Аутизммен ауыратын балалардың ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Аутизммен ауыратын балалардың ерекшеліктері

Махамбетәлі Әйгерім Шарханқызы

е-mail: aigerim1300@mail. ru

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті,

Ғылыми жетекшісі- Арзымбетова Шолпан

Қазахстан, Шымкент

Аңдатпа: Мақалада аутизм синдромы туралы түсінік берілген. Аутизм синдромы бар балалардың не себепті бул психологиялық дертке шалдығатынды айтылған. Психологиялық дамуы ерекше балаларға арналған әдіспен танысу,

Түйін сөздер: психикалық бұзылыс, стреотип, эксперимент,

Аутизм адамның сыртқы дүниеден оқшаулап, өзімен-өзі болып, іштей сары уайымға салынған кездегі көңіл-күйі. Балалардың ми қызметінің бұзылуы салдарынан айналадағы адамдармен қарым-қатынас пен байланысқа түсуін күрделендіретін психологилық ауытқу. Негізінен бұны ауру деп айту қиын, бұл көбіне психологиялық дамудың бұзылуы. Баланың миына келіп түкен ақпаратты оның миы қабылдамайды. Сыртқы құбылыстарға жауап қайтармайды, олар тек өзімен-өзі, өзіндік әлемінде өмір сүреді, деп түсінік береді ғаламторды ашсаңыз. Өкінішке орай елімізде дәл осы аутизмге шалдққан баланың санын жыл санап артып келеді. Жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай көбейіп жатқан бұл диагноздың, нақты неден болатыны туралы түрлі болжамдар мен пікірлер ғана бар. Тіпті мамандар аутизмнің 300-ге жуық себебін атап отыр. Бұл ауруға шалдыққан баланың көбі адам көзіне тіке қарамайды, денесіне қол тигізбейді, адаммен араласпай оңашалана береді, сөйлеу қабілеті жай дамиды. Қазіргі уақытта аутизмнің нақты себептері әлі анық зерттелмеген. Көп ғалымдардың деректері бойынша аутизммен ауырған балалардың себебі орталық жүйке жүйесінің бұзылуы салдарынан болады.

Аутизм ми жұмысының бұзылуынан туады. Мамандар аутизмнің 300-ге жуық себебін атап отыр. Бірақ нақты тұжырым, дəйекті дəлел жоқ. Ең алғаш аутизм туралы Э. Блейлер, Лео Каннер, О. С. Никольская, Г. Аспергер, А. Ретта, К. С. Лебединская сынды ғалымдар қарастырған. Қазіргі кезеңде аутизмді зерттеу өрісі кеңейіп отыр. Аутизм ¾ бала дамуындағы ауытқушылықтың ауыр түрі, ол əлеуметтік ортамен қарым-қатынастың жоқтығын білдіреді. Симптом ретінде аутизм көптеген психикалық ауруларда кездеседі, бірақ кейбір жағдайларда ерте жастан байқалып, бала дамуына кері əсерін тигізеді. Бұл жағдайды ерте балалық аутизм (ЕБА) синдромы дейді. Ол болса психикалық даму зақымдалуының бір нұсқасы ретінде қарастырылады. Сонымен қатар бала бойында аутизмнің кейбір клиникалық көріністері байқалса, оны аутистикалық тұлғалық қасиеттер деп атайды. Нақты симптом ретінде 2-3 жасқа қарай қалыптасуы мүмкін.

Қазіргі уақытта аутизмнің нақты себептері анық зерттелмеген. Көп ғалымдардың деректері бойынша, аутизмі бар балалардың себебі орталық жүйке жүйесінің бұзылуы салдарынан болады. Тұқымқуалаушылық фактордың əсері мол екенін көптеген зерттеушілер мойындайды. Сонымен бірге мидың органикалық зақымдалуы да аутист балаларда жиі кездеседі. Тұқым қуалаушылық хромосомалық өзгерістер, зат алмасу өзгерістері, анасы жүкті жəне туу кезінде алған жарақаттар, нейроинфекция- лар, тағы басқа жағдай лар барлығы да жағымсыз əсер ету мүмкіндігі бар.

Тұқымқуалаушылық фактордың әсері мол екенін көптеген зерттеушілер мойындайды. Сонымен бірге, мидың органикалық зақымдалуы да аутист балаларда жиі кездеседі екен. Тұқымқуалаушылық хромосомалық өзгерістер, зат алмасу өзгерістері, анасы жүкті және туу кезінде алған жарақаттар, нейроинфекциялар, тағы басқалар жағымсыз әсер ету мүмкін деп болжаған. Аутист бала туған кезден-ақ ерекше болады: солғын, тамақ сұрап мазалайды, жөргек суланса және бір жері ауырса сезбейді. Өскен кезде ештенеге қызықпайды, кейбір сөйлемдерді қағып алып, түсінбей қайталай береді. Біреуден ұнаған затты көрсе, оны алмай тынышталмайды, жақын адамдарын алыстан танып, алдынан қуанып қарсы алады. Яғни мұндай балада қалау, сағыну, аяныш, өкініш, қамқорлық сияқты сезімдердің ешқайсысы болмайды. Кейде бала сөйлей бастайды, бірақ біраз уақыт өтісімен сөйлеу қабілеті қайта жоғалады. Үнемі бір ойыншықпен және жалғыз ойнайды. Тіпті ойыншықтың бір бөлігімен (тек қолымен немесе басымен) ойнауы мүмкін. Бала өскен сайын сөйлеу мен зият (интелектісі) дамуы төмендейді. Аутист балалардың назарын адамға, басқа нысанға аудару және бір нәрсе үйрету өте қиын. Аутист бала өзіне айтқан сөздерге мән бермейді, сұрақтарға жуап қайтармайды, айтқаныңа көндіру қиын. Қарым-қатынасқа бірден түспейді, атын атап шқырғанда назар аудармайды. Ең алғаш аутизм деген терминді 1912 жылы швицар психиатрі Э. Блейлер ұсынған. Аутизммен ауыратын балалардың көбі 1, 5 жасқа дейінгі кезеңде байқалады. Тағы бір деректерде ересектер мен балаларды бірге есептегенде, аутистік спектр көріністері көбіне қыз балаларға қарағанда ұл балаларда 4 есе көп кездеседі екен. Ал бастапқы синдромдар 3 жасқа дейінгі кезде байқалады екен. Дейтұрғанмен әлемнің білікті ғалымдарының ұзақ жылғы зерттеулерінің қорытындысы бұл баладағы ауытқушылық гендік негізден деп тұжырым жасап отыр. Әрине алыс-жақын шетелдермен салыстырғанда біздің елде аутизм туралы ақпарат та, жұмыс тәжірибе де енді-енді алға басып келеді. Тіпі аутизм туралы мүлдем естімеген, білмейтіндерде кездеседі.

Л. Каннер аутизмнің негізгі белгісі ретінде, «экстремалды жалғыздықты айтады». Ол аутизмді нақты психикалық дамудың бұзылуы деп тапқан:

  1. жалғыздықты жақсы көру.
  2. ешқашан адаммен көзбе-көз кездеспеу.
  3. мимикасының, дауысының, дыбысының ырғағының болмауы.
  4. эмоциялық тұрғыдан ешкіммен араласпау.
  5. біркелкі қимылдарды қайталай беру.

Аутизм ауруын бірінші ашып зерттеген американдық психиатр Лео Каннер. Лео Каннедің жазуынша, ерте балалық шақтағы аутизм синдромы келесі үш көрсеткішті біріктіреді:

- аутистикалық күйзелістер;

- стериотипі үйреншікті;

- бір қалыпты мінез-құлық, сөйлеу тілінде ерекше сипаттағы кемістіктер.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аутист баланың психологиялық дамуының ерекшеліктері
Аутизм дертіне шалдыққан балаларды оқыту, тәрбиелеу және түзету
Аутизм белгілері
Эмоционалды оқыту арқылы балаларды әлеуметтендіру
Аутизм спектрі бұзылған балаларды психологиялық сүйемелдеу бағдарламасы
Ерте жастағы аутизмі бар балалардың сөйлеу тілін дамыту жолдары
Қазіргі кезеңдегі аутизмі бар балалардың мінез - құлқындағы мәселеге теориялық көзқарастар
Мектеп жасына дейінгі аутизмі бар балалармен жүргізілетін түзету жұмыстары
Ерте жастағы аутизм балалардың ерекшеліктері
Аутизмі бар балалар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz