Лабораториялық жұмыс №1: Жазық өзендердегі су тасуы кезеңіндегі ағынды болжау әдістемесі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Зертханалық жұмыс №1

ЖАЗЫҚТЫҚ ӨЗЕНДЕРДЕ СУ ТАСУ МЕЗГІЛІНДЕГІ АҒЫНДЫ БОЛЖАМЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІН ЖАСАУ

Лабораториялық жұмыс №1

ЖАЗЫҚТЫҚ ӨЗЕНДЕРДЕ СУ ТАСУ МЕЗГІЛІНДЕГІ АҒЫНДЫ БОЛЖАМЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІН ЖАСАУ

Су тасуы кезеңінің элементтері болжамының әдістемесін жасау қарастырып отырған физикалық-географиялық ауданда ағындының пайда болу шарттарын және заңдылықтарын жан-жақты зерттеу негізінде анықталады.

Су тасуы кезеңіндегі ағынды болжамының әдістемесін жасау үшін келесі мәселелерді шешу қажет:

  1. Су тасуы кезеңіндегі жалпы жіне беттік ағындыны, оның басталу жіне аяқталу датасын анықтау.
  2. Алаптағы қарда және мұз қабыршығындағы су қорын, қарың еруі кезіндегі жауын-шашын мөлшерін және қардың еруі соңынан су тасуының соңына дейінгі жауын-шашын мөлшерін анықтау.
  3. Алаптағы топырақ-грунтының ылғалдану дәрежесінің қосымша сипаттамаларын анықтау.
  4. Топырақ-грунтының қатуының орташа тереңдігін анықтау.
  5. Су тасуы кезеңіндегі ағындының шығынын есептеу.
  6. Су тасуы кезеңіндегі ағындының өзін анықтайтын факторларға тәуелділігі графигін тұрғызу.

Су тасуы кезеңіндегі ағындының қардағы жиынтық су қорына және көктемгі жауын-шашынға тәуелділігі жуықтап келесі өрнек түрінде жазылуы мүмкін:

(5. 1)

(5. 2)

мұнда, х=x=x қ 1 (х- кар жамылғысындағы су қоры, х 1 - қардың еруі кезеңіндегі жауған жауын-шашын мөлшері), P max - мұз қабыршағының максимальді мүмкін болу шығынының кемуі.

Жоғарыда көрсетілген формулаларды қолдану барысында болжамды шешу Pmax шамасын анықтауға әкеліп соқтырады. Бұл параметр қазіргі уақытта топырақтың ылғалдануының жанама сипаттамасына оның қату тереңдігіне және т. б. байланысты жуықпен бағаланады.

P max параметрі жөніндегі бастапқы мәліметтер бақыланған ағынды және қардағы су қоры шамаларын пайдалану арқылы (5. 1) және (5. 2) формулалар бойынша кері есептеулер жүргізу жолымен алынуы мүмкін. Содан кейін (5. 1) және (5. 2) формулалары үшін жеке-жеке Pmax параметрінің оны тудыратын факторларына немесе олардың индекстеріне тәуелділігі графиктері тұрғызылады:

Есептік байланыс ретінде екі байланыстың қайсысының қателігі кем болса сол қабылданады. Қарастырып отырған жұмыста уақытты үнемдеу мақсатында есептеу (5. 1) және (5. 2) формулаларының бірімен жүргізіледі.

U және L мәндері бойынша болжам жасалғанда P max мәнін P max = f(U, L) байланыс графигінен анықтаймыз. Pmax және х шамалары бойынша формула немесе номограмма арқылы еріген ағынды қабатын есептейміз.

Болжамдық тәуелділік сондай-ақ Y=f(x, v) графиктік тәсілімен берілуі мүмкін.

Көктемдік ағынды болжамы әдетте ықтималдық түрде жасалады:

,

мұнда, у’- күтілімдегі шаманың орташа мәні, бр - берілген қамтамасыздық қателігі.

Болжамды құрастырмас бұрын алдын-ала қателіктің кездейсоқтық дәрежесін зерттеу қажет, ол үшін δ = f(y’) байланыс графигін тұрғызу керек. Егер болжам қателігі есептелінген (у) айнымалысына тәуелді әрі қалыпты үлестірім заңына бағынатын болса, онда

,

мұнда К р - берілген қамтамасыздыққа сәйкес қалыпты ауытқу, 1-кесте бойынша анықталады. S y-y’ -болжамның орташа квадраттық қателігі. Егер үлестірім асимметриялық сипатта болып келсе, онда δ р шамасы болжам қателіктерінің эмпирикалық қисығы бойынша орнатылады.

Су тасуы кезеңіндегі жазықтық өзендер ағындысы болжамының әдістемесін жасау мысалы.

Берілгені:

  1. Нұра өзенінің Шешенкара ауылы тұсындағы су тасуы кезеңіндегі ағынды мәндері.
  2. Қар жамылғысындағы су қоры.
  3. Қардың еруі кезеңіндегі жауын-шашын мөлшері
  4. Күзгі топырақтың ылғалдану көрсеткіші.

Талап етіледі:

  1. Көктемгі ағынды болжамы үшін тәуелділікті графоаналитикалық және графиктік тәсілдермен тұрғызу.
  2. Болжам сапасына баға беру
  3. Қабылданған тәуелділік бойынша болжамды ықтималдық түрде жасау керек:

А) қарастырып отырған жыл болжамының орташа квадраттық ауытқуын анықтау;

Б) болжам қателіктері мен болжанып отырған ағынды байланысы графигін тұрғызу

В) 5, 10, 25, 50, 75, 90, 95% қамтамасыздықтағы болжамдарды жасау.

Тапсырманы орындау барысында төмендегілер орындалады:

  1. Қысқаша түсіндірме жазба
  2. Pmax= f(U, L) немесе Pmax=f(U) ; y=ф(x, U) Pmaxбайланыс графиктері
  3. δ; S және тексермелі болжамдарды есептеу кестелері
  4. берілген қамтамасыздықтағы су өтімдері кестесі.

Су тасуы ағындысы болжамын (5. 4) және (5. 2) қатынастар бойынша ықтималдық түрде жасау үшін берілген жыл болжамының орташа кваадраттық ауытқуын анықтау керек. Бұл ауытқу болжамдық тәуелділігінің дәлділігіне, аргументтің нормадан ауытқуына, қатар мүшелерінің санына байланысты. Сонымен

,

Мұнда f(Δ/σ x , n) - 5. 1 - кесте бойынша анықталған функция; Δ - болжам жасалатын негізгі тәуелсіз айнымалының нормадан ауытқуы, ( Δ=x- ) - негізгі болып болжанып отырған құбылысқа басқаларына қарағанда басым әсер ететін тәуелсіз айнымалы саналады; шамасының орташа квадраттық ауытқуы; S -барлық тексермелі болжамдардың жиынтық орташа квадраттың ауытқуы.

1-кесте Нура -Шешенкара бойынша (1952-1971жж)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан өзендерінің көктемгі ағындысын болжау: әдістері, ерекшеліктері және максималды ағындар мен су тасқыны деңгейлерінің болжамы
Лабораториялық жұмыс №18: термопараны дәрежелеу және температураны анықтау; №1: электр өлшеу құралдары мен олардың жұмыс принциптері
Лабораториялық жұмыс №1: Балқитын үлгілер арқылы құйма алу технологиясы және керамикалық қауыз жасау
Лабораториялық жұмыстар №1-3: Delphi-де мәліметтер базасын құру, тіркеу және компоненттік құралдарымен жұмыс
Лабораториялық жұмыс №1. Минералды заттардың құрамын және ылғалдылығын анықтау әдістері: құрғату, Чихова, пикнометрлік, ареометрлік және рефрактометрлік
Ішкі су қоймалардың ластануы және ағынды суларды тазарту әдістері
Математиканы оқыту әдістемесі: 1-4 сыныптарға арналған жұмыс оқу бағдарламасы
HBV-light моделін қолдана отырып Күршім өзені алабының көктем-жаз айларындағы су тасқындарын болжау
Сырдария өзеніндегі тасқын суды болжау және қорғау шаралары: су қоймалары мен арналарды басқару
Нұра өзені (Бес-Оба бекеті): су өтімі қисықтарын тұрғызу және жылдық ағынды есептеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz