Буын аурулары: себептері, түрлері, белгілері және алдын алу


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Буын аурулары неден пайда болады?

Адамдар жарақат алған кезде, ауыр заттарды көтергенде буынаралық шеміршек жарылып кетеді де, ондағы жүйке тамырлары мен қан тамырлары қысылып қалады. Нәтижесінде, зат алмасудың бұзылуынан буын аурулары пайда болады.

Буын ауруларын емдемес бұрын неден пайда болғанын анық­тап алған дұрыс. Ол үшін қан са­раптамалары, рентген тексе­рулері жүргізіледі. Нәтижесінде, сараптама қорытындысына сәйкес ем тағайындалады.

Буын ауруларының түрлері қандай?

Сорбуын (артрит) . Бұл буын қабынуынан сүйекке зақым келтіреді. Нәтижесінде, буындардың қалыпты жұмысы бұзылып, қисаяды, сіңірлер мен бұлшықетті зақымдайды.

Шорбуын (артроз) . Ағзаға қоректік заттың сіңбеуінен шорбуын пайда болады. Бұл 55 жастан асқан жандарда жиі кездеседі. Ауырған адамның түнге қарай буындары күтірлеп, ауруы күшейеді.

Коксартроз. Буын ауруының бұл түрі жамбас буындарының зақымдалуы, буын шеміршектерінің бұзылуынан пайда болады. Нәтижесінде, адам жүрген кезде ауру ұлғайып, буынның қозғалуы қиындайды.

©sustav-med. kz/

Остеоартроз. Сүйек құрылысының зақымдалуынан болатын остеоартроз сүйектің тығыздығын кемітеді. Ал тығыздығы кеміген сүйек сынғыш болады. Подагра. Бұл адам бойындағы айналыс заңының бұзылуынан туындайды. Подагра кезінде науқастың буындары ісініп, қатты ауырады.

Буын аурулары неден пайда болады?

Буын аурулары адам ағзасында тұқымқуалаушылық сипатта және жүре пайда болады. Жүре пайда болатын буын ауруларына темекі шегу, артық салмақ және түрлі аллергиялар себеп болады. Сондай-ақ буындардың қабынуы мына себептен болуы мүмкін:

  • сүйектің сынуы;
  • инфекция;
  • өзіндік иммундық аурулар, буын қызметінің нашарлауы;
  • буындардағы шеміршек майының таусылуы;
  • жарақат салдарынан сынған сүйектердің дұрыс бітпеуі;
  • ревмотологиялық аурулар;
  • остеартроз салдары;
  • экологиялық ахуалдың нашарлығы;
  • жейтін тағам мен ішетін судың сапасыздығы;
  • қимыл-қозғалыстың аздығы мен көп салмақ қосу;
  • буындарға артық салмақ салу.

©sustav-med. kz

Буын аурулары науқаста болса, мына белгілері арқылы білуге болады.

  • буындардың ауруы, қақсауы;
  • буындардың ісінуі;
  • буын айналасының қызуы;
  • буын айналасындағы терінің қызаруы;
  • буындардың қимыл-қозға­лысының шектелуі (бүгілмеуі немесе жазылмауы) ;
  • ауыр жағдайларда безгек, әлсіздік және лейкоциттердің көбеюі мүмкін.

Алдын алу үшін…

Ағзаға кальций мен натрийдің жетіспеуінен буынның қозғалу қабілеті төмендейді. Сол үшін үй жағдайында ешкінің сүті, орамжапырақ шырынымен буынға мына емдік әдістерді жасауға болады.

©sustav-med. kz

  • Ауырған буынды балмен сылап, орамжапырақтың үшінші қабатын жұмсартып, бал жағып 3-4 сағатқа орап тастайды. Осы емдеу тәсілін 10 күн бойы жасауға болады.
  • 1 сарымсақ езіп, 100 г лимон шырынына қосады. Лимон мен сарымсақ қалдығын қайнаған суға салып, жылылай жауып қояды. Күніне ұйықтар алдында осы қоспаны ішуге болады. Емдеу тәсілі 10 күнге созылады.

Буын ауырса, омыртқаның қызметіне әсер етеді де, организм шаршайды. Мамандардың айтуынша, бұл ауруды емдемесе, мүгелектікке әкелуі мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Малдардың бедеулігі мен сүт безі аурулары: түрлері, себептері, клиникалық белгілері және алдын алу шаралары
Көз аурулары: себептері, түрлері және емдеу-алдын алу шаралары
Төлдердегі тыныс алу жүйесі аурулары: түрлері, клиникалық белгілері және алдын алу-емдеу шаралары
Невроз: анықтамасы, клиникалық белгілері, түрлері, себептері және алдын алу
Тыныс алу органдарының аурулары және бронхит: себептері, клиникалық түрлері мен алдын алу шаралары
Аталықтардың белсіздігі: себептері, белгілері және алдын алу
Сүт безінің аурулары: клиникалық белгілері, жіктелуі, емдеу және алдын алу
Мал тұяқ аурулары: қоздырғыштары, клиникалық белгілері, емдеу және алдын алу
Сиыр мен құнажындардың бедеулігі және сүт безі аурулары: түрлері, себептері және алдын алу шаралары
Менингит: себептері, патогенезі, клиникалық белгілері, алдын алу және емдеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz