Мәңгілік Ел - қазақ елінің жалпыұлттық идеялары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Мәңгілік Ел - қазақ елінің жалпыұлттық идеясы

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында Қазақ Елінің ұлттық идеясы - Мәңгілік Ел! - деген ой айтты.
Мәңгілік Ел ата-бабамыздың сан мындаған жылдар бойғы асыл арманы екені баршамызға белгілі. Ол арман - әлем елдерімен терезесі тең, әлем қатынасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз мемлекет атану еді, ол арман - тұрмысы бақуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Біз бұл армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргесін қаладық. Мен қоғамда қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек деген сауалдың жиі талқыланатынын естіп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін идеясы бар. Ол - Мәңгілік Ел идеясы, - деп атап өтті Елбасы.
Сонымен қатар, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев Мәңгілік Ел ұғымы ұлтымыздың ұлы бағдары - Қазақстан-2050 Стратегиясының түп қазығы етіп алынғанын алға тартты.
Қазақстан-2050 Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Елбасы Жолдауындағы Мәңгілік Ел жалпыұлттық идеясын өмірде іске асырудың негізі мектепте қалануы тиіс. Орта білім беру жүйесінде Мәңгілік Ел идеясы балалар мен жастарды жоғары руханилық, азаматтық ұстаным, әлеуметтік жауапкершілік қазақстандық қоғам игілігі үшін еңбек ету дайындығын, жаңа қазақстандық патриотизм мен бірігу сезіміне тәрбиелеуге бағытталған.
Мәңгілік Ел идеясын іске асыру аясында қоғамдық-гуманитарлық циклды пәндердің (қазақ тілі, қазақ әдебиеті, орыс тілі, орыс әдебиеті, Қазақстан тарихы) оқу бағдарламаларының базалық мазмұнына Мемлекет басшысының 2014 жылғы 15 желтоқсанда сөйлеген Тәуелсіздік толғауы мәтіні енгізілді. Пәндерді оқыту окушылардың рухани-адамгершілік қасиеттерін және патриоттық сезімдерін, Мәңгілік Ел жалпыұлттық идеясын өмірде жүзеге асыруға деген ұмтылысын, азаматтық жауапкершіліктерін қалыптастыруға, ұлттық өзіндік сана мен төзімділікті дамытуға, зайырлы құндылықтарды нығайтуға және жастардың терроризм мен экстремизм идеологиясын саналы түрде қабылдамау, этносаралық және мәдениетаралық байланыс жағдайында қарым-қатынас жасау біліктілігін қалыптастыруға бағытталған.
Әлемдік тәжірибені саралай отырып, оқыту мен тәрбиелеуді заман талабына сай жаңашылдықпен ұйымдастыру бүгінгі жаһандану заманында басты мәселе болып отырғаны белгілі. Оқушылардың функдионалдық сауаттылығын арттырудың негізгі бағыттары білім беру жүйесінің мазмұнын жаңарту мен педагогикалық кадрлардың кәсіби біліктілігін арттыру, оқушы өміріндегі отбасының рөлін ескеруді қамтиды. Білім беруді жаңарту оқушылардың білімін ғана емес, оларды қолдану дағдыларын, атап айтқанда, функционалдық сауаттылығын немесе құзыреттілігін қалыптастырумен де байланысты. Негізгі мақсат - оқушылардың білімдерін өмірде тиімді қолдануға үйрету. Ол орта білім жүйесінің парадигмасын түбегейлі өзгертудің негізі болып отыр. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті 30 елінің қатарына ену процесінде ең маңызды болып табылады.
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту процесі оқу қызметінің барлық түрлерінің нәтижелілігін оқу материалын меңгерудің процесуалды жағын және жеке тұлғалық қасиеттердің пайда болуын есепке алатын бағалаудың жаңа жүйесін енгізуді айқындайды. Функционалдық сауаттылық біліммен, іскерлікпен және дағдылармен ғана шектелмей, солардың негізінде әр елдің өзіндік ерекшеліктері ескеріле отырып, қалыптасатын құзыреттіліктермен анықталады. Білім беру мазмұнын жаңартудың жетістігі оқушының білімді меңгеруімен, оны ой елегінен өткізіп, теориялық білімін дәлелдей алуымен, қорытынды жасауымен жүзеге асырылады. Яғни оқытудың жүйелі тәсілдеріне көшу бүгінгі күннің басты талабы болып отыр.
Бүгінгі таңда Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары (бүдан әрі - ББ МЖМС) әзірленіп, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы №292 қаулысымен бекітілді.
Жаңартылған білім мазмұны аясында қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік, құрмет көрсету, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық, өмір бойы білім алу тәрізді Мәңгілік Ел құндылықтар жүйесі жаңа ББ МЖМС барлық білім деңгейлеріне енгізілген.
Сонымен қатар жаңартылған білім мазмұны аясында Мәңгілік Ел жалпыұлттық идеясы академиялық пәндер, жобалау-зерттеу және сабақтан тыс іс-әрекеттер, қосымша білім беру, таңдау курстары арқылы мектеп мазмұнына енгізілетін болады.
Оқу бағдарламаларының мазмұны білім алушылардың рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға, қазақстандық патриотизм мен Мәңгілік Ел жалпыұлттық идеясын іске асыруға тырысу, этносаралық және мәдениетаралық байланыс жағдайында толеранттылықты және қарым-қатынас жасау білігін дамытуға бағытталады.
Қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша функционалдық сауаттылықты қалыптастыру, оқушылардың құзыреттілік біліктерін, алған білімдерін шынайы өмірлік жағдаяттарда тиімді қолдана білу қабілеттерін дамыту көзделген. Қоғамдық-гуманитарлық пәндер және олардың мазмұны: оқушы тұлғасының интеллектуалдық әлеуетін дамыту мақсатында филологиялық, тарихи және қоғамтанулық білім беруді; бағдар бойынша базалық пәндерді тереңдетіп оқытуды; қоршаған әлемді түрлендірудегі қазақ, орыс, шетел, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, адам және құқық рөлі туралы түсініктерін қалыптастыруды; оқушылардың лингвистикалық, тарихи, көріністік ойлауын қалыптастыруды, әртүрлі өмірлік жағдайларға және болашақ кәсіби қызметіне қажетті оқушылардың аналитикалық, практикалық, коммуникативтік біліктері мен дағдыларын жетілдіруді; оқытуды бейіндендіруге жағдай жасауды және оқушыларды одан әрі кәсіби өзін-өзі анықтауға, өзін-өзі дамытуға даярлауды қамтамасыз етеді.

Мәңгілік Ел кұндылықтары
Білім беру стандарттарында анықталған құндылықтар
1.Адалдық және патриотизм. Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы
Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік (Отанға және халқына деген сүйіспеншілік, елінің жетістіктері үшін мақтаныш, Қазақстан мүддесіне қызмет ету)

2.Еңбексүйгіштік.
Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы. Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсім
Еңбек және шығармашылық (өз жүмысын ұйымдастыра білу, белсенділік, бастамашылдық, адалдық, жұмысқа құлшыныс, үздік нәтижелерге жету)
3.Азаматтық теңдік.

4.Толеранттылық.

5.Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы

6.Құрмет
(мақтаныш, ата-аналары, отбасы, үлкендер, достары, адамдарға қамқорлық және жылы сезім)
Еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысу

7.Ынтымақтастық
(әртүрлі елдердің азаматтарымен, жергілікті және мектеп қоғамында, мұғалімдермен, достармен командада жұмыс істей білу қабілеті)

8.Адалдық.
Зайырлы қоғам және жоғары руханият.
Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім

9.Ашықтық
(іскерлік және жеке қарым-қатынаста адалдық, академиялық адалдық, басқа адамдармен бірлесіп жұмыс істеуге дайын болу, ортақ мақсатқа жету)

10.Білім беру және білімділік
Өмір бойы білім алу
(білім мен дағдыларының өсуі, тұлғаның әлеуетін дамыту, экономикалық білімін дамыту, ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің өсуі)
Адам және қоғам білім саласындағы оқушылардың функционалдық сауаттылығы олардың жалпыадамзаттық, ұлттық-тарихи және әлеуметтік-мәдени құндылықтарға әділеттілікпен, адалдықпен, тілектестікпен, жауапкершілікпен қарай білу; өзінің азаматтық патриоттық ұстанымын және құқықтары мен міндеттерін заңнама мен қоғамдық нормаға сәйкес сақтай білу; отбасында, ұжымда, қауымда әлеуметтік рөлін орындай білу; көпмәдениетті қоғамда өмір сүру мен қарым-қатынас жасай білу; өздігінен оқу, өз мүмкіндігін іске асыру, өзінің кәсіби бағытын анықтау; адамның физикалық және рухани денсаулығын, ақыл-ой жұмысын қолдау үшін салауатты өмір салтын жүргізу қабілеттерімен анықталады.
Қазақстан Республикасының гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында білім мазмұнын анықтауда қазіргі білім беруді гуманитарландыру проблемаларын, оқытуды бейіндеу, жас ұрпақтың интеллектілік дамуы мен рухани-адамгершілікке тәрбиелеу талаптары ескерілген. Яғни, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АСЫЛ МҰРА түркі антологиясы
Бастауыш білім деңгейінің 1-4 сынып пәндері бойынша Мәңгілік Ел жалпы ұлттық идеясының құндылықтарының енгізілу жағдайы
Ұлттық мұрат
Қалған ұлттар диаспора
Алаш тарихы
ТӘУЕЛСІЗДІК КОНЦЕПТІСІНІҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ - СЕМАНТИКАЛЫҚ ӨРІСІ
МӘҢГІЛІК ЕЛ - ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ
Алаш қозғалысы және оның Қазақ халқының ұлт-азаттық күресіндегі рөлі жайлы
Қазақстандағы тәуелсіздік идеясы
Алаштың жолы
Пәндер