ЛЕПТОСПИРОЗ
ЛЕПТОСПИРОЗ
Лептоспироз (Leptospirosis) - табиғи ошақты, дененің қызуы көтерілуі, несепте қан мен терінің сарғайып, өліеттенуі, ішек-қарынның қимылы нашарлап, буаз малдың іш тастауы, төлді шалажансар тууы арқылы ерекшеленетін жұқпалы ауру.
Тарихи деректер. Ауруды ең алғаш адамда Германияда Weil (1886) сипаттады. Қоздырушысын Жапонияда Inado мен Ido (1914) ашты және осы елдің ғалымдары Mani, Ido, Hoki (1916) адамға егетін вакцина жасады. Кейіннен бұл микробтың иттің жұқпалы сары ауруын (Uhlenhuth, 1918), ірі қараның иктерогемоглобинуриясын (С. Н. Никольский, 1935), шошқа, қой мен ешкінің осы тақылеттес ауруларын қоздыратыны анықталды. Сонымен 20 ғ. бірінші жартысында лептоспиралардың жануарлар мен адамның инфекциялық паталогиясында орны анықталса, 50-60-жылдары бұл зерттеулер жан-жақты жүргізіліп, қазірігі кезде де сондай қарқынмен жалғастырылуда.
Қоздырушысы - Spirochetalis қатарының (порядок) Leptospiraceae тұқымдастығы Leptospira туыстастығына жатады (lepto - нәзік, spira - иір).
Leptospira туыстастығына екі түр енеді, паразит - L.interogans және сапрофит - L.biflexa. Барлық лептоспиралар морфологиялық жағынан бірдей: денесі жіп тәрізді, екі ұшы имектеніп бітеді, өте белсенді қозғалыста болады. Олар бір-бірінен антигендік құрамы бойынша ажыратылады. Бұл қасиетіне байланысты серологиялық варианттарға бөлінеді, өзара жақын сероварлар топтарға бірігеді. Қазіргі уақытта L.interogans 23 топқа біріккен 202 сероварға, ал L.biflexa 38 топқа жататын 63 сероварға бөлінеді. Жүргізіліп жатқан зерттеулер бұл санды одан ары көбейте түсуі әйдік.
Қазіргі кезде лептоспиралардың негізгі токсономиялық бірлігі серовар болып есептеледі, сондықтан қоздырушысының атауының соңында оның варианты көрсетілуі тиіс. Мысалы L.interogans серовар hardjo. Лептоспироздың қоздырушысы лептоспиралардың бір ғана түрі L.interogans болғандықтан, арнайы әдебиеттерде серовар атауы ғана көрсетіледі.
Лептоспиралар сұйық, қоймалжың және тығыз қоректік орталарда өсіріледі. Олардың жақсы өсуі үшін қоректік ортаға үй қоянының немесе қойдың қан сарысуы қосылады. Соңғы кезде сарысудың орнына альбумин немесе белоксыз синтетикалық қорек заттарды пайдаланылады. Қоздырушының өсуіне қолайлы температура 38-39°С, бірақ лабораторияларда 28-30°С жағдайында өсіріледі, өйткені бұндай температурада микробтың өсуі баяуламайды және қоректік ортаның кебуі сапрофитті түрінен айырмашылығы, олар 13°С-дан жоғары температурада ғана өседі. Қоректік ортаның жайлы қышқылдылығы pH 7,0-7,4.
Төзімділігі. Лептоспиралардың химиялық және физикалық факторлардың әсеріне төзімділігі онша емес. Жануарлардың несебінде 4 сағаттан 6-7 күнге дейін, бүйрегінде 12 сағатан 12 күнге дейін, шошқаның тастанды төлінде - бірнеше күн, ет ұлпасында 48 сағ, жаңа сауылған сүтте 8-24 сағ сақталады. Лептоспиралар нағыз гидробионаттар, олар өзен және көл суларында 200 күн, сарқын суда 10 күнге дейін, садырада 24 сағат сақталады. Ылғал, бейтарап, сәл сілтілі топырақта 43-279 күнге дейін сақталса, құрғақ топырақта 30 мин-12 сағ. аралығында өледі. 76-96°С-та қыздыру бірден, күн сәулесі мен кептіру 2 сағатта өлтіреді. Төменгі температурада ұзақ уақыт (мысалы, тоңазытылған шәуетте 1-3 жыл) сақталады. 0,25% белсенді хлор, 5% карбол қышқылы, 0,25% формальдегид, 0,1% тұз қышқылы ерітінділері лептоспираларды 5 мин ішінде , ал 1% күйдіргіш натрий бірден өлтіреді.
Індеттік ерекшеліктері. Табиғи жағдайда лептоспирозбен шошқа және сиыр жиі ауырады. Сонымен қатар жылқы, қой ешкі, түйе, марал, сағақ, буйвол, ит, түлкі, қарсақ, әртүрлі кемірушілер бейім. Итпен салыстырғанда мысық анағұрлым төзімді, күзен де сирек ауырады, үй және жабайы құстар төзімді келеді. Лептоспирозбен адам да ауырады. Адам бұл ауруға бейім болғанымен, оның қоздырушысын ары қарай тарату жолында "биологиялық тұйықтық" болып есептеледі де, індеттенуде онша маңызы болмайды.
Лептоспирозбен кез-келген жастағы жануар ауыра бергенімен, жас төл ересек жануарлардан гөрі аса сезімтал. Сондықтан тәжірибе жүзінде жұқтырғанда енесін еметін жаңа туған жануарларды таңдайды. Жұқтыру үшін зертханалық жануарлардан сары атжалман (золотистый хомяк), теңіз тышқаны, көжек, күшік т.б пайдаланылады.
Жануарлардың әр түлігі лептоспиралардың белгілі бір сероварларына бейім келеді. Шошқа лептоспирозының негізгі қоздырушылары Pomona, Tarassovi, сиырда - Grippotyphosa, Tarassovi, Pomona, Hebdomadis, Sejroe, қой мен ешкіде - Grippotyphosa, Pomona, Hadis, Tarassovi.
Зардапты лептоспиралардың бастауы мен қоймасы - ауылшаруашылық және жабайы (әсіресе кеміруші) жануарлар. Олардың денесінен ауру қоздырушысы сыртқы ортаға несеп, нәжіс, сүтпен, танау мен жыныс мүшелерінен аққан сора, шәует арқылы шығады. Әсіресе жасырын білінбей ауыратын лептоспиралар алып жүретін жануарлардың індеттік маңызы аса зор. Аурудан сау емес шаруашылықтарда лептоспироз алып жүретін жануарлар сиыр мен қойда 14-20%, ал шошқада 30-38%-ке жетеді. Лептоспира алып жүру мерзімі сиырда 6 айға, қой мен ешкіде 9 айға, шошқада 2 жылға, итте 3 жылға созылады. Кемірушілер өмір бойы лептоспералар алып жүреді.
Ауру мен микроб алып жүруші жануарлардан бөлініп шыққан лептоспиралар суды, жемшөпті, жайылымды, топырақты, төсеніш және басқа сыртқы ортадағы заттарды ластайды, олар аурудың жұқтыру факторына айналады. Лептоспироздың ең негізгі берілу факторы су арқылы жұғу. Әсіресе кеппейтін шалшық, тоқтау су, батпақ, ағысы баяу бұлақтар, ылғал топырақ ауру тарату үшін өте қауіпті.
Жануарларға лептоспироз аурудың табиғи ошағында су ішкенде, лептоспиралар алып жүретін кемірушілердің өлексесін немесе олардың несебінен ластанған жемшөпті жегенде жұғады. Терісі бағалы аңдарға ауру торда бағылған кезде лептоспирозбен ауырған жануарлардан алынған өнімдермен азықтандырғанда, жас төлге ауру малдың сүтінен, шошқаға суға енгенде немесе балшыққа аунағанда жұғады. Сиыр мен қойда, әсіресе шошқада лептоспироз жатыр ішінде де жұғады. Қоздырушының жыныс жолымен берілуі де мүмкін.
Лептоспиралар жануар мен адам денесіне жарақаттанған тері (сызат, жарақат, жәндіктердің шағуы) әртүрлі кілегейлі қабықтар (ауыз, кеңсірік, көз, жыныс және асқорыту жолдары) арқылы енеді.
Лептоспироз топырағы ылғалды, гумусы мол, реакциясы бейтарап немесе сілтілі жерлерде жиі кездеседі. Ауру жылдың кез келген маусымында, бірақ жайылымдағы малда жаз-күз мезгілінде жиірек байқалады. Лептоспироз індет ретінде немесе спорадия түрінде өтеді. Б.Ілиясовтың деректері бойынша соңғы кездерде бұл ауру ауыл шаруашылық малдарында көбінесе сыртқы айқын клиникалық белгілерінсіз лептоспира алып жүру немесе иммундеуші субинфекция ретінде тіркеледі. Аурудың шығуына және таралуына жағдай туғызатын себептер: жайылымның нашарлығы, суаттардың ластығы, малды сапасыз азықтандыру, оларды антисанитариялық жағдайда ұстау, әртүрлі жұқпайтын аурулардың орнын алуы.
Дерттенуі. Лептоспиралар организмге енгеннен соң өте жылдам қозғалуының нәтижесінде тез арада қанға және ішкі ағзаларға өтеді. Табиғи жолмен енгенде, алғашқы денеге өткен жерінде, маңайындағы сөл түйіндерінде көзге ілігерліктей өзгерістер байқалмайды. Аурудың бастапқы кезінде аз уақытта дененің ыстығы көтеріледі. Ауру қоздырушысының уыттылық факторларына эндотоксин, гемолизин, фибринолизин, плазмакоагулаза, т.б жатады. Олардың әсерінен эритроциттер еріп, кейбір ұлпаларда және теріде өліеттену пайда болады. Лептоспралар бүйректің зақымдануы нәтижесінде несеппен ұзақ уақыт бойы көп мөшерде сыртқы ортаға бөлініп шығады. Эритроциттердің еріп, гемоглобиннің мол бөлінуі, оның нәтижесінде несепте гемоглобин пайда болуы және билирубиннің көбеюі нәтижесінде кілегейлі қабықтардың сарғаюы байқалады. Бүйрек зақымданғанда несепке гемоглобин ғана емес қан да араласады.
Буаз жануарлар ауру жұққаннан кейін 2-5 апта өткенде іш тастауы мүмкін, немесе жетілмеген шалажансар төл туады.
Ауру жұққан организмнің иммундік икемдігі өз дәрежесінде болса қоздырушыға қарсы антидене түзіп, белсенді фагоцитоз байқалады. Бұның нәтижесінде аурудың беті қайтып, ішкі ағзалардағы лептоспиралар жойыла бастайды. Тек қана антиденелер өте алмайтын бүйректің түтікшелерінде қоздырушылар сақталып қалады да, ұзақ уақытқа созылатын микроб алып жүруге жағдай туады.
Өтуі және симптомдары. Аурудың инкубациялық кезеңі 3-5 күннен 2-3 аптаға дейін. Лептоспироз кәдімгідей өзіне тән симптомдарымен және симптомсыз кәдімгідей емес түрде өтеді. Симптомды түрі жіті, жітіден төмен, созылмалы болып кездеседі. Жіті түрі дененің ыстығы көтерілуі, кілегейлі қабықтардың сарғайып, несепте гемоглобин мен қан болуы арқылы білінеді. Мұндай симптом кешенін бір сөзбен "иктерогемоглобинурия" деп атайды және бұл атау кейде аурудың қосалқы синонимі ретінде қолданылады. Ауру жіті өткенде бұл өзгерістер айқын байқалса жітіден төмен өткенде бәсең байқалады. Ал, созылмалы, әсіресе симптомсыз кәдімгідей емес түрде өткенде аталған белгілері байқалмайды.
Лептоспироздың өтуі мен симптомдарының малдың әр түлігінде өз ерекшеліктері болады.
Сиыр малында лептоспироздың симптомдары жас бұзауда жіті өтіп, айқын білінеді. Ең алдымен ыстығы 2-2,5°С көтеріліп, жануар өте күйзеліп, жемшөпке қарамайды, көзі жасаурап, іші өтеді. Ауру қатты басталғанда гемолитикалық анемияның белгілері басым болады; гемоглобинурия байқалып, несептің түсі сәл қызғылттан қызыл қоңырға дейін өзгереді. Кілегейлі қабықтар мен тері сарғыш тартады.
Қанды зерттегенде эритроциттердің саны күрт кеміп 1-3 млн, гемоглобин 10-30%-ке төмендеп, үнемі дерлік лейкоцитоз (13-15) байқалады, қант қалыптан 3-4, тіпті 8-10 есе төмендейді де билирубин күрт көбейеді.
Аурудың жіті өтуі 3-10 күнге созылып, өлім көрсеткіші 50%-ке дейін жетеді. Ересек ірі қарада ауру негізінен жеңіл өтіп, белгілері көзге оншама түспейді. Бастапқы кезде ыстығы аздап қана көтеріліп, жануар сәл күйзеліп, денесі шамалы сарғайып, несебінің түсі сәл қызғылттанады.
Лептоспироздың сиырдағы ең басты белгісі - буаз кезінде іш тастауы, бұзауды өлі немесе шалажансар тууы, сонымен қатар аурудың салдарынан малдың бедеу болып қалуы мүмкін.
Сауын сиырдың ауруға шалдыққанда сүті қайтып, жазылған соң 2-3 аптадан соң қалпына келеді. Әсіресе Hardjo лептоспирозы кезінде агалактия жиі байқалады. Сонымен қатар мастит те ұшырасады.
Лептоспироздың жіті түрінде де, созылмалы түрінде де, нефрит байқалады. Бұл жағдайда несептің меншікті салмағы төмендеп, кей жағдайда оның түрі таза сумен бірдей болады. Несепте үнемі лейкоциттер кездеседі. Ауырған сиырдың жүні үрпиіп, сабалақтанып, көктемде түлемейді. Терінің әр жері, әсіресе қыр арқасы, сербектің ұшы қажалып, өліеттене бастайды.
Аурудың кәдімгідей емес үзілмелі түрі кезінде ірі қараның жалпы күйі оншама күдік туғызбайды. Бастапқыда жануар аздап күйзеліске ұшырап, кілегейлі қабықтары бозарып немесе аздап сарғаяды, біраз уақыт несебінде гемоглобин пайда болады да, бірнеше тәуліктен кейін аурудың белгілері басылып, жазылып кетеді.
Шошқада лептоспироз негізінен ешбір симптомсыз жасырын өтеді. Көпшілік жағдайда жануарлардың ауруға шалдыққандығының бірден-бір белгісі серологиялық реакция болып табылады. Клиникалық белгілері кейбір жағдайда білінеді. Оларды ішіндегі ең бастысы - іш тастау. Лептоспироз кезінде іш тастау жаппай байқалуы мүмкін.
Лептоспирозбен ауырған шошқаның ыстығы аз уақытқа көтеріледі. Ол тіпті бактериемиямен сәйкес келмейді де, бірнеше сағаттан 1-2 күнге дейін созылады. Температурасы 40,5-41,5°С дейін көтеріліп, қайтып кетеді, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz