ТАЛАС ӨЗЕНІ АЛАБЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНА СУ ҚОЙМАЛАРДЫҢ ӘСЕРІН БАҒАЛАУ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
МРНТИ (39.01.94 )

ТАЛАС ӨЗЕНІ АЛАБЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНА СУ ҚОЙМАЛАРДЫҢ ӘСЕРІН БАҒАЛАУ

Аннотация

Мақалада негізгі мақсат Талас өзені алабының экологиялық жағдайына ірі су қоймалардың әсерін бағалау. Өзеннің негізгі гидрологиялық деректерін жинау және талдау негізінде антропогендік факторларды яғни адамның іс-әрекетін ескере отырып, Талас өзені алабының экологиялық жағдайына ірі су қоймалардың әсері бағаланды. Өзен су қорлары суармалы егіншілік, жайылымды жерлерді суландыруға пайдалынады, өзен ағындысына ықпал ететін адамның шаруашылық іс-әрекетінің нәтижесін бағалау үшін айырымдық және жиынтық интеграл қисықтары тұрғызылды. Сонымен қатар адамдардың суды ирригацияда, өнеркәсіпте, егін шаруашылығында қарқынды пайдалануы су тапшылығын көбейтеді.
Түйін сөздер: табиғи кезең, жиынтық интеграл қисығы, су экологиясы, су қойма, су ресурстары, антропогендік фактор

Аннотация

Основной целью статьи является оценка влияния крупных водохранилищ на экологическое состояние бассейна реки Талас. На основе сбора и анализа основных гидрологических данных реки проведена оценка влияния крупных водохранилищ на экологическое состояние бассейна реки Талас с учетом антропогенных факторов, т.е. деятельности человека. Водные ресурсы рек используются для орошаемого земледелия, орошения пастбищ, построены разностные и суммирующие интегральные кривые для оценки результатов деятельности человека, влияющих на речной сток. В то же время интенсивное использование воды людьми в орошении, промышленности и сельском хозяйстве приведет к увеличению дефицита воды.
Ключевые слова: естественный сток, совокупная интегральная кривая, водная экология, водохранилище, водные ресурсы, антропогенный фактор

Annotation

The main purpose of the article is to assess the impact of large reservoirs on the ecological state of the Talas River basin. Based on the collection and analysis of the main hydrological data of the river, an assessment was made of the impact of large reservoirs on the ecological state of the Talas River basin, taking into account anthropogenic factors, i.e. human activities. The water resources of the rivers are used for irrigated agriculture, irrigation of pastures; difference and summation integral curves are constructed to assess the results of human activities that affect river runoff. At the same time, the intensive use of water by people in irrigation, industry and agriculture will lead to an increase in water scarcity.
Keywords: natural runoff, cumulative integral curve, water ecology, reservoir, water resources, anthropogenic factor

Кіріспе

Талас өзеннің су көлемінің алабы жылдан жылға төмендеп барады. Оған адамның іс-әрекеті яғни антропогендік фактордың әсері өте үлкен. Өзен бастауын Қырғызстанның Талас Алатауынан алып, Мойынқұмның құмдарында тартылып қалады. Өзен бойында ірі бөгендер мен су каналдары және ірі зауыттар салынған. Бұлардың барлығы өзеннің су ресурсына әсер ететіні сөзсіз. Қазіргі таңда Орталық Азия мемлекеттерінің ішінде Қазақстан ауыз сумен ең аз қамтылған мемлекеттердің бірі, себебі біздің еліміздің өзендерінің көбісі трансшекаралық өзендер. Талас өзенінің жоғарғы және орта бөліктерінде су ресурстарын пайдалану, үлкен мәселеге айналып отыр.
Мақаланың мақсаты Талас өзені алабындағы ірі су қоймалардың алынуы экологияға қаншалықты әсер ететінін бағалау. Талас өзені Қазақстанның оңтүстік аймағындағы, Қырғызстаннан басталып Жамбыл облысы арқылы өтетін ірі және маңызды су артериясы. Қазіргі уақытта Талас өзенінің ағындысының қалыпты болуы және оның су ресурстары трансшекаралық мәселесі еліміздің экономикасы үшін маңызы зор. Талас өзенінің су ресурстарын ұтымды пайдалану және оларды қорғау үшін өзеннің трансшекаралық мәселелерін қадағалау және су қоймалардың ықпалын бағалау өзекті мәселелердің бірі болып саналады.
Қазіргі уақытта Талас өзенінің ең жоғары ағындысы және оның су ресурстары аумақтың экономикасы үшін маңызы үлкен. Өзен су қорлары суармалы егіншілік, жайылымды жерлерді суландыруға пайдалынады. Сол себепті, Талас өзенінің су ресурстарын ұтымды пайдалану және оларды қорғау үшін өзенінің ең жоғары ағындысының гидрологиялық сипаттамаларын дұрыс анықтау және су қоймалардың ықпалын бағалау өзекті мәселелердің бірі саналады.
Қазақстанның Жамбыл облысы аумағы Қырғызстанмен шектескен аумағында экологиялық мәселесі жылдан жылға ушығуда. Табиғи су адам өмірінде маңызды рөлді атқарады, жылдан жылға тұщы суға сұраныс артып келе жатыр. Талас өзені ағындысының антропогендік фактор әсерінен өзгеріске ұшырауын бағалау күрделі болып келеді.

Бастапқы деректер және зерттеу әдістері
Талас өзені алабында 52700 км2 аумақты қамтиды, өзеннің ұзындығы 662 км құрайды, оның 452 км Қазақстанда, ал Қырғызстанда 210 км қамтиды бірақ өзен ағындысының қалыптасатын көп бөлігі Қырғызстанда. Өзбекстанда су қоймалардың салыну нәтижесінде Сырдария өзенінің су көлемінің азайуы Арал теңізінің тартылуына әкелді. Су қоймалардың өзен ағындысына оның экологиялық жағдайын әсерін бағалау маңызды. Экологиялық жайдайын бағалау мақалада су өтімінің азайуымен сипатталады. Талас өзені Қырғыз Алатауынан бастау алып, Жамбыл облысындағы Мойынқұм аумағына сіңіп кетеді. Өзеннің көп бөлігі Жамбыл облысының 73%-дан астам аумағын шөл мен шөлейтті жерлер алып жатыр. Өзеннің ағындысы толығымен Қырғызстан аумағында қалыптасады. Қазақстан аумағында Талас өзені бойында су қоймалар өте аз, ал Қырғызстан ең ірі Киров су қоймасы салынған. 1974 жылдан бастап ағысы сыйымдылығы 520 млн м3 Киров су қоймасымен реттеледі. Осы зерттелі отырған Киров су қоймасынан келетін Талас өзенінің Қазақстандағы бекеттерде су өтімінің мәндері оның қаншалықты өзгергендігі жайлы сандық мәндері жазылып отырады. Қазақстанда су өтімінің бақылайтын бекеттер саны өте аз.

1 кесте - Талас өзен алабындағы гидрологиялық бекеттер

Бекеттер саны
Жылдар

1975
1995
2005
2015
Аса өзені алабы
48
15
7
9
Талас өзені алабы
87
18
3
7
Басқа да өзендер
23
2
3
2
Барлығы
158
35
13
18

Байқап тұрғандай 1-кесте бойынша Талас өзені алабындағы орналасқан гидрологиялық бекеттер туралы мәліметтер көрсетілген. Осы кестеде Талас өзені алабының 1975-2015 жылдары аралығындағы бекеттер саны көрсетілген. Бекеттер арқылы өзеннің су өтімін қаншалықты азайғанын көруге болады. Қырғыз аумағындағы Киров су қоймасы (550 млн м3) Жамбыл облысының Байзақ, Жамбыл, Талас, Сарысу ауданымен Тараз қаласын 65000 гектар жерді сумен қамтамасыз етеді.

Нәтижелері

Талас өзені алабындағы ірі су қоймалардың ағыныдыға әсерін бағалау мақсатында РМК Қазгидромет мекемесінің Жасөркен және Жалпақтөбе гидрологиялық бекеттері бойынша максималды су өтімдерінің мәндері алынып, өзен алабының зерттелгендігіне баға берілді, Талас өзені су шаруашылық инспекциясының алаптағы жұмыс істеп тұрған су қоймалар жайлы жалпы мәліметтер жайлы ақпараттар алынды. Өзендегі экологиялық жайдайдың ушығуы уақытын яғни бұзылған кезеңді анықтау үшін айырымдық интеграл қисықтары тұрғызылды.
Талас өзені Жасөркен ауылы бекеті көпжылдық ең жоғары су өтімдердің нәтижелері бойынша, 1930-1973жылдар аралығында Талас өзені - Жасөркен ауылы бекеті үшін орташа ең жоғары су өтімі 130 м3с, ал экологиялық ахуалдың бастауы 1974-2015 жылдарда 57,1 м3с 2 есе азайғанын байқауға болады, яғни бұл өендегі экологиялық ахуалды артып келе жатқанын көрсетеді. Сонымен қатар Талас өзенінің суы ауыл шаруашылығына, егіндікке, қала мен ауылдарда ауыз суға пайдаланылады. Табиғи (1930-1972), тұрмыстық кезең (1973-2015) ең жоғары өтімдерін салыстыру барысында, оның өзгергені байқалды. Тұрмыстық шаруашалық іс-әрекет нәтижесінде табиғи ағынды мөлшері 43 %-ға төмендеген. Екі кезеңді салыстыру нәтижесінде, 1972 жылдан бастап жоғарғы су өтімі екі есе азайған.

Сурет 1. 1-Талас өзені - Жасөркен және 2 - Жалпақтөбе бекеттері бойынша тұрғызылған айырымдық интеграл қисықтары.

Сурет 1 бойынша Талас өзені Жасөркен бекеті және Жалпақтөбе ауылы бекеті бекеттері бойынша тұрғызылған айырымдық интеграл қисықтары. Талас өзені алабында орналасқан бекеттер бойынша қарастырылып отырған уақыт кезеңінде 1970 жылдарға дейін табиғи кезең деп, ал 1975 жылдан кейін бұзылған кезеңге жатқызуға болады. 1971-1975 жылы Талас өзеніндегі Киров су қоймасының (W=550 млн м3 ) пайдаланылуға берілуі және су алабының ұлғаюы және су ағындысының азаюы, ағынды режимін қалыптастыру жайдайына айтарлықтай өзгерістерге алып келді. Киров су қоймасы 1975 жылы салынып бітті. 1969-1970 жылдарға дейінгі кезеңді, табиғи кезең деп алып, ал 1970 жылдан кейінгі кезеңді бұзлған кезең деп алсақ болады. 1970 жылдан бастап Талас өзеніндегі ағындының көлемінде елеулі өзгерістер болған, яғни атропогендік фактордың әсері, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Антропогенді әсерлердің негізгі көзі
Daphnia sp тест - объектісін пайдалана отырып Астана қаласының табиғи және ақаба суларын бағалау
Іле – Балхаш бассейіндегі кәсіптік маңызы бар балық түрлерінің биологиялық сипаттамасы
Қазақстанның трансшекаралық өзендері
ҚАЗАҚСТАН ӨЗЕНДЕРІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазақстан сулары
Гидрологиялық есептеулер мен гидрологиялық болжаулар пәні бойынша өндірістік практика есебі
Іле-Балқаш аймағының су ресурстарын бағалау
Қарастырып отырған территорияда атмосфералық жауын - шашынның таралуы тым бірқалыпсыз
Трансшекаралық өзендер
Пәндер