Қар көшкіндерінің негізгі параметрлерін анықтау


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Қар көшкіндерінің негізгі параметрлерін анықтау

ЖҰМЫСТЫҢ МАЗМҰНЫ

Қар көшкін түрлері мен көлемін есептеу

Қар көшкін түрлері. Қар көшкіні қозғалысы кезіндегі қар көшкін түзілуі сипаты бойынша келесі түрлерге бөлінеді:

1) қардағы сұйық судың болуы бойынша - сулы және құрғақ;

2) үзілу түрі бойынша - нүктелік үзілу және сызықтық үзілу;

3) «қарлы тақталар» - беткі қар қабатының қату кезінде туындайтын механизммен болатын көшкіндер. Күн, жел және жылу әсер етуінен мұз қабыршағы пайда болады, оның астында қардың құрылысы өзгереді. Жарма тәріздес қалыптасқан борпылдақ масса бойынша массивтен бөліну кезінде тығыз және ауыр қар қабаты төмен қарай оңай сырғиды, ол өзімен көптеген қар массасын алып жүреді.

Қардағы сұйық судың түзілуіне әсер етуші негізгі фактор, ауа темпертурасы болып табылады. Қысқы кезеңде жалпы температуралық фон неғұрлым жоғары болған сайын, сулы қар көшкінінің жүру ықтималдылығы жоғары. Қыстың температуралық жағдайының жалпыланған көрсеткіші ретінде, әдетте өте суық ай болып саналатын қаңтардың орташа айлық темпертурасы алынады.

Сулы қар көшкінінің Р м , қыстағы максималды көлемдегі пайда болу ықтималдығын бақылаудың Т-ға тәуелдігі мынадай:

Т, °С
-15
-15 -10
-10 -5
-5 - 0
Т, °С: Р м
-15: 0, 0-0, 2
-15 -10: 0, 2-0, 5
-10 -5: 0, 5-0, 7
-5 - 0: 0, 7-1, 0

Қар көшкінінің сызықты үзіліп жүру ықтималдығы Р сызық. қар жамылғысы һ көтерілуіне байланысты жоғарылайды. Ол мына кестеде көрсетілген:

h, см
10-30
30-50
50-70
>70
h, см: Р лин
10-30: 0, 0-0, 1
30-50: 0, 1-0, 5
50-70: 0, 5-0, 9
>70: 0, 9-1, 0

Қар көшкін көлемі

Қар көшкіні көлемін есептегенде қар көшкінінің түрін ескеру қажет және қар қалыңдығының басып алу коэффициентін К h мен ошақ ауданын К өңдеуді енгізу қажет. Нүктелік үзікті қар көшкіні үшін қар көшкіні көльемі V мына формула бойынша есептеледі:

V=һ 0 ∙ℓ 1 (2ℓ-ℓ 1 ) tg(φ/2)

мұндағы һ 0 - қар көшкінінің түзілуіне қатысатын қар қабатының қалыңдығы, ℓ - беткейдегі белсенді қар көшкінінің ұзындығы; ℓ 1 - қар көшкіні түзілу зонасының кеңеюі жүретін беткей телімі ұзындығы, ℓ 1 =80 м(егер ℓ<80 м ℓ 1 = ℓ) ; φ - қар көшкіні түзілу зонасы кеңеюінің бұрышы, φ=10 0 (Болов, 1981) .

Сызықтық үзілудегі қар көшкінің көлемін есептеу формуласы: V=hK h FK F , мұндағы h - қар жамылғысының биіктігі, F - ошақтың ауданы. 222, 4-252, 4

Нүктелі үзікті борпылдақ қарлы қар көшкіні үшін h 0 -ң һ тәуелділігі қар жамылғысы биіктігі 50 см дейін болғанда ғана көрінеді. Бұл аралықта h 0 Һ үлкейген сайын өседі, ал олардың максималды мәні Һ жақындай түседі. Егер қардың биіктігі 50 см жоғары болса, борпылдақ қарлы қар көшкінінің үзік қалыңдығы Һ тәуелді болмайды, жаңадан түскен қар қабаты қалыңдығына тән, 10-30 см деңгейде сақталады.

Қар тақталарынан түзілетін сызықтық үзікті қар көшкіндерінде, қар жамылғысы биіктігі 300 см дейін һ 0 -дің Һ тұрақты тәуелділігі байқалады, һ жоғарылаған сайын һ 0 өседі, бірақ қар қалыңдығының толық басып қалу ықтималдығы төмендейді. Сулы қар көшкіні үшін, құрғақтылық мәні бойынша салыстырғанда жоғары.

Сипатталған тәуелділік теңдеулермен көрсетіледі:

1) сызықтық үзілулі құрғақ қар көшкіні үшін К һ =0, 8е -0, 25һ

2) нүктелік үзілулі құрғақ қар көшкіні үшін К һ =0, 9е -1, 6һ

3) сызықтық үзілулі сулы қар көшкіні үшін К һ -0, 3һ

4) нүктелік үзілулі сулы қар көшкіні үшін К һ -1, 5һ

Мұндағы һ, қар жамылғысының қалыңдығы, м.

Ошақ ауданының К F пайда болу коэффициенттінің зерттеу нәтижесі қар көшкіні түзілуіне қатысушы һ, қар тақтасының қалыңдығы көтерілуінен К F өсетіндігін көрсетті. Сол уақытта ошақтың ауданы үлкен болған сайын, қар көшкінінің барлық жер бетінде жүру ықтималдылығы төмен болады. Сондықтан да бірдей қалыңдықта F өскен сайын үзілу коэффициенті К F төмендейді.

К F таралу формасы ошақ ауданы мен қар тақтасының қалыңдығына тәуелді. Үлкен қалыңдықтағы үзікті қар көшкіні (һ 0 >100 см) кезіндегі шағын қар көшкінін жинағыштарында (F<10 га) К F таралуы оң ассиметриялы. Ал қар тақтасы қалыңдықтағы (һ 0 <50 см) шағын болғандағы ірі ошақтарда (F>30 га) К F таралуы теріс ассиметриялы. Егер F=10-30 га, һ 0 =50-100 см К F таралуы қалыпты.

Қар тақталы қар көшкіні үшін ошақ ауданының пайда болу коэффициентінің тақтаның қалыңдылығы мен ошақ ауданына тәуелділігінің аппроксимирленген теңдеуі мынадай болуы мүмкін:

К F =0, 1һ 0 +(0, 9-0, 7е -0, 7һо ) е -3, 5F

Мұндағы һ 0 -қар көшкінін түзуші қар тақтасының қалыңдығы м, F - ошақ ауданы, м 2 .

К F коэффициентінің орташа мәні 1-кестеде көрсетілген.

1-кесте.

Қар тақталы көшкіні үшін ошақ ауданының пайда болу коэффициенті

Қар көшкінінің түрі
Ошақтың ауданы, га
Қар тақтасының қалыңдығы, см
10-20
20-40
40-60
60-100
100-150
150-200
Қар көшкінінің түрі: құрғақ
Ошақтың ауданы, га: <5
Қар тақтасының қалыңдығы, см: 0, 26
0, 33
0, 42
0, 54
0, 68
0, 81
Қар көшкінінің түрі: 5-10
Ошақтың ауданы, га: 0, 22
Қар тақтасының қалыңдығы, см: 0, 29
0, 36
0, 46
0, 59
0, 71
Қар көшкінінің түрі: 10-20
Ошақтың ауданы, га: 0, 17
Қар тақтасының қалыңдығы, см: 0, 23
0, 30
0, 38
0, 48
0, 59
Қар көшкінінің түрі: 20-50
Ошақтың ауданы, га: 0, 09
Қар тақтасының қалыңдығы, см: 0, 13
0, 17
0, 23
0, 30
0, 38
Қар көшкінінің түрі: сулы
Ошақтың ауданы, га: <5
Қар тақтасының қалыңдығы, см: 0, 19
0, 28
0, 38
0, 52
0, 68
0, 81
Қар көшкінінің түрі: 5-10
Ошақтың ауданы, га: 0, 16
Қар тақтасының қалыңдығы, см: 0, 24
0, 33
0, 45
0, 59
0, 71
Қар көшкінінің түрі: 10-20
Ошақтың ауданы, га: 0, 13
Қар тақтасының қалыңдығы, см: 0, 19
0, 27
0, 36
0, 48
0, 59
Қар көшкінінің түрі: 20-50
Ошақтың ауданы, га: 0, 07
Қар тақтасының қалыңдығы, см: 0, 11
0, 16
0, 22
0, 30
0, 38
Қар көшкінінің түрі: >50
Ошақтың ауданы, га: 0, 03
Қар тақтасының қалыңдығы, см: 0, 05
0, 08
0, 11
0, 17
0, 23

2-кезең - Қар көшкіні қаупінің деңгейін анықтау критерийлері.

Ең төмен - Қар көшкіні 100 жылда 1 рет шамамен 10 % аумақты зақымдайды. Адам өлімінің ықтималдылығы жылына кемінде 1 адамнан 1 адам. Имараттар үшін зиян жоқ. Көп қар жауған жылдары туристерге ық беткейлі қарлы ірі аймақтарға қашу керек;

Төмен - Қар көшкіні 10 жылда 1 рет шамамен 10% аумақты зақымдайды. Адам өлімінің ықтималдығы 1000 адамнан 1 адам. Иммараттардың сақталу мерзімі 100 жылға жуық. Имараттарды қауіпсіз жерлерде орналастыру қажет. Туристер мен шаңғышыларға . қардың биіктігі 50 см астам болғанда ірі беткейлерге шықпауға кеңес беріледі;

Орташа - Қар көшкіні жыл сайын 10-20% аумақты зақымдайды. Адам өлімінің ықтималдылығы жылына 100 адамнан 1 адам. Имараттардың сақталу мерзімі 10-100 жыл. Имараттарды қауіпсіз жерлерде орналастыру немесе қар көшкінінен қорғау қажет. Туристерге аңғар түбі бойымен жүруге кеңес беріледі. Шаңғышылар дайындалған беткейлерде сырғанауы қажет;

Жоғары - Қар көшкін жыл сайын 20-50% аумақты зақымдайды. Адам өлімі ықтималдылығы жылына 10 адамнан 1 адам. Имарттардың сақталу мерзімі 1-10 жыл. Имараттар қар көшкінінен қорғалуы тиіс. Қар көшкіні қауіпті кезеңдерде туристер мен шаңғышыларға кіруді шектеу қажет;

Ең жоғары - Қар көшкіні жыл сайын 50% астам аумақты зақымдайды. Адам өлімінің ықтималдылығы жылына 2 адамнан 1 адам. Имараттардың сақталу жарамдылығы кемінде 1 жыл. Имараттарды орналастыру қолайсыз. Қысқы мерзімде адамдарды кіргізуді шектеу қажет.

3-кезең - Қар көшкіні қауіпті жерлерді анықтау. Үздіксіз сызықты үзілмелі қар көшкіндерінің құрылу мүмкіндігі және біріңғай қар көшкіні ағындарының түзілу шегіндегі, қар көшкіні белсенді жерлер, көшкін ошағы мен қосылып қар көшкінінің туу аймағы болып табылады. Оған транзиттік аймақ пен қар көшкінінің домалану аймағы төменнен жалғасып, қар көшкін жинағыш ошағында бірге түзіледі. Қар көшкінін жинағыш тобы, пайда болған жалпы транзит аймақ пен домалану аймағы - қар көшкіні алабы деп аталады. Қар көшкінін жинағыштардың жіктелуі, морфологиялық негізі және оның құрам бөліктері 2-кестеде көрсетілген. Қар көшкіні жинағыштың морфологиялық сипаттамасына қосымша морфометриялық параметрдің сандық сипаттамасы анықталады. Олар барлық сипаттамаларды өзіне қосуы керек, қар көшкін қозғалысы мен қалыптасуға әсер етушілер де есептеу кезінде қолданады. Қар көшкіні қозғалысы көрсеткендей, қар көшкіні жинағышына әсер ететін математикалық үлгі және қар көшкінінің талданған есептеу әдісі, мынадай параметрлерден тұрады: Н қар көшкінін жинағыштың артуы, F қар көшкіні ошағының ауданы, α еңістер және ℓ қима бойындағы участкелердің ұзындығы, γ 0 ошақ бұрышының қалыңдығы және γ В домалау аймағының жайылу бұрышы.

2-кесте.

Қар көшкін жинағыштың морфологиялық жіктелуі

Қар көшкін жинағыш бөлімі
Критерийлері
Альтернативтік белгілері
Қар көшкін жинағыш бөлімі: Барлық қар көшкін жинағыш
Критерийлері: Қар көшкін жинағыштың пішіні
Альтернативтік белгілері:
  1. Астаулы
  2. Беткейлі
Қар көшкін жинағыш бөлімі: Ошақ
Критерийлері: Ошақтың пішіні
Альтернативтік белгілері:
  1. Науа
  2. Оймыш
  3. Аңғар
  4. Тік беткей
  5. Ойыс беткей
  6. Дөңес беткей
Қар көшкін жинағыш бөлімі: Транзиттік аймақ
Критерийлері: Көлденең қиманың пішіні
Альтернативтік белгілері:
  1. V
  2. Џ
  3. -
Қар көшкін жинағыш бөлімі: Айнымалы
Критерийлері:
  1. Тура
  2. Ирелең
Қар көшкін жинағыш бөлімі: Кертпештің болуы
Критерийлері:
  1. Жоқ
  2. Бар
Қар көшкін жинағыш бөлімі: Домалану аймағы
Критерийлері: Жайылу жағдайы
Альтернативтік белгілері:

Кедергісіз жайылу:

  1. Беткей бойынша
  2. Аңғар түбі бойынша
  3. Конус шығаруы бойынша
  4. Сай саласындағы жайылу шектелуі
Қар көшкін жинағыш бөлімі: Қар көшкін қозғалыс жолындағы кедергілердің болуы
Критерийлері:
  1. Бар
  2. Кедергінің болуы, қаркөшкінін тежеу
  3. Кедергінің болуы, қар көшкінін тоқтату

3-кесте.

Қар көшкін жинағыштың артуына ошақтың орташа ауданының тәуелділігі

Қар көшкін жинағыштың артуы м
Әр түрлі типтегі ошақтардың орташа ошақ ауданы (га)
беткейлер
науалар
оймыштар
аңғарлар
Қар көшкін жинағыштың артуы м: 100
Әр түрлі типтегі ошақтардың орташа ошақ ауданы (га): 1, 7
0, 5
1, 0
-
Қар көшкін жинағыштың артуы м: 200
Әр түрлі типтегі ошақтардың орташа ошақ ауданы (га): 3, 5
1, 0
2, 0
-
Қар көшкін жинағыштың артуы м: 300
Әр түрлі типтегі ошақтардың орташа ошақ ауданы (га): 5, 2
1, 5
4, 0
-
Қар көшкін жинағыштың артуы м: 400
Әр түрлі типтегі ошақтардың орташа ошақ ауданы (га): 6, 9
2, 5
6, 0
15
Қар көшкін жинағыштың артуы м: 500
Әр түрлі типтегі ошақтардың орташа ошақ ауданы (га): 8, 6
3, 5
9, 0
20
Қар көшкін жинағыштың артуы м: 600
Әр түрлі типтегі ошақтардың орташа ошақ ауданы (га): 10, 3
5, 5
12
25
Қар көшкін жинағыштың артуы м: 700
Әр түрлі типтегі ошақтардың орташа ошақ ауданы (га): 12
7, 5
17
35
Қар көшкін жинағыштың артуы м: 800
Әр түрлі типтегі ошақтардың орташа ошақ ауданы (га): 14
10
22
45
Қар көшкін жинағыштың артуы м: 900
Әр түрлі типтегі ошақтардың орташа ошақ ауданы (га): 18
12
27
55
Қар көшкін жинағыштың артуы м: 1000
Әр түрлі типтегі ошақтардың орташа ошақ ауданы (га): 25
15
33
70

ЖҰМЫСТЫҢ ОРЫНДАЛУЫ:

1-кесте. Ақсеңгір метеостанциясы бойынша 2009 жылғы қаңтар айының орташа ауа температурасы және қардың биіктігі мәліметтері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Австрия мен Швейцария және басқада Еуропа елдірінде қар көшкіні қауіпін азайту шаралары
Экологиялық апаттар
Геологиялық сипаттағы апаттар
Қарлы боран
Су тасқыны туралы
Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігі мәселесі және оны шешу жолдары»
Іле алатау таулары
Табиғи төтенше жағдайлар
Ұжымдық қорғаныс және жеке қорғаныс құралдары
Жер сілкінісі, сел, су тасқыны кезіндегі халықтың іс-әрекеті. қоршаған ортаның ластанушыларынан қорғану әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz