Инвестициялық үрдістің қаржыландыру көздері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Инвестициялық үрдістің қаржыландыру көздері

Инвестиция - жаңа құрылысқа, жабдықтауға, жұмыс жасап тұрған кәсіпорынды ұлғайтумен техникалық қайта жабдықтауға, тұрғын-үй , мәдени тұрмыстық құрылысқа кеткен шығындар.
Инвестиция немістің invesition деген сөзі және бұл кәсіпорынға (фирма) пайда табу мақсатында ұзақ мерзімге салынған капитал мөлшерін көрсетеді. Инвестиция қайнар көзіне өнеркәсіп кәсіпорынының көптеген пайдасы, ірі банктердің еркін ақшалай қоры, тұрғындардың жинаған ақшалары, мемлекеттің ақшалай қаржылары, яғни мемлекеттің табыстары (салық, кеден салығы және т.б.) жатады. Одан барлық шығындарын алып тасталынады. Олар инвестиция ретінде жаңа кәсіпорынды салуға, жол құрылысына , денсаулық сақтау, оқу ағарту, мәдени объектілеріне жұмсалады.
Инвестиция көзі болып жаңадан қалыптасқан (құрылған) құн немесе таза табысының жинақтаған бөлігі саналады.
Инвестиция маңызы - экономиканың тұрақты және жоғары қарқынының қалыптастыруда, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін енгізуде, инфрақұрылымды дамытуда бөлінеді. Инвестицияны дамытуда кәсіпорынды қаржыландыратын және ұзақ мерзімге немесе беретін мамандандырылған инвестициялық банктер мен акционерлік қоғамның акцияларынан құралған инвестициялық қорлар ерекше роль атқарады. Қазақстан Республикасының заңдары экономиканың барлық саласын инвестициялық тұрғысынан қолдауға бағытталған.
Инвестициялар нақты инвестициялар және қаржы инвестициялары болып бөлінеді. ( бірінші қосымшаны қараңыз)
Нақты инвестициялар - капиталдың өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына, құрылысқа және т.б. жұмсалымы.
Қаржы инвестициялары - мемлекеттен, басқа да кәсіпорындардан, инвестициялық қорлардан бағалы қағаздар акцияларды сатып алуға бағытталған.
Бірінші жағдайда, инвестор, өзінің өндірістік капиталының көлемін -- өндірістік негізгі қорлар мен айналым қорларын ұлғайтады. Екінші жағдайда инвестор бағалы қағаздардан дивиденд алу арқылы өзінің қаржы капиталын ұлғайтады.
Сонымен қатар, инвестициялар тікелей және жанама болып бөлінеді. Тікелей инвестициялар - республиканың тәуелсіздік кепілдігіне байланысты және арнайы техникалық көмек грантқа арналған инвестициялардан басқа барлық инвестиция түрлері.
Жанама инвестициялар - қоржындағы инвестициялар, басқаша айтқанда құнды қағаздар мен мүліктік бағалы заттар.
Коммерциялық тәжірибеде мұндай инвестициялардың түрлері:
-- табиғи активтерге инвестициялар;
-- ақша активтеріне инвестициялар;
-- материалдық емес активтерге инвестициялар.
Нақты активтерге байланысты инвестициялар мынадай топтарға бөлінеді:
-- Тиімділікті арттыруға бағытталған инвестициялар. Олардың негізгі мақсаты жабдықтарды ауыстыру, персоналды оқыту және өндіріс қуаттар өндірісін тиімді жағдайы бар аймақтарға қарай ауыстыру арқылы фирманың шығындарын азайтуға жағдай жасау.
Өндірісті кеңейтуге бағытталған инвестициялар. Негізгі мақсат -- өндіріс орындарының нарыққа тауар шығару қабілеттілігін кеңейту.

Инвестицияны материалды заттық және ақшалай нысанына бөлуге болады. Материалдық заттық инвестиция - ол салынуға тиiстi өндiрістiк және өндiрiстiк емес объектiлер жабдықтар. Машиналар және сонымен қатар ол ауыстыруға немесе техникалық парктерді кеңейтуге, материалдық заттарды басқа инвестициялық тауарларды арттыруға бағытталған, ал инвестицияның ақшалай нысаны болса, ол - ақшалай капиталдың материалдық - заттық инвестициясын жасауға, инвестициялық тауарларды қамтамасыз етуге жұмсалады.
Өндiрiстегi жалпы инвестицияны өнiм инвестициясы деп атайды. Ол - негiзгi капиталдың негiзгi қор артуын қолдауға бағытталады. Жалпы инвестиция бiрiктiрушi екеуiнен қосылады. Оның iшiнде бiреуi - амортизация.
Екіншi бiрiктiрушi таза инвестиция - бұл капиталдың қаржы жұмсау негiзгi қорларды арттыру, өсiре беру, ғимараттар салу, өндiру және қондыру, косымша жабдықтар, қолда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инновацияның міндеттері
Шетел инвестицияларының қазіргі жағдайы
Қазақстан Республикасының бюджеттік саясаты
Шағын бизнестегі инновация жәнеақпараттық технология
НАРЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРАМДЫ БӨЛІГІ РЕТІНДЕ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ КОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ
Инвестицияның методологиялық мазмұны
Венчурлық кәсіпкерліктің теориялық және ғылыми-тәжірибелік проблемаларын зерттеу, Қазақстан экономикасындағы ұлттық инновациялық жүйенің басымдықтарын анықтау, елімізде венчурлық кәсіпкерліктің дамуы мен кәсіпорынның инновациялық қызметіне талдау жасау
Минералды бюджет қамтамасыздандыру деңгейін теңестіру
Халықаралық инвестициялық ынтымақтастық
Нарықтық жағдайда инновацияның экономикалық рөлі
Пәндер