Жүру және жүгіру техникалары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жүру және жүгіру техникалары
Жүгіру - мынадай категорияларға бөлінеді: тегіс жермен, кедергіден жүгіру,тосқауылдан өтіп жүгіру, эстафеталық, кросстық жүгіру. Тегіс жермен жүгіру -жылдамдықты талап ететін қысқа қашықтықтағы жүгіру(спринт), 100-400м аралықты жүгіру жылдамдықты және шыдамдылықты қажет.етеді. Спринт немесе қысқа қашықтыққа жүгіру. Стадиондар мен манеждерде өткізіледі.30, 60, 100(К), 200 (К)м, әйелдер мен ерлерге бірдей қашықтық. Ұзақ қашықтықтағы спринт стадиондар мен манеждерде өткізіледі.300, 400, (К), 600м, әйелдер мен ерлерге бірдей қашықтық. Шыдамдылылыққа жүгіру: - орта қашықтық: 800(К), 1000, 1500 (К) м, 1миль. Стадиондар мен манеждерде өткізіледі, әйелдер мен ерлерге бірдей қашықтық. - алыс қашықтық: 3000, 5000 (К), 10 000 (К)м, тек стадиондар мен манежде (3000) өткізіледі,әйелдер мен ерлерге бірдей қашықтық. - өте алыс қашықтық:15; 21,0975; 42,195(К); 100 км жолдарда өткізіледі, әйелдер мен ерлерге бірдей қашықтық. - ультра алыс қашықтық: тәуліктік жүгірустадионда немесе жолда өткізіледі. Ерлерге де, әйелдерге де бірдей қашықтық. Сонымен қатар 1000миль(1609,3м) мильге және ең ұзақ қашықтық 1300 мильге жарыс ұйымдастырылуы мүмкін. Кедергімен жугіру құрылымы бойынша шыдамдылық пен жылдамдықты, алғырлық пеникемділікті қажет етеді.Стадионда немесе манежде өткізіледі. Әйелдерге қашықтық: 60, 100 (К) м, 400 (К) м. Ерлерге: 110(К), 300 м 400 (К) м соңғы екі қашықтық тек стадионда ғана өткізіледі. Тосқауылдан өтіп жүгіру - арнайы шыдамдылықты, ептілікті және жылдамдықты қажет етеді. Стадионда немесе манежде өткізіледі. Әйелдерге қашықтық: 2000м; Ерлерге: 2000, 3000 (К) м. Жуырда осы жүгіру түрі әйелдер арасында болатын олимпиадалық жарысқа қосылуы мүмкін. Эстафеталық жүгіру - құрылымы бойынша бір бағытты жүгіруге сай келеді. Топтық жарыс, икемділік, шыдамдылық пен жылдамдықты қажет етеді. Классикалық түрі 4х100 м және 4х400м, ерлер мен әйелдерге бірдей, стадионда өткізіледі.Манежде 4х200 м және 4х400 м, бұл да ерлер мен әйелдерге бірдей. Сонымен қатар стадионда әр түрлі қашықтықта мысалы, 800,1000, 1500 м және адам санына шек қойылмай өткізіле береді. Қала көшелері бойымен де әр түрлі адам санымен жәнеәр түрлі қашықтықта эстафеталық жүгірулер болады, Аралас эстафеталарда болады (әйелдер мен ерлер). Бұрын ең атақты эсатфеталардың бірі шведтерде болатын: 800+400+200+100 м ерлерде; 400+300+200+100 м әйелдерде. Кросстық жүгіріс - (ағыл cross) ойлы- қырлы жерлермен, табиғи кедергілерден өте жүгіру. Орманды жерлер мен саябақтарда өткізіледі. Арнайы шыдамдылық пен ептілікті қажет етеді. Әйелдер 1, 2, 3, 4, 5, 6 км; ерлер 1, 2, 3, 5, 8, 12 км
Жҥгіру техникасының негіздері Жеңіл атлетикалық жүгірудің түрлері, алдыңғы тақырыптарда айтылып кеткендей, бірнеше түрге бӛлінеді: - қысқа қашықтыққа жүгіру; - орта және алыс қашықтыққа жүгіру; - ӛте ұзақ қашықтыққа және марафон жүгіру; - эстафеталық жүгіру; - кедергілермен жүгіру; - бӛгетпен жүгіру (стипл-чез). Жеңіл атлетика - ежелден келе жатқан спорттың бір түрі. Жеңіл атлетика түрлерін адам пайда болғаннан бері бар деседе болады. Адам ӛмірі тез жүгіре білу, әр түрлі кедергіден секіре, дәл және тура лақтыра алу, дәл тигізе алуға байланысты болды.
Ежелгі грек аңыздарына тоқталатын болсақ, бірінші сайысты Геракл Авигем патшаны жеңген кезде ұйымдастырды. Тәртіп бойынша, Геракл сӛре басталатын жерді белгілеп, 600 қадам ӛлшеді, ол жер мәре деп аталды.. Бұл қашықтық стадионның ұзындығы болды, стадиа деп аталды (192,27м). Ежелгі ең алғашқы олимпиадалық ойындар, әлі күнге дейін сақталған, сол заманғы жазбалар бойынша, біздің заманымызға дейінгі 776 жылдарға сай келеді. Басқа деректерге сүйенетін болсақ, Олимпиада ойындары біздің заманымызға дейінгі 1580 жылдары ӛткізілген. Осы мәлімет ең атақты атлет Поплиоса Асклепидесаның жазбаларында кӛрсетілген. Соңғы жүгіру сайысы бойынша екі стадиаға жүгіру ережеде болған, ал, біздің заманымызға дейінгі 720 жылдары алыс қашықтыққа жүгіру ережесі қосылған (24 стадиа - 4614,5м). Эстафеталық жүгірісте ежелгі сайыстардың біріне жатады. Египеттіктер ӛздеріне қуғыншы болып қызмет атқаратын желаяқтарды жалдаған. Ал гректерде лампадериомас немесе отпен эстафеталық жүгіру әйгілі болған. Топ құрамында 40 қатысушы болған. Қазіргі заманғы жеңіл атлетиканың дамуы Жерорта теңізінен емес, Британ аралдарынан бастау алып отыр. ХІІ ғасырда Лондондықтардың жеңіл атлетикалық жарыс ұйымдастырғаны бар. Ондай жарыстар, әдетте, ипподромдарда немесе қалааралық үлкен жолдарда ӛткен. 1770 жылы сағаттық жүгірудің алғашқы нәтижесі белгілі болды - І7км 300м. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Англияда жеңіл атлетикадан әуесқойлар арасында жиі-жиі жарыс ӛткізіліп тұрды. Жеңіл атлетикадан Лондондағы жарыс қашықтығы ярд ӛлшем бірлігімен ӛлшенді (1ярд - 91,4см), ал, алыс қашықтықтың ӛлшем бірлігі ретінде миль алынды (1миль - 1609,34м). Бірақ, басқа елден келген қатысушылар қашықтықтың ӛлшем бірлігі барлығына метр жүйесіболуын талап етті. Осы талапты алғашқы Афинадағы Олимпиада ойындарында 1896 жылы орындата алды. Айта кетерлігі жеңіл атлетиканың жан-жақты дамып, биік шыңдарға жете бастаған
кезі осы ойындардан кейін болды. Жыл сайын кӛптеген елдер осы спорт түріне ӛздерін қосып, алғашқы болуға ат салысуда. Американдықтар, финдықтар, француздар, напондықтар, поляктар, немістер мен италяндықтар және жеке спортшылар мен басқа елдердің спортшылары жеңіл атлетиканың дамуына зор үлесін қосуда. 1928 жылы Олимпиада марапаттары үшін сайысқа әйелдерде қосылады. Әйелдер жеңіл атлетикасы қарқынды дами бастайды. Әйелдер жеңіл атлетика сайыстарына бұрын қатысса да, бірақ осы уақыт аралығында жақсы дами бастайды. Жеңіл атлетиканың Ресейде дами бастаған кезеңін айтатын болсақ, Әуесқой спорт үйірмесі 1888 жылы Петербургтың қарамағындағы Тярлево деген жерде болған. Ұйымдастырушылар алдымен жүгіруді жарнамаласа, одан кейін жеңіл атлетиканың басқа түрлерін үйрететін бӛлімдерін де ашты. Бір жылдан кейін-ақ заңды түрде жүгіруден жарыс ұйымдастырылды. Бірақ бұл оқиғаға дейін Ресейде жүгіруден жарыс ұйымдастырылған болатын. Англия мен Америка үлгісі бойынша Мәскеудің, Петербордың, Тӛменгі Жаңақаланың саябақтарында, қоғамдық бақтарда кәсіби желаяқтар және сол жерге күш сынасуға келген әуесқой спортшылар сайысқа түскен. Әсіресе, ол жерде қарапайым орыстардың дайындығы жоқ екенін білетін шетелдіктер болған. 1908 жылы Ресейде жеңіл атлетикадан елдің желаяғын анықтауға, ал 1913 жылы бүкілресейлік Олимпиада жарысы ұйымдастырылады. Ең алғаш орыс спортшылары Стокгольмде ӛткізілген V Олимпида ойындарында ӛнер кӛрсетеді, бірақ ол жарыс сәтсіз болды. 1910 жылы Ресейде алғаш бірнеше Петербор оқу орындарының студенттерінің қатысуымен жеңіл атлетикадан жарыс ӛтеді. Осы жылы Ресейде әйелдерге арналған алғашқы жарыс ӛтті. 1917 жылы революциядан кейін, 1918 жылы жарыс Мәскеуде ӛтті. Әрі қарай ресейде жеңіл атлетика дами түсті, оның себептері: әскерлер мен болашақ ұрпақты тәрбиелеудегі негізгі спорт түрі болғандықтан және Қызыл әскер қатарына бару үшін осы спорт түрін жақсы меңгеру қажет болды
Кӛптеген ұлы спортшылар сол уақытта пайда болды. Кеңес спортшылары әлем біріншіліктерінде ӛнер кӛрсетпесе де, олардың нәтиежелерінң кӛбісі еуропа және әлем рекордтарынан асып түсті. Ең алғаш Кеңес спортшылары заңды түрде 1952 жылы Олимпиада ойындары мен Еуропа біріншіліктеріне қатыса бастады. Сол жылдан бастап Кеңес спортшылары сәтті ӛнер кӛрсете бастады. Осымен жеңіл атлетика жайлы шағын тарихымызды аяқтаймыз, әрі қарай жеңіл атлетиканың түрлерінің тарихына тоқталатын боламыз. Жүгірудің түрлерін үйретуді орта және алыс қашықтыққа жүгіру техникасынан бастаған жӛн. Осы түрлерде жылдамдық аса жоғары болмағанымен, жүгіру техникасы мұқият сақталады. Жүгіру техникасы әр түрлі факторларға байланысты, олардың ішінде ең маңыздылары: спортшының ерекше бейімі; спортшының физикалық дайындығының деңгейі; жүгіру қашықтығы; жүгіру орындалатын кеңістік; жергілікті жердің конфигурациясы; ауа райына байланысты. Спортшының ерекше белгілері мен бейіміне 1) аяқтың ұзын болуы; 2) мықындағы, тізедегі сіңірлердің қозғалу жылдамдығы; 3) бұлшық еттегі ақ және қызыл еттердің сапасы, бұл дене сапасына жылдамдық және күш жатады. Дене сапасының дайындығының дәрежесі жоғарылаған сайын, жүгіру техникасы да жақсара түседі. Уақыт формасын үнемдей біледі. Жүгіру жылдамдығы бірінші кезекте жүгіру қашықтығына байланысты. Жарыс ӛтіп жатқан жол жүгіру техникасына әсер етеді. Әр түрлі сапада жабдықталған жарыс орны жүгіру техникасына ӛзгерістер енгізеді. Жергілікті жерде, тауда және тау астында
жүгіруде, әр түрлі бұрылыстарда жүгіру техникасының ӛз талаптары бар. Тіпті стадиондағы тегіс жолда жүгіру техникасына үлкен ӛзгеріс әкеледі. Спорт алаңдарында жүгіру техникасына бұрылыстарға және тӛселген жабдыққа аса назар аудару қажет, себебі стадиондар мен спорт кешенінде тӛселетін жабдықтарда үлкен айырмашылық бар. Ауа райы құбылыстары да жүгіру техникасына ашық жерлер де әсер етеді. Желдің бағыты жүгіру техникасына бір жағынан пайдалы болса, екінші жағынан теріс әсер етеді. Жауын-шашындар, ауа температурасы, бұршақ барлығы жүгіру техникасын бір мезетте ӛзгертіп жібереді. Жүгіру техникасына әсер ететін аталмыш факторларға әр бір бӛлімде тоқталатын боламыз. Сонымен қатар олар спринтерге, орта қашықтықты желаяққа, стайерге, марафоншыға, кедергілерден жүгірушілерге қалай әсер ететінін айтамыз. Орта және алыс қашықтыққа жҥгіру техникасы Орта қашықтыққа жүгіруге 800 м және 1500 м, алыс қашықтыққа жүгіруге 3000м мен 10000м дейінгі қашықтықтар жатады. Олар стадионда немесе кросстық қашықтықтарда ӛтеді. Жүгірудішартты түрде бірнеше бӛлімге бӛледі: сӛре; сӛрелік екпін; қашықтық бойымен жүгіру; мәреге жету. Жүгіру техникасының негізі ғасырлар бойы ӛзгермеген, бір қалыпты. Зерттеу бойынша, кӛшбасшы спортшылар арасында айырмашылық сәл ғана ӛзгерген. Әсіресе, жүгіру техникасына енгізген әр түрлі факторлар ғана әсер еткен. Бұлшық еттердің арнайы жұмысы жүгіру жылдамдығын арттыруда, биомеханикалық сипат анықталған. Ӛткен жүз жылдықта Ресейдің керемет, спортшылары ағайынды Знаменскийлер, В.Куц, П.Болотников, Л.Брагина, Т.Казанкина сияқты желаяқтары есте қалды. Қазіргі заманғы жүгіру техникасының негізі: Репозиторий КарГУ 28 - жоғарғы жылдамдықпен қимылдау; - энергияны аз шығындап, жоғарғы жылдамдықты бір - қалыпта ұстау. - әр бір қимылда еркін және табиғи қалыпта болу. Әрбір жүгіру түрінде адымның арақашықтығы әр түрлі.Мысалы: орта қашықтықта адым қысқа болса, ал қысқа қашықтықта адым кӛлемді болады. Жүгіру техникасының маңызды кӛрсеткіштерінің бірі күш пен қимылды үнемдей білуде. Олар жан-жақты байланысты. Бір жағынан жылдамдық пен күштің желаяқтың бойындағы дайындығына байланысты. Екіншіден, энергетика ресурстарын үнемдеуде. Қашықтықтың ұлғаюын адымның жиілігі мен оның арақашықтығына байланысты. Бұл жерде бірінші орынға желаяқтың жұмысты жалғастыруы мен шыдамдылығы қойылады. Орта және алыс қашықтыққа жүгіру жоғары сӛреден басталады. Ережеге сәйкес жоғары сӛре екі топқа бӛлінеді. Жүгіру және жүгіру жылдамдығы. Сӛреге! бұйрығы бойыншы сӛре сызығында желаяқ ӛзіне берілген орында тұрады. Итерілетін аяқ сызық бойында, ауыстыратын аяқ 2-2,5 табан артта тұрады. Кеуде 40°-45° бүгілулі, аяқ жамбас пен тізе буынынан бүгулі. Желаяқтың тұрысы нық әрі ыңғайлы болуы қажет. Қолдар шынтақтан бүгулі әрі аяққа қарама-қарсы қойылуы керек. Желаяқтың кӛзі алдағы жүгіретін жолға бағытталуы міндет (3-4м алға). Баста! деген бұйрық берілген немесе тапанша дауысы шыққан кезде спортшы белсенді түрде жүгіруді бастайды. Сӛреден спортшы еңкейген күйде шығады, бірте-бірте жүгіру қалпына келеді. Ол уақытта белдің бүгілуі 5°-7°болады. Сӛреден шығу қашықтықтың ұзындығына байланысты. 800 м жүгіргенде, спортшылардың міндеті алғашқы 100 м ӛз жолдарында жүгіріп, жолдың шетінен бірінші болып орын алу. Бұл жерде айта кететін жайт: 1) 15-20 м созылатын сӛреден тез шығу;
2) Желаяқтың жалпы жолға шығудағы белсенді жүгіруі, жүгіру жылдамдығы қалыпты жылдамдыққа ауысатын кез. Әдетте, 800 м қашықтықтабірінші 100 м жылдамдық қарқынды ӛтеді,басқаларға қарағанда, мәреге жеткенде де солай болады. Басқа қашықтықтарда сӛреден жүгіріп шығу белсенділігі аз 10-15м, бұл жерде ең бастысы, екінші жолақта жүгірмеу үшін басын тез бастау арқылы шеткі жолақтан орын алу. Ал, содан кейін қалыпты жылдамдыққа оралу. Қашықтық бойынша жүгіру.Тік жолақтағы жүгіру техникасы мен бұрылыстағы жүгіру техникасының қашықтығында айырмашылық бар. Жақсы жүгіру техникасы келесі негізігі белгілерге сүйенеді: - дененің алға қарай аздап еңкеюі (4 - 5°); - иық бойы босатылған; - жауырын аздап шығыңқы; - бел сәл бүгілген; Осындай белгіде тұру- жүгірудің ең негізгі тәсілі, бұлшық еттердің шамадан тыс салмаққа ие болуына мүмкіндік бермейді. Жүгіру уақытында қолдар 90° бүгілген, саусақ бүгулі. Қолдың қимылы маятниктің қимылына ұқсайды, бірақ осы тұрғыда иықты кӛтерудің қажеті жоқ. Қолдың қимылының бастауы: 1) алға - ішке, қол алға қарай қимылдағанда кеуде тұсына жетеді; 2) артқа - сыртқа, қолды жан-жаққа немесе артқа жібермеу. Негізі қолдың барлық қимылы арқылы жүгіру бағыты айқындалады, жоғарыда айтып кеткендей қолдың қимылы жанжаққа немесе артқа жіберілген жағдайда дене бұрылып, уақыт және күш жағынан ұтылып қалады. Иық сүйектерінің қимылы жүгіру жылдамдығына байланысты. Жылдамдық жоғары болған сайын иық қимылында мықты энергия бола тҥседі. Қолды алдыңғы және артқы жақтан жоғарыға, ӛте биікке сермеу қате болып табылады. Иық сүйегінің амплитудасын шынтақтың қимылы арқылы анықтауға болады. Шынтақ пен қолдың қимылы жоғарыға қарай ӛте биік кӛтерілсе, бұл амплитуданың шекарасы болып табылады. Репозиторий КарГУ 30 Аяқтың қимылдау техникасын табанның тірекке қойылған кезінен бастап қараған жӛн. Орта және алыс қашықтыққа жүгіргенде табан сырт жағына, әрі ұшы жағына қойылып, аяқ қойған кезде барлық табан жерге тигізіледі. Табандар бір-біріне қатар қойылып, екі арада бір табан қашықтық болады. Тізе табанды қою уақытында аздап бүгулі болады. Аяқ тірекке майысып ыңғайлы қойылады. Тӛсенішке аяқты қою жүгіру жылдамдығына байланысты. Жүгіру жылдамдығы жоғары болған сайын, аяқ проекциядан неғұрлым алысырақ қойылады. Бұл қимылды серіппемен теңеуге болады. Кейін кері ықпал алу үшін аздап итеріледі де,осы сәтте қарсы нәтиже байқалып, сығылған дене нүктесі ӛзгереді. Желаяқ ӛзін қысылып тұрған, денені қатты итеретін серіппе сияқты сезінуі қажет. Біраз жүгірген соң бірінші мықын бӛлігі, содан соң тізе бӛлігі, осыдан кейін ғана табан жақ белсенді түрде түзеледі. Итерілу уақыты жүгіру техникасында басты элемент болып табылады. Күштің мықтылығынан жүгірудің жылдамдығы арта түседі. Итерілу бұрышы ӛткір болған сайын, итерілу мықтылығы жылдамдықтың жоғары болуына жол аша түседі. Орта қашықтыққа жүгіруде итерілубұрышы 50 -55° болса ӛте ыңғайлы. Алыс қашықтықтарда ол шамамен арта түседі. Итерілу тек қана алға бағытталып, дененің (дененің арқа жағы) иілуімен сәйкес болады. Жүгіруде дененің иілуі шамамен 2 - 3° ӛзгереді, итерілу уақытында артып, ұшу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеңіл Атлетиканыі Қазақстанда дамуы
Дене тәрбиесінің амалдары
Баскетбол: допты торға түсіру техникасын үйрету әдістемесі
Орта және ұзын қашықтыққа жүгіру техникасы
Футбол ойының техникасы мен тактикасы
дене тәрбиесі пәнінен оқушылардың кәсіби сапаларын теориялық және практикалық негіздеу
Киокушинкай каратэ спортшылары үшін дене шынықтырудың маңызы
Педагогикалық тәсілдер және оқу үдерісін ұйымдастыру әдістері
Мектептерде дене тәрбиесі сабағының құрылысы, мазмұны, ұйымдастырылуы
Палуандардың дене тәрбиесідегі әдістері
Пәндер