Утилитаризм және деонтологиялық теориялар (парыз теориялары)



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Қарағанды Техникалық Университеті

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Утилитаризм және деонтологиялық теориялар (парыз теориялары)

Орындаған: Есен М.С.
Тобы: НД-20-2
Тексерген: Аубакиров Е.Ж.

Қарағанды 2022
Утилитаризм. Көпшілік мойындағандай, соңғы уақыттардағы саяси философиялық нормативтің қайта жандануы Дж. Ролздың 1971 жылы "Әділеттілік теориясының" жарыққа шығуымен басталды, сондықтан да кейінгі уақыттағы әділеттілік жайлы теорияларды Ролздың теориясынан бастағанымыз жөн болар. Ролздың теориясының қазіргі таңдағы дискуссияларда доминант болуы - барлығы оны қолдануынан емес, альтернативті көзқарастардың сол Ролздың теориясына реакция ретінде пайда болуы. Ролздың пайымдауныша, утилитаризм басқалар өз теорияларын бекітуі және өздерін қорғауы қажет анық емес фон болып табылады.
Утилитаризм өзінің ең қарапайым анықтамасы бойынша: қоғамның барынша көп мүшелерін бақытты ететін іс - моральдық тұрғыда дұрыс болып табылатын үкіметтің шарасы немесе іс. Утилитаризм кейде жан-жақты моральды теория болып есептелетін сол екі арада, мен оны нақты саяси мораль ретінде қарастыратын боламын. Бұл көзқарас бойынша Ролз утилитарлы принциптерді жеке индивидтердің мігез-құлқы емес, қоғамның "негізгі структурасын" құраушы деп атайды. Бірақ утилитаризмнің көпшілікке ұнамдылығы оның жалғыз тұтас және систематикалық моральды философия ретінде қарастырылуында болғандықтан, кейінірек қысқаша "барлығын қамтушы" утилитаризмнің кей ерекшеліктерін қарап өтетін боламын. Белгілі бір салада болсын я барлығын қамтушы болсын, утилитаризмнің сенімді жақтаушылары мен ызалы қарсыластары бар. Утилитаризмді теріске шығарушылар оның(утилитаризмнің) кемшіліктерінің көптігі соншалық, ол талқылау саханасынан кете алмайды деп есептейді. Дегенмен адамның бақытын барынша еселеуден басқа моральдың болуы екіталай деп ойлайтындар да бар.
Утилитаризмнің екі қасиеті оны моральдың ұнамды саяси теориясы етеді. Біріншіден, утилитаристтердің ұстанатын мақсаты Құдайдың, рухтың немесе басқа да метафизикалық жаратылыстың болуына тәуелді емес. Кейбір моральдық теориялар ең бастысы жанның жай-күйі десе, кейбірі Құдайдың қалауымен өмір сүру дейді, ал енді кейбірі ең жақсы өмір - жан тәсілім еткеннен кейін мәңгі өмірді қамтамасыз ететін өмір дейді. Көптеген адамдар діни түсініктерсіз мораль жүйесіз, яғни дәйексіз болып қалады деп ойлайды. Олардың ойынша Құдайсыз біз ешқандай да мақсаты мен мәні жоқ "ананы жаса", "мынаны жасама" деген ережелердің жиынтығымен қалып қоямыз деп ойлайды. Утилитаризм бойынша олай ойлауы қиын. Утилитаризмнің көздеген мақсаты - бақыт, немесе ауқаттылық, немесе аман-есендік - бәріміз өзіміз және жақсы көретіндеріміз үшін ұмтылатын нәрсе. Утилитаристтер ауқаттылыққа немесе пайдаға жету барысында қолданылатын қарекеттер қоғамның барлық мүшелері үшін әділ болғанын талап етеді. Құдайдың құлдарымыз ба жоқ па, өлген соң рухымыз бола ма жоқ па, еркінбіз бе жоқ па, бұларға қарамастан біз бақытты да қайғыны да көреміз және біздің жағдайымыз жаман да жақсы да бола береді. Қаншалықты діндар адам екендігімізге қарамастан біз бақыттың өте бағалы екендігін теріске шығара алмаймыз, өйткені біз оны өз өмірімізбен бағалаймыз. Осыған қатысты утилитаризмді ұнамды ететін тағы бір қасиеті - оның консеквенциализмы. Консеквализмнің не білдіретіні артынан қарастырылады, ал әзірше маңыздысы оның не талап ететіндігін білу. Консеквенциализм үкіметтің қандай да бір қолданып жатқан шарасы немесе қандай да бір істің шынымен де айқын, анық пайда алып келіп жатқандығын ескеруімізді талап етеді. Біз мысалы гомосексуализмді (немесе азарт ойындарды, би билеуді, алкогольды ішімдікті қолдануды, балағаттауды) моральдық тұрғыда дұрыс емес деп есептейтін адамдарды кездестіреміз. Бірақ ол адамдар қаншалықты және қандай жаман салдарларға алып келетіндігін дөп басып айта алмайды. Консеквенциализм болса мұндай негізсіз моральдық тыйым салуға болмайтынын айтады. Ол моральды жаман деп есептейтін адамдардың әрқайсысынан кімге қатысты жаман екенін, яки кімнің өмірі жаман болғанын көрсетуді талап етеді. Осылайша консеквенциализм біреудің өмірін жақсартатын нәрсені моральдық тұрғыда мақұлданатын нәрсе деп есептейді. Көптеген басқа моральдық теориялар, тіпті адамдардың әл-ауқатының қамын ойлаумен ынталанғандары, қандай салдарға алып келетініне қарамастан, ұстануға міндетті ережелерден тұрады. Бірақ утилитаризм - бұл ананы және мұны жасаңыз және мұны және ананы жасамаңыз деген ережелер жиынтығы емес. Утилитаризм осындай ережелердің қандай да бір пайдалы функцияларды орындауын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін тестті қамтамасыз етеді. Сонымен қатар консеквенциализм біздің моральдық және басқа салалар арасындағы айырмашылық туралы түсінігімізге сәйкес келгені үшін де тартымды. Егер біреу кейбір жыныстық жүріс-тұрыстардың түрлерін ұят деп танып, сондықтан моральдық жағынан дұрыс емес деп есептесе, алайда олардан зардап шеккен ешкімді атай алмаса, біз мұнда қолданылатын ұят мінез-құлық идеясы моральға жатпайды деп жауап бере аламыз. Осындай әдепті мінез-құлық жайлы мәлімдемелер эстетикалық мәлімдемелерге немесе этикет пен әдет-ғұрыптарға қаратылған шағымға ұқсас келеді. Кейбіреулер панк-рокты әдепсіз музыка немесе тіпті мүлдем музыка емес деп айтуы мүмкін. Бірақ бұл этикалық емес, эстетикалық сынға айналады. Гомосексуальды жыныстық қатынасты оның қандай да бір жаман әсерін көрсете алмайынша әдепсіз деп айту -- Боб Дилан ерсі ән айтады дегенмен тең, мүмкін тіпті бұл дұрыс шығар, бірақ бұл моральдық сын емес. Консеквенциалисттік болып табылмайтын әдеп нормалары да бар, алайда біздің ойымызша этикетке қарағанда мораль маңыздырақ және консеквенциализм осы айырмашылықты түсіндіруге көмектеседі.
Консеквенциализм, сірә, моральдық және әлеуметтік-саяси мәселелерді шешудің анық тәсілін қамтамасыз етеді. Қай амалдың дұрыс я бұрыс екенін анықтау үшін рухани басшылардан кеңес сұраудың немесе тұманды дәстүрлерге сүйенудің қажеті жоқ. Бізге адамдардың әл-ауқатындағы өзгерістерді өлшеу керек. Сондықтан да утилитаризм тарихта өте прогрессивті болды. Ол ғасырлар бойы адамдарды зұлымдыққа ұшыратқан әдет-ғұрып пен беделділерді адамдардың өмірін шынымен де жақсартып жатқандығына тексерістен өткізуді талап етті (адам - барлық нәрсе өлшемі). Ең бастысы, утилитаризм - бұл ырым мен соқыр сенімге қарсы күшті қару, бұл мораль атын жамылып бізді басқаруға талпынатын адамдарды сынауға мүмкіндік беретін стандарт пен процедураны береді.
Деонтология. Деонтологиялық этика немесе деонтология бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Утилитаризм және деонтология - белгілі екі этикалық жүйе
: Этикалық дилеммалар: ситуациялық талдау
Этика. Құндылықтар философиясы туралы
ҰСТАЗДЫҢ ҰЛТТЫҚ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕ БЕРУГЕ ДЕОНТОЛОГИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫ
Педагогикалық мамандық бойынша білімдендіру үдерісі
Өмірдің мәнін негізгі тақырып етіп ұстанған ойшылдар
Этикадан дәрістер
Бизнес этикасы пәні
Кәсіптік этиканың теориялық-методологиялық негіздері
Медициналық қызметкерлердің психологиялық қасиеттер
Пәндер