Кедендік төлемдер


1) Кедендік төлемдер ме салықтарға салық жүйесіндегі орнына жалпы сипаттама беріңіз. Кедендік төлемдердің салық жүйесіндегі ерекшеліктері мен елiмiздiн бюджетін қалыптастырудағы рөлін атаңыз . Кедендік төлемдердің (баждар мен алымдардын ) өзіне тән белгілерін атаңыз .
Салықтар - тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендің шекарсы арқылы өткізуге байланысты алынуы Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелген ҚҚС мен акция және бұл белгіленген мөлшерде жән көрсетілген мерзімдерде мемлекеттің өзінің қызметтері мен міндеттері жүзеге асырудың көзі болып табылатын ұлттық табыстың бір бөлігі. Салықтар мемлекеттің құрлуы мен қатар қалптасты және мемлекеттің өмір сүріп дамуының негізі болып табылады.
Кедендік төлем кеден аумағы арқылы тауарларды өткізу кезінде кедендік төлемдерді қолданудың базалық мәселелері Кеден кодексімен белгіленген, сонымен де кедендік төлемдердің жіктеуі келтіріледі, оларды есептеудің тәртібі бекітіледі, кедендік төлемдерді төлеушілер, кедендік төлемдерді, салықтарды төлеу бойынша міндеттер туындайтын және тоқтатылатын сәттер анықталады, оларды төлеудің мерзімдері белгіленеді, кедендік төлемдер төленуін қамтамасыз етудің жалпы мәселелері, мәлімденген кедендік рәсімдерге сай, кедендік төлемдерді қолданудың ерекшеліктері регламенттеледі.
Қазақстан Республикасында қолданылатын кедендік төлемдер:
- кедендік баж;
- кедендік алымдар;
- алымдар;
- алдың ала шешім үшін төлемақы.
Салық жүйесі дегеніміз - бұл мемлекетте жиналатын салықтардың, сондай-ақ оларды ұйымдастырудың формалары мен әдістерінің жиынтығы болып табылады. Салық жүйесінің әрбір құрамдас бөлігі мемлекеттік экономикалық реттеудің нақты құралы болып табылады. Салықтардың және салықтық сипаттағы алымдар мен төлемдердің тізімі. Еліміздің бюджетін қалыптастыруда Қазақстан Республикасының Салық кодексімен бекітіледі .
- Кедендік баждарды құру кезінде экономикалық табиғат пен олардың атқаратын функцияларын ескеру қажет, өйткені олар баждардың принциптері мен әдістерін анықтайды.
- Өзімен өзі баждардың деңгейі, оны әдемдік және ұлттық бағалар дейгейімен салыстырмай-ақ, оның орындайтын функцияларын сипаттай алмайды. 10 процент деңгейінде белгіленген әкелу бажы протекционистік функцияны орындай алады, егер тауарға әлемдік жәгне ұлттық бағаның арасындағы 10 проценттен төмен болса, ынталандырушы - егер ол бағалардағы айырмаға сәйкес келсе.
- Егер әр түрлі тауарларға көлемі бойынша бірдей кеден баждары белгіленсе, онда олардың барлығы сыртқы саданы реттуде бірдей функцияны атқаратындығын білдірмейді. Бір тауарға әлемдік және ұлттық бағалар арасындағы қалыптасатын қатынастарға байланысты бұл баждар протекцтондық функцияны орындайды. Басқалар үшін - әкелу масштабтарын тұрақтандыру, үшіншілер үшін - импорттың мүмкіндіктерін кеңейту.
- Баждардың көлемін импорттық және отандық өндірістің тауарындағы бәсекелестік жағдайларының өзгеруімен әлемдік және ұлттық бағалардың арасындағы қатысты ескере отырып, түзету керек.
- Баждарды түзеткен кезде ұлттық өндіріс жағдайымен тауар ұсынысындағы өзгерістерді ғана емес сонымен қатар әлемдік нарықтың жалпы канюктурасының халықаралық шығындар мен әлемдік бағаны өзгерістерін де қажет.
Кедендік төлемдердің өзіне тән сипаттамалары
Кеден одағының Кеден кодексінің 70 бабына сәйкес, кедендік төлемдерге мыналар жатады:
- кедендік әкелім бажы;
- кедендік әкетілім бажы;
- кедендік одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу кезінде алынатын қосылған құн салығы;
- кедендік одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу кезінде алынатын акциз (акциздер) ;
- кедендік алымдар.
Аталған төлемдер әртекті, соның салдарынан құқықтық реттеудің маңызды ерекшеліктеріне ие .
Кедендік шекара арқылы өтетін тауарларға Қазақстан Республикасының кедендік тарифтеріне сәйкес кедендік баждар салынуы керек.
Қазақстан Республикасының кедендік тарифі - Қазақстан Республикасының кедендік территориясына әкелінген және осы территориядан шығарылған тауарларға қолданылатын кедендік баждар ставкаларының жиынтығы.
Бұл тауарлар Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасына сай жүйеге келтірілген және топтастырылған Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасы Әлемдік Сауда Ұйымының мүшелері елдерінде пайдаланылатын тауарларды кодтау және бейнелеудің үйлесімделген жүйесіне негізделіп жасалған Қазақстандағы экономиканың дамуына қарай сыртқы экономикалық әдістері үлкен роль ойнауда, соның ішінде орталық орынды кедендік тарифтер алады. Онсыз сыртқы экономикалық қызметті либерализациялау мүмкін емес.
Экономикалық негізделген кедендік тарифті енгізу әкімшіл-әміршілден сыртқы экономикалық қызметті реттеудің эклнлмикалық әдістеріне өту жолында маңызды қадам болды.
Кедендік баждар - кедендік баждар тауарларда режимдерде декларациялау кезінде төленеді, бұларға орналастыру жағдайы ҚР-ның кедендік тарифіне сәйкес кедендік баждар төлеуді белгілейді кедендік баждардың ставкаларын ҚР-ның Үкіметі белгілейді
- Кедендік алымдарғакедендік рәсімдеу үшін кедендік алым, Кедендік ілесіп алып жүру үшін кедендік алым тауарларды сақтау үшін кедендік алым жатады.
- Тауарлары мен көлік құралдары негізгі кедендік рәсімдеу кезінде кедендік рәсімдеу үшін ҚР-ның Үкіметі белгілеген мөлшерде кедендік алым алынады.
- Кедендік ілесіп алып жүру үшін алымды ҚР-ның Үкіметі белгілейді бірнеше көлік құралын кедендік ілесіп алып жүруге қатысушылардың санына барабар бөлінеді.
- Иелері кеден органдары болып табылатын кеден қоймалары мен уақытша сақтау қоймаларында тауарларды сақтау үшін кедендік алымдар алынады.
- Тауардың жіктемесіне, шығарылған елін және кедендік құнын айқындау әдіснамасына қатысты алдын ала шешім қабылдағаны үшін
Кедендік алымдар - кеден органдары, тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу, кедендік алып жүру үшін, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының кеден органдары бекітетін қоймаларда сақтау үшін алатын кедендік төлем түрлері. Қазақстан Республикасында кедендік алымдарға мыналар жатады:
1) кедендік ресімдеу үшін кедендік алым;
2) кедендік ілесіп алып жүру үшін кедендік алым;
3) тауарларды сақтау үшін кедендік алым.
2) Әкелу және әкету кедендік баждарының түсінігін берiнiз . Әкелу баждарынын әкету баждарынан айрмашылықтары мен мемлекеттік бюджетті құрудағы ерекшеліктері қандай ? Әкелу және әкету кедендік баждары бойынша жеңілдіктер . Әкелу және әкету кедендік баждарын төлеу мерзімдері
Кеден бажы - тауарларды кеден шекарасы арқылы өткізуге байланысты кеден органымен өндіріліп алынатын міндетті төлем бола тұра (КО КК 4 бабы 1 тармағы 25 тармақшасы), сыртқы сауда қызметін тарифтік реттеудің құралы болып табылады. Кеден одағының қызмет етуі жағдайында үшінші бір елдермен жасалатын сыртқы сауданы реттеудің бірыңғай шаралары мен Бірыңғай кедендік тарифі белгіленеді және қолданылады (2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағын құру және бірыңғай кеден аумағын қалыптастыру туралы Шарт) .
Кедендік әкелім баждарын белгілеу және есептеудің, сонымен қатар, тарифтік жеңілдіктерді анықтау мен қолданудың құқықтық аспектілері, Бірыңғай кеден тарифін қалыптастыру тәртібі, кедендік әкелім баждарының түрлері, тарифтік жеңілдіктердің (төлеуден босату немесе ставканы төмендету түрінде) қолданылуы, кедендік әкелім баждарын төлеуден босату жағдайлары, тауар шығарылған еліне қарай бекітілген баж ставкаларын қолдану тәртібі белгіленген 2008 жылғы 25 қаңтардағы Бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы Келісіммен реттеліп отырады.
Бірыңғай кедендік тариф үшінші елдерден бірыңғай кеден аумағына әкелінетін, Сыртқы экономикалық қызметтің Бірыңғай тауар номенклатурасына (КО СЭҚ ТН) сәйкес жүйелендірген, кедендік баж ставкаларының жиынтығын білдіреді.
Кедендік әкелім баждарының ставкаларын Комиссия белгілейді. Қазіргі уақытта Еуразиялық экономикалық комиссияның 2012 жылғы 16 шілдедегі №54 Шешімімен бекітілген кедендік әкелім баждарының ставкалары қолданылады.
Бірыңғай кедендік тарифте кедендік әкелім баждарының мына мөлшерлеме түрлері қолданылады:
- адвалорлық, баж салынатын тауарлардың кеден құнының пайызы есебімен есептеледі;
- арнайы, баж салынатын тауардың бірлігі үшін есептеледі;
- аралас, яғни адвалорлық және арнайы түрлерді үйлестіретін.
Кедендік әкелім баждарының ставкаларын қолдану тауар шығарылған елге байланысты болады.
Осылай, Кеден одағында тарифтік преференциялардың бірыңғай жүйесі қолданылады. Кеден одағының тарифтік преференцияларының бірыңғай жүйесін пайдаланушы елдердің тізбелері мен бірыңғай кеден аумағына әкелгенде тарифтік преференциялар ұсынылатын дамыған елдер мен дамушы елдерден шығатын тауарлардың тізбесін Комиссия анықтайды (Кеден одағы Комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы «Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының кеден одағының бірыңғай кедендік-тарифтік реттеуі туралы» № 130 Шешімі) . Төлеуге жататын кедендік баждардың сомасы, кедендік бажды есептеуге арналған базаны және кедендік баж ставкасының тиісті түрін қолдану жолымен анықталады (КО КК 76 бабы) . Осылайша, төлеуге жататын кеден бажының мөлшерін дұрыс анықтау үшін тауарларды дұрыс жіктеу, тауар шығарылған елді дұрыс анықтау, кедендік бажды - кедендік құнды және (немесе) тауардың өзге де сипаттамаларын есептеу үшін базаны шынайы анықтау өте маңызды болып табылады.
Тарифтік жеңілдіктер кедендік әкелім бажын төлеуден босату немесе кедендік әкелім бажының ставкасын төмендету түрінде қолданылады.
Тарифтік жеңілдіктердің қолданылуы 2008 жылғы Бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы Келісімнің 5 және 6 тармақтарының ережелерімен реттеледі.
2008 жылғы 12 желтоқсандағы Тарифтік жеңілдіктер ұсыну туралы Хаттамада 2008 жылғы 25 қаңтардағы Бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы Келісіммен көзделмеген жағдайларда тарифтік жеңілдіктер беру туралы шешімді Комиссия қабылдайтыны белгіленген. Мұндай тарифтік жеңілдіктер Кеден одағы Комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы «Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының кеден одағының бірыңғай кедендік-тарифтік реттеуі туралы» № 130 Шешімімен бекітілген.
Кедендік әкелім баждарын төлеу тәртібі 2010 жылғы 20 мамырдағы Кеден одағында кедендік әкелім баждарын есепке жатқызу және бөлудің тәртібін белгілеу және қолдану туралы Келісіммен белгіленген нормаларды ескере отырып, Кеден одағы кеден кодексінің 11 тарауымен реттеледі.
Сәйкесінше әкелу баждары өздері ел жағдайындағы ұқсас тауарды өндірушілердің жоғары шығындарының арасындағы айырмашылығы болып табылады және осындай тауарларды өндірушілердің негізгі шығындарымен анықталатын сәйкесінше төмен әлемдік бағалармен ерекшеленеді. Мұндай өндірушілер тауарларды әлемдік нарыққа шығарып, онда осы тауарларды өндіру облысында тұрақты тұрақты бәсекелестік басымдылықтарға ие болып келеді. Баға мен дифференциалданған рентаның жалпы теориясы және оның кедендік баждардың қалыптасу концепциясында қолданылуы мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатын жүзеге асырудың негізгі құралы болып табылатын кеден саясатының негізін жасау үшін объективті база құрады.
Кедендік әкетілім баждары ставкаларын белгілеу Кеден одағына мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамалары деңгейіне жатқызылған.
Кедендік әкетілім баждарын есептеу және төлеу тәртібі Кеден одағының Кеден кодексімен реттеледі, ал Кеден одағының кеден заңнамасымен реттелмеген бөлігі - Кеден одағына мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамаларымен реттеледі. Шикі мұнай мен мұнайдан жасалған әрі Беларусь Республикасынан әкетілетін тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты кедендік әкетілім баждарын есептеу және төлеудің айрықша тәртібі белгіленген (2010 жылғы 9 желтоқсандағы Беларусь Республикасынан Кеден одағының кеден аумағынан тысқары жерлерге шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарлардың жекелеген түрлерін әкету кезінде кедендік әкетілім баждарын (баламалы күші бар өзге баждарды, салықтарды және алымдарды) төлеудің және есепке жатқызудың тәртібі туралы Келісім) .
3) Кедендік катынастарда қолданылатын салықтар . Қосылған құн салығы кедендік төлемдер жүйесінде . Қосылған құн салығының базасы, ставкалары қалай анықталады . импортка косылған құн салығынының айналымға қосылған кұн салығынан ерекшеліктері неде ? Акциз салыгы : обьектiсi не және субъектілері кімдер ? Базасы мен ставкасы калай анықталады ?
Қосылған құнға салынатын салық бойынша салық салмағы мен ауыртпашылығы тұтынушыларға түседі, солардың мойнына жүктеледі. Сондықтан, экономист ғалымдар бұл салықты тұтынушыларға салынатын салық деп атайды.
Қосылған құнға салынатын салықтың өзіне тән ерекшеліктерін сипаттасақ:
- біріншіден, олар тауарлардың (атқарылатын жұмыс, көрсетілген қызметтердің) бағасына заңда белгіленген ставкамен қосылғандықтан нақты салық төлеуші сатушы емес, сатып алушы болып табылады;
- екіншіден, тауарды өндірушіден (жұмыс атқарушы, қызмет көрсетуші) қосылған құнға салынатын салық сомасы қосылған тауарды сатып алушы (сатушы) сол тауарды алу кезіндегі шығындарына салық сомасын қосып қайтадан сатқандықтан тауарлардың бағасының күрт өсу тенденциясы байқалады;
- үшіншіден, тауарлардың (жұмыстың, қызметтің) бағасы мен тарифіне қосылғандықтан және бұл салықтан жалтару қиын болғандықтан мемлекеттік бюджетке айтарлықтай мөлшерде мол түсім түсіреді, яғни экономикалық дағдарыс пен өндірістердің құлдырауы кезеңінде бұл салықтың маңызы артады. Сондықтан, қосылған құнға салынатын салық кеңінен тараған жанама салық түріне жатады.
Қосылған құн салығынан мынадай тауарлардың импорты босатылады:
- 1) ұлттық және шетелдік валюта банкноттары мен монеталары (мәдени-тарихи құндылығы бар банкноттар мен монеталардан басқа), сондай-ақ бағалы қағаздар;
- 2) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес бекітілген тауарларды бажсыз әкелу нормалары бойынша жеке тұлғалар жүзеге асыратын тауарлар;
- 3) акцизделетін тауарларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен гуманитарлық көмек ретінде әкелінетін тауарлар;
- 4) акцизделетін тауарларды қоспағанда, мемлекет, мемлекеттердің үкіметтері, халықаралық ұйымдар желілері бойынша, техникалық жәрдем көрсетуді қоса алғанда, қайыымдылық көмек мақсатында әкелінетін тауарлар;
- 5) шетелдің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің ресми пайдалануы үшін, сондай-ақ осы өкілдіктердің дипломатиялық және әкімшілік-техникалық персоналына жататын адамдардың, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, жеке пайдалануы үшін әкелінетін және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес салықтан босатылатын тауарлар;
- 6) салық төлеуден босатуды белгілейтін кеден режимдерінде Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес декларациялануға жататын тауарлар;
- 7) почта маркалары (коллекциялық маркалардан басқа) ;
- 8) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және оның ұйымдары жүзеге асыратын, ақша белгілерін шығаруға арналған шикізат;
- 9) мемлекеттердің, мемлекеттердің үкіметтері мен халықаралық ұйымдардың желісі бойынша берілген гранттар қаражаты есебінен жүзеге асырылатын тауарлар импорты.
Қосылған құн салығының ставкалары
Қосылған құн салығының ставкасы 12 процентті құрайды және салық салынатын айналым мен салық салынатын импорттың мөлшеріне қолданылады.
Қосылған құн салығын төлеу мерзiмдерi
Қосылған құн салығын төлеуші бюджетке жататын жарнаға салықты орналасқан жері бойынша есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25 -нен кешіктірмей әрбір салық кезеңі үшін төлеуге міндетті. Импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында кеден төлемдерін төлеу үшін айқындалатын күні төленеді.
Акциздер мен ҚҚС белгілеу, енгізу және қолдану Кеден одағына мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамаларының нормаларымен реттеледі.
Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамалық актілерімен салық ставкалары, салықтарды есептеуге арналған салық базасын анықтаудың тәртібі, салық жеңілдіктері, төленуге жататын салық сомаларын анықтау тәртіптері белгіленген.
Сонымен қоса, мәлімдеу кеден рәсіміне сәйкес, салықтарды қолданудың ерекшеліктері Кеден одағының Кеден кодексімен реттеледі.
Акциз салығы жанама салық ретінде тікелей салықтардан мынадай белгілері арқылы ерекшеленеді:
- Акциз салығы, егер оны тиімді әрі ұтымды қолданса, мемлекет бюджетінің тұрақты кіріс көзіне айналуы мүмкін.
- Акциздер аз әрі шамалы үлестермен алынады, сондықтан олардың ауыртпашылығы салық төлеушілер үшін тікелей салықтармен салыстырғанда онша сезілмейді.
- Акциздер тек салық төлеушіде ақша бар кезде ғана төленеді. Өйткені салық төлеуші екінші дәрежелі қажеттіліктегі тауарларды тек ақшасы бар кезде ғана сатып алады. Ал тікелей салықтарды төлеу салық төлеуші қаржы жағынан қиын жағдайда болған кезде талап етуі мүмкін.
- Акциздер мемлекет үшін тиімді әрі қолайлы болып табылады, себебі, салық төлеушінің бұл салықтан жалтаруы қиындау.
- Акциздерді жинау тікелей салықтарды жинауға қарағанда жеңілдірек.
Акциз ставкалары
Акциз ставкаларын ҚР Үкіметі бекітеді және тауар құнына пайызбен және заттай нысандағы өлшем бірлігіне абсолюттік сомада белгіленеді. Акцизделетін тауарлардың бүлінуі дегеніміз- тауардың барлық немесе жекелеген сапасының нашарлауы, соның салдарынан пайдалануға жарамай қалуы.
4) Арнайы кедендік баждар . Демпингке карсы кедендік баждар. Өтемакылык кедендік баждар . Қорғау баждары . Осы аталған баждарды қолданудың негiздерi мен кажеттіліктеріне сипаттама беріңіздер
Арнайы кеден бажы:
Егер тауарлыр Қазақстан Республикасының аумағына соншалықты көп мөлшерде немесе осындай өнім өндіретін отандық өндірісшілерге зиян келтіретін немесе тікелей бәсекелес тауарлар арқылы зиянды қауіп төндіретін жағдайларда әкелінетін болса, қорғану шарасы ретінде;
Осы салада Қазақстан Республикасының мүддесін бұзатын сыртқы экономикалық байланыстарға қатушыларға ескеру шарасы ретінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдары мен айқындалатын жағдайда нысапсыз басекелестіктің жолн кесу шарасы ретінде;
Басқа мемелекеттер мен олардың одақтары тарапынан Қазақстан Республикасының мүдделеріне нұқсан келтіретін кемсітушілік және өзге де әрекеттеріне жаап шарасы ретінде қолданлады.
Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінетін және бұл аумақтан алып кетілетін тауарлар мен көлік құралдарына кедендік баждар салынады. Кеден баждары - тауарларды, бағалы заттарды, әр түрлі қозғалатын мүлікткі, оның ішінде кеден вдомствосының бақылауы астында шекара арқыл өткізлетін жылу, электр және т. б. энергияларды әкелу, аумақтан асырып өткізу немесе алып кету кезіндегі кеден органдарымен алынатын міндетті түрдегі мемлекеттік ақшалай алымдар. Баж салынатын тауарлар мен баж мөлшерлемелерінің тізімі Қазақстан Республикасының Кедендік тарифінде көрсетілген. Дамушы мемлекеттерден импорталатын тауарларға кеден бажының преференциялдық мөлшерлемесі салынады. Ең аз дамыған елдерде шығарылған тауарларды әкелу кезінде преференциялдық 0 мөлшерлеме қолданылады. Өнеркәсіптік дамыған мемлекеттердің дамушы елдер үшін преференциялары Біріккен Ұлттар Ұйымының қарауында ұйымдастырылған преференциялар жалпы жүйесіне кіреді.
Кеден баждарының мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітіледі, бірыңғай болып табылады және Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан тауарларды өткізетін тұлғаларға, мәміле түрлеріне, кеден заңдарында көрсетілген кездерінен басқа жағдайларға байланысты өзгертілмейді, және ресми жарияланғананан кейін 30 күн өткен соң күшне енеді. Кедндік рәсімдеу үшін кедендік баждан тыс, төленетін кедендік баж сомалары, кедедік баждың бір түрінен әр түрлі валютамен төлеу кедендік органының рұқсаты қажет.
Демпингке карсы кедендік баждар
-әлемдік рыноктың немесе импорттаушы елдің ішкі бағаларынан төмен баға бойынша экспортталатын тауарларға салынатын қосымша импорттық баж салығы.
1) өзімен орналастыру шарттары осындай кедендік рәсімнің қолданылуы аяқталғанға немесе тоқтатылғанға дейін және осы тауарлардың осындай кедендік рәсімге сәйкес пайдалану шарттары сақталған кезде арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеуді көздемейтін кедендік рәсіммен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға;
2) осы Кодексте осы тауарлар санаттары үшін белгіленген олардың пайдаланылу шарттары сақталған кезде осы Кодекстің 355-бабының 4-тармағына және 364-бабының 2-тармағына сәйкес кедендік рәсімдермен орналастырылуға жатпайтын жекелеген тауарлар санаттарына қатысты төленбейді.
Өтемақылық кеден баждар - мынадай жағдайларда қолданылатын баждар:
- өндіру немесе экспорттау барысында тауарлардың Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінуі;
- өндіру барысында тауарлардың Қазақстан Республикасының кеден
- аумағының шетке әкетілуі
Қорғаушы баждар - қандайда бір тауарды Қазақстан Республикасының аумағына жеткізу жағдайында кеден баждарының мөлшкрінен жоғары кеден органдарының өндіріп алатын баждары.
5) Кеден одағының кеден кодексіне жалпы сипаттама берініз . Кеден одағының кеден кодексi реттейтін катынастар шеңберін атаныз . КР кеден кодексі мен кеден одағынын кеден кодесiнiн салыстырмалы талдауын беріңіз .
Кеден одағындағы кедендік бақылау кеден одағының кеден заңнамасымен реттеледі. Кедендік бақылауды құқықтық жетілдіру кеден заңнамалар негізінде жүзеге асырылады.
Кеден одағының кеден заңнамасы:
- Кеден одағының кеден кодексінен;
- одағындағы кедендік құқықтық қатынастарды реттейтін халықаралық шарттарынан;
- Кеден одағы комиссиясының Кеден одағының кеден кодексіне және кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес қабылданатын кеден одағындағы кедендік құқықтық қатынастарды реттейтін шешімдерінен тұрады.
Кеден одағының кеден заңнамасы кеден одағының кедендік аумағында қолданылады. Егер кеден одағының кеден заңнамасына сәйкес кеден одағындағы кедендік реттеу кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын болса, мұндай заңнама кеден одағына мүше мемлекеттің аумағында қолданылады.
Кеден одағының кеден кодексi реттейтін катынастар
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz