Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында білім алушылардың функционалдық сауаттылығы мен рухани - адамгершілік қасиеттерін дамыту
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында білім алушылардың функционалдық сауаттылығы мен рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту
Мұғалімнің айналысатыны - үнемі қозғалып, өзгеріп, өсетін, өркендейтін тірі адам (тұлға) болғандықтан, біркелкі әдіске табан тіреп шектеліп қалуға болмайды..., - дейді Жүсіпбек Аймауытов. XXI ғасыр - ғарыш пен білімнің жарысқан заманы. Заман талабына сай зерделі, дарынды, шығармашыл, қоғамға лайық жан-жақты тұлғаларды дайындау - ғасыр үлесіндегі игі істердің бірі де, бірегейі.
Бүгінгі таңда мемлекетіміздің алдында тұрған негізгі мақсаттарының бірі - дүниежүзілік білім әлеміне ену болып отыр. Бұл салада білім беру ісінің мазмұнын жаңа бағытқа бұрып, құрылымдық жүйесін жаңарту, өзгерістер енгізу, яғни, білім реформасын жүзеге асыру алғышарттары қолға алынғаны белгілі. Білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту - білім берудің басым мақсаттарының бірі ретінде айқындалып отыр. Яғни, жаңартылған білім беру мазмұнының маңызды міндеттердің бірі - функционалды сауатты оқушыны қалыптастыру.
Функционалдық сауаттылық -- адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Жалпы, функционалдық сауаттылық дегеніміз не? Функционалдық сауаттылық дегеніміз -- адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Ондағы басты мақсат - Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады. Мұнда оның белсенділік, шығармашылық тұрғыда ойлауы, шешім қабылдай алуы, өз кәсібін дұрыс таңдай алуы, өмір бойы білім алуға дайын болуы сияқты сапалары басшылыққа алынады. Олай болса, функционалдық сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім, білік, дағдыларының жиынтығынан құралады. Ал кең мағынасында ол тек білік пен білімділік әлеміне барудың жолы ғана емес, ол -- ұлттың, елдің немесе жеке адамдар тобының мәдени және әлеуметтік дамуының өлшемі. Осындай сапалық сипаты тұрғысынан қарағанда, функционалдық сауаттылық жеке адамды жан-жақты үйлесімді дамытудың тетігі ретінде қолданылады.
Оқу нәтижелерін сырттай бағалайтын Халықаралық PISA зерттеулерінің нәтижесі бойынша біздің еліміз функционалдық сауаттылықта төмен нәтижелер көрсеткен. Ресми дерек бойынша, мектеп жасындағы балалардың 40%-ы әдеби мәтінді түсінуге қиналатындығы дәлелденген. Бұлар мектептен білім алса да, қызмет жасауға келгенде қарапайым жазу үлгісін білмейтіндігін көрсеткен. Әртүрлі жағдайда кездескен бланкіні толтыра алмай, ондағы ақпараттың мәнісін түсіне алмаған. Бір қызығы, олар теледидарда не айтылып жатқанын, жалпы айтқанда, күнделікті өмірдің есебін білмейтін болып шыққан. Соның салдарынан жұмыссыздық, өндірістегі апат, жазатайым оқиғалар, жарақат алулар көбейіп кеткен. Жалпы, барлық зерттеушілердің болжамы бойынша адамдардың сауаттылық деңгейінің төмендеуі оларға дұрыс білім беріп, тиянақты оқытпаудан, оқырман болуға үйретпеуден болған көрінеді. Сақтанбау, ұқыпсыздық, байқаусыздық, апаттар: мұның бәрі ережені дұрыс оқымағандықтан, түсінбегендіктен, санаға сіңірмегендіктен орын алып отыр.
Қазіргі әлемдегі, еліміздегі өріс алып отырған түрлі бағыттағы дамулардың әсерінен қоғамның адамға қоятын талаптарының өзгеруі нәтижесінде функционалдық сауаттылық ұғымы кең тарала бастады. Сауаттылық ұғымы оны білім берудің әрекеттік аспектісімен бірлікте алғанда ғана кеңейе түседі.
Қазақстанда білім сапасын жетілдірудегі оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі атқарылатын іс-шаралардың жүйелілігі мен тұтастығын қамтамасыз етуде оның бірнеше механизмдері бөліп көрсетілді:
Оның бірінші механизмі - оқыту әдіснамасы мен мазмұнын түбегейлі жаңарту. Ол үшін мұғалім білім алушының бойына әлеуметтік ортаға бейімделуіне, алған білімін практикалық жағдайда тиімді пайдалана алатындай негізгі құзыреттіліктерді сіңіруі керек. Мынадай негізгі құзыреттіліктер белгіленген:
Басқарушылық, көшбасшылық: проблеманы шешу қабілеті; ойы, сөзі, ісі бірлікте көрініс беруі; бастамашылдық, адалдық қасиеттерін ұстану. Әр адам бір істі бастағанда ойын, сөзін, ісін бірлікте ұстаса, бастамашылдық, адалдық қасиеттерін көрсетсе, сол адамның ісі жақсы нәтиже береді, оған айналасындағы адамдар сенімділік көрсетеді.
Ақпараттық: өз бетінше ақпарат көздері арқылы үнемі білімін көтеріп отыруы, сол арқылы танымдық қабілетін ұштау; шынайы ақпарат пен жалған ақпаратты ажырата білуі, қажетсіз ақпараттарға шектеу қоя алуы. Баланың танымдық қабілеттері артқан сайын әлемді тұтас қабылдау түсініктері артады. Бұл өз кезегінде әлемдегі барлық нәрселердің бір-бірімен байланысты екендігіне көз жеткізуге мүмкіндік береді.
Коммуникативтік: қазақ, орыс, ағылшын (шет) тілінде ауызша, жазбаша және нәтижелі қарым-қатынас жасауға қабілеті; қарым-қатынастағы сыпайылық, құрмет, ізеттілік қасиеттерінің көрініс беруі. Қарым-қатынас сыпайылық, құрмет, ізеттілік қасиеттері арқылы іске асқанда кез келген мәселе дұрыс шешімін табады.
Әлеуметтік: қоғамда, өзі өмір сүрген ортада іс-әрекет жасай алу қабілеті; іс-әрекетте ар-ождан дауысын басшылыққа алу, ұқыптылық, қоғамға риясыз қызмет ету қабілеті. Әр бала қоғамда өз орны барын, оның да қоғамға әсер ете алатынын түсінуі керек. Сонда шетте қарап тұрмай жақсы істерге ортақтаса алуға, жаман істерді тоқтатуға мүмкіндігі барын біледі.
Тұлғалық: өзін жеке тұлға ретінде қалыптастыруға қажетті білім, білік, дағдыларды игеру, болашақта өзі таңдаған кәсібін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz