АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА САЛЫҚ САЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ОӘК 65.052

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА САЛЫҚ САЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Абилгазиева Ж.Е. - э.ғ.к., аға оқытушы, Жаздыкбаева Д.П. - магистр, оқытушы
ОАИУ, Академик Мардан Сапарбаев институты

Резюме: Сельское хозяйство относится к числу отраслей, традиционно подверженных активному государственному вмешательству. Одним из самых действенных инструментов, способных как поддержать развитие сельскохозяйственного производства, так и сдержать его развитие, является действующая система налогообложения.
Summary: Agriculture is among the industries traditionally subject to active state intervention . One of the most effective tools that can both support the development of agricultural production and keep its development is the existing tax system.

Бизнесті, оның ішінде аграрлық секторды мемлекеттік реттеудің маңызды құралдарының бірі салықтық саясат болып табылады. Бұл жағдайда ауыл шаруашылығы өндірісінде жалпы алғанда, оның ішінде агробизнесте салық салу жүйесінің ерекше қалыптасуына ұмтылу оның кең тараған түрі болып табылады. Мұндай ұмтылыс дамыған елдерге тән. Және мұның өзін оның жақтаушылары, әдетте өтпелі кезең мен жоғарыда айтылған ауыл шаруашылығының өзіндік және агроөнеркәсіп өндірісінің көптеген ерекшеліктерімен байланыстырылып түсіндіріледі. Бір айта кететін жәйт, салық салу негізінен аграрлық секторда жұмыс істеп жатқан кәсіпорындарға тікелей салықтық жеңілдіктер берумен ерекшеленеді.
Қазақстанның салық жөніндегі заң актілері табысқа 30 проценттік салық үстемесі жағдайында балық аулайтын ұжымшарлар, құс фабрикалары, мал шаруашылығы және басқа ауыл шаруашылығы кәсіпорындары (меншік түріне қарамай) сондай-ақ ет, сүт, жеміс-көкөніс, нан өнімдері, мақта тазалау өнеркәсібі мен жер негізгі өндіріс қоры болып табылмайтын жүнді бастапқы өңдеу кәсіпорындары үшін 10 проценттік көлемде белгіленген [1].
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдіру және өңдеу жөніндегі кооперативтер, шағын кәсіпорындар (ұжымшарлардан басқалары) өздерінің алғашқы екі жұмыс жылдарында табысқа салық төлеуден толық босатылған. Кеңшарлар мен ұжымшарлардың ішкі шаруашылық қажеттіліктерге, мектептің асханалары мен буфеттеріне, балалар бақшаларына, мүгедектеріне, селолық ауруханалар мен пансионаттарға өткізетін өнімдері және шаруа қожалықтарының өздері пайдаланатын өнімдер қосымша құн салығынан босатылған.
Ауыл шаруашылығы жерлерінің игерілу немесе оның жай-күйін жақсарту жағдайындағы жер учаскелері, ғылыми ұйымдарға, тәжірибе шаруашылықтарына бөлінген және сондай-ақ аз өнімділіктегі құнарлылығы кеткен жерлерден жер салығы алынған жоқ.
Негізгі өндіріс қоры жер болып табылатын ұжымшарлар, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары автотранспорт құралдарын алуға салық төлеуден босатылған [2].
Ауыл шаруашылығын барлық осы салықтардан босату теориялық жағынан алғанда да, дау туғызатындай көрінеді. Өркениетті салық саясаты экономикалық шешімдерді бұрмалауға жетектейтін принциптерге негізделмеу керек. Салық жүйесі әділетті болуы шарт. Бұл талаптарға сәйкестікті қамтамасыз ету үшін, біріншіден, көлденең теңдікті (тең жағдайда тұрған салық төлеушілер салықтың бірдей мөлшерін төлеулері тиіс) және, екіншіден, тігінен теңдікті (әр түрлі табыс мөлшері бар жекелеген салық төлеушілер салық төлемдері бойынша міндеттемелеріндегі айырмашылықтары әлеуметтік нормаға жауап беретіндей болуы керек) сақтау қажет.
Салық жүйесі қарапайым және түсінікті болуы шарт. Салықтар нарықтық таңдауға қолбайлау болмауы керек, олар экономикалық тұрғыдан алғанда бейтарап болуы тиіс. Белгілі бір саладан немесе белгілі бір қызмет түрінен алынған табысты салықтан босату бейтараптық принципін ашық бұзғандық болып табылады.

Кесте 1. Ауыл шаруашылығына салынатын салықтар ерекшеліктері

Элементтері
Бірыңғай жер салығы (Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі)
Ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимі
төлеушілер
Шаруа немесе фермер қожалықтары
- ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер
-ауыл шаруашылық кооперативтері
Төлеушілерге қойылатын талаптар
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің жиынтық алаңы мыналар үшін:
1-аумақтық аймақ - 5000 га; 2-аумақтық аймақ - 3500 га;
3-аумақтық аймақ - 1500 га; 4-аумақтық аймақ - 500 га
жер учаскесінің шекті алаңынан аспайды
-жерді пайдалана отырып ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру өнімін өндіру, өз өндірісінің көрсетілген өнімін қайта өңдеу және өткізу
-мал, құс, ара шаруашылығы, акваөсіру өнімін өндіру, сондай-ақ өз өндірісінің көрсетілген өнімін қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызмет
объектісі
жер учаскелерінің жиынтық бағалау құны
корпоративтік табыс салығын (КТС) жеке табыс салығын, қосылған құн салығын, әлеуметтiк салықты, мүлiк салығын, көлiк құралы салығы үшін салық
объектілері
ставкасы
Егістік бойынша 0,15 % тен 0,6 %
аралығында өспелі шәкіл
Жайылымдар, табиғи шабындықтар
бойынша 0,2% мөлшерлемесі
корпоративтік табыс салығының (КТС) немесе жеке табыс салығының, қосылған құн
салығының, әлеуметтік салықтың, мүлік салығының, көлік құралы салығының бюджетке төленуге жататын сомалары 70 пайызға
азайтылуға жатады

Күнтiзбелiк жыл
Күнтiзбелiк жыл
Салық кезеңі
Ескерту - ҚР салық кодексінің өзгерістері негізінде құрастырылған

Ескерту: ҚР салық кодексінің өзгерістері негізінде құрастырылған

Кестеде ауыл шаруашылық салық төлеушілермен төленетін салықтардың өзіндік ерекшеліктері көрсетілді [3].
Қай мемлекетте болмасын бюджетке түсетiн түсiмнiң негiзгi көзi болып салықтар табылады. Мемлекет экономикасының бірден бір тірегі және дамуының басты тетігі - салық. Сондықтан өркениетті ел ең алдымен салық саясатын сауатты жүргізуге ұмтылады. Салық саясатының ел экономикасындағы рөлін бағалау үшін бірқатар талдау деректерін қарастырған жөн (Кесте 2).

Кесте 2. Негізгі макроэкономикалық индикаторлардағы салықтар рөлі

Көрсеткіштер
2018 ж.
2019 ж.
2020 ж.
Жалпы ішкі өнім, млрд.тг
37 085,3
40 754,8
40 761,4
Кірістер, млрд.тг
5 179, 4
5 908,8
6 136, 9
Салықтық түсім,
млрд.тг
4 779,0
5 115,7
4883,9
ЖІӨ кірістер үлесі, %
13,9
14,5
15,1
ЖІӨ салықтық
түсімдер үлесі, %
12,9
12,5
11,9
Ескерту: Қазақстан Республикасы Ұлт тық экономика министрлігінің Статис тика комитетінің мәліметтері негізінде құрастырылған.

Ауыл шаруашылығын салықтан босату ең кем дегенде мынадай қйыншылықтар туғызады: қандай қызметті салықтан босатуға болады, ал қандай қызметті босатпау керек, шаруашылықтарда жүзеге асырылатын қызметтің барлық түрлерін немесе ауыл шаруашылығы субьектілерінің орындайтын жұмыстарын салықтан қалай басатуға болады деген сұрақтардың өзі бұл жерде орынсыз.
Қызметтің салық салынатын және салық салынбайтын шығындарын бөлу маңызды фактор болып табылады. Мысалы, жүк машинасы мен жаңармай құнын қызметтің салық салынатын және салық салынбайтын түрлерінің қайсысының арасына бөлу керек? Қызметтің салық салынатын сферасында шығын бөлудің көбейіп кетпеуінің алдын алу үшін салық ниспекциясы осы салада тұрақты бақылауды жүзеге асыруы керек. Бірақ, бұл мүмкін емес.
Тағы бір басқа проблема бұдан да қауіпті. Айталық, шаруашылық ауыл шаруашылығы қызметіне жатпайтын саланы дамытады, мысалы, өнімді өңдеу және қаптау, оны тасымалдау және бөлшек сауда жүргізуді ұйымдастырады. Мұндай қызмет салықтан босатылмауы тиіс, өйткені оны ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін кәсіпорын жүргізеді. Алайда, оған салық салу тіпті мүмкін емес. Өйткені, өз қызметтерімен және кәсіпорындармен өзара есептесу кезінде жалған сатып алу бағасы қолданылады [3].
Қосымша құнға салық (ҚҚС) қолдануды ерекше қарастырып өту керек. Шағын бизнес кәсіпорындарын өздерінің сауда-саттығы бойынша қосымша құнға салық төлеуден қажетіне қарай босату қабылданған. Осындай босатудың нәтижесінде бұл кәсіпорындар жүйеден тыс қалып, олар несие немесе сату бойынша төленетін өтемақы алмайтын болады. Мұның өзі салық әкімшілігін болмашы ғана салықтық түсімді білдіретін декларациямен жұмыс істеуден босатып, олардың барынша қомақты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыл шаруашылығына салық салудың теориялық негіздері
Ауыл шаруашылығына салынатын салықтар ерекшеліктері
Заңды тұлғаларға салық салу
Ауыл шаруашылықты өндiрiсiндегі фермерлік шаруа қожалықтары
Ауыл шаруашылық саласын дамытудағы инвестицияның рөлі және олардың мәні
Жер салығына жалпы сипаттама және оның құрылу ерекшеліктері
Жер нарығы
Салықтың экономикалық мақсаты
2003 - 2004 жылғы бағдарламаның нәтижесіндегі ауыл шаруашылығы өндірісінің артуы
Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы ұйымдарына салық салу:мәселелері мен болашағы
Пәндер