Гельминттерді жіктеу негіздері, олардың иелерін классификациялау. Гельминттердің морфологиясы және биологиясы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
№6 Дәріс

Тақырыбы: Гельминттерді жіктеу негіздері, олардың иелерін классификациялау. Гельминттердің морфологиясы және биологиясы.
Кілтті сөздер: геогельминт, биогельминт, ақтық ие, аралық ие, қосымша ие, гермофрадит т.б.
Дәрістің мақсаты: Гельминттердің жіктелуін, морфологиялық-биологиялық ерекшеліктерін меңгеру.
Дәрістің жоспары:

1. Гельминттердің жіктелу орны.
2. Гельминт иелерінің жіктелуі.
3. Гельминттердің құрылысы мен даму айналымы.

Тоғышарлық күнелтетін гельминттер жіктелуіне қарай 4 үлкен топқа бөлінеді, топтардың ішінде морфологиялық және биологиялық ерекшелеріне қарай тағы топшаларға бөлінеді:
1. Жалпақ құрттар: олар екі топты құрайды:
а) Трематодтар - сорғыш құрттар;
б) Цестодтар - таспа құрттар.
2. Нематодтар - жұмыр құрттар.
3. Акантоцефалдар - тікен басты құрттар.
4. Анелидтер.
Паразит туралы ұғым оның иесімен тығыз байланысты. Сүтқоректілер организмінде үнемі немесе уақытша паразит мекендеп қоректенсе, ондай жануарды немесе адамды ие деп атайды. Сондықтан паразит туралы сөз қозғағанда, әр түрге жататын паразитті және оның иесін немесе иелерін еске алу қажет.
Бір иеде ғана мекен ететін паразитті (мысалы, Eіmerіa stіdae үй қоянында ғана болады) гомоксенді немесе бір иелі деп атайды.
Өзінің өсіп-өну айналымында екі немесе бірнеше иелерді мекен ететін паразиттер де бар. Мұндай паразиттерді гетероксенді немесе көп иелі деп атайды. Мысалы, жануарлардың қаны мен тасымалдаушы-кенелерде тіршілік ететін пироплазмалар мен тейлериялар. Сондай-ақ, адамның ішегінде Taenіa solіum таспа сатысында, ал шошқаның бұлшық етінде қуықша бұршақ тәрізді балапан құрттары (Cystіcercus cellulosae) өмір сүреді. Мұнда иелерінің өзгеруі паразиттің сатылап дамуына байланысты, балапан құрт сатысы бір иеде, ал ересегі - басқа бір иені мекендейді.
Паразиттің ересек сатысы дамитын иені ақырғы (соңғы) немесе дефинитивті ие деп атайды. Денесінде паразиттің балапан құрты дамитын организмді - аралық ие деп атайды. Оның денесінде паразит күрделі өзгерістерден өтіп, жыныссыз түрмен көбейеді, ал кейбір паразиттерде бір емес, бірнеше аралық иелері болады. Екінші аралық иені қосымша ие деп атайды. Бұлар тікелей ақырғы иеден ауру жұқтыра алмайды.
Сорғыш құрттар- жануарларда, соның ішінде ауыл шаруашылық малдарда және адамда жиі кездесетін трематодоздар ауруларының қоздырғыштары. Әлемде сорғыш құрттардың 4 мың түрі бар екендігі белгілі. Мұның барлығы дерлік эндопаразиттер. Олар бауыр, өкпе, бүйрек, ішкі қуыстарды, соның ішінде қан айналу жүйесін және т.б жануарлардың ішкі ағзаларында мекендейді де, алуан түрлі ауруларды қоздырады.
Сорғыш құрттардың топтастырылу жүйесі:

Класс TREMATODA
Класс TREMATODA

ASPIDOGASTRIDEA
ASPIDOGASTRIDEA
PROSOSTOMIDEA
PROSOSTOMIDEA
BUCEPHALIDEA
BUCEPHALIDEA

FAUSTULIDA
FAUSTULIDA
FASCIOLIDAE
FASCIOLIDAE
STRIGEIDA
STRIGEIDA

1
FASCIOLATA
2
PARAMFISTOMATA
3
HETEROPHYATA
4
ECHINOSTOMATA
5
SHISTOSOMATA
6
PRONOCEPHALATA

Трематодтардың морфологиясы (дене құрылысы)
Тоғышар құрттардың ересек, есейген, сақайған жынысы жетілген кезеңін, яғни фазасын - имаго немесе марита деп атайды. Олар барлық үй жануарларында, адамда, құстарда кездеседі. Гельминттер малдың, адамның бауыры мен ұйқы безінде, ас қорыту жүйесінде, қан тамырларында, құстың ащы ішегінде, аналық ұрық түтігінде т.б. мүшелерінде мекендеп, тоғышарлық тіршілік етеді.
Сорғыш құрттардың денесі жалпақ, көбіне жапырақ тәрізді, ұзынша, тіл, қандауыр, алмұрт тәрізді, яғни пішіні әр түрлі болады. Ұзындығы 0,1 мм-ден 10-15 см-ге дейін жетеді.
Сорғыш құрттардың арнайы бекіту мүшелері бар. Оларға жататындар: ауыз және құрсақ бұлшық етті сорғыштар, яғни емізіктер (присоски). Олар жақсы дамыған бұлшық етті сорғыштар арқылы құрттар иесінің мүшелеріне мықтап бекітіліп, қанын не сөлін сорып тоғышарлық өмір сүреді.
Ауыз сорғышы тоғышардың денесінің алдыңғы жағында орналасқан, ал, құрсақ сорғышы көбінің денесінің орта шенінде жайғасады. Бірақ, кейбіреулерінің құрсақ сорғышы құрттың ең артқы бөлігінде қалыптасқан. Мысалы, парамфистомаларда. Осы сорғыштары арқылы тоғышарлар иесінің ұлпасына жабысып, бекініп тұрады.
Сорғыштардың денесі бұлшық етті қапшықпен қапталған. Оның құрамында кутикула, гиподерма (эпителий) және бұлшық етті қабаттар бар. Ол қорғаныс қызметін атқарады.
Сорғыш құрттардың дене қуысы жоқ. Бұлшық етті тері қапшық паренхима (дәнекер) ұлпамен (тоқымамен) толтырылған. Осы паренхимада сорғыш құрттардың ішкі мүшелері орналасады. Дәнекер ұлпаның негізгі қызметі- ішкі мүшелерді қорғау, сақтау, тоғышардың қалпын сақтау.

Сорғыш құрттың құрылысы Бауыр сорғышы

Трематодаларда әр түрлі қызметті атқаратын бірнеше жүйелері бар, олар: ас қорыту, несеп бөлу жүйесі, жүйке жүйесі, жыныс жүйесі.
Ас қорыту жүйесі. Ол тұйық болып келеді. Ас қорыту жүйесі ауыз тесігімен басталады. Ол ауыз сорғыштың (емізіктің) түбінде орналасады. Одан кейін бұлшық етті жұтқыншақ, өңеш, ортаңғы ішегі бар. Артқы, тік ішегі мен аналь тесігі жоқ. Қорытылмаған заттарды сорғыш құрттар ауыз тесігі арқылы құсып тастайды.
Несеп бөлу жүйесі. Ол протонефридий (бастаңғы бүйрек) жобамен құралған. Оның құрамында кірпікшелі торшалар, жинақ каналшалар және қуықша бар.
Құрт денесінің барлық жерін толып жатқан тарамдалған өте жіңішке түтікшелер торлап жатады. Ақырында зиянды сұйық өнімдер ағып келеді де, тоғышар денесінің төменгі шетінде орналасқан қуықша арқылы сыртқа несеп арқылы шығарады.
Жүйке жүйесі: мұның құрамында миша түйнек немесе жүйке түйнек жұтқыншақтың айналасында орналасқаны бар. Осыдан басталатын үш жұп жүйке бұтақтар тармақталады. Олар ары қарай бұтақталып, талшықтары жан- жаққа таралады да, сорғыш құрттардың әрбір мүшелеріне жетеді.
Жыныс жүйесі, жыныстық ағзалары: сорғыштардың басым көпшілігі қос жынысты жануарлар (немесе қызтекелер, гермафродиттер). Олардың аталық және аналық жыныс жүйелері бір денеде болады. Алайда, дара жыныстылары да бар, мысалға, шистозомалар.
Еркек жыныс жүйесіне жататын мүшелер:
-Екі аталық бездер (2 ен), кейбірлерінде аталық бездердің саны одан да артық болады.
-Екі ұрықша түтіктер.
-Жалпы ұрық шашатын жол, яғни аталық түтікше.
-Ұрықша көпіршік.
-Сауыт (еркек шағылыс мүшесін қаптайтын қалта).
-Еркек жыныс тесігі.
Аналық жыныс жүйесін құрайтын мүшелер:
-Оотип, оның ішінде ұрықтану процесі жүреді, еркек және ұрғашы тұқымдар шағылысып, жұмыртқа пайда болады.
-Тұқымдық немесе аналық без.
-Тұқымдық түтігі.
-Еркек тұқым қабылдағыш, яғни ұрық салатын мүше.
-Мэлс денешесі, ол арнайы сөл бөледі, трематодалардың жұмыртқалары мүшелердің інінде жақсы жылжу үшін.
-Лаурер түтігі. Қызметі: артық бөлінген жұмыртқалар, сұйық заттар сол арқылы шығады және кейде шағылысу мүшесінің қызметін атқарады.
-Жатыр. Оның ішінде жұмыртқалар піседі, жылжып сыртқа шығады.
-Қынап- аналық шағылысу мүшесі.
-Ұрғашы жыныс тесігі.
-Уыздық. Уыздықша резервуар. Олар өте жақсы жетілген.
Даму сатыларына байланысты трематодтар 4 типке бөлінеді:
І тип. Бір иелі- моноксенді трематодтар. Аспидогастриде
тобындағы сорғыштар жатады.
ІІ тип. Екі иелі- диксенді сорғыштар. Бұл трематодтардың дамуы үш түрлі бағытқа бөлінеді:
1.Аралық иесі су ұлулары, ал церкарий сатысы су шөптеріне, тасқа және т.б. заттарға жабысып циста түзеді (Fasciolidae, Paramphismomidae).
2.Аралық иесі су ұлулары, ал церкарий сатысы суда циста түзбейді, жүзіп жүріп ақтық ие денесіне енеді (Schistosomatidae).
3.Аралық иесі құрлық ұлулары. Церкарий сатысы ұлу денесінен шықпайды, ұлу мүйізіне құрт тәрізді формаға айналады, ал оны ақтық иесі шоқып, жұқтырады.
ІІІ тип. Үш иелі- триксенді сорғыштар.
1 бағыт: аралық иесі су ұлуларықосымша ие - су жәндіктеріақтық ие- балықтар, құстар, сүтқоректілер (Plagiorchidae).
2 бағыт: су ұлуларықұрлық ұлулары немесе жәндітерамфибиялар, құстар, сүтқоректілер (Dicrocelidae).
3 бағыт: су ұлулары балықтарбалық, құс, етқоректілер (Opisthorhidae)
ІV тип. Төрт иелі сорғыштар. Ақтық иеқосымшаақтыққор жинағыш ие (Alaria туыстығы).

Трематодтардың дамуы:
Жұмыртқа (жетілген немесе жетілмеген)- сыртқы ортаға нәжіспен түседі.

Мирацидий (1-3 күнде жұмыртқаның ішінде қалыптасады)

Спороциста

Редийлер Аралық иеде (су немесе құрлық ұлуларда) 1,5-2 ай

Церкарийлер

Адолескарий немесе метацеркарий
(сыртқы ортада) (қосымша иеде)
Имаго
(2,5- 3 айдың ішінде)- ақтық (соңғы иесінде)

Трематодалардың дамуы 4-5 айдан 1-1,5 жылға дейін созылады.
Трематодоздар біздің елімізде ауыл шаруашылығы малдары арасында жиі тіркелетін гельминтоздар қатарына жатады.
Әсіресе, ірі қара, қой фасциолезі, қой дикроцелиозы еліміздің қой шаруашылықтарына қыруар экономикалық шығын келтіруде.
Еліміздің сулы өңірінде жиі тіркелетін описторхоз ауруының әлеуметтік маңызы зор. Өйткені, бұл гельминтоз адамдар арасында жиі кездеседі.
Қазақстанда Ертіс, Есіл өзендері аймағында орналасқан елді мекендерде адамдардың описторхозбен зақымдануы 35-50% дейін жетеді екен. Республика бойынша Ақмола, Павлодар облыстарында 49,4 және 36,8% құрайды. Сол аймақтағы мысықтардың зақымдануы 100 % дейін жетеді, бір мысықта инвазияның интенсивтілігі 6 - 7 мың. паразит болса, итте - до 40 % құрайды (республикалық СЭС мәліметтері бойынша).
Аталған трематодоздармен күрес шараларын ұйымдастыру үшін олардың аймақтық эпизоотологиясын зерттеудің маңызы өте зор.

Cestoda (грек сөзi Cestos - таспа, + eidos - бiтiмi) класына жататын құрттар, жалпақ құрттар Plathelminthes типіне жатады. Олардың қазіргі кезде 3500-дей түрі ғылымға белгілі. Бұлардың арасында өз бетінше еркін тіршілік ететіндері жоқ. Цестода деген сөз бунаққа бөлінген құрт денесінің таспа тәрізділігін білдіреді. Сestos деген көне грек тілі тігілген белдік деген мағына береді.
Цестодтардың денесі көбінесе 3 бөліктен тұрады: бас сколекс, мойын және бунақ стробила. Бірақ, денесі бунақтарға бөлінбеген цестодтарда бар. Олар балық паразиттері.
Цестодтардың ұзындығы 1-2,5 мм-ден 10-25 м дейін созылуы мүмкін. Басында бекіну мүшелері бар: сорғыш шұңқырлары, ботрийлары, сорғыштары, ілмекті тұмсықтары т.б.
Сорғыштары 4 жапырақ тәрізді құрылымдар, сақина тәріздес етті талшықтармен жабдықталған.
Мойны - денесінің ең қысқа жері. Оның арт жағында арнайы өсу зонасы жалғасқан. Одан жаңа бунақтар өсіп отырады. Бунақ саны 3-4-тен бірнеше мыңға дейін жетеді. Құртқа ыңғайсыз жағдайда бүкіл стробиласы түгелімен түсіп, тек сколекс қалуы мүмкін. Кейін одан қайта бунақтар өсіп шығады.
Асқорыту жүйесі
Цестодтардың іш қуысы паренхиматоздың құрылымдарымен толған. Сырты тегументпен қапталған. Оның ең сыртқы қабығы өте жұқа, тек электр микроскоппен көрінетін - микрохитиндермен жабылған. Ол сору қызметін атқарады.
Зәр шығару жүйесінің қызметін пронифридиялар атқарады. Олар ұсақ түтікшелер, паренхима торшаларында жатқан түтікшелер бірігіп, ірі түтіктер түзеді, соңында екі үлкен түтікке айналып, стробила жотасын бойлай орналасады.
Жүйке жүйесі: сколексте бас нерв түйіні орналасқан. Одан нерв тармақтары басталып, тегументте аяқталады. Олардың саны цестодтардың көбісінде 6 жұп (2-дорсалды, 2-вентралды, 2-латералды).
Жыныс жүйесі - гермофродитті. Бунақтардағы жыныс ағзалары оның жасына байланысты өзгереді. Мойынға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Санитарлық паразитология - ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ
Ас тұзының қаныққан ерітіндісін қолдана флотациялау әдісі
Қой гемонхозын балау
Жануарлардың инвазиялық аурулары
Түркістан аумағындағы ірі қара малдардағы нематодтармен күресу жолдары
Гельминттерге қарсы қолданылатын препараттар
Құстардың аскаридасы
Жануарларда паразиттық ауруларды болдырмау үшін бірінші атқаратын жұмыс профилактика, яғни осы аурулардың алдын алу жолдары
Паразитарлық аурулардың сипаттамасы
Эхинококкоздың патогенді әрекеті мен биологиясы
Пәндер