Жалпы энтомология пәні


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ZHE 2206 - ЖАЛПЫ ЭНТОМОЛОГИЯ

GE 2206 - GENERAL ENTOMOLOGY

4 кредит

АЛҒЫ СӨЗ

ДАЙЫНДАҒАН ЖӘНЕ ҰСЫНҒАН - Қазақ ұлттық аграрлық университеті.

ПІКІР БЕРУШІЛЕР:

Ысқақ С. - а. ш. ғ. к, «Ж. Жиембаев атындағы ЖШС Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының» ғылыми консультанты;

Балғабаев А. - а. ш. ғ. к, профессор, «Топырақтану және агрохимия» кафедрасының меңгерушісі.

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

«Жалпы энтомология» - 5В081100 «Өсімдік қорғау және карантин» мамандығына арналған базалық пән. Жалпы энтомология» пәні студенттерді бөжектердің ішкі және сыртқы

құрылыстарының ерекшеліктерін, тіршілік әрекеттерін, экологиясын, дене мүшелерінің жұмысы мен жүйесін, түрлік құрамының алуан түрлілігін және тіршілік формаларын, ағзалардың өзара және сыртқы ортамен қатынастарын таныстыратын теориялық пән. Сонымен қатар, жалпы энтомология студенттерге, зиянды және пайдалы түрлердің жеке топтары, өсіп-өнуі мен тіршілік іс-әрекеттері, тіршілік және жылдық циклдарының ерекшеліктері жайлы керекті мәліметтер жинақтауға, мұнымен қатар түрлерді іс жүзінде ажырата білуге мүмкіндік береді.

Пәнді оқу нәтижесінде студент білуге міндетті:

- бөжектердің ішкі және сыртқы құрылысын;

- бөжектердің физиологиясын, биологиясын және экологиялық

факторларды;

- топтасу жүйесін және жіктелуін;

- бөжектертердің табиғаттағы рөлі және адам үшін маңызын;

- арнайы (қазақша, орысша, латынша) терминдерді.

Білікті болу керек:

- бөжектердің туыстасын, тұқымдасын және негізгі түрлерін анықтауға;

- зақымдау белгілерін ажыратуға;

- бөжектердің даму сатысын ажырату мен анықтауға;

- бөжектердің фенологиялық күнтізбесін жасауға;

- әртүрлі тіршілік ететін стациясы мен жерлерінде бөжектерге есеп

жүргізуге.

Дағдысы болу керек:

- бөжектердің туыстасын, тұқымдасын және түрлерін анықтауға;

- бақылау және есептеу жүргізуге;

- коллекция жасаудан;

- далалық зерттеу жүргізуге.

Пәннің пререквизиттері: «Кәсіби қазақ (орыс) тілі».

Постреквизиттер: «Өсімдікті химиялық қорғау», «Өсімдікті биологиялық қорғау».

«Жалпы энтомология» пәні - 5В081100 «Өсімдік қорғау және карантин» мамандығының студенттерін іргелі түрде дайындайтын керекті құрамдас бөлігі болып саналады. Оның, жоғарыда аталып өткен пәндермен байланысы, студенттердің өсімдік қорғау саласындағы білімін тереңдетіп және кеңейте түседі. Сонымен қатар, ауылшаруашылығы дақылдарының, ағаш-бұта тектес және жайлымдық өсімдіктерінің зиянкес бөжектеріне қарсы негізді қорғау шараларын жүргізе алады.

КІРІСПЕ

Мақсаты мен міндеті. Энтомология (грек тілінен аударғанда entomonбөжектер, logos-ғылым) - бөжектер әлемі туралы ғылым. Олардың құрылысын, өмір тіршілігін, жеке дамуын, эволюциясын, алуантүрлілігін және экологиясын зерттейді. Жануарлар дүниесінің жіктелу жүйесіндегі бөжектердің орыны. Шығу тегі. Түрлік құрамының алуантүрлілігі және табиғаттағы сан мөлшерінің даму мүмкіндігі (саны, биомасасы) . Жер бетінде кең таралуына себеп болатын негізгі факторлар. Олардың табиғаттағы және адам әрекетіне байланысты маңызы.

Жалпы энтомология пәні жекеленген пәндерге бөлінеді: ауыл шаруашылығы, орман, медициналық және ветеринарлық энтомология. Жалпы энтомология теориялық ғылыми пән болып табылады, бірақ жоғарыда көрсетілген қолданбалы энтомологиялық пәндер үшін ғылыми теориялық негізі ретінде қарастырылады.

Энтомология тарихы . Аристотельдің, алғашқы рет бөжектерді жіктеу жүйесін жасауға тырысуы. Морфо- анатомиялық зерттеулер (Ян Сваммердам, Марчелло Мальпиги, Ренэ, Реомюр) . Бөжектердің жіктелу жүйесі (Карл Линней) . XIX ғасырдағы энтомологияның жаңа бағыттарының пайда болуы: биология, физиология, эмбриология, филогения, экология (Ж. А. Фабр, Ф. Гюбер т. б. ) . XX ғасырдағы бөжектерді зерттеудің жаңа қолданбалы бағыттарының дамуы (медициналық, ауылшаруашылығы, орман нтомологиясы) . Ресей энтомологиялық мектептері мен қоғамының құрылуы (Порчинский И А. Кеппен Ф. П., Холодковский Н. А., Павловский Е. Н., Родендорф т. б. ) . Жалпы энтомологияның шет елдегі және Қазақстанда қалыптасуы мен дамуы. Қазіргі кездегі энтомологияның Қазақстандағы дамуы жалпы энтомологияның теориялық мәселерін шешу арқылы жіктелу жүйесін қалыптастыру мен био-экологиялық бағытын дамыту (бөжектердің фаунасы мен жіктелуі - П. И. Мариковский, М. П. Мальковский, Т. Н. Нурмуратов, Т. И. Досжанов, И. А. Костин, В. В. Шевченко, И. Д. Митяев,

Г. Я. Матесова, А. М. Дубицкий, Ч. К. Тарабаев, М. С. Байтенов, В. Л. Казенас, Г. И. Савойская, Р. Б. Асанова, К. З. Куленова, Г. В. Николаев, Ж. Б. Чилдебаев, З. А. Федотова, В. А. Кащеев, Р. X. Кадырбеков, Р. В. Ященко, М. К. Чильдебаев және т. б.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. 1 Бөжектердің морфологиясы

Бөжектердің денесінің жалпы жобасы. Дене бөліктерінің құрылысы мен қызметі. Бас бөлімі: сегмент құрамы, бас қосалқылары. Ауыз аппаратының эволюциясы. Кеуде бөлігінің морфологиясы. Дененің алғашқы сегментацисының шығу тегі. Плейриттің пайда болу эволюциясы. Денесінің аяқтары, қанаттары және т. б., олардың модификациялары. Бөжектердің қанаттары: қанаттың шығу тегі, қанат құрылысының ерекшеліктері мен тарамыстарының түрлері. Ұшу ерекшеліктері. Құрсақ бөлімінің морфологиясы, оның қосалқылары.

1. 2 Бөжектердің анатомиясы мен физиологиясы

Дене қуысы. Бөжектердің тері жамылғысы. Тері жамылғысының құрылысы және қызметі. Терісінің түлеу мерізімдері. Пигментациясы. Тері бездері және басқа өнімдері Майлы дене, оның құрылысы мен қызметі. Бөжектердің май жинақтауы және шығындауы. Мицетома. Ас қорыту жүйесі. Қоректену түрлері. Қоректік тізбек және қорекке бейімделу. Өсімдікті зақымдау түрлері. Бөжектердің шығару жүйесі, оның әртүрлі даму кезеңдеріндегі қызметі. Тыныс алу жүйесінің ерекшеліктері. Терімен, желбезекпен және су бөжектерінің тыныс алу ерекшеліктері. Тыныс алу пигменттері. Қан айналу жүйесі. Гемолимфа оның кұрамы және пішінді элементтері. Жүйке жүйесі және сезім мүшелерінің физиологиясы. Бөжектердің мінез-құлқы.

1. 3 Бөжектердің биологиясы: көбейуі мен дамуы

Бөжектердің эмбрионалдық даму кезеңдері. Дернәсіл кезеңі. Постэмбрионалды даму және оның әртүрлі түрлеріндегі ұзақтығы. Түлеу және дернәсіл жастары. Метаморфоз-түрлену туралы түсінік. Анаморфоз және протоморфоз-метаморфоздың қарапайым түрлері. Толық емес (гемиметаморфоз) және толық (голометаморфоз) метаморфоз модификациялары: гипоморфоз, гиперморфоз, гиперметаморфоз. Дернәсіл түрлері. Имаго (ересек) тәрізді және имаго тәрізді емес дернәсілдер. Камподео, құрт тәрізді, және жұлдыз құрт тәрізді дернәсілдер. Нимфалар, наядалар. Сезгіш мүшелері және олардың дернәсілдердің тіршілігіндегі маңызы. Қуыршақ сатысы. Метаморфоз кезеңіндегі ішкі өзгерістер және гормондардың ролі (гистолиз және гистогенез) . Қуыршақ түрлері: ашық, жабық және жасырын қуыршақтар. Пілләлар және басқа қорғаныштары. Ересек немесе имаго сатысы. Жыныстық жетілуі және жыныстық заттардың дамуына қосымша қоректің рөлі. Бөжектердің тіршілік және жылдық циклі туралы түсінік. Моновольтинді, поливольтинді және көп жылдық генерациялы бөжектер. Бөжектердің фенологиялық күнтізбесі. Диапауза, оның ерекшеліктері, тіршілік цикліне бейімделуінің маңызы және жіктелу принцпі. Міндетті және міндетсіз (факультативті) диапауза. Міндетсіз диапаузаның міндетті диапаузамен ауысуы. Бөжектер полиморфизмі. Жыныстық полиморфизм, экологиялық, маусымдық полиморфизмдер.

1. 4 Бөжектердің жіктелу жүйесі

Бөжектерді жүйелеудің заманауи негізгі ұстанымдары: морфоанатомиялық, физиологилық, биохимиялық және генетикалық. Бөжектердің негізгі топтарына сипаттама: олардың өзіндік морфологиялық пішіні және анатомиялық ерекшеліктері, қанатының құрылысы мен саны, ауыз аппараттарының түрлері, биологиялық дамуы, табиғаттағы және адам тірішілігіндегі маңызы. Қазіргі уқытта қолданып жүрген бөжектердің жіктелу жүйесі.

Тегі: Буынаяқтылар - Arthropoda

Тек тармағы: Жақтылар - Mandibulata

Тап: Бөжектер - Insecta

I. Тап тармағы: Алғашқықанатсыздар - Apterygota

A. Инфратап энтогнаттар: протуралар, құйрықаяқтылар, екіқұйрықтылар топтары

B. Инфра класс: Қылшыққұйрықтылар: Қылшыққұйрықтылар тобы

II. Тап тармағы. Жоғарғы сатыдағы, немесе қанатты бөжектер - Pterygota

Бөлім: Шала түрленіп дамыйтындар

Эфемероидтар топтасы: Ephemeroptera тобы

Инеліктәрізділер топтасы: Инеліктер тобы

Г. Инфратап: Жаңақанаттылар - Neroptera

Тікқанаттытәрізділер топтасы: тарақандар, дәуіттер, термиттер, көктемдіктер, таяқшалар, тікқанаттылар, теріқанаттылар немесе айырқұйрықтар топтары. Жартылай қаттықанаттәрізділер топтасы: пішеншілер, түбітжегіштер, биттер, теңқанаттылар, немесе қандалалар, шашаққанаттылар топтары.

Бөлім: Толық түрленіп дамитын

Қатты қанаттылар топтасы: қаттықанаттылар немесе қоңыздар, торқанаттылар, түйетәрізділер, үлкенқанаттылар топтары. Мекоптертәрізділер топтасы: шаянтәрізді шыбындар, жылғалықтар, қабыршаққанатылар немесе көбелектер, бүргелер, қосқанаттылар және жарғаққанаттылар топтары.

1. 5 Бөжектердің экологиясы

Экологиялық факторлардың қысқаша сипаттамасы. Аутэкология және синэкология. Температура мен ылғалдың маңыздылығы. Гидротермиялық коэффициент. Суыққа төзімділік. Ауа ылғалдығы мен қорек. Жарық. Күн радиациясы және оның бөжек ағзасына әсері. Ультрафиолет жарықпен сәулелену. Фотопериодизм. Су ортасына тірішілікке бейімделу. Субөжектерінің қоректенуі мен тыныс алу ерекшелігі. Топырақ пен ауа арасындағы топырақ тіршілік ортасының маңыздылығы. Топырақтың қасиеті, оның структурасы мен химиялық құрамы. Өсімдіктерді зақымдау белгілері (кеміргіштік, галл түзушілер, мина жасаушылар) . Бөжектердің биотикалық байланыстары. Фитофагия, пантофагия, паразитизм, каннибализм т. б. Өсімдіктердің бөжектер арқылы тозаңдануы, иолардың параллел эволюциясы. Симбиоз. Бөжектердің криптикалық бейімделуі. Бөжектердің микроорганизмдермен байланысы. Бөжектер - деструкторлар, заттардың табиғи айналымы және оған бөжектердің қатысуы (сапрофагия, копрофагия) . Адам мен бөжектер. Антропологиялық факторлар. Өсімдік қорғаудың негізгі бағыттары. Пайдалы бөжектер. Зиянкес бөжектер. Арашаруашылығы мен жібекшаруашылығы.

ҰСЫНЫЛАТЫН ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚ ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ

1. Бөжектердің сыртқы құрылысы (басы, кеудесі, құрсағы) және басқа жануарлардан айырмашылығы.

2. Бөжектердің басының құрылысы және денеге орналасу ерекшеліктері. Бас қосалқылары: мұртшаларының және көздің түрлері.

3. Бөжектердің ауыз аппараттарының түрлері.

4. Бөжектердің кеудесінің құрылысы: алдыңғы, ортаңғы және артқы кеуде бөліктері.

5. Бөжектердің қанаттарының және аяқтарының түрлері, олардың құрылысы.

6. Бөжектердің құрсағының құрылысы және қосалқы мүшелері.

7. Бөжектердің терісі, өнімдері, бұлшықет және оның қызметі.

8. Дененің іш қуысы, ішкі органдардың орналасуы және майлы қабат.

9. Бөжектердің ас қорыту жүйесінің құрылысы және қызметі.

10. Бөжектердің қан айналу жүйесі: құрылысы және қызметі.

11. Бөжектердің тыныс алу жүйесі: құрылысы және қызметі.

12. Бөжектердің шығару жүйесі: құрылысы және қызметі.

13. Жүйке жүйесі және сезім мүшелері: құрылысы және қызметі.

14. Бөжектердің жыныс жүйесінің құрылысы.

15. Бөжектердің эмбрионалды дамуы: жұмыртқа түрлері, жұмыртқа салу ерекшеліктері және құрылысы.

16. Бөжектердің постэмбрионалды дамуы, метаморфоз: жұмыртқа. дернәсіл, қуыршақ, ересек даму сатылары, полиморфизм және метаморфоздың физиологиясы.

17. Бөжектердің даму биологиясы және тіршілік цикілдері.

18. Тарақандар және дәуіттер топтарының дене құрылысының морфологиялы ерекшеліктері.

19. Термиттер, көктемдіктер, таяқшалар топтарының дене құрылысының морфологиялық ерекшеліктері.

20. Тікқанаттылар мен теріқанаттылар топтарының дене құрылысының морфологиялық ерекшеліктері.

21. Пішеншілер, биттер және түбітжегіштер топтарының дене құрылысының морфологиялық ерекшеліктері.

22. Теңқанаттылар тобының дене құрылысының морфологиялық ерекшеліктері.

23. Жартылай қаттықанаттылар немесе қандалалар, шашаққанаттылар топтарының дене құрылысының морфологиялық ерекшеліктері.

24. Қаттықанаттылар немесе қоңыздар тобының дене құрылысыны морфологиялық ерекшеліктері.

25. Торқанаттылар, түйетәрізділер, үлкенқанаттылар топтарының ден құрылысының морфологиялық ерекшеліктері.

26. Шаянтәрізді шыбындар, жылғалықтар және бүргелер топтарының дене құрылысының морфологиялық ерекшеліктері.

27. Қабыршаққанатылар немесе көбелектер тобының дене құрылысының морфологиялық ерекшеліктері.

28. Қосқанаттылар тобының дене құрылысының морфологиялық ерекшеліктері.

29. Жарғаққанаттылар тобының дене құрылысының морфологиялық ерекшеліктері.

30. Алғашқы қанатсыздар инфратабына кіретін топтардың дене құрылысының морфологиялық ерекшеліктері.

ҰСЫНЫЛАТЫН ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ

1. Шегірткелердің, шекшектердің, бұзаубастың, қандалалардың басы, кеудесі мен құрсағын жеке ажыратып алу және қосалқы бөліктерін анықтау.

2. Көбелектердің және қоңыздардың бастарын жеке ажыратып алу және қосалқы бөліктерін анықтау.

3. Шегірткелер, шекшектер, шілделіктер, бұзаубастер, қандалалар, инеліктердің бас бөлімінің қосалқыларын ажыратып алу және бөліктерін анықтау.

4. Қабыршаққанаттылар мен қаттықанаттылардың кеуде және құрсақ бөлімінің қосалқыларын ажырату және анықтау.

5. Қандала мен инеліктердің кеуде және құрсақ бөлімінің қосалқыларын ажыратып алу және қосалқы бөліктерін анықтау.

6. Бөжектердің жыныс мүшелерін, кеуде және құрсақ бөліктерін ажыратып алып және оларды анықтау.

7. Қабыршаққанаттылардың, қаттықанаттылардың, шегірткелердің және қандалалардың ауыз аппараттарын ажыратып алып және оларды анықтау.

8. Шегірткелер, шекшектер, шілделіктер, бұзаубастер, қандалалар, инеліктер мұртшаларын ажыратып алып және оларды анықтау.

9. Бөжектердің жұмыртқаларын морфологиялық белгілері арқылы анықтау.

10. Бөжектердің дернәсілдерінің морфологиялық белгілері арқылы анықтау.

11. Бөжектердің қуыршақтарын морфологиялық белгілері арқылы анықтау.

12. Тікқанаттылар тобының тұқымдастары мен туыстарын анықтау.

13. Теріқанаттылардың тобының тұқымдастары мен туыстарын анықтау.

14. Түбітжегіштер тобының тұқымдастары мен туыстарын анықтау.

15. Секіртпелер топ тармағының тұқымдастары мен туыстарын анықтау.

16. Жапырақ бүргелерінің топ тармағының тұқымдастары мен туыстарын анықтау.

17. Аққанаттылар топ тармағының тұқымдастары мен туыстарын анықтау.

18. Бітелер топ тармағының тұқымдастары мен туыстарын анықтау.

19. Сымырлар топ тармағының тұқымдастары мен туыстарын анықтау.

20. Жасырынмұртты қандалалар топ тармағының тұқымдастары мен туыстарын анықтау

21. Еркін мұртты қандалалар топ тармағының тұқымдастары мен туыстарын анықтау

22. Шашаққанатылар тобының тұқымдастары мен туыстарын анықтау.

23. Шала түрленіп дамыйтын бөжектердің дернәсілдерінің жасын анықтау.

24. Толық түрленіп дамыйтын бөжектердің дернәсілдерінің жасын анықтау.

25. Толық түрленіп дамыйтын бөжектердің дернәсілдерін анықтау.

26. Шала түрленіп дамыйтын бөжектердің дернәсілдерін анықтау.

27. Етқоректі қаттықанаты топ тармағының тұқымдастары мен туыстарын анықтау.

28. Әртүрліқоректі қаттықанаты топ тармағының тұқымдастары мен туыстарын анықтау.

29. Торқанатылар тобының тұқымдастары мен туыстарын анықтау.

30. Шаянтәрізді шыбындар тобының тұқымдастары мен туыстарын анықтау.

31. Жылғалықтар тобының тұқымдастары мен туыстарын анықтау.

32. Жақты қабыршаққанатылар топ тармағының тұқымдастары мен туыстарын анықтау.

33. Теңқанатты қабыршаққанатылар топ тармағының тұқымдастары мен туыстарын анықтау.

34. Әртүрліқанатты қабыршаққанатылар топ тармағының тұқымдастары мен туыстарын анықтау.

35. Қондырма құрсақты жарғаққанаттылар топ тармағының тұқымдастары мен туыстарын анықтау.

36. Сабақшалы құрсақты жарғаққанаттылар топ тармағының тұқымдастары мен туыстарын анықтау.

37. Бүргелер тобының тұқымдастары мен туыстарын анықтау.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Энтомологияның қысқаша тарихы
Қабыршақ қанаттылардың қанатының құрылысы
Қабыршаққанатылар немесе көбелектер тобы - LEPIDOTERA
Күріш зиянкестері
Мамықжегіштер тобына жалпы сипаттама
Күздік көбелек - кеміргіш көбелектер тобының өкілі. Оның биологиясының ерекшелігі, зиянкестердің систематикасы, таралуы, биологиясы
Күздік көбелек
Өсімдік қорғау
Дәнді-бұршақ дақылының зиянкестері
Бұршақ дән қоңыздары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz