Сойыс жануарларының басын, ішкі мүшелерін, ұшасын ветеринариялық санитариялық сараптау әдістері
№ 3 зертханалық сабақ.
Сойыс жануарларының басын, ішкі мүшелерін, ұшасын ветеринариялық санитариялық сараптау әдістері .
Сабақтың мақсаты: Студенттер оқытушының көмегімен сойылған малдың басы мен ішкі мүшелерін тексеру әдістерін игереді
Сабаққа керекті құрал-жабдықтар: әр түлік жануарлар басы, ішкі мүшелері, фартук, қолғаптар, қайшылар, қысқыштар.
Сабақтың мазмұны:
1. Малдың қауіпсіз және сапалы сойыс өнімдерін тағамғаа толық пайдалану.
2. Шектеулі шығарылатын еттерді залалсыздандыру.
3. Жұқпалы аурумен ауырған жануарлар етін пайдалану ретін айқындау.
4. Кәдеге жаратылатын мүшелер мен ұша арқылы жұқпалы және инвазиялық аурулардың таралуын болдырмау және қоршаған ортаны қорғау.
5. Жарамсыз дер табылған сойыс өнімдерін тиісті санитариялық және технологиялық өңдеу барысында жануарлар азығына немесе техникалық мақсатқа пайдалану немесе толық жою.
Сойғаннан кейін малдың ішкі мүшелерін және етін белгілі бір тәртіппен толық тексеріп, оларға ветеринарлық-санитарлық бағалау жүргізіледі. Егер, сойылған мал ауруға шалдыққан болса, тексергенде мүшелерінен түрлі өзгерістер кездесуі ықтимал. Сойылған малдың басы, тілі, жүрегі, өкпесі, бүйрегі, бауыры, көк бауыры, қарыны мен желіні пышақпен тілініп қаралады.
Ал, ұшаның ет арасындағы лимфа түйіндері ет өңдеу кәсіпорындарында өте қажет жағдайда ғана тексеруден өткізіледі. Демек, бас пен ішкі мүшелерді тексергенде зақымдалған жері болса немесе ауырудың белгісі байқалса (қанталау, іріңдеген, ісік) ұшаның лимфа түйіндері түгел тілініп қаралады. Әлгіндей белгілер байқалмаса, ұшаға пышақ жұмсап кеспейді, өйткені кес-кіленген ұшаның тауарлық сапасы төмендейді, тоңазытқышта ұзақ сақтауға келмейді.
Сойылған малдың еті тез таратылса (ішкі сауда объектісіне шығарып сату, жіліктеп бөліп алу, асханаға беру), ұшаның лимфа түйіндері түгел тексеріледі.
Сойылған малдың басы мен мүшелерін және ұшасын екінші малдың ұшасымен шатастырып алмау үшін, олардың әр қайсысын бір номермен белгілейді, тексерілген мүшелердің біреуінен патологиялық өзгерістер байқалса, осы номер арқылы сол малдың ұшасы мен терісін, т.б. мүшелерін тез тауып алады.
Ірі қараның бір жерде басы, екінші орында өкпе-бауыры, жүрегі, үшінші жерде ұшасы мен бүйрегі байқаудан өткізіледі, төртінші орында күдік туғызған ұша мен мүшелері ақырғы рет тексеріледі.
Шошқаны бауыздағаннан кейін, терісін сыпырмастан бұрын бастың лимфа түйіндерін тіліп қарап, топалаңға тексереді. Кейін басын, мүшелерін, бұлшықеттерін финнозға тексереді. Ұшасы соңғы рет мұқият қаралады. Оның санаты анықталады және таңбаланады.
Қой мен ешкінің, бұзаудың басы ең соңында қаралады, ал мүшелері мен ұшасын тексеру әдістері ірі қараның ұшасы мен мүшелерін тексеру әдістеріне ұқсас.
Ірі қараның мүшелері мен ұшасын тексеру. Ветеринардың жұмысын жеңілдету үшін малдың басы, мүшелері белгілі бір орынға ілінеді.
Басын тексеру. Басты кесіп алғаннан кейін тілдің түп жағынан жақ етін екі жанынан пышақпен тілгенде, ол жақ сүйектерінің арасына салбырап түседі. Бастағы алқым, шықшыт, жұтқыншақтың ортаңғы және бүйір лимфа түйіндері толық тексеріледі. Еріндер, қызыл иек, тіл, ауыздың ішкі жағы, бас сүйек пен жақ сүйектер мұқият қаралады. Жақ сүйектерінің шайнау кызметін атқаратын бұлшықеттерін, сыртқы жағынан екі рет, ішкі жағынан бір рет тіліп қарап финнозға тексереді.
Мүшелерді тексеру. Өкпе - бауырды (жүрек, өкпе, бауыр, диафрагма-шымылдық ет), байланысқан түрінде, жігін жазбай суырып алады да, кеңірдектен ілмекке іледі. Көкірек куысындағы лимфа түйіндерін кесіп қарайды, өкпені сыртынан ұстап, қысып байқайды, сонан соң ұзынынан қиялап кеседі. Үлпершек пен эпикардты қарайды. Жүректің етін 2-3 жерден пышақпен тіліп цистицеркозға тексереді. Жүрек қуысын ашып қарайды, қанның бар жоғын анықтайды. Сонан соң, бауыр лимфа түйіндерін кесіп қарайды. Бауырды қолға ұстап көреді, пышақпен кесіп ет жолын тексереді. Эхинококкоз немесе бітеу жара барлығына күдік туса оларды пышақпен кеседі. Көк бауыр да осылай байқаудан өтеді.
Ірі қара мал ұшасын тексеру
Бас пен мүшелердің барлық лимфа түйіндерін тексергеннен кейін, ұшасын қарайды. Әсіресе, жалқаяққа және бауыздағанда қанының қалай шыққанына көңіл аударады. Мойын, белдеме еттері финнозға тексеріледі. Ал ұшаның лимфа түйіндері жоғарыдағы айтқандай, қажет болған жағдайда ғана кесіп қаралады. Нашар қансызданған малдың етіне қол сыртын тигізгенде, қолға сарысу сияқты болып жұғады. Мұндай етті міндетті түрде бактериологиялық тексеруден өткізеді.
Бұзаудың еті мен мүшелерін қарау тәртібі негізінен ірі қараның ұшасы мен мүшелерін тексеру тәртібімен бірдей. Бірақ, тіліп қарағанда лимфа түйіндері шырынды келеді және үлкенірек болады.
Бұзаудың етін тексергенде кіндігі мен құрсақтың көк еті және буындарына ерекше көңіл аударады. Әдетте, сепсисте, бұзаудың кіндігі зақымданады, буындары ісіп жуандайды. Мұндай бұзаудың еті бактериологиялық тексеруден өткізіледі, ал мүшелері жарамсыздыққа шығарылады.
Қойдың ұшасы мен мүшелерін тексеру тәртібі ірі қаранікі сияқы. Көк бауырға аса көңіл бөлу керек, топалаң кездесуі ықтимал, бауырды дикроцелиоз бен фасциолезге тексереді, жұтқыншақ пен өңештен сарко-споридиозды іздейді шажырқай лимфа түйіндерінен жалған туберкулез бен финнозды қарайды.
Кеңсіріктен қуыс бөгелегін қарайды. Мойынның үстіңгі лимфа түйін-дерін міндетті түрде қарайды. Олардың ұлғайғаны байқалса, пышақпен кесіп қарайды.
Шошқаның ұшасы мен мүшелерін тексеру ерекшеліктері. Шошқаның ұшасын, мүшелерін тексергенде төменгі жақ шықшыт және мойынның беткей лимфа түйіндері қаралады, әлбетте оларды тексеріп болғанша шошқаның басы ұшасында қалады. Жақ сүйектерінің шайнау бұлшықеттері финнозға тексеріледі. Ауыз қуысындағы кілегей қабықтарын, жұтқыншақ пен көмекей және көмекей қабығын қарайды. Алқым лимфа түйінін қарап, топалаң ауруының бар жоғын анықтайды. Басқа мүшелер әдеттегі тәртіппен тексеріледі. Белдеме мен желке бұлшықеттерін және диафрагманы кесіп, финнозға тексереді. Содан соң трихинеллезге тексеру үшін диафрагмадан ет кесіндісін алады. Осы алынған үлгімен ұшаның сандық белгісі бірдей болуы қажет.
Шошқаның лимфа түйіндерін тексеру қиынырақ, себебі олардың түсі ет пен майдың түсіне ұқсас келеді.
Басын тексеру. Жылқының басын тексергенде, оның кеңсірік сүйегін балтамен шауып, кеңсірігін және бастың барлық лимфа түйіндерін тыңғылықты байқаудан өткізеді, маңқаның бар-жоқтығы анықталады. Көмекей мен көмекей безін кесіп қарайды.
Мүшелерін тексеру. Өкпе-бауырды тексергенде олардың лимфа түйіндеріне (көкірек қуысы, бронхтар, бауыр) көңіл бөледі; өкпені ұстап қарайды, пышақпен кесіп, маңқаның түйіндерін іздейді. Жүректі кесіп, қуысын қарайды. Бауырды алдымен сыртынан қараса, кейіннен кесіп қарайды, маңқа мен холикоздың түйіндерін іздейді.
Түйенің мүшелері мен ұшасын тексерудің ерекшеліктері. Түйенің лимфа түйіндерінің орналасуы негізінен ірі қара лимфа түйіндері мен ұқсас. Жылқының лимфа түйіндері сияқты түйенің лимфа түйіндері де топталып жатады.
Дегенмен, ірі қара лимфа түйіндерімен салыстырғанда, түйенінің лимфа түйіндерінде кейбір өзгешеліктер бар. Біріншіден, ол саны жағынан аз, кесіп қарағанда құрғақтау. Жұтқыншақ бүйір лимфа түйіні байқалмайды. Сол сияқты мойынның терең лимфа түйіндерінің алдыңғысы және бірінші қабырғаның лимфа түйіндері білінбейді, мойынның түбі төс сүйектің қасында, терінің астында орналасқан көлемі тауықтың жұмыртқасындай екі лимфа түйіні бар. Бұл лимфа түйіндерін тірі түйеден де ұстап қарауға болады. Әлбетте, бұлар мойынның беткей лимфа түйіндерінің қосымша түйіндері болса керек.
Құрсақ аймағы мен жамбастың айналасында лимфа түйіндері ішінен мықындық бүйір лимфа түйіндері көрінбейді. Көкірек қуыстың ортаңғы және кейінгі лимфа түйіндері қосылып, көкірек қуысының ұзына бойына шұбалып жатады. Оның ұзындығы 30 см., ені 2 см келеді. Сыртынан қарағанда жуан көк тамырға ұқсайды. Ал бронхтың оң лимфа түйіні білінбейді.
Қоянның мүшелері мен ұшасын тексеру. Терісін сыпырып болғаннан кейін ең алдымен басын, ауызы мен кеңсірігін кілегей қабықтарын, жұтқыншағын тексереді. Сонан соң көмекей мен кеңірдекті кесіп қарайды. Өкпе, бауыр және көк бауырды алдымен қолмен қысып қарап, кейіннен пышақпен кесіп көреді. Содан соң қарынды, ішекті олардың лимфа түйіндерімен бірге тексереді. Басы мен ішкі мүшелерін тексеріп болғаннан кейін ұшасын қарауға кіріседі. Әсіресе бұлшық еттердің ісіңкі болмауына қөңіл аударады.
Құстың мүшелері мен ұшасын тексергенде басын (айдары, көзі, тұмсығы) жұтқыншағын, кеңірдек, өңеш, жемсау, қарындары, ішек және бауыр, көк бауырын тексереді. Әсіресе бауыр мен көк бауырды ұқыптап қарайды.
Ұшасын тексергенде құстың қоңдылығына, терісінің көкшілденуіне, буындарының ісінуіне және етінің тазалығына баса назар аударады. Ветеринар жоғарыда баяндалған жұмыстарда атқарғанда үстіне ақ халат, басына ақ қалпақ киеді.
Қорыта айтқанда малды сойғаннан кейінгі тексеру жұмысын асқан ұқыптылықпен, баппен атқарады, жарақаттанудан сақтанады. Қандай малдың, қай мүшелерін қандай аурумен зақымдалғанын, қаншама ағзаның нендей себеппен жарамсыздыққа шығарылғанын журналға жазып қояды. Бұл журнал құнды құжат, сондықтан да ол бірнеше жыл бойы сақталады. Журналдағы деректерге сүйеніп, сол малды өткізген шаруашылықтың эпизоотологиялық жағдайы жөнінде көп мағлұмат алуға болады. Өте жұқпалы ауру анықталса, бұл туралы мал әкелінген шаруашылықтың ветеринарына дереу хабарланады. Ол ауруға қарсы жүргізілетін шараларды жүзеге асырады. Топалаң мен трихинеллез, т.б. адамға қауіпті аурулар кездессе, жергілікті мал дәрігерлерімен қатар, сол жердегі медицина қызметкерлеріне де міндетті түрде хабарлау керек.
Малды сойып, ұшасын тазалап жуғаннан кейін оны тауарлық және тағамдық құндылығына қарай сортқа ажыратады. Ет малдың жасына қарай - ересек малдың еті, енесін еметін бұзау еті (14 тәуліктен 3 айға дейін), енесін еметін торай (салмағы 2 кг-нан 6 кг дейін - бірінші санат, 20 кг дейін - екінші санат) және жасы 3 айдан 3 жылға дейінгі ірі қараның еті болып бөлінеді. Еттің санитарлық сапасын анықтайды. Ең соңында етке таңба басылады.
Осы жұмыстарды атқару үшін ет өңдеу кәсіпорындарында конвейер жолында ветеринарлық бақылауға арналған жұмыс орындары ұйымдастырылады.
Ет өңдеу кәсіпорындарында ірі қара мал, жылқы, түйе ұшасы мен мүшелерін өндейтін конвейерде бас, мүшелер, ұшаны тексеретін және ақырғы пен төрт орын болады. Алдыңғы үш орында патологиялық өзгерістер табылса, ұшаны ақырғы тексеру орынында толық тексереді.
Шошқаны өндеу конвейерлерінде оны терісімен соятын болса, ветеринарлық бақылаудың төрт орыны болады. Егер шошқаны есеңгіреткеннен кейін терісін сыпыратын конвейерде төменгі жақ сүйектерінің аралығын ұзынан тіліп топалаң немесе қатерлі ісіктің бар, жоғын анықтау үшін алқым сөл түйінін тексеретін қосымша нүкте болады.
Ұсақ малдар (қой,ешкі) өндейтін конвейерде ішкі мүшелері, ұшаны және ақырғы тексеріс жүргізілетін үш орын болады.
Ет өңдеу кәсіпорындарында, мал сою пункттерінде және мал сою алаңында басты, өкпе-бауыр, ұша, көк бауыр, бүйректері, қарыны, ішектері, желіні міндетті түрде ветеринарлық - санитарлық сараптаудан өткізіледі.
Алдымен сойылған малдың басы, содан кейін ішкі мүшелері, ұшасы тексеріледі.
Сабақтың жоспары:
1 - Студенттерді қауіпсіздіқ және сақтандыру шараларымен таныстыру.
2 - Сойылған малдың басын, ішкі мүшелерін тексеру.
3-Сойылған малдың басы мен ішкі мүшелерін сезімдік тексеру.
Жұмысты жүргізу тәртібі:
1. Ірі қара малдың басын тексеру. Басты кесіп алғаннан кейін тілін түп жағы мен екі жанынан пышақпен тілгенде, ол екі жақ сүйектерінің арасында салбырап қалады. Бастағы алқым, шықшыт, жұтқыншақтан кейінгі сыртқы лимфа түйіндерін және жұтқыншақтан кейінгі ортаңғы лимфа түйіндері толық тексеріледі.
Еріндері, қызыл иек, тіл ауыздың ішкі жағы, бас сүйек пен жақ сүйектері мұқият қаралады. Басты сезімдік тексеру кезінде сезімдік көрсеткіштеріне байланысты аусылға, топалаңға, актиномикозға және басқа да ауруларға тән өзгерістер болуы ықтимал. Бастың жақ сүйектерінің шайнау бұлшықеттерін сыртынан екі рет, ішкі жағынан бір рет тіліп цистицеркозға тексереді.
2. Ішкі мүшелерді тексеру. Оларды байланысқан түрінде, жігін жазбай суырып алып, кеңірдегінен іледі. Көкірек қуысындағы лимфа түйіндерін кесіп қарайды. Өкпені сыртынан ұстап, қысып байқайды, сонан соң ұзыннан қиялап кеседі. Өкпенің сыртқы көрінісіне, шеткі қырларына, консистенциясына көңіл аударады.
Жүректі тексеру үшін үлпершек пен эпикардты қарайды. Жүректі сол жақ қарыншасы жағынан дөңестеу жерінен жүрек етін кесіп, оның қуысын ашып эндокардты көреді. Жүректің етін 2-3 рет пышақпен тіліп финнозға тексереді. Жүрек қуысын ашып қарайды, қанның бар жоқтығын анықтайды.
Бауырды қолға ұстап көреді. Сыртынан қарап, оның түсіне, көлеміне, консистенциясына, шеткі қырларына көңіл аударады. Пышақпен кесіп өт жолдарын ұзыннан тіліп қарайды. Бауыр сөл түйіндерін тексереді. Эхинококкоз немесе бітеу жара барлығына күдік туса оларды пышақпен кеседі.
Өкпені сыртынан қарайды, көлемін, түсін, консистенциясын тексереді. Шеткі қырларына көңіл аударады. Тексерілген мүшелердің зақымданған жерлерін кесіп алып тастайды. Егер, мұндай патологиялық өзгерістер мүлде көп болса, мүшені түгелдей жарамсыз деп тауып, есептен шығарады.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz