Интеллектуалдық Көлік Жүйелерінің (ITS) тарихы мен түсінігі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

1 Интеллектуалдық Көлік Жүйелерінің (ITS) тарихы мен түсінігі

Заманауи қаланың нәтижелі әрі қарқынды дамуы үшін оның талаптарын қанағаттандыра алатын көлік жүйесі болуы тиіс. Мұндай көлік жүйесі қаланың жолаушылар және жүк тасымалы саласындағы қажеттіліктерінен бір қадам алда болуы қажет. Халықаралық тәжірибеде қала жолдарының шамадан тыс тығыздалу мәселесі интеллектуалды көлік жүйелері (ИКЖ) технологияларын қолдану арқылы шешіледі, бұл технологиялар жол қозғалысын және қалалық жолаушылар көлігін көшедегі бар жол желісінде жолдардың тығыздылығын арттырмай-ақ басқаруға қабілетті.

ИКЖ - жол қозғалысын басқару, мониторинг міндеттерін атқаратын, көліктің барлық түрлерінің (жеке, қоғамдық, жүк) жұмысын басқаратын, аймақ шеңберінде көліктік қызмет көрсетуді ұйымдастыру бойынша азаматтар мен кәсіпорындарды хабардар ететін өзара байланысты автоматтандырылған жүйелер кешені.

1. 1 сурет - Көлікті басқарудың интеллектуалды жүйесіндегі ақпараттық ағымдар бағыттары

ИКЖ енгізудің негізгі мақсаттары:

  • жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру;
  • көше-жол желісінің өткізу қабілеттілігін арттыру;
  • жол қозғалысы қатысушыларына қызмет көрсетудің сапасын арттыру;
  • көлік ағымдарының қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерін төмендету;
  • көлік қызметінің тиімділігін арттыру;
  • қалалық қоғамдық көліктің беделін арттыру;
  • қаланың инвестициялық және туристік тартымдылығын арттыру.

1. 2 сурет - ИКЖ енгізудің негізгі мақсаттары

ИКЖ тиімділігі:

а) жолаушылар үшін:

1) жол жүру уақытының қысқартылуы;

2) қозғалыс кестесі бойынша өзекті ақпарат;

3) қызмет көрсету сапасын арттыру;

б) автомобиль жүргізушісі үшін:

1) уақытты үнемдеу;

2) өзекті навигация;

3) отынды үнемдеу;

в) қала үшін:

1) ЖКО ден қою уақытын қысқарту;

2) өмір сүру сапасын арттыру;

3) қалалық көлік дамуының мөлдір бюджеті;

4) қосымша табыс (аялдатулар, фото, видеотиянақтау) .

Алпысыншы жылдардың басында АҚШ, Жапония және Еуропада іс жүзінде бір мезгілде жоғары деңгейлі көлік жүйелері енгізіле бастады, олар қалалардағы көлік ағымдарын басқарудың стандартты деңгейіне немесе автомагистральдардағы бар қозғалысты басқаруға қатысты жоғары тұрды.

Нағыз көліктік жүйелердің пайда болуын қосақтаған негізгі тезистер келесілер болды:

  • жол қозғалысы қатысушыларына және қозғалысты басқару орталықтарына жаһандық ақпараттарды беру;
  • өмір сүру мәнерін жақсарту және экономика тиімділігін арттыру;
  • еңбек қауіпсіздігін арттыру және экологиялық жағдайларды жақсарту.

Алпысыншы және жетпісінші жылдардың алғашқы кезеңдерінде негізгі қағидаттар тексеріліп отырды. Мысалы, «Қозғалысты басқарудың кешенді жүйесі» (Comprehensive Automobile Traffic Control System - CACS) жобасында шамамен 30км 2 аумағы туралы әңгіме болды. Берілген жағдайда, жүргізуші межелі пунктін көрсетеді, ал орталық компьютер оған дәл сол сәттегі көліктік жағдаятқа тәуелді оңтайлы маршрутты хабарлайды. Көлік құралдары қарапайым дисплейлермен қамтылды және екі бағытта да басқару орталығымен жол бойынша орналастырылған радиомаяктар құралдары арқылы байланысып отырды. Сол мезгілде АҚШ-да жол бойында орналастырылған ақпараттық таблолар арқылы көлік ағынына әсер ету мүмкіндіктері сыналып жатты, ал Еуропада көлік құралдарын басқарудың интегралды орталықтарын құрай бастады.

Дамудың екінші кезеңі сексенінші жылдардың басында басталды және ол электроника мен коммуникациялық техниканың қарқынды дамуымен байланысты болды. Бұл кезеңде DRIVE, ROMANSE, PROMETHEUS еуропалық, UMTS, ASV, ARTS жапондық және MOBILITY 2000 және IVHS АҚШ пилоттық жобалары жүзеге асырылды. Бұл жобалардың әрқайсысы бір жаңалық алып келді және әрқайсысы жеке қарастыруға лайық болды. Еуропада әдетте әңгіме Еуропалық Одақ қолдауына ие болған халықаралық жобалар туралы болады, Жапония және АҚШ-да жобаларды үкіметтер қолдады, олар ITS дамуды стратегиялық міндет деп есептейді. 1993 жылдан 1995 жылға дейінгі екінші кезеңді бағалаудан кейін халықаралық деңгейде келесілерді констатациялауға болды:

  1. ITS нақыт және даусыз нәтижелер береді;
  2. неге қол жеткізу керек екендігі туралы сұраққа жауап табылды.

Сондықтан Еуропалық министрлер конференциясы өзінің Берлин қаласында 1997 жылдың 21 және 22 сәуір аралығында болған отырысында «бүкіл Еуропада экономикалық және техникалық тұрғыдан тиімді болатын, қауіпсіздіктің ең қатаң стандарттарын және қоршаған ортаны қорғау стандарттарын қанағаттандыра алатын, сонымен қатар, әлеуметтік мәселелерді де ескеріп отыратын интегралды көлік жүйесінің дамуына арналан саяси форумды құру үшін көмек керсету керек» екендігін констатациялады.

Терминология тұрғысынан АҚШ және Жапонияда берілген жүйелер үшін «Интеллектуалды Көлік Жүйелері» («Intelligent Transportation Systems» - ITS) түсінігі қолданылды, бұл уақытта Еуропада да көптеген жағдайларда «Көлік телематикасы» ұғымы қолданылды. Бұл атау «Телекоммуникация» және «Информатика» сөздерін біріктіру нәтижесінде туындады және осы екі саланың да тығыз байланысын көрсетеді. «Көлік телематикасы» түсінігінің ең сәтті анықтамаларының бірі келесі:

Көлік телематикасы ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды көлік ағымдары қозғалысын ұйымдастырумен бар көлік инфрақұрылымының өткізгіштік қабілеті арта түскендей етіп, қозғалыс қауіпсіздігін өсіріп, жолаушылардың психологиялық жайлылығының өсуін қамтамасыз ететіндей қылып біріктіреді.

  1. Заманауи ақпараттық қоғамдағы ИКЖ орны

Біздің дәуірімізде көлік экономикалық дамудың ең басты қозғаушы күші ретінде орын алуда. Қазіргі өмір, бір жағынан алғанда, мобильділікке деген жаңа талаптар қояды, екінші жағынан - жол қозғалысы қауіпсіздігіне деген анағұрлым қатаң талаптар қояды, экологиялық қызмет ұсынымдарын ескере отырып көлік жүйесінің барлық құрамдас бөліктерін дамыту жағдайында қолданушылар үшін жаңа қызмет көрсетулерді құруды талап етеді (1. 1 сурет) .

Бұл қарама-қайшылықты міндетті атқару жауапкершілігі елеулі деңгейде интеллектуалды көлік жүйелерінде жатыр. ИКЖ құрастырудың негізгі бағыттары және нақты жобалары олар бағытталған қолданушылар санатымен және берілген қолданушыларға ұсынылатын қызмет көрсетулерді таңдау арқылы анықталады.

  1. сурет - Көлік дамуындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың орны

Дәстүрлі түрді ИКЖ-дің негізгі қолданушылары болып:

  • қоғамдық, коммерциялық және жеке көлік жүргізушілері, жекелеп алғанда арнайы санаттар жүргізушілер (мүгедек және қарт адамдар) ;
  • жаяу жүргіншілер мен велосипед айдаушылар;
  • қоғамдық көлік жолаушылары;
  • жолаушылар және жүк тасымалы саласында қызмет ететін ұйымдар мен компаниялар;
  • көлікті басқарудың қоғамдық және коммерциялық қызметтері.

Бүкіләлемдік жол қауымдастығы (PIARC) көлік телематикасы жүйесінің дамуы тәжірибесі мен тенденциясы негізінде топтастыруды жалғастырды, ол ИКЖ қолданушыларының 32 қызмет көрсетуінен тұрады, шартты түрде олар сегіз санат бойынша топтасырылған (1. 1 кесте) .

  1. кесте - ИКЖ қолданушыларының қызмет көрсетулері
ИКЖ тобы
ИКЖ қолданушыларының қызмет көрсетулері
ИКЖ тобы: 1
ИКЖ қолданушыларының қызмет көрсетулері: 2
ИКЖ тобы:

Жол

қозғалысын

басқару

ИКЖ қолданушыларының қызмет көрсетулері: 1 Көліктік жоспарлауды қолдау
ИКЖ тобы: 2 Жол қозғалысын басқару
ИКЖ тобы: 3 Төтенше жол жағдаяттарын басқару
ИКЖ тобы: 4 Тасымалдау талаптарын басқару
ИКЖ тобы: 5 Көлік қозғалысын реттеу саласындағы саясат
ИКЖ тобы: 6 Инфрақұрылымның техникалық пайдаланылуын басқару
ИКЖ тобы: Саяхатшылар үшін ақпарат
ИКЖ қолданушыларының қызмет көрсетулері: 7 Жол жүру алдындағы ақпарат
ИКЖ тобы: 8 Қозғалыс барысындағы жүргізушілерге арналған ақпарат
ИКЖ тобы: 9 Қозғалыс барысындағы қоғамдық көлікке арналған ақпарат
ИКЖ тобы: 10 Жекелеген ақпараттық қызмет көрсетулер
ИКЖ тобы: 11 Жол нсұқаулықтары мен навигация
ИКЖ тобы: Көлік құралдарының жүйесі
ИКЖ қолданушыларының қызмет көрсетулері: 12 Тану әрекетін жетілдіру
ИКЖ тобы: 13 Көлік құралын басқаруды атвоматтандыру
ИКЖ тобы: 14 Маңдай қақтығыстарының алдын алу
ИКЖ тобы: 15 Бүйірлі қақтығыстар алдын алу
ИКЖ тобы: 16 Қауіпсіздік жүйелері
ИКЖ тобы: 17 Апаттардың алдын алу жүйелері
ИКЖ тобы: Коммерциялық көлік құралдары
ИКЖ қолданушыларының қызмет көрсетулері: 18 Коммерциялық көліктегі кеден алды операциялары
ИКЖ тобы: 19 Коммерциялық көліктегі әкімшілік үрдістер
ИКЖ тобы: 20 Жол үстіндегі қауіпсіздіктің автоматтандырылған инспекциясы
ИКЖ тобы: 21 Коммерциялық автомобильдердегі қауіпсіздік мониторингі
ИКЖ тобы: 22 Коммерциялық көлік құралдарының паркін басқару
ИКЖ тобы: Қоғамдық көлік
ИКЖ қолданушыларының қызмет көрсетулері: 23 Қоғамдық көлікті басқару
ИКЖ тобы: 24 Талап бойынша көлікті басқару
ИКЖ тобы: 25 Құрамдастырылған көлікті басқару
ИКЖ тобы: Кездейсоқ жағдаяттарды басқару
ИКЖ қолданушыларының қызмет көрсетулері: 26 Қауіпті жағдай дабылы және жеке қауіпсіздік
ИКЖ тобы: 27 Апаттық-құтқару көлігін басқару
ИКЖ тобы: 28 Қауіпті жүктер және оқиғалар алдын алу
ИКЖ тобы: Электроды төлемдер
ИКЖ қолданушыларының қызмет көрсетулері: 29 Электронды қаржылық аударылымдар
ИКЖ тобы: Қауіпсіздік
ИКЖ қолданушыларының қызмет көрсетулері: 30 Қоғамдық көліктегі қауіпсіздік
ИКЖ тобы: 31 Мүгедектер қауіпсіздігі
ИКЖ тобы: 32 Интеллектуалды қиылыстар

Берілген топтастыру көрсетілген қызмет көрсетулердің тәуелсіз дамуымен шектеліп қоймайды, интеграцияның синергетикалық оң дамуы үшін олардың кешенді қолданылуы ескеріліп отыр.

Көлік саласындағы кәсіпқойлар үшін жаңа мүмкіндіктер аша отырып, жаңа технолгияларды меңгеруді және телекоммуникациялық, навигациялық және ақпараттық технологияларды өндірушілермен әрекеттесе отыруды талап ете отырып ИКЖ оларға қарсы шығып отыр (1. 2 сурет) .

Көліктік инфрақұрылым

Көлік құралы

1. 2 сурет - Көлік телематикасының негізгі технологиялық құрамдас бөліктері

1. 2 Кіріктірілген технологиялар - интеллектуалды көлік жүйелерінің болашағы

GPS (ГНСС) және GLONASS жаһандық навигациялық жүйелерін азаматтық мақсаттарда пайдалану ИКЖ қолданудағы жаңа дәуірді бастады, тұрақты және қозғалмалы нысандардың кез-келген орын мен кез-келген уақытта қайда екені туралы ақпарат алу мүмкіндігі пайда болады. Бұл бағыттағы одан арғы перспективалар пайдалануға Galileo еуропалық жерсеріктік навигациялық жүйесін енгізуді аяқтаумен келді.

Дегенмен, ИКЖ талаптарының бірқатары - нақты уақыт жағдайындағы басқару үшін көлік құралдарының орнын анықтаудың жоғары нақтылығы, апаттық көліктің навигациялық қызмет көрсетілуі, туннельдер мен көп қабатты қалалық құрылыстар жағдайында үздіксіз тұрақты навигациялық қызмет көрсетудің болуы - заманауи ЖНЖЖ мүмкіндіктерімен қамтамасыз етіле алмайды. Бұл талаптарды жүзеге асыру үшін орналастыру технологияларын кез-келген жағдайларда көлікті басқарудың үздіксіз виртуалды ортасын қалыптастыру мақсатында сымсыз байланыспен интеграциялау қажет.

Қазіргі кезде ЖНЖЖ заманауи қабылдағыштарының архитектурасын құрастыру кезінде чип-жиынтықтар негізіндегі ASIC (application_specific integrated circuits) аппараттық-бағдарлаушы технологиясынан DSP (digital signal processor) дабылдық процессорлар негізіндегі бағдарламалық-бағдарлаушы технологияларға ауысу байқалады [7] . Мұндай көзқарас бірқатар артықышылқтарды алып келеді: құрастыру уақытының қысқаруы және енгізу кезіндегі тәуекелдер, жаңа қосымшаларды өндіпру кезіндегі модернизация қарапайымдылығы, құнын қысқарту шартындағы өмірлік циклінің ұзаруы және сенімділігінің мардымды артуы.

DSP технологиясына ауысу ЖНЖЖ кеңейтілуі ретінде қолданылатын, сонымен қатар, байланыс жүйелерінің мүмкіндіктерін де пайдаланатын навигациялық құралдарды құруға мүмкіндіктер береді (1. 3 сурет) .

DSP - жайғастыру және байланыс жүйесі негізіндегі автомат

Сымсыз байланыс жүйесі

Сандық дабылдық жүйе:

  • ЖНЖЖ аймақтық кеңейтілулері
  • болашақ ЖНЖЖ
  • кең ауқымды TV
  • ұялы жүйелер
  • ЖНЖЖ
  • инерциялық жүйелер

9 сурет - ИКЖ навигациялық қосымшаларын құрастыру үшін қолданылатын технологиялар

1. 3 Интеллектуалды көлік жүйелері саласында стандарттау

Халықаралық стандарттау үрдісі көлік телематикасының жекелеген жүйелерінің өзара үйлесімділігін қамтамасыз етудің маңызды құралы болып табылады.

Әлемдік деңгейде стандарттау ISO (International Standard Organization) Халықаралық стандарттау ұйымымен, ал еуропалық деңгейде стандарттау бойынша CEN (Comite European de Normalisation) Еуропалық комитетпен жүзеге асырылады.

Осы ұйымдардың мүшесі болып табылатын кез-келген мемлекеттің жаңа стандарттарды құрастыру және бар стандарттарды жетілдіру бойынша ұсыныстар жасап отыруға құқылы. Стандарттар қабылданған халықаралық ережелер негізінде бекітіледі. Интеллектуалдық көлік жүйелері саласындағы стандарттау жұмыстары WG (Working Group) жұмыс топтарымен арнайы TC техникалық комитеттерде көрсетілген халықаралық ұйымдарда: CEN/TC 278 (1. 2 кесте) және ISO/TC 204 (1. 3 кесте) орындалады. Еуропалық CEN стандарттары анағұрлым нақты және ISO стандарттарына қарсы келмейді, олардың қосымшаларының сипаттамасы бірдей. Соңғы уақытта ISO және CEN халықаралық ұйымдар шеңберінде стандарттау үрдістерін үйлестіруге белсенді түрде ұмтылу байқалуда.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалпы білім беретін мектепті басқарудың ғылыми-педагогикалық негіздері
Электр энергия станциясы
Шет тілі сабағында шетел мәдениетіне үйретудің әдістемесі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢНАМАСЫ БОЙЫНША КОМИССИЯ ШАРТЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазақстанда кәсіпкерліктің қалыптасу және даму тарихы 1861-1917 жж
Эдгар Аллан Поның фантастикалық әңгімелерінің стилистикалық ерекшеліктері
Жоғары сынып оқушыларының шығармашылық жұмыстарын өздігінше орындау біліктілігін қалыптастыру
Бюджет кірістерін болжау
Қалмақ хандығының мемлекеттік құрылысы және құқықтық жүйесі (1664-1771 ж.ж.)
Болашақ мұғалімнің қазақ халық дәстүрлері негізінде бастауыш сынып оқушыларын әдепке тәрбиелеуге кәсіби даярлығын қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz