Қазіргі жаһандық мәселелерді түсінудегі және шешудегі философияның рөлі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ АҚ
Дизайн, текстиль және киім технологиялары факультеті

Тауар және бұйым технологиясы мен конструкциясы кафедрасы
Пән: Философия

Студенттің өзіндік жұмысы
Тақырыбы: Қазіргі жаһандық мәселелерді түсінудегі және шешудегі философияның рөлі

Орындаған:Сван Б
Тексерген:Киекенова Б

Алматы 2022
Қазіргі жаһандық мәселелерді түсінудегі және шешудегі философияның рөлі

Жоспары:
1. Жаһандану (глобализация) үрдістерінің философиялық астары
2. Жаһандану үрдісі шеңберіндегі өзекті мәселелер

Мыңдаған жылдар бойы өркениеттік даму шеңберіндегі адамдардың арманы, бір жағынан, басқа ұлттар және ұлыстармен кездесу, мәдениет үлгілерімен алмасу, бірге бейбіт өмір сүру т.с.с. болса, екінші, шамасы, ешқашанда орындалмайтын - Ғарыштағы басқа саналы тіршілікпен, яғни рухпен жүздесу қиялы болатын. Осы тұрғыдан алғанда, көне заманның атақты императоры, ғұлама Аристотельдің тәрбиесінде болған Ескендір, Орта ғасырдағы теңдесі жоқ ұлы Шыңғыс хан, Иван Грозный т.с.с. саяси қайраткерлердің іс-әрекеттерінің астарында жаһандану идеясы жатса керек. Мүмкін, олар оны саналы түрде пайымдамаса да, ішкі көкей көзімен сезген болар.
Тек бүгінгі таңда, ХХ ғ. аяғы мен ХХІ ғ. Басында бұл идея бүкіл адамзаттың жан дүниесінде тұрақты орын алған сияқты. Кейбіреуге ол ұнауы, я болмаса ұнамауы да мүмкін, бірақ бірде-бір мемлекет одан оқшау өмір сүре алмайды. Олай болса, жаһандану идеясы философиялық тұрғыдан қажетті түрде қаралып, сарапталуы керек.
Жаһандану дегеніміз - бір-бірімен тығыз экономикалық, ғылыми-техникалық, саяси, мәдени байланыстағы біртұтас адамзат қауымдастығының қалыптасуы. Ол - біздің көз алдымызда өте тез қарқынмен жүріп жатқан үрдіс. Мысалы, бүгінгі Қазақстан қоғамы басқа елдермен экономикалық сауда-саттық қарым - қатынасқа түсіп, дамып келеді. Алысқа бармай-ақ, өзіңіз бен өз үйіңізге қараңызшы. Үстіңізде Еуропа елдерінің бірінде тігілген костюм, аяғыңызда Турциядан әкелген туфли, астыңызда Германия, немесе Америкадан шыққан жеңіл мәшине, үйіңізде Ресейдің тоңазытқышы, Оңтүстік Кореядан шыққан шаңсорғыш, Жапонияда шығарылған магнитофон, арабтардың тоқыған кілемі, ас дайындайтын бөлмеңізде Үндістан елінен келген шай, Мароккодан келген апельсин, Ираннан әкелінген финиктер, АҚШ-тан келген тауықтың аяқтары, Қытайдан әкелінген ыдыс-аяқ т.с.с. Мұндай мысалдарды шексіз келтіре беруге болады. Сонымен қатар біз басқа елдерге мұнай мен газды, жүн мен мақтаны, қара және түрлі түсті металдар мен таскөмірді т.с.с. жіберіп жатқан жайымыз бар.
Бұл сауда-саттықтың құрылымына қарағанда, әрине, көкірегі ояу азаматқа неше түрлі ауыр ойлар келеді. Мүмкін, біз, шынында да, жаңа бодандық ауруына шалдыққан болармыз? Алайда ондай тұжырымға келуге әрі ертерек сияқты. Өйткені біздің дербестік алып, дамып жатқанымызға басы-аяғы он жылдан сәл артық қана уақыт болды ғой. Бүгінгі өкімет неше түрлі инновациялық бағдарламалар қабылдап, ұлттық қаржы қорын жасап, өндірісті дамытуға бел байлап, сол жұмыстарға нақтылы кірісіп жатқан жайы бар. Оған халқымыз да дайын.
Енді саяси салаға келер болсақ, Қазақ елі бүкіл дүниежүзілік қауымдастықпен терезсі тең қарым-қатынас орнатуда. Біздің ел дербес мемлекет ретінде мойындалады. Саяси салаға көп партиялық, адам құқтары, құқтық мемлекет т.с.с. ұғымдар кіріп, өзгеріске ұшырап жатыр. Біз тек қана БҰҰ-ға ғана кіріп қоймай, басқа да халықаралық ұйымдардың толыққанды мүшесіне айналып жатырмыз.
Бүгінгі таңда Қазақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі заманның жаһандық мәселелерін түсінуге және шешудегі философияның рөлі және мүмкіндіктері
Қазіргі жаһандық мәселелерді түсінудегі және шешудегі философияның рөлі жайында
А. Шопенгауердің әлемдік еркі туралы
Практикалық психологияның негізгі әдістері
ҚР психологияның даму тарихы
Философия және дүниетаным
Қазіргі психология және оның адамтану ғылымдары жүйесінде алатын орны
Дүниеге көзқарас түрлері
Әлем тарихы
Табиғат ұғымы. Қоғам табиғаттың бір бөлігі
Пәндер