Жобалаудың жалпы негіздері


І бөлім. Жобалаудың жалпы негіздері
1. 1. Жоба әдісі туралы түсінік, жобалап оқытудың мақсат, міндеттері, тарихы
Жобалау технологиясы XIX ғасырдың 2-ші жартысында АҚШ ауыл шаруашылығы мектептерінде пайда болған. Оның негізін қалаған - Джон Дьюи атты психолог және педагог, философ Дьюидің ілімін жалғастырушы, Колумбия университетінің жанындағы мұғалімдер колледжінің профессоры Уильям Херд Килпатриктің ойынша, балаларды өз жұмысының жемісін көруге ынталандыру арқылы үлкен өмірге дайындау - бұл технологияның негізі. Жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсат - оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушыны болашақта әр түрлі жағдаяттарда, әр түрлі қоғамдық ортада өзін-өзі көрсете білуге бейімдеу.
Міндеттері:
- егер оқушы жоба тақырыбын дұрыс таңдай отырып, жоспарлай білсе, оны дұрыс орындай алса, ол болашаққа дұрыс бейімделген тұлға болып қалыптасады;
- әр түрлі жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдай отырып, әр түрлі адамдармен тіл табыса отырып, әр ортада дұрыс бағыт - бағдар бере алады.
Сонымен, жобаның тиімділігі - көзбен көріп, құлақпен естіп, есте сақтай отырып, оқушыны ізденіске, іскерлік пен танымдық ынтаға, шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мәселелерді шеше білуге, тапқырлыққа, жаңа ғылыми ізденіске жетелеуде.
Жобалау технологиясының негізінде - оқушылардың жұппен немесе топпен бірігіп дайындайтын шығармашылық жұмыстар жатыр. Оқушылардың жоба жұмыстарын ұйымдастыру үшін жоғарыда айтылғандай, оны жоспарлай білу қажет.
Жоба жұмысы жоғарғы оқу орнының студентін кәсіби дайындау жүйесіндегі ең қажетті элементтерінің бірі десек те болады. Бұл дайындық студенттің өзіндік зерттеу қабілетінің қалыптасуын, (оның ішінде мәселені қарастыруы, мағлұматтың жиынтығы мен өңдеуі, тәжірибе жүргізу, талдаудан алынған нәтижелерді) шығармашылык қабілет пен логикалық ойлау қабілетін дамытады. Жоба жұмысы оқу барысындағы алынған білімді интегралдауға және өмірлік нақты мәселелерғе жақын жағдайларда қолдануға мүмкіндік береді.
Жоба әдісі әрдайым мәселенің шешімін болжайды. Мәселенің шешімі бір жағынан жинақтар, түрлі әдістер мен оқу құралдардың қолданылуын қарастырса, екінші жағынан білімнің интегралдау қажеттілігін болжап, оны түрлі пәндерде қолдануды, кәсіби бағытталған міндеттерді шешудегі шығармашылык қабілеттер мен технологиялардың пайдаланылуын қарастырады. Жоба әдісі педагогикалық технология ретінде зерттеу, іздену, мәселелік әдістер мен шығармашылық жиынтықты өзінің мәні бойынша болжайды. “Менің барлық біліп, үйреніп жатқаным маған қай жерде, не үшін қажет, осы білімді қалай пайдалануыма болады?” - жоба әдісін заманауи түсіндірудің ең негізгі тезисі болып табылады.
Жоба (латын тілінен аударғанда алға қойылған деген мағынаны білдіреді) :
1) Қандай да бір құрылым мен бұйым жасауға арналған құжаттар жиынтығы, есебі, сызу және т. б. ;
2) Қандай да бір құжаттың алдын ала берілетін мәтіні;
3) Ой, жоспар.
Жоба әдісінің негізі - жоба түсінігінің мәнін беретін, оның теориялық және практикалық
мәселелерді шешу кезіндегі нәтижеге деген прагматикалық бағыттылығы болып табылады. Мұндай нәтижеге қол жеткізу үшін өзіндік ойлау, мәселені тауып оны шеше білу қабілетіне, осы мақсаттағы түрлі саладағы білімді пайдалану, нәтижелер мен түрлі шешімдердің соңын болжай білу қабілетіне ие болуы қажет.
Жеке қорытындылық жоба - студенттің тәжірибелі бағытталған міндетінің шешімі бойынша өзіндік мәселелік ізденісінің өнімін көрсетеді. Бұл жоба біліктілік жұмысының шеңберінде жобаны көрсету мен кәсіби ортада, нәтижелі әрі мақсатты түрде жүзеге асыру
қабілеттерін көрсету мақсатында орындалады: педагогикалық, ғылыми-зерттеу, мәдени-ағарту, аналитикалық, әлеуметтік-құқықтық.
Бұл мақсат жобаның төмендегідей міндеттерін көздейді:
• жоспарлауды үйрену (студент мақсатын қолдана алуы, мақсатқа жету үшін басты қадамдарын белгілеуі, жұмыс барысындағы барлық мақсаттарға қол жеткізуді ойластыра алуы керек) ;
• материалдар, мағлұматтар өңдеуі мен дағдылар жиынтығын қалыптастыру (студент дұрыс мағлұматты таңдап, оны қолдана білуі керек) ;
• мақсатына сай әртүрлі талдау жасау (креативтік және сыни түрде) ;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz