Мектептегі патриоттық тәрбиелеудің әдістері мен әдістемелік тәсілдері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы

Мырзабай Ахун ауылы №122 орта мектептің

Көркем еңбек пәнінің мұғалімі

Маханбет Нұрым

Оқушыларды патриоттық тәрбиелеудің әдістері

Әдістерді анықтау үшін негіз ретінде ғалым-педагогтар тәрбиелік өзара әрекеттесу тәсілдерін таңдауда сынып жетекшісінің ұстанымына бағдарланады. Мұғалім мен оқушының арасында анықталатын бірқатар өзара әрекеттесуді атап көрсетуге болады: оқушының өз-өзіне, өзінің отбасына қатынастарының сипатына ықпал ету тәсілдері; оны құрдастарымен, жұмыстағы қызметкерлерімен қатынасу жүйесіне қосу; көзқарасты түзету тәсілдері, құнды мақсаттарды және тәртіп стилін өзгерту. Яғни тәрбиелеу әдістерінің бір мағыналы анықтамасы болмайды.

Сонымен бірге, оқушының қоғамға немесе өз-өзіне, қызметі тақырыбына немесе тәсіліне, басқа адамға немесе адамдардың тұтас тобына қатынастарын өзгертуге олардың ортақ бағытталғандығы айқындалған. Бұдан тәрбиелеу әдісі адамға ықпал етудің ғана емес, сонымен бірге өзара әрекеттесу құралдарының бірі болып табылатыны шығады.

Тәрбиелеу әдісі оны құраушы элементтерге (бөліктерге, тетіктерге) ыдырайды, олар әдістемелік тәсілдер деп аталады. Әдіске қатысты тәсілдер жеке, бағынышты сипатта болады. Олардың өзіндік педагогикалық міндеттері болмайды, берілген әдіс көздейтін міндетке бағынады. Әр түрлі әдістерде сол және бір әдістемелік тәсілдер пайдаланылуы мүмкін. Және керісінше, әр мұғалімде сол және бір әдіс әр түрлі тәсілдерден құралуы мүмкін.

Тәрбиелеу әдістері және әдістемелік тәсілдер өз арасында тығыз байланысқан, олар өзара ауысуы, нақты педагогикалық жағдайларда бір-бірін ауыстыруы мүмкін. Бір жағдайларда әдіс - педагогикалық міндетті шешудің өзіндік жолы ретінде, басқа жағдайда жеке тағайындалған тәсіл ретінде болады. Мысалы, әңгімелесу сананы, көзқарастар мен нанымдарды қалыптастырудың негізгі әдістерінің бірі болып табылады. Сонымен бірге ол патриоттық тәрбиелеу моделін іске асырудың әр түрлі кезеңдерінде пайдаланылатын, негізгі әдістемелік тәсілдердің бірі болуы мүмкін.

Сөйтіп, әдіске бірқатар тәсілдер кіреді, бірақ оның өзі олардың қарапайым қосындысы болып табылмайды. Сонымен бірге тәсілдер мұғалім жұмысы әдістерінің алуан түрлілігін анықтайды, оның педагогикалық қызметі-нің мәнеріне даралылық береді. Жоғарыдан тәрбиелеу әдістері - бұл мұғалім мен студенттердің жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру міндеттерін шешу бойынша бірлескен мақсатқа бағытталған қызметінің тәсілдері екендігі шығады.

Осы уақытқа қарай тәрбиелеу әдістерінің мәні мен жұмыс істеу заңдылықтарын ашатын ауқымды ғылыми қор жинақталған. Оларды жіктеу ортақты және ерекшені, елеуліні және кездейсоқты, теориялықты және практикалықты айқындауға көмектеседі, және сонымен бірге олардың мақсатқа сәйкес және аса тиімді пайдаланылуына мүмкіндік туғызады, жеке әдістерге тән белгілердің тағайындалуын түсінуге көмектеседі.

Жоғарыда айтылғаннан тәрбиелеудің жалпы әдістерінің жүйесін ұсынамыз:

•жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістерін;

• жеке тұлғаның қызметін ұйымдастыру және қоғамдық тәртібінің тәжірибесін қалыптастыру әдістері;

• жеке тұлғаның қызметі мен тәртібін ынталандыру және мотивациялау әдістері;

• тәрбиелеудегі бақылау, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалау әдістері.

Мектеп жағдайларындағы олардың айрықша ерекшеліктерін нақтылап, тәрбиелеу әдістерінің мысалдарын келтіреміз. Берілген жұмыста біз В. А. Сластенин ұсынған тәрбиелеудің жалпы әдістерінің жүйесін ұстанатын боламыз.

Тәрбиелеу процесінің нақты жағдайларында әдістер күрделі және қарама-қайшы бірлікте болады. Мұнда жеке «жалғызданған» құралдар логикасының емес, ал олардың үйлесімді ұйымдастырылған жүйесінің шешуші маңызы болады. Әрине, тәрбиелеу процесінің қандай да бір кезеңінде сол немесе басқа әдіс азды-көпті оқшауланған түрде қолданылуы мүмкін. Бірақ басқа әдістермен сәйкесінше бекітпей, олармен өзара әрекеттестірмей ол өзінің тағайындалуын жоғалтады, тәрбиелеу процесінің көзделген мақсатқа қозғалуын баяулатады.

Жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері.

Әңгімелесу - бұл сипаттамалық немесе әңгімелеу түрінде жүзеге асырылатын, басым көпшілігінде нақтылы материалдың жүйелі баяндалуы. Жеке тұлғаның патриоттық қасиеттерін тәрбиелеу кезінде берілген әдіс сынып сағаттарында Қазақстанның көрнекті адамдарының өмірбаяндық материалын баяндағанда, бейнелерді сипаттағанда, тарихи дәстүрлерді, ұлттық мәдениетті, қоғамдық өмір оқиғаларын және т. б. сипаттағанда кеңінен қолданылады. Әңгімелесуге тәрбиелеу қызметінің әдісі ретінде бірқатар талаптар қойылады: баяндау қисындылығы, жүйелілігі және дәлелділігі; нақтылық, бейнелілік, эмоциялылық.

Егер қандай да бір ережелердің (заңдардың, принциптердің, ережелердің, тәртіп нормаларының және т. с. с. ) дұрыстығын дәлелдеу қажет болған жағдайларда әңгімелесудің көмегімен айқын және нақты түсіндіруді қамтамасыз ету мүмкін болмаса, түсіндіру әдісі қолданылады. Түсіндіруге берілген пікірдің ақиқаттылығын анықтайтын, қисынды байланысқан ой тұжырымдарын пайдалануға негізделген, баяндаудың дәлелдемелік нысаны тән. Көптеген жағдайларда түсіндіру студенттердің бақылауымен, тәрбиелеу процесін ұйымдастырушының оларға және керісінше сұрақтарымен үйлеседі және әңгімеге ұласуы мүмкін.

Сұхбат - бұл тәрбиелеу процесін ұйымдастырушының және оқушының белсенді өзара әрекеттесуінің сұрақ-жауап әдісі. Сұхбатта негізгісі - бұл оқушыларды субъектімен көзделген тәрбиелеу процесінің мақсатына біртіндеп әкелетін сұрақтардың мұқият ойластырылған жүйесі. Сұхбатқа дайындалып, ол тәртіп бойынша, негізгі, қосымша, жетекші, нақтылаушы сұрақтарды көздеуі тиіс.

Дәріс, әдіс ретінде, сынып сағаттарын өткізгенде көбінесе әңгімеге жақын болуы, сонымен бірге үлкен ақпараттық-танымдық сыйымдылығымен, қисын-ды құрылымдардың, бейнелердің, дәлелдемелер мен жалпылама қорытынды-лардың күрделілігімен ерекшеленуі тиіс.

Патриоттық тақырыптама бойынша дәрістердің өзгешелігі тақырыптың сипатынан, құрылым нысанынан, ғылыми және идеологиялық ақпараттың көлемінен, оқушылардың бойында Отанды қорғауға әзірлікті қалыптастыру бойынша функционалдық мүмкіндіктерден айқындалады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларын музыка арқылы патриоттық тәрбиелеудің теориялық-әдістемелік негіздері
Оқушыларды патриоттық және интернационалдық рухта тәрбиелеудің теориялық негіздері мен әдістері
Қарағанды мемлекеттік техникалық университетіндегі студенттерді патриоттық тәрбиелеудің теориялық-әдістемелік моделі
Көркем шығармалар арқылы бастауыш сынып оқушыларын патриоттық тәрбиелеудің теориялық-әдістемелік негіздері
Жаһандану заманындағы мектеп оқушыларын патриоттық тәрбиелеудің теориялық-әдістемелік негіздері
Бастауыш сынып оқушыларын патриоттық және интернационалдық рухта тәрбиелеудің теориялық-әдістемелік мәселелері
Мектептегі ұлттық және қазақстандық патриотизмді тәрбиелеудің теориясы мен әдістері
Мектептегі патриоттық тәрбиедегі музыканың рөлі: теориялық негіздері мен практикалық әдістері
Мектептегі қиын оқушыларды қайта тәрбиелеудің педагогикалық әдістері мен талаптары
Мектептегі бастапқы әскери дайындық пен әскери-патриоттық тәрбиенің теориялық және әдістемелік негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz