Алматыдағы 1986 ж. Желтоқсан көтерілісі: себебі, сипаты, салдары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Филология факультеті

Тақырыбы: Алматыдағы 1986 ж. Желтоқсан көтерілісі: себебі, сипаты, салдары
Мамандығы: 6В02303 - Шетел филологиясы
Курс: 1

Орындаған: ИНФИЛ 101 группасының студенті
Шаттықова Нұрайым

Ақтөбе, 2022 жыл
Алматы қаласындағы басталған Желтоқсан көтерілісінің себептерi, басталуға түрткi болған себеп. Көтерілістің сипаты, қозғаушы күштерi. 17-18 желтоқсанда Алматыда болған оқиғалар, олардың басқа қалаларға әсерi. Кеңес Одағы Коммунистiк партиясы мен Үкiметiнiң жастардың бейбiт шеруiн қарудың күшiмен басып-жаншуы. Желтоқсан көтерілісінің салдары. Желтоқсан көтерілісінің Қайрат Рысқұлбеков және басқа да жас батырлары. Желтоқсан көтерілісінің тарихи маңызы. 1989 жылғы Жаңаөзен қаласындағы оқиға.
1986 жылғы Желтоқсан ұлт-азаттық көтерілісі. 16 желтоқсан күні болып өткен Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің кезектен тыс Пленумы республиканы ширек ғасырға жуық уақыт басқарған Д.А.Қонаевты қызметінен босатып, оның орнына сол уақытқа дейін Ресей Федерациясында Ульянов облыстық партия ұйымын басқарған Г.В.Колбинді сайлады. Д.А.Қонаев

Г.В.Колбин

Шын мәнінде бұл ешқандайда сайлау емес, ендігі уақытта Қазақстанда Орталықтың саясатын жүргізуге тиіс болған номенклатура өкілін пленумға жиналғандарға таныстыру рәсімі ғана еді. Республика жұртшылығының өмірлік мүдделеріне қатысты мәселені шешудегі Орталықтың әділетсіз әрі өктем бұл қадамы қордаланып қалған халық наразылығының жанартаудай атылып сыртқа шығуына түрткі болды.

Көтеріліс кезіндегі басылым беттері

17 желтоқсан күні таңертең Алматының Брежнев атындағы алаңына халық жинала бастады. Кешке қарай жиналғандардың саны шамамен 25-30 мыңға жетті. Олардың басым бөлігі Мәскеудегі билік жариялаған қоғамды қайта құру (1985 ж.) ұрандарына сеніп, сондай-ақ Конституциялық құқықты пайдаланып өздерінің еркін білдіруге шыққан студент және жұмысшы жастар болатын.
Бейбіт шеруге шыққандардың қолдарына көтерген Ұлт саясатының лениндік принциптерін сақтауды талап етеміз!, Ешқандай ұлтқа артықшылық берілмесін!, Әр республикаға -- өзінің басшысы! және басқа осы мазмұндағы ұрандар тоталитарлық жүйе жағдайында өз пікірін ашық айтудан қалған халықтың саяси еркіндікке, сондай-ақ шынайы мемлекеттік дербестікке ұмтылысын айғақтайтын еді.
Жиналған көпшілік республика басшылығындағы мұндай өзгерісті Д.А.Қонаевтың өзінің келіп түсіндіруін талап етті. Сонымен бірге жұмысшы жастар өздерінің ауыр әлеуметтік жағдайын, әсіресе тұрғын үй мәселесін, жұмыс тапшылығын, қазақ тілінің қолдану аясының барған сайын тарыла түскендігін өзекті өткір мәселе ретінде қойды.

Желтоқсан көтерілісі кезіндегі түсірілген суреттер
Орталық алаңдағы жағдай бірден Мәскеудегі Бас хатшыға және басқа билік орындарына баяндалды. Осы сәттен бастап республикадағы билік толығымен орталықтың құзырына өтті. Алматыдағы саяси наразылықты өз билігіне төнген қатер ретінде қабылдаған Орталық оны күш қолдану арқылы басып-жаншу жолына түсті. Билік бейбіт шеруге шыққан жастармен тең дәрежедегі диалогқа баруды қажет санамайтындығын анық байқатты. Өз ретінде билік алдына қатаң талаптарын қойған бейбіт шеруге жиналушылар нанымды жауап алмайынша алаңнан тарамайтындықтарын мәлімдеді.
Сол күні кешке Мәскеуден Алматыға ұшып келген топтың құрамында КСРО Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары, КСРО Бас прокурорының орынбасары, КСРО мемлекеттік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары, республика Компартиясы Орталық комитетінің бірінші және екінші хатшылары, республика Ішкі істер министрі және мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің төрағасы бар наразылықты басып, тарату штабы құрылды.
Құрамында қазақ ұлтынан ешкім де болмаған бұл штабтың жұмысын КСРО Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары генерал-полковник Б.К. Елисеев басқарды. Штабтың қарауына шамамен 20-25 мың адамнан тұратын Алматы гарнизонының, КСРО Ішкі істер министрлігінің Алматы облысында, сондай-ақ Фрунзе, Ташкент, Челябі, Новосібір, Уфа, Свердловск, Тбилиси қалаларында орналасқан арнайы ұшақтармен Алматыға алдырылған әскери күштері берілді.

Желтоқсан көтерілісі кезі
Әскерилерге қарусыз шерушілерді қуып таратуға қажетті қару-жараққа қосымша 15 БТР, 20 өрт сөндіруші машина берілді. Милиция және әскер құрамаларына саны 10-15 мың шамасындағы темір сойылдармен қарулаған жасақшылар көмектесті. Сонымен, екі күнге созылған қарусыз халықтың қарсылығын билік орындары нағыз қатыгездікпен басып-жаншыды.

Алматыдағы қарусыз бейбіт шеруге шыққан жастарды қарулы әскер күштері қуып тарату барысында 8,5 мың адам ұсталып, олардың 2401-і уақытша қамау орындарына жеткізіліп, қалғандары қала сыртына апарып тасталды, 1,7 мыңнан астап адам дене жарақатын алды, олардың бірнешеуі сол жарақаттан қаза тапты. Сот үкімімен 99 адам түрлі мерзімге, екі адам өлім жазасына кесілді. Осы көтерілісте қаза болғандар екі адам Ербол Сыпатаев пен Савицкий делінген, алайда, кейіннен 26 желтоқсанда Өскемен қаласында тергеушілердің қорқытуы салдарынан жатақхана терезесінен секіріп Сәбира Мұхаметжанованың, көтеріліс кезінде басына тиген соққыдан 1987 жылдың 18 наурызында Қараспан ауылында (Оңтүстік Қазақстан облысы) Кенжегүл Молданазарованың, 1988 жылы 21 мамырда Семей түрмесінде Қайрат Рысқұлбековтың қаза болғаны анықталды. Қаза болғандар қатарында Алматы музыка училищесінің студенті Ләззат Асанова бар. Қайрат Рысқұлбеков пен Мырзақұл Әбдіқұловқа берілген ату жазасы халықаралық қауымдастықтың қарсылығы нәтижесінде кейіннен 20 жылдық абақтыға алмастырылды. Қ Рысқұлбеков белгісіз жағдайда Семей абақтысында өлтірілді.
Алматыдағы көтеріліске ұласқан бейбіт шерудің жалғасы ретінде Жезқазған, Қарағанды, Павлодар, Көкшетау, Арқалық, Жамбыл, Шымкент, Талдықорған қалаларында, Шамалған, Сарыөзек елді мекендерінде бой көрсетулер болып өтті. Оларға 2,5 мыңнан астам адам қатысып, 281-і ұсталып, 20-дан астамы түрлі мерзімге сотталды.
Желтоқсанда орын алған биліктің күш қолдану әрекеттері империялық орталықтың осыдан жетпіс жыл бұрынғы, яғни 1916 жылғы қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісіне байланысты жауыздық іс-қимылдарын еске салатын еді.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумы комиссиясының көрсетуінде көтеріліс күндері Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің, қалалық және облыстық партия ұйымдарының нұсқауы бойынша Алматы зауыттарында басым түрде еуропалық ұлт өкілдерінен құралған жасақтар үшін темір арматураның кесіктерінен, резинадан жасалған кабельдермен, шынжырлардан арнайы қарулар даярланды. Көтеріліс басылған соң ресми билік орындары бұл қаруларды әзірлеген шеруге шыққан жастар деп мәлімдеді.
Қазақ жастарының 1986 ж. желтоқсандағы шеруінің түрі ұлттық болғанмен ұлтшылдық емес еді. Ол басқа халықтарға, оның ішінде орыс халқына қарсы бағытталмаған болатын. Ол саяси сипаттағы бейбіт демонстрация еді, мемлекеттік құрылысты құлатуға шақырған жоқ-ты. Бірақ республиканың және орталықтың партиялық- бюрократтық құрылымы тарапынан ол экстремистік пиғылдағы ұлтшыл жастар тобының бүлігі деп бағаланды. Жүйе оны қазақ ұлтшылдығы деп айыптаудан бастап, ақырында ұлттық тең құқықтылықты өзі бұзды.
Желтоқсан көтерілісінің сипаты, оның көлемі мен зардаптары туралы шындық айтылмады. КОКП Орталық Комитетінің Қазақстан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның қалаларында болған демократиялық сипаттағы қазақ жастарының шерулерінің Желтоқсан көтерілісі
Ел мәртебесі тәуелсіздік туын тұңғыш көтерген желтоқсан
1986ж. Қарағандыдағьі желтоқсан оқиғасы және оның облыстың қоғамдық өміріне әсері
Қазақ әдебиетіндегі желтоқсан тақырыбы
1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қазақ жастарының қатысуы және оның тарихи маңызы
Желтоқсан оқиғасының тарихтағы орны
Желтоқсан көтерілісі, хронологиясы
Тәуелсіздік жолындағы күрес
Желтоқсан оқиғасы қарсаңындағы көтерлістің қозғаушы күші
Қайта құру кезеңіндегі республиканың қоғамдық-саяси өміріндегі өзгерістер
Пәндер