панисламизм және пантүркішілдік ұлт-азаттық қозғалыстардың идеясына айналып, тегі мен тағдыры бір түрік халықтарын жақындата түсті.

ХХ ғасыр басында түрік халықтарының ұлт-азаттық күресіндегі негізгі бағытын таңдау бірігу негізіне - олардың исламға (исламшылдыққа) немесе олардың түрік қауымдастығына (түрікшілдікке) бет бұруымен тікелей байланысты болды. Пантүркішілдік, панисламизм Ресейде ХІХ ғ. 80-шы жылдарында татар интеллигенциясының мәдени-либералдық қозғалысы ретінде өмірге келді. Оның теориясының қалыптасуы мен таратылуы қырым-татар ағартушыларының қоғамдық және ғылыми қызметтерімен тығыз байланысты. Пантүркішілдіктен шыққан " жадидшілік" екі идеяның - ағартушылық пен діннің бірігуін білдіреді. Жадидшілдіктің негізін салған Исмаил Гаспаринский (1851-1914) 1883 жылы Ресейдегі мұсылмандар " тіл, идея, әрекет жағында да бірігу керек" деп атап көрсетті. Оның ізбасары Жүсіп Ақшора түркi тілінде сөйлейтін ұлттар бірігіп, бірлікке келген " ұлт одағы" болып құрылуы керек дегенді ортаға салды. 1917 жылы қазан төңкерісінен кейін түркiшiлдiктi жақтаушылар Ресейде қуғынға ұшырап, көпшілігі Түркияға кетті. Сөйтіп, бұл идея түрік зиялыларының қолына өтіп, жаңа Түркияны қайта гүлдендірудің рухани тірегіне айналды.

Қазақстанға панисламизм мен пантүркішілдік идеясы ХІХ ғ. соңында келді. Бұл идеяның жақтастары дін басылар, буржуазия және интеллигенция өкілдері болды. Қазақстандағы жадидшілер жаңа әдісті мектептер ашып, онда жаратылыстану, тіл, әдебиет сияқты зайырлы пәндер басым жаңа оқу бағдарламалары бойынша оқытуды жүзеге асырды.

Қазіргі кезде елімізде 12 саяси партия әрекет етеді. Олар - “Отан”, “Асар”, Азаматтық, Аграрлық, “Ауыл”, Патриоттар, “Әділет”, “Руханият”, “Ақ жол”, “Нағыз Ақ жол”, Коммунистік, Коммунистік халықтық партиялары. “Алға” партиясы тіркелу үдерісінен өтуде. Бірқатар қоғамдық қозғалыстар (“Ақорда”, “Табиғат” және басқалары) оқтын-оқтын партия болып құрыламыз деп мәлімдеумен келеді. Бұл партиялардағы мүшелерінің жалпы

саны шамамен 1, 3 млн. адамға жетеді, яғни елдегі сайлаушылар санының 15, 1%-ын құрайды.

Қазақстанда ең ірі партия “Отан” болып табылады, оның 519 мыңдай мүшесі бар. Мүшелерінің саны жағынан бұдан кейінгі орындарда “Асар” (220 мың адам), Азаматтық және Аграрлық партиялардың “АИСТ” блогы (116 мың), Қазақстанның “Ауыл” социал-демократиялық пар­тия­сы (61 мың), “Ақ жол” (57 мың адам) келеді. 2002 жылы қабылданған “Саяси партиялар туралы” Заңға сәйкес партия мүшелерінің ең аз саны кем дегенде 50 мың адам болуы керек.

2004 жылғы парламенттік сайлау­дың қорытындылары бойынша 7%-дық белесті төрт партия: “Отан”, “АИСТ” блогы, “Асар”, “Ақ жол” еңсерді. Қазіргі кезде Парламентте “Отан” басым жағдайға ие болып отыр. Оның Сенат пен Мәжілістегі орта есеппен өкілдігі 61, 3%-ды құрайды. “Асарда” бұл көрсеткіш 5, 2%-ға, “АИСТ” блогында - 14, 3%-ға тең. “Ақ жол” партиясы осы уақытқа дейін өзінің жал­ғыз депутаттық мандатын пайда­лан­бай келеді. Мәслихаттардағы де­путаттардың 71%-ы дерлігі “Отанның” мүшелері. Бұл ретте мәслихаттар хатшыларының 94%-дайы “Отанның” атынан сайланғанын айта кеткен жөн. “АИСТ” блогы мәслихаттардағы депутаттар орнының 10%-ына ие болса, “Асар” - 2, 4%, “Ақ жол” - 1, 3%, “Ауыл” - 0, 8% көрсеткішке қол жеткізді.

Партиялардың саяси саналуандық­тағы ұстанымдары жөнінде олардың бағдарламалық құжаттарын негізге ала отырып, пікір түюге болады. Саяси спектрдің центризмін билік ыңғайын­дағы партиялар алып отыр. Мұнда басты рөлді “Отан” партиясы атқа­ратыны белгілі. Ол өзінің идеоло­гиялық ұстанымдарында қоғамның социал-демократиялық және либерал­дық сұраныстарының арасында тепе-теңдік сақтай отырып, партиялық-саяси спектрдің центристік бөлігінде басымдық танытып келеді. Онымен солшыл центристік уклондағы “Асар” және көп ретте оңшыл центристік си­паттағы “АИСТ” блогы мен “Әділет” партиясы ыңғайлас болып отыр.

Оң қанатта “Ақ жол” партиясы орналасқан. Оңшыл электорат үшін “Ақ жолмен” одан бөлініп шығып, үстіміздегі жылдың наурызында Әділет министрлігінде ресми тіркеуден өткен “Нағыз Ақ жол” партиясы таласатын болып жүр.

Сол қанатта С. Әбділдиннің Ком­мунистік партиясы, оған балама болып жүрген Е. Әбілқасымовтың Комму­нистік халықтық партиясы, сондай-ақ “Ауыл” және “Руханият” партиялары әрекет етуде. Бұқаралық социоло­гиялық сұрау салулардың нәтижелеріне сәйкес халық тарапынан қолдау рейтінгінде билік партиялары айтар­лықтай басымдыққа ие болып отыр. Қазақстандық “Ксилон” компания­сының зерттеу мәліметтері бойынша Президентті жақтайтын партиялардың жиынтық рейтингі оппозицияның осындай көрсеткішінен 7, 5 есе дерлік артық екен. Мәселен, сәуір айында “Отан”, “Асар”, Азаматтық, Аграрлық, “Әділет”, “Руханият” партиялары үшін сайлаушылардың төрттен үш бөлігі, немесе 74 пайызы дауыс беруге әзір екендіктерін білдірген. Ал енді оппозициялық және жартылай оппо­зициялық партиялардың жиынтық рейтингі 10 пайыз шамасында қалған.

Қазір еліміздегі көптеген партиялар өздерінің көпшілік арасындағы ресурсын күшейту мақсатында саяси жүйені жаңарту жөніндегі рефор­маларды ілгерілету негізгі мақсаты болып табылатын Мемлекеттік комиссияның қызметіне белсене қатысуда. Осындай тұрғыдан келіп партиялық-саяси күштердің топтасу мақсатындағы кейбір жақындасуы жүріп жатыр. Мысалы, өкілетті ор­гандардың өкілеттіктерін кеңейту жөніндегі жұмыс тобында бірге жүрген “Ауыл” партиясының лидері Ғ. Қа­лиевтің және Патриоттар партиясының жетекшісі Ғ. Қасымовтың ұстанымдары елеулі түрде жақындаса түсті. “Ақ жол” және “Алға” партияларының да топтасу мүмкіндігі байқалады. Мем­комиссияның жұмысы басталғаннан кейін А. Байменов пен А. Қожах­метовтің байланыстары жиілей түсіп, ол партияаралық өзара ықпалдасу ыңғайына көшірілген тәрізді.

Әлбетте билік ыңғайындағы партиялар қатарында да центризмге ұмтылушылық байқалғаны анық. 19 маусымда “Асар” партиясының төрайымы Д. Назарбаева Президентті жақтайтын партиялардың бірігу тұғырнамасын ұсынды. Бұл ұсынысты ең алдымен “Отан” партиясы қолдап шықты.

“Отан” партиясы 1999 жылы пре­зиденттіктен үміткер Н. Ә. Назарбаевты қолдаудың қоғамдық штабы негізінде құрылып, партияның құрылтай съезі Алматыда 1999 жылғы ақпанда өтті. Оның құрамына Демократиялық партия, Халық бірлігі партиясы, Либералдық қозғалыс және “Қазақ­стан-2030 үшін” қозғалысы кірді. “Отан” партиясының Төрағасы Пре­зидент Н. Ә. Назарбаев болып табылады. Ағымдағы басшылықты партия төрағасының міндетін атқарушы Б. Жұмағұлов жүзеге асырады. Екі партия біріккенге дейін А. Павлов пен А. Ермегияев орынбасарлары болған.

Қазіргі кезде партия іс-әрекетінің негізі “Қазақстандық жол-2009” бағдарламасы болып табылады, бұл бағдарлама оның 2004 жылғы пар­ламенттік сайлаудағы сайлау тұғырна­масы болып табылады. Партиялық-саяси спектрде “Отан” центристік ұстанымда тұрып, Мемлекет басшы­сының жаңарту бағытына қуатты қолдау білдіріп келеді. Өзінің саяси ұстанымдары мен практикалық іс-әрекетінде этносаралық келісімді қамтамасыз етуге барынша айқын бағдарланған бірден-бір партия осы.

“Отан” партиясынан 21 депутат Парламент Сенатының, 53 депутат Мәжілістің құрамында болса, оның мәслихаттардағы депутаттар саны 2350 адамға жетеді. Партия Солтүстік Қазақстан, Атырау, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Алматы және Ақтөбе облыстарында айтарлықтай қолдауға ие болып отыр. Оның әлеуметтік базасын негізінен мемлекеттік басқару, құқық қорғау құрылымдарының, мәдениет, білім беру және ғылым, денсаулық сақтау салаларының қыз­меткерлері, кәсіпорындар мен ұйым­дардың жетекшілері, орта деңгейдегі басқару қызметкерлері, кәсіпкерлер, фермерлер, студенттер құрайды. “Отан” өз қатарына көптеген этнос­тардың өкілдерін біріктірген.

“Отанның” 19 филиалдан, барлық дерлік аудандар мен ірі елді мекен­дердегі 220 өкілдіктен, 9809 бастауыш партия ұйымдарынан тұратын тар­мақталған өңірлік желісі бар. Партия сайлау аралығындағы кезең­дерде де белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Мәселен, 2006 жылдың басынан бері жалпы жиынтығында 2, 3 миллионнан астам адам қатысқан 22, 5 мың шара өткізілді. Солардың ішінен Демокра­тиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу мен нақтылау жөніндегі мемкомиссия жұмысына қатысуын, Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының қағидаларын насихаттау мен түсіндіруді, халықаралық ұйымдар мен шетел өкілдерімен кездесулерін, Мәжілістегі “Отан” партиясы фрак­циясының Үкімет мүшелерінің қатысуымен өткен кеңестерін, ішкі партиялық жұмыстарын, сарапшылар алаңдарын ұйымдастыруды атап өтуге болады.

“Асар” партиясы 2003 жылғы қазанда өткен құрылтай съезінде құрылды. Екі партия біріккенге дейін “Асардың” төрайымы Мәжіліс депутаты Д. Назарбаева болды. Партия өзінің идеологиялық негізі ретінде Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын таңдап алған. Негізгі мақсат ретінде Қазақстанда әділ демократиялық қоғам құруды қойып отыр. “Асардың” халықтық бағдар­ламасы оның беделін айрықша көтеріп, қатарының қауырт өсуіне мүмкіндік берді.

Парламент Мәжілісінде “Асар” партиясынан 4 депутат, Сенатта 3 депутат бар. Облыстық мәслихаттар­дағы оның өкілдігін 52 депутат құрайды.

Партия 2003 жылғы желтоқсанда тіркелгеннен бастап оның мүшелерінің саны 77, 3 мың адамнан 220 мыңға дейін өсті. Жақтастарының арасында сауда қызметкерлері, кәсіпкерлер, студенттер, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, білім беру, ғылым саласының қызметкерлері жиі кез­деседі. Барлық облыс орталықтарында, Астана, Алматы, Жезқазған, Семей, Түркістан қалаларында филиалдары бар.

“Асардың” қазіргі кездегі маңызды шараларының қатарында Қазақстан қоғамын жаңартудың жалпыұлттық бағдарламасын, Мемкомиссия жұ­мысына тікелей қатысуын, Президент­тің Қазақстан халқына Жолдауына арналып өткізілген дөңгелек үстелді атауға болады.

Еліміздегі саяси жүйені жетілдіру қажеттігіне, ұстанымдарының ұқсас­тығына қарамастан, екі партияның бірігуіне оның мүшелерінің ел мүддесін ойлайтындығы үлкен ықпал жасағанын атап көрсеткен жөн. “Отан” партиясы­ның кезектен тыс съезінде екі партия­ның бірігуі жөніндегі шешім қабыл­данғаннан кейін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бұл оқиғаға өз ризашылығын білдіріп, “Осындай ауызбіршіліктің, ел бірлігін бәрінен де жоғары қоюдың үлгісін “Отан” мен “Асар” партияларының көрсетіп отырғаны аса ғанибет”, деп атап көрсеткені белгілі.

Біріккен жаңа “Отанның” құрылуы арқылы билік Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру стратегиясын іске асыру мақсатында ұлтты жұмылдыра алатын осындай партияға мүдделілігін көрсетті. Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің тәжірибесі көрсеткеніндей, олардың экономикалық секірісі көп ретте саяси аренаға бір доминанттық партияның шығуымен байланысты болған. Өзі құрылған 1955 жылдан бастап іс жүзінде үздіксіз билікте келе жатқан Жапония либерал-демокра­тиялық партиясы, билік тізгінін 1959 жылдан бері ұстап тұрған Сингапур халықтық іс-әрекет партиясы, 1955 жылдан билік жүргізіп келе жатқан Малайзияның “Барисан насионал” коалициясы осындай қатардан.

Мұндай мысалдарды Азиядан ғана емес, сонымен бірге санғасырлық демократиялық құрылым тарихы бар еуропалық елдерден де табуға болады. Швеция социал-демократиялық жұмысшы партиясы 1932 жылдан 1976 жылға дейін жеке өзі немесе коалиция жетекшісі ретінде билікте болды. Соңғы отыз жылда да бұл партия сайлауларда барынша көп табысқа жетіп, үкіметті қалыптастыру құқығын иеленіп келеді.

Қазақстандағы Президентті жақ­тайтын негізгі партиялардың бірігуі “Біртұтас Ресей” партиясын құру жөніндегі көрші елдің тәжірибесіне ұқсас болғанымен, оның көшірмесі емес. Ресей Федерациясында мұндай үдеріс жоғарыдан төмен қарай президенттік билікті нығайту қажеттігімен бай­ланысты болды. Ал Қазақстанда билік ыңғайындағы партиялардың бірігуі басқа себептен, нақтылап айтсақ, күшті де өзекті билік пар­тиясына арқа сүйей отырып, жаңару серпілісін қамтамасыз етуден туындады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жапониядағы демократиялық қозғалыстың өрлеуі (1917-1930 ж.ж.)
ХХ ғасырдың 20-30 жылдардағы Жапониядағы саяси ахуал
Қытай Халық Республикасында 1949-1959 жылдары социалистік жүйенің қалыптастыру мәселесі, оның қоғамның барлық саласындағы барысы мен мәні
Саяси партиялар туралы теория
Чили Коммунистік партиясы
Қазақстанда социал - демократиялық топтардың құрылуы
Орталық Қазақстандықтардың 1940-1945 жылдардағы шаруашылығы
Қазақстан социолистік қоғамды нығайту дәуірінде (1938-1941 жыл)
Лениннің қоғамдық көзқарастары
Үшінші бесжылдықтың негізгі міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz