КІРМЕ СӨЗДЕРДІ СЫНЫПТАН ТЫС ОҚЫТУ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
КІРМЕ СӨЗДЕРДІ СЫНЫПТАН ТЫС ОҚЫТУ

Күшербаева Р.
магистрант, Торайғыров университеті КЕАҚ, Павлодар қ.
Кадырова Б.М.
Ф.ғ.к., профессор Торайғыров университеті КЕАҚ, Павлодар қ.

Қазақ тілін оқытуда сыныптан тыс жұмыстардың маңызы ерекше. Сыныптан тыс жұмыс ол сабақтан тыс уақытта мұғалімнің оқушылармен әртүрлі іс-әрекеттерін ұйымдастыруы. Сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқу бағдарламасына қатысты жұмыстар ұйымдастыруға болады. Сол арқылы сабақта алған білімдерін тексеру, дамыту, дағдыландыруға болады.
Тілге кірме сөздер ену процесін болдырмау мүмкін емес. Қазақ тілі лексикасының кірме қабатын, оның маңызы мен қолданылуын зерттеу - кірме сөздерді мектепте оқытудың негізгі міндеті. Мұғалім, әрине, кірме сөздерді, оның тілімізге ену себептерін кәсіби түрде түсіндіре білуі және осы процесс болып жатқан әлеуметтік-психологиялық жағдайлар туралы айта білуі тиіс.
Қазақ қоғамындағы әлеуметтік және адамгершілік құндылықтарды қайта бағалау, жалпыадамзаттық мүдделерге қатысты белсенді әрекеттер нәтижесінде саясат, экономика, мәдениет, өнер, спорт, сән, сауда, музыка салаларында батыстық үрдістер енуде.
Қазір қоғамда күрделі өзгерістер, жаңалықтар орын алуда. Біріншіден, түрлі салаларда шетелдік мамандармен берік және ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнауда. Екіншіден, шетелдік туризмнің гүлденуі де әсер етуде. Үшіншіден, іскерлік, мәдени байланыстар жанданды. Жалпы алғанда, мұның барлығы қарым-қатынастың күшеюіне тікелей әсер етті. Соның негізінде кірме сөздер енді[1]. Соны оқушыларға меңгертуде түрлі әдіс-тәсілдерді қолданумен қатар сабақтың түрі мен типтерін де түрлендіре қолдануға болады.
Мәселен, Қазақ тілі лексикасының шығу тегі тақырыбы бойынша сыныптан тыс Ауызша журнал атты іс-шара өткізуге болады.
Іс-шара мақсаты:
1) Жазбаша және ауызша түрдегі қарым-қатынастың барлық салаларында еркін сөйлеуге үйрету, тілдегі кірме сөз туралы түсінік беру, оқушыларды кірме сөздердің негізгі белгілерімен, сөз алмасудың себептері мен алғышарттарын, қазақ тіліндегі кірме сөздердің енуі мен игерілу жолдарын нақты мысалдар арқылы таныстыру;
2) оқушылардың сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру және жетілдіру, қарым-қатынастың әр түрлі жағдайларында кірме сөздерді дұрыс, орынды және нақты пайдалануға үйрету, оқушылардың коммуникативтік дағдылары мен шығармашылық қабілеттерін дамыту, тіл теориясы мен тарихы бойынша білімді тереңдету негізінде оқушылардың сөйлеу және ойлау қабілетін дамытуға ықпал ету;
3) оқушыға коммуникациялық тәрбие беру: сөздің мағынасын түсініп қолдану, сөйлеуге қажетті лексикалық бірліктерді таңдап қолдану, қазақ тілі пәніне қызығушылықтарын арттыру мен жалпы мәдениетке деген тұрақты қызығушылықты қалыптастыру.
Ауызша журнал іс-шарасының өту уақыты шамамен 40 минут. Журналдың әр парағына бес минуттан арналады. Журнал жалпы алты беттен тұрады. Алты бетті оқып, танысуға бес минуттан отыз минут уақыт беріледі. Кіріспе мен қорытынды жасауға бес минуттан он минут беріледі. Журнал беттерін оқушылар кірме сөздерге арналған тақырыптар бойынша үйден электронды түрде дайындап әкеледі. Тақырыпты ашумен қатар журналдың дизайнын эстетикаға байланысты көркемдеу керектігі айтылады.
Сабақ барысында мұғалімнің кіріспе сөзінен кейін ретімен бірінші беттен бастап, алты оқушы түсіндіріп шығады.
Сол уақыт аралығында қазақ тілінің шығу тегі туралы мұғалімнің баяндауы, тақырып бойынша сұрақ-жауап, проблемалық тапсырмалар және басқа да түрлі тапсырмалар қамтылады.
Мұғалім өз баяндауында қазақ тілінің лексикалық қабаты туралы толық ақпарат береді. Қазақ тілінің лексикалық қабаты төл сөздерден және кірме сөздерден тұратынын түсіндіріп береді. Кейбір сөздердің ертеден енгені соншалық, бүгін өзіміздің төл лексикамыздай болып кеткен. Сонымен қатар кірме сөз екені ерекше білініп тұратын сөздер бар.
Осы тақырыптар туралы оқушыларға алдына ала баяндама тақырыптары берілген. Жалпы қазақ лексикасы әр түрлі қабаттарды құрайды. Солар туралы баяндалады.
Мұғалім сөздік қорымыз тек қазақ тілінен ғана емес, кірме сөздерден де тұрады. Кірме сөздердің ену себебі не екенін сұрайды.
Сол уақытта оқушы алдын ала берілген сұрақ бойынша өзі дайындаған журналдың бірінші бетін ашып түсіндіру жұмысын бастайды.
Журналдың әр парағына бес минуттан арналады. Журнал жалпы алты беттен тұрады. Алты бетті оқып, танысуға бес минуттан отыз минут уақыт беріледі. Кіріспе мен қорытынды жасауға бес минуттан он минут беріледі. Журнал беттерін оқушылар кірме сөздерге арналған тақырыптар бойынша үйден электронды түрде дайындап әкеледі. Тақырыпты ашумен қатар журналдың дизайнын эстетикаға байланысты көркемдеу керектігі айтылады.
Сабақ барысында мұғалімнің кіріспе сөзінен кейін ретімен бірінші беттен бастап, алты оқушы түсіндіріп шығады.
Сол уақыт аралығында қазақ тілінің шығу тегі туралы мұғалімнің баяндауы, тақырып бойынша сұрақ-жауап, проблемалық тапсырмалар және басқа да түрлі тапсырмалар қамтылады.
Мұғалім өз баяндауында қазақ тілінің лексикалық қабаты туралы толық ақпарат береді. Қазақ тілінің лексикалық қабаты төл сөздерден және кірме сөздерден тұратынын түсіндіріп береді. Кейбір сөздердің ертеден енгені соншалық, бүгін өзіміздің төл лексикамыздай болып кеткен. Сонымен қатар кірме сөз екені ерекше білініп тұратын сөздер бар.
Осы тақырыптар туралы оқушыларға алдына ала баяндама тақырыптары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тіліне ағылшын тілінен енген сөздер
Сөз мәдениеті Сөйлеу мәдениеті
Дауысты және дауыссыз дыбыстар
1-сынып оқушыларының сөйлеу дағдыларын қалыптастыру әдістемесі
Латын жазуының тарихы
Ғабит Мүсіреповтың өмір жолы
I сынып қазақ тілі оқулығын қатысымдық бағыт тұрғысынан тузу әдіс-тәсілдері
Қазақ тілінің фонетикасын оқыту
Қазақ тілі сабақтарында пайдаланатын көрнекі құралдар
Лексиканы оқыту әдістемесі
Пәндер