Тоқыма әліппесі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Тоқыма әліппесі
Тоқу өнері - қазақ халқының ежелден келе жатқан ең алғаш киімі мен үй жабдығының негізі болған қадірменді өнер.
Тоқу барысында адамның түрлі түсті сән таңдау, бояулар әлемнің үйлесімділігімен түрлі тоқу әдістері, талғамы,, шеберлігі, ой-өрісі жетілдіріліп, іскерлігі қалыптасады.
Тоқыма тоқуға таза жүннен, матадан, вескоздан, синтетикадае аралас иірілген жіптер пайдаланылады. Жіңішке, биязы жіптерден көбінесе балалар киімдерін - өрнекті жеңіл жейделер, орамалдар, т.б. жеңіл бұйымдар тоқиды.
Тоқуға жақсылап тегістелген жеңіл сым темірлер қажет. Олардың ұшы үшкір де, доғал да болмауы тиіс. Сондай-ақ пластмассадан, ағаштан, бамбуктен, сүйектен жасалған сымдар да қолданылады. Сымның ең тәуірі никельді болат сым. Әр сымның нөмірі диаметрінің миллиметріне сәйкес келеді. Мысалы, № 3 нөмірлі сымның диаметрі 3 мм, № 5 нөмірлінікі - 5 мм болады. Тоқымашыда 1-ден 10-ға дейін нөмірлі сымдардың бәрі болғаны жөн. Себебі, тоқылатын заттың өрнегіне, жіптің сипатына қарай әр түрлі нөмерлі сымдар қолданылады.
Жұмыс үшін ең қолайлысы 1,5-2,5 мм, ұзындығы 30-40 см сымдар. Сымдар тоқылатын жіптен екі есе жуан болуы керек.
Тоқыманың оң және теріс жағы болады. Өрнекті түсіндірілдеме тақ қатарлар тоқыманың оң жағы, жұп қатарлар теріс жағы болып есептеледі. Бастапқы қатарға қажет шалулар санын есептеп шығу үшін, оны 10 см тоқып көру керек. Ол үшін тоқылатын өрнекпен 30-40 шалудан 8-10 см тоқу үшін қажет шалу санын есептеп шығарып алады. Бірінші қатарды бастау үшін тоқылатын заттың енінен үш есе артық жіп өлшеп алады.

Тоқымашы әуелі шалу түрлерін жете, терең меңгеру қажет. Негізгі шалу түрлері мыналар:
Жиекті шалу (сымға тізіп ілінген жіптер);
Оңға шалу;
Теріс шалу;
Қосымша шалу;
Тоқылмай алынатын шалу;
Ұзартылған шалу.
Шұлықша тоқу әдісі: 5 бізбен айналдыра тоқиды. Әдетте өрнек салынған манжетадан немесе резинкадан бастап, шұлықша әдіспен тоқылады(1-суретте көрсетілгендей).
Тоқудың тығыздығына қарай бәр пар әйелдер шұлығына - 100-120 гр., ерлер шұлығына - 120-150 гр.,балалар шұлығына - 70-80 гр.жіп қажет, егер өрнек көп салынатын болса жіп көбірек жұмсалады.
Есебін шығару: Тобықтың тұсынан аяқты айналдыра өлшеп алу керек. Бұл әдісте бірінші қатар оңға, шалу әдісімен тоқылады да екінші қатар теріс, яғни оң жағында теріс шалу әдісімен тоқылады. Тақ қатарлар тоқыма бұйымының оң жағына (1,3,5,7,9,11) сәйкес келеді де, жұп қатарлар бұйымының теріс жағына (2,4,6,8,10) сәйкес келеді.
Резинка әдісі: бұл әдісте тоқыма сымнан тақ шалулар алынады. Бірінші қатар бір оң, бір теріс әдісімен қайталана береді, келесі қатарлар оң шалу оңға, теріс шалу теріс шалу әдісімен тоқылады. Резина әдісімен тоқыма бұйымның жең ұшы, жағасы, етегі, белдеменің белі, шұлықтың қонышы т.б. тоқылады. Тоқу барысында тоқу ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл әдісте негізгі өрнектерге қарағанда жіңішке сымдар қолданылады.
Өкше шығару әдісі: ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтық экономиканы реттеу әдістері
Нарықтық қатынастар жайлы
Нарық: мәні, құрылымы, кеңесітік заманнан кейінгі экономикадағы қалыптасу механизмі
Қазақстанның патшалы Ресейге бодан болуы
И. Г Песталоццидің, Ф. А. В Дистервегтің педагогикалық теориясы мен тәжрибесі
Рыноктық экономиканы реттеу әдістері
Нарықтық экономиканы қалыптастырудың Қазақстандық моделі
Шағын кәсіпкерліктің нарықтық экономикадағы маңызы
Шыңжаң - Ұйғыр автономиялы районы
Қазақстандағы нарықтың даму тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz