Індет процесі туралы түсінік
Індет процесі туралы түсінік
Індет процесі - індеттанудың ең негізгі ұғымы. Инфекциялық процесс нақтылы бір жануардың организмінде болатын құбылыс болса, індет процесінің ауқымы одан анағұрлым кең. Соңғысы белгілі бір территорияда өтеді. Бұл жұқпалы аурудың жеке организмді зақымдауы емес, оның ауру малдан сау малға жұғып, тұтас бір территорияны жайлауы.
Індет процесіне қазіргі көзқарас бойынша оны екі бір-біріне жат, тіпті қарама-қарсы, жүйенің: бір жағынан - микробтар тобының, екінші жағынан - жануарлар тобының өзара әсерінен туындайтын құбылыс ретінде қарастырады. Сонымен індет процесі кезінде ауру қоздырушы микроб бір жануардың организміне енумен шектелмей, басқа жануарларға кезекпе-кезек ауысып, малға жұғады. Індет процесін зерттегендегі мақсат - ауру бір малдан екіншісіне қалай жұғады, індет басылып екінші рет қайталағанша осы аралықта микроб қайда және қалай сақталады, індеттің таралуына және оның тоқтауына қандай факторлар әсер етеді және т.б. анықтау болып табылады.
Бұл сұрақтарға жауап табу үшін індет процесінің үш тұрақты құрамын білу керек.
1. Инфекция қоздырушысының бастауы.
2. Қоздырушының берілу тетігі.
3. Бейім жануарлар.
Індет процесі (ор. эпизоотический процесс) дегеніміз осы аталған үш құрама бөліктің қозғалысқа келіп, олардың бір-біріне әсерінен туындайтын құбылыс.
Жоғарыда келтірілген үш фактор індет процесінің негізгі құрамы, негізгі немесе бастапқы қозғаушы күштері, немесе індет бұғауының негізгі буындары деп аталады. Бұлардан басқа қосалқы немесе қосымша қозғаушы күштері (буындары) бар. Оларға табиғи-географиялық және әлеуметтік-экономикалық (шаруашылық) факторлары жатады. Негізгі қозғаушы күштерінің бірі болмаса, жалпы індет процесі де болмайды, қосымша қозғашуы күштері негізгі қозғаушы күштері арқылы індет процесінің барысына әсер етеді.
Инфекция қоздырушысының бастауы
Жұқпалы аурудың пайда болып, таралуы үшін керек шарттардың бірі - инфекция қоздырушысының бастауының болуы. Егер індет процесін өртпен теңейтін болсақ, инфекция қоздырушысының бастауы - өрттің шығуына себеп болған от. Дау туғызбайтын айқын бір нәрсе инфекция қоздырушысының бастауында сол аурудың қоздырушысы зардапты микроб болуы керек. Аурудың қоздырушысы сол аурумен ауырған малда, ауру белгісі жоқ микроб алып жүруші жануарда, мал өнімдерінде (сүт, ет, жүн, тері), көңде, топырақта, суда, ауада, т.б. болуы мүмкін. Аталған объектілердің әрқайсысында зардапты микроб болады және сақталады. Бірақ қоздырушысының бастауы болуы үшін тағы бір қойылатын талап - онда сол микроб өсіп-өнуі қажет. Әйтпесе уақыт өткеннен соң бастау болудан өзінен-өзі қалады. Егер жоғарыда аталған объектілерді осы тұрғыдан қарастырсақ ауру қоздырушы микробтың тоғышар тіршілік нәтижесінде негізінен жануар организмінде өсіп-өнуге бейімделгені айқын. Тек зардапты микробтардың кейбіреулері ғана сыртқы ортада өсіп-өне алады, мысалы, лептоспира белокты қоспалары бар суда, сальмонелла - сүтте, листерия - силос пен топырақта, топалаңның қоздырушысы мен клостридиялар - органикалық заттарға бай топырақта, дерматомикоздардың қоздырушылары - көңде. Токсикоинфекцияларды қоздырушы бактериялар мен саңырауқұлақтар тек қана өсімдік субстраттарында (жем, шөп, сабан) өсіп-өнеді де, организмге енген олардың улы заттары бутулизм, фузаритоксикоз, стахиоботриотоксикоз сияқты ауруларды қоздырады. Ал кейбір аурулардың қоздырушылары биологиялық тасымалдаушы жануарлардың денесінде өсіп-өнеді.
Сонымен ауру қоздырушы микробтардың сыртқы ортада өсіп-өнуін жалпы заңдылық ретінде емес, жекелей ерекшеліктер ретінде қарастыру керек. Өйткені токсиконинфекциялардың қоздырушыларынан басқа зардапты микробтар сыртқы ортада өсіп-өнгенде біртіндеп өзінің биологиялық қасиеттерін жоғалта бастайды. Зардапты микробтардың ең басты биологиялық қасиеті - олардың ауру қоздыру қабілеті. Егер ауруға бейім жануардың организміне түспесе, микроб осы негізгі қасиетін жоя бастайды, ал бара-бара одан мүлдем айырылып қалуы мүмкін. Сондықтан зардапты микроб оқтын-оқтын болса да ауруға бейім жануардың денесіне еніп, сонда өсіп-өніп, өзінің уыттылығын қалпына келтіріп отыруы керек. Бұдан шығатын қорытынды: инфекция қоздырушысының бастауында зардапты микроб тек қана болып, сақталып қалуы және өсіп-өнуі ғана емес, сонымен қатар өзінің барлық қасиеттерін толық сақтауы қажет. Соңғы шарт осы күнге дейін індеттану ғылымында оншама ескерілмей келеді.
Қорыта келгенде, инфекция қоздырушысының бастауына зардапты микробты жұқтырған, сол микроб өсіп-өніп, барлық биологиялық қасиеттерін сақтайтын ауруларға бейім адам мен жануар организмі жатады. Тек қана микотоксикоздар мен токсикоинфекциялар қоздырушыларының ерекшеліктері бар. Олар сыртқы ортада өсіп-өнеді, ал жануарлар организмі олар үшін биологиялық тұғырық болып табылады. Мұндай ауруларды сапроноздар деп атайды.
Микроб жұқтырған организм жұқпалы аурудың әрқилы сатысында немесе ешқандай клиникалық белгісі жоқ микроб алып жүруші болуы мүмкін. Ең күшті, әрі қауіпті қоздырушы бастауы - айқын клиникалық белгілері бар ауру мал. Аурудың өршіген кезінде сыртқы ортаға микроб ең көп мөлшерде шығарылады. Микробтың денеден шығу жолдары: нәжіс, несеп, тері қыртыстары, көз, мұрын және жыныс жолдарынан аққан сора, сілекей, аққан қан мен ірің, түсік тасталған төл, шарана суы, сауылатын малдың сүті, т.б. Сондықтан жұқпалы ауру өршіп тұрған кезде қора мен мал күту жабдықтарын күн сайын дезинфекциялап, түсік тасталған төлді, малдың шуын уақтылы жинап, онан кейін мұқият дезинфекция жүргізу керек. Ауру айқын білінген кезде бөлінген қоздырушы микробтың уыттылығы да жоғары болады.
Инфекция қоздырушысынын берілу тетігі
Бұл - індет процесінің негізгі бір буыны, оның структуралық маңызды құрамының бірі. Берілу тетігі зардапты микробтың бір жануардан екіншісіне ауысуын қамтамасыз етеді. Осындай ауысу арқылы ғана қоздырушы микроб табиғатта сақталады.
Зардапты микроб инфекция қоздырушысының бастауынан басқа ауруға бейім жануарға олардың тікелей жанасуы арқылы, не болмаса микробтың белгілі бір мерзім ішінде сыртқы ортада болуы арқылы ауысады. Сондықтан микробтың өз иесін ауыстырып, яғни бір жануардан екіншісіне көшуін үш сатыға бөлуге болады (2 сурет).
1. Организмнен шығу.
2. Сыртқы ортада болу (тікелей жанасу арқылы берілгенде бұл саты болмайды).
3. Жаңа иесінің денесіне ену.
Қоздырушының организмнен шығуы оның әр түрлі дене мүшелерін жайлауына байланысты. Егер микроб желінде шоғырланатын болса, ол сүтпен бірге бөлініп шығады, ал ішек-қарында болса нәжіспен, өкпеден қақырықпен, несеп-жыныс жолдарынан несеппен, т.т. бөлінеді. Дененің бір ғана мүшесінде шоғырланатын микробты монотропты деп атайды. Мысалы паратуберкулездің қоздырушысы ішекте, қысағаның қоздырушысы - теріде болады. Керісінше көптеген дене мүшелерін жайлайтын қоздырушыларды - политропты, ал бүкіл организмді жайлайтын микробтарды - пантропты деп атайды. Оларға туберкулез, аусыл, оба ауруларының қоздырушылары жатады.
Қоздырушының организмнен бөлінуі физиологиялық процестер (тыныс алу, нәжіс пен несеп бөлу, жыныс қатынасы, лактация, төлдеу, т.б.) және патологиялық процестер (құсу, іш өту, ірің ағу, қан кету, іш тастау) арқылы болады немесе қан сорғыш жәндіктердің қатысуымен іске асады.
Инфекция қоздырушысының сыртқы ортада болуы ұзақтығы жағынан әртүрлі. Сыртқы ортада микробқа бірқатар қолайсыз химиялық (ортаның химиялық құрамы), физикалық (жарық, күн радиациясы, аэроиондар), биологиялық (ауаның, топырақтың микрофлорасы) факторлар бар. Микоплазмалар, хламидиялар, көптеген вирустар мен бактериялар сыртқы ортаға төзімсіз болады. Ал қолайсыз жағдайларға бейімделген қоздырушылар бұндай жағдайда ұзақ уақыт сақталады. Бациллалар мен клостридиялар сыртқы ортада жылдар бойы, қышқылға төзімді микобактериялар, тығыз торша қабырғасы бар бруцеллалар мен сальмонеллалар бірнеше ай бойы сақталады. Сыртқы ортадағы қоздырушы микроб ауруға бейім жануарларға берілу факторлары және тірі тасымалдаушылар арқылы беріледі.
Берілу факторларына барлық сыртқы ортаның элементтері: жем-шөп, су, төсеніш, топырақ, ауа, өсімдіктер, малды күту жабдықтары, көлік, малдан алынған өнімдер мен шикізат сүт, ет, жүн, түбіт, т.б. жатады. Берілу факторлары инфекция қоздырушыларының берілуіне қатысады, бірақ олар қоздырушы микробтардың өсіп-өнетін табиғи ортасы бола алмайды.
Инфекция қоздырушыларының тасымалдаушыларына зардапты микробтардың берілуіне қатынасатын әртүрлі тірі организмдер жатады. Олардың қатарында буынаяқты жәндіктер (маса, сона, кене), кемірушілер (тышқан, егеуқұйрық), аңдар (қасқыр, қарсақ, түлкі), құстар (торғай, қарға, көгершін), басқа да әр түрлі жануарлар, ал кейбір жағдайда адам да болады. Тасымалдаушылар телімді және телімсіз болып екі топқа бөлінеді. Телімсіз (механикалық) тасымалдаушылардың денесінде инфекция қоздырушылары өсіп-өнбейді де, олардың арасында биологиялық байланыс болмайды. Мұндай жағдайда тасымалдаушы микробты тек қана механикалық алып жүруші қызметін атқарады. Егер ауру қоздырушысы мен тасымалдаушының арасында қалыптасқан биологиялық байланыс болып, қоздырушының даму сатысының бірі тасымалдаушының денесінде өтетін болса, онда оны телімді тасымалдаушы деп атайды.
Ауру қоздырушысы жаңа иесінің денесіне инфекция қақпасы арқылы енеді. Жалпы микроб организмге бүтін немесе бүлінген тері және кілегейлі қабықтар арқылы олардан тереңірек орналасқан ұлпаларға өтіп, ақыр соңында қан мен сөлге түседі. Үйреншікті инфекция қақпасының қызметін тері, көзге көрінетін кілегейлі қабықтар атқарады. Көп жағдайда микроб алдымен сыртқы ортамен жалғасатын қуыс органдарға (ішек-қарын жолы, тыныс мүшелері, жыныс органдары) түседі де, одан барып организмнің ішкі ортасына өтеді.
Инфекцияның берілу жолдары. Инфекция қоздырушыларының әртүрлі берілу механизмдері екі негізгі топқа бөлінеді. Олар - тік және көлденең берілу. Инфекцияның тік немесе вертикальді берілуі деп ауру қоздырушысының ата-енесінен ұрпағына, ал көлденең немесе горизонталъді берілуі деп аурудың бір жануардан келесі жануарға жұғуын айтады. Қоздырушының тік берілуі аталық немесе аналық ұрық жасушалары арқылы болуы мүмкін. Бұны жұмыртқа арқылы (трансвариальді) берілу дейді. Тік берілудің екінші жолы - микробтың буаз малдан оның жатырындағы төліне өтуі. Бұндай жолды плацента арқылы (трансплацентарлық) берілу дейді, ұрық торшалары арқылы лейкоздың вирусы, ал плацента арқылы бруцеллездің қоздырушысы беріледі.
Ауру қоздырушысының көлденең берілуі контактылық, аэрогендік, алиментарлық және трансмиссивтік жолдарға бөлінеді.
Контактылық (жанасу арқылы) берілу ауру мал мен сау малдың жанасқан сәтінде іске асады. Бұндай тәсілмен берілген микроб денеге тері, тыныс, асқорыту, жыныс жолдарындағы кілегейлі қабықтар арқылы өтеді. Жануарлардың тікелей жанасуы арқылы құтырық (тістегенде), бруцеллез бен кампилобактериоз (шағылысқанда), шешек, қысаға (жанасқанда) беріледі. Бұл жағдайларда аурудың берілуіне сыртқы ортаның әсері жоққа тән. Жанама жанасу әр түрлі малды күту жабдықтары, ер-тұрман, қамыт-сайман, күтуші адамдар, т.б. арқылы беріледі. Бұған қолмен ұрықтандырған кезде аурудың шәует арқылы жұғуы да жатады.
Аэрогендік (ауа арқылы) берілу құрамында зардапты микробтар бар сұйық немесе қатты аэрозольдік бөлшектер арқылы, жануарлардың тыныс алғанында іске асады. Қатты аэрозольдер шаңның құрамында болатындықтан бұндай жолмен берілетін инфекция шаң-тозаңды деп аталады. Ал ауру сұйық аэрозольдар арқылы жұғатын болса тамшы-тозаңды немесе шашыранды инфекцияға жатады. Шаңды инфекциялардың қоздырушылары топырақтан, көңнен, төсеніштен шаңмен бірге көтеріледі. Тамшыны инфекциялардың қоздырушылары ауаға жануарлардың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz