Жаңартылған білім мазмұнында оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру жолдары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Жаңартылған білім мазмұнында оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру жолдары

Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңының 5 -тарауындағы 41-баптың 1-бөліміндегі “педагог қызметкерлер өз біліктілігін артыруға міндетті” деп көрсетілуі, “Қазақстан-2050” стратегиялық бағдарламасында елбасының “біз балаларымызға өзіміздің жақын және алыс көршілерімізбен достық қарым-қатынасымызды мұра етіп қалдыруымыз керек” деген сөзі бүкіл ағартушы қауым алдында “Оқу тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту” өзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі. Отандық орта білім мазмұнын жаңарту барысында қазіргі өмірде кең ауқымды дағдыларға көп көңіл бөлінді. Бұл дағдылар жалпы адамзаттық және этномәдени құндылықтарға негізделе отырып, оқушыларға оқудағы, сондай-ақ өмірдегі проблемаларды шешуіне мүмкіндік берді. «Кең ауқымды дағдылар» келесі іс-әрекет түрлерінен тұрады:

  • білімді шығармашылықпен қолдану;
  • сыни тұрғыдан ойлау;
  • зерттеу жұмыстарын орындау;
  • АКТ қолдану;
  • тілдік дағдылармен бірге қарым-қатынастың коммуникативтік тәсілдерін қолдану;
  • топта және жеке жұмыс жасау біліктілігі.

Бұл жаңартылған білім бағдарламасы оқушы үшін де, мұғалім үшін де тиімді бағдарлама. Мысалы: Брунер оқытудағы маңызды тәжірибені дамыту бойынша бірнеше өте маңызды кеңестер ұсынды. Брунер теориясының ажырамас бөлігі «Жаңалық ашу» және «Егер оқушыға бөліктерді бір жерге жинауға және өзін ашушы болуға рұқсат етілсе, алынатын нәтижелер шынайы» деген ұғымдар болды. (1962)

Оқытудың мұндай типінің артықшылығына төрт аспектінің арқасында;

біріншіден, зияткерлік мүмкіндіктердің өсуі арқылы;

екіншіден, сыртқы марапаттаудан ішкі марапаттауға өту арқылы;

үшіншіден, жаңалық ашу арқылы

төртіншіден жадыны дамыту үшін осындай оқытудың тиімділігі арқылы қол жеткізіледі.

Осы кезде оқушы оқу үдерісіне белсенді қатысқанда ғана материалды терең меңгереді Басқаша айтсақ, оқушыға бағдарланған оқыту ортасында мұғалім оқушылардың сыныпқа келген кездегі бастапқы сенімдерін, білімін және өзіндік ойын негізге ала отырып, өз пайымдарын жасауға қабілетті екенін түсінеді. Егер оқу үдерісі оқушы мен оқу материалын жалғастыратын «көпір салуға» негізделсе, онда осы үдерісті үйлестіретін мұғалімдер көпірдің екі жағын да қадағалай білуі тиіс. Мұғалімдер оқушылардың не білетінін және нені жасай алатынын, сондай-ақ олардың қызығушылықтарын, әр оқушының нені жақсы көретінін және не істегісі келетінін түсінуге тырысады.

Жаңартылған білім мазмұны жағдайындағы мектептің ерекшелігі - оқудағы жетістіктер нәтижелі сипатқа ие, ал оқу процесі оқушылардың әрбір сабақта білімді «табудағы» белсенді қызметімен сипатталады. Бұл жағдайларда оқушы - таным субъектісі, ал мұғалім оқушылардың танымдық әрекетінің ұйымдастырушысы қызметін атқарады.

Сабақта оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақты мынандай жолдармен өткізуге болады:

  • Сабақта кең көлемде көрнекі құралдар пайдалану
  • Сабақты түрлендіріп өткізу
  • Сабақта оқушылардың өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану
  • Техникалық құралдарды тиімді пайдалану
  • Сабаққа қатысты бейнетаспалар немесе фильмдер көрсету

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың өзектілігі төменде көрсетілгендей:
1. Өз бетімен оқуға, жұмыстануға дағдыланады.
2. Шығармашылық ізденіске жетелейді.
3. Өз ісіне деген сенім пайда болады.
4. Әр нәрсеге сын көзбен қарауға үйренеді.
5. Салыстыруға, қорытынды жасауға үйренеді.
6. Шығармашылдық белсенділік артады.

Шығармашылық қабілетті тәрбиелеудің алғы шарттары:

  • Шығармашылық қабілетінің деңгейін анықтау. (топтау, бақылау, қалыптастыру)
  • Қызығушылық және шығармашылық пен таным белсенділігін арттыру.
  • Оқушы мүмкіншілігіне (потенциалына) сай шығармашылық тапсырмаларды әдістемелік тұрғыда жүйелі түрде орындату.
  • Шығармашылық қабілетін тәрбиелеу барысында кездесетін қиындықтар мен қарама- қайшылықтарды есепке алып, зерттеу.
  • Оқушының шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеуді кезең бойынша сатылап дамыту.
  • Шығармашылық қабілеттерді тәрбиелеу үрдісін тәжірибе негізінде жинақтап, зерттеліп отырған мәселенің өсу динамикасын бақылау.

Осы мәселелер өз шешімін тапса, жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу ісі өз мақсатына жетеді. Жоғарыда аталған мәселенің екінші тармағына тоқталатын болсақ, қызығушылық, ақыл-ойды жетілдіру жеке адам тәрбиесінде байланыстырушы буын болып табылады. Мұғалім өз ісіне ізденімпаздықпен қарап, сабақты шығармашылықпен өткізу.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бейнелеу өнері пәнін оқыту эстетикалық сезімдерді, бейнелеу өнеріне қызығушылығын тәрбиелеу
Бастауыштың педагогикалық үдерісін пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастырудың әдістемелік ерекшеліктері
Пробелемалық оқыту технологиясының қызметі
Білім алушыларды визуалды өнерге үйрету әдістемесі
Тиімді бағалау жүйесінің жоқтығы
Пән бойынша оқу бағдарламасының мақсаты
Жаңартылған білім мазмұнының ерекшеліктері
Жаңартылған оқу бағдарламасының тиімділігі
Көркем еңбек сабағында оқушылардың жобалау іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы шығармашылығын дамыту
Көркем еңбек сабағында жобалау әдісін қолдану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz