1997 жыл: жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу және ұлттық тарихи сананы нығайту


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар: 1997 жыл - Ұлттық бірлік және жаппай саяси жазалау құрбандарын еске алу жылы. Орындаған: Каден Бағлан ИП-21-6к2 Тексерген: Байжанова Алма

Пайдаланылған әдебиет: Назарбаев Н. Ә. Эпицентр әлемі. Астана, 2001.

Ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні - Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы болып аталған 1997 жылдан бастап атап өтіледі. Тәуелсіз Қазақстанда алғашқы болып қабылданған заңдардың бірі - 1993 жылғы сәуірдің 14-індегі «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» ҚР Заңы. Қуғын сүргіннің зардаптары
  • 1930 жылдары Кеңес Одағының құрамында болған Қазақстанда 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшыраған және 25 мың адам ату жазасына кесілген.
  • Жалпы 1930-1953 жылдары аралығында 40 миллионнан астам кеңес азаматтары репрессияға ұшыраған. Әсіресе бұл заңсыз жазалауға Кеңес Одағы құрамында болған барлық халықтар мен ұлттардың бетке ұстар интелегенция өкілдері ұшыраған.
  • Тарихшылардың мәліметі бойынша 1937-1938 жылдары елімізде 100 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырады, ал бұл тізімге енген адамдардың төрттен бір бөлігі ату жазасына кесілді. Олардың арасында қазақ зиялылары: ғалымдар, мәдениет және саясат саласының қайраткерлері болды. Мәселен, Тұрар Рысқұлов, Сәкен Сейфуллин, Мағжан Жұмабаев, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мұхамеджан Тынышпаев, Ілияс Жансүгіров, Абдулла Розыбакиев, Санжар Асфендияров және тағы басқалар.
  • 1921 жылдан бастап 1954 жылдар аралығында КСРО-да шамамен 3 млн 700 мың күнәсіз азаматтар қуғын-сүргінге ұшырады, оның 600 мыңға жуығына өлім жазасы берілді. Ал қалғандары ұзақ мерзімге бас бостандығынан айрылды.
  • Халықтық ішкі істер комиссариатының (ХІІК) ерекше жарлығымен қуғын-сүргінге ұшыраған адамдардың отбасы мүшелері де жауапқа тартылды. Ешқандай айыбы жоқ әйелдері мен кейде апалары, тіпті аналары да жазаланды.
  • Олар үшін арнайы лагерьлер құрылды, мысалы «АЛЖИР» - отанына опасыздық жасағандардың әйелдері қамалған ақмолалық лагерді барлығымыз білеміз.
  • Қазақстанда орналасқан барлық лагерьлерде өлім көрсеткіші өте жоғары болды. Сонымен, 1940 жылдан бастап 1950 жылға дейін Карлагта 10 000 тұтқын көз жұмды. Тіпті, 1943 жылы өлім көрсеткіші өте жоғары болды, бұл жылы әр ай сайын өте ауыр жағдайларда жүздеген адам жан тапсырды.
  • 1953 жылы Сталин қайтыс болғаннан кейін еш кінәсіз сотталғандарға байланысты жазаны қайта қарау процесі басталды және оларды босатыла бастады.
  • Алайда, 1920-1940 жылдары қамауға алынған көптеген азаматтардың тағдыры әлі де белгісіз күйінде қалып отыр.
  • Президенттің 1997 жылғы жарлығынан басқа, 1993 жылы 14 сәуірде «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» заң қабылданды. Бұл егеменді елімізде қабылданған ең алғашқы заңдардың бірі деп есептелінеді.
  • Адамзат баласы өз өткенін, тарихын ешқашан ұмытпауы керек. Бүгінде тәуелсіз ел ұрпақтары АЛЖИР, КарЛаг, Степлаг тұтқындары мен қуғын-сүргінге ұшыраған адамдарды мәңгі есімізде жақстап, құрметтейміз. Біз оларды 31 мамырда ғана еске алып қоймауымыз керек, тарихты оқыған сайын, осы тақырыптағы фильмдерді көрген сайын немес жай күндерде де оларды еске алып отырған жөн. Біз әрқашан Тәуелсіз Қазақстанның арқасында қаншалықты бақытты өмір сүріп жатқанымызды ұмытпауымыз керек.
Президент шешімімен 1998 жыл Қазақстан халқының бірлігі мен ұлттық тарих жылы болып жарияланды. Зиялы қауым ел халқын осы екі маңызды рухани салаларға назар аударуға шақырды. Кеңестік тоталитарлық жүйедегі интернационалдық тәрбие, кеңестік патриотизм мен отаршылдық тарихи сана күн тәртібінен түсірілді. Тәуелсіздіктің рухани факторларын нығайтудың маңызы артты. Әсіресе, қазақ ұлтының өз тарихындағы нақты орнын ел халқына түсіндіру керек болды.
  • Евроцентристік тарихи сана қазақ халқының еңсесін түйірді. Қазақ халқы барлық жетістіктер мен жақсылықтарды Батыстан, Ресейден алды деген түпкілікті қате түсінік басым болып келді. Сондықтан тарих жылының мақсаты - ел халқының дұрыс тарихи санасын тәрбиелеу болды.
Ресей империясының Қазақстанды жаулап алу тарихын зерттеудегі жаңа тәсілдер. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін: себептер, Мұхтар Әуезовтің аштыққа қарсы шаралары және құрбандарды еске алу
1937-1938 жылдары Қазақстандағы жаппай саяси қуғын-сүргін: ұлттық интеллигенцияның тағдыры мен салдары
Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмірі (1925-1940): идеялық күрес, сталинизм және жаппай саяси қуғын-сүргін
1927-1942 жж. Қазақстандағы діни қызметкерлерге қарсы қуғын-сүргін және мешіттердің жаппай жабылуы
Қазақстандағы күштеп ұжымдастыруға қарсы көтерілістер (1929-1931) және 1937-1938 жж. жаппай саяси қуғын-сүргін: себептері, барысы және салдары
Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін (1920-1940 жж.): қазақ зиялыларының тағдыры мен педагогикалық көзқарастары
1928-1938 жылдардағы Қазақстан: ұжымдастыру, ашаршылық және саяси қуғын-сүргін
ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы Зайсан ауданы: қоғамдық-саяси даму мен қуғын-сүргін
1930-жылдардың соңындағы Қазақстандағы сталиндік қуғын-сүргін саясаты: басталуы мен зардаптары
Тәуелсіздік жылдарындағы қуғын-сүргін құрбандарының БАҚ-тағы зерттелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz