Ақшаға деген сұраныс және ұсыныс, оның теориялары мен моделі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
12-дәріс. Ақшаға деген сұраныс және ұсыныс, оның теориялары мен моделі

Лекция негіздері
1. Ақша функциялары. Ақша агрегаттары.
2. Ақшаның сандық теориясының теңдеуі. Ақша айналымының жылдамдығы. Фишер теңдеуі.
3. Кейнстің өтімділікті таңдау теориясы. Мәмілелер жасау үшін ақшаға сұраныс және активтер жағынан ақшаға сұраныс. Нақты ақша қорлары.
4. Ақша ұсынысы
5. Ақша нарығындағы тепе-теңдік
6. Ақша саясатының құралдары
Ақшаның функциялары мен ақша агрегаттары
Экономиканы ақшасыз елестету мүмкін емес. Ақша деп төлем құралы ретінде пайдаланылуы мүмкін кез келген нәрсені айтады. Әр түрлі даму кезеңдерінде адамзат ақша ретінде әр түрлі тауарларды, яғни тауарлық ақшаны пайдаланған: мал, асыл тастар және т.б.
Ақшаның функциялары: айналым құралы, есептеу құралы, құндылықты сақтау құралы.
Өтімділік - активтердің құнын жоғалтпауысыз қолма-қол ақшаға жылдам аудару мүмкіндігі. Ақшаны өтімділік дәрежесі бойынша ажыратады.
Ақша агрегаттары - ақша массасын анықтайтын көрсеткіштер:
М1 = Айналымдағы қолма-қол ақша (М0)+ Ағымдағы депозиттер
Ағымдағы депозиттерден ақшаны бірінші талабымен алуға болады.
М2 = М1 + Шексіз рұқсаты бар мерзімді депозиттер
Әдетте бұл шағын мерзімді салынымдар.
М3 = М2 + Тіркелген мерзімі бар ірі депозиттер + банктік емес қаржы институттарындағы шоттар
Ақша агрегаттары әр түрлі елде түрліше айқындалады.

Ақша ұсынысы
Ақша ұсынысы дегеніміз - экономикадағы қазіргі уақыт мезетіндегі бар ақша көлемі. Ақша ұсынысы келесі элементтерден тұрады: қолдағы бар ақша және депозиттер.
Ақша ұсынысы мемлекеттік саясаттың негізгі құралы болып табылады. Оны мемлекет атынан Орталық банк реттейді. Ақша ұсынысын жиі ақша массасы деп те атайды. Ақша массасының көлемін реттеу саясаты ақша саясаты деп аталады.
Ақша ұсынысын реттеудің негізгі 3 құралы бар:
(1)Ашық нарықтағы операциялар, яғни мемлекеттік құнды қағазды сату және сатып алу.
Орталық банктер құнды қағаздарды коммерциялық банктерге сатады.Бұл жағдайда артық ақшаның массалық резервтері төмендейді де, нәтижесінде экономикада мәмілелер азаяды, табыс та азаяды және керісінше.
(2)Міндетті резервтер нормасы. Ол былай белгіленеді: rr. Егер орталық банк міндетті резервтер нормасын өсірсе онда артық ақша массасы резервтері (M) төмендейді, нәтижесінде табыс деңгейі де төмендейді және керісінше.
(3)Есеп мөлшерлемесі. r пайыз өссе, артық ақша массасы резервтері төмендейді, оның нәтижесінде табыс деңгейі төмендейді және керісінше.
Ақша ұсынысы тек қана Орталық банктің саясатына ғана емес, сонымен қатар ақша иелері мен ақша сақтайтын банктердің іс-әрекетіне тәуелді.

Ақшаға сұраныс
Адамдардың ақшаны қолында ұстағысы келетінін мынадай себептері бар: трансакциялық себеп, сақтық себеп, алыпсатарлық себеп.
Бірақ ақшаны қолында ұстау - оларды депозитте сақтағанда алатын пайыздардан айырылу дегенмен бірдей.
Шынында адамдар ақшаға емес, МP ақшаның нақты қалдықтарына сұраныс білдіреді, себебі ақшаның мөлшері емес, сол ақшаға сатып алынатын тауарлар мен қызметтер мөлшері маңызды. Мұндағы М - ақша массасы, ал Р - бағалар деңгейі. Ақшаның нақты қалдықтарына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша нарығы
СӨЖ (СӨЖО) бойынша әдістемелік нұсқаулар
Лекциялардың қысқаша конспектілер
Классикалық мектеп теориясы. Сэй заңы классикалық дихотомия
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Баға құрылымы
Макроэкономикаға кіріспе.Макроэкономиканың пәні және әдістемесі
Тауар және игіліктер нарығындағы тепе - теңдік
Баға құрылымы және бағаны тұрақтандыру
Ақшаға сұраныс. Ақша нарығы
Пәндер