Ыбырай Алтынсариннің ғылыми және әдеби қызметі


3-Дәріс тақырыбы: Ыбырайдың ғылыми еңбектері
Оқу нәтижелері
Студент:Тақырыптағы кілт сөздердің анықтамасын біледі,
Дәріс мәтініндегі материалдардың қолданыс аясын, т. б. толығымен түсінеді;
Дәріс мәтінінен алған рухани, мәдени, тәрбиелік құндылықтарды: адамгершілікті, діни, моральдық, тарихи, адамзаттық мәселелерді бағалайды;
Теориялық материалдар бойынша коммуникативтік қарым-қатынас жасау дағдысы қалыптасады.
Дәріс жоспары
1. Оқулығы
2. Оқу құралдары
3 . Нұсқаулары
4. Очерктері
Дәріс тезистері
Жаңа типті мектептің дүниетанымдық оқулығының, иманжүзді,
билингвист - білікті тұлға қалыптастыратын оқу - әдістемелік құралдардың, балалар әдебиеті мен эпистолярлық, этнографиялық ізденіс жанрларының өнегелі үлгілері.
- Қазан төңкерісіне дейін үш рет жеке басылымы шықты
- Кеңестік дәуірде таңдамалы және толық 3 томдық жинақтары шықты, анталогия, хрестоматия, оқулықтарға енді
- Егеменді Қазақстанда 10т. анталогияға «Тұлғалар» топтамасына, жеке жинақтармен оқулықтарға енді
- Ыбырай Алтынсариннің ғылыми және әдеби қызметі
- Ол өз замандастары арасында ғалым-этнограф, көсемсөзші әрі ақын ретінде де кеңінен танылды. Ол Орыс географиялық қоғамы Орынбордағы бөлімінің толық мүшесі болды. Географиялық қоғамның тапсырмалары бойынша баяндамалар жасап түрды, қазақ халқының этнографиясы бойынша мақалалар жариялады. Атап айтқанда, Кіші жүз қазақтарының адамды жерлеу, ас беру, құда түсу, қыз ұзату және той жасау дәстүрі, ежелгі әдет-ғұрып зандары туралы зерттеу мақалалары жарық көрді. Ол өзінің жұмыстан қолы босаған кездерінің бәрін де ауыл арасында өткізді, туған халқының тарихы, фольклоры, шежіресі, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі туралы материалдар жинастырды. Өзінің көзі тірісінде бірқатар ғылыми мақалалары журналдар мен газеттерде жарияланды. «Орынбор ведомствосы қырғыздарының құда түсу мен үйлену тойы кезіндегі әдет-ғұрыптарының очеркі» атты еңбегінде үйлену тойларына байланысты толып жатқан әдет-ғұрыптарды тәптіштей суреттеді. Ы. Алтынсариннің әдеби мұрасы да едәуір елеулі. Ол И. А. Крыловтың мысалдарын, Л. Һ. Толстойдың әңгімелерін орыс тілінен қазақ тіліне аударумен қатар өзі де қысқа әдемі әңгімелер жазды. Ы. Алтынсариннің қаламынан туған аудармалар, өлеңдер, әңгімелер, мысалдар, этнографиялық очерктер мен ертегілер оқырман жүрегіне жол тапты. Оның шығармаларының тақырыбы да әр алуан. Ы. Алтынсаринді қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушы деп айтуға болады. Ыбырай Алтынсарин тамаша ақын да еді. Оның «Азған елдің билері», «Әй, достарым!», «Әй, жігіттер!», «Ана» атты өлеңдерінің адамгершілік-ғибраттық сипаты басым. Ақынның бұл өлеңдерінен қазақ жастарының талай ұрпағы үлгі-өнеге алып, тәрбие көрді. «Кел, балалар, оқылық!» деген өлеңінің: «Бір Құдайға сиынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ыкыласпен тоқылық! Оқысаңыз, балалар, Шамнан шырақ жағылар. Тілегенің алдыңнан Іздемей-ақ табылар . . . » - жас ұрпақты тәрбиелеуде маңызы өте зор. Ы. Алтынсариннің шығармаларында қазақтардың өмірі шыншылдықпен бейнеленді. Оларда білімге, ғылымға деген құлшыныстың қажеттігі кеңінен насихатталды. Жастарды оқу-білімге шақыра отырып, ол өзге халықтардың мәдени өмірін, олардың ғылымда қол жеткізген табыстарын үлгі-өнеге ретінде мысалға келтірді.
Ыбырайдың «Қырғыз хрестоматиясы - білім шырағы»
- Анықтама 1879 жылы Орынборда басылымнан шықты
1889 жылы «Мақтубат» атауымен шықты
1890 жылы ІІ бөлімнің қолжасзбасы табылды
1936 жылы А. С. Пушкин атындағы кітапхана қорына қолжазба тапсырылды (Алматы)
2. Мақсаты:
- Зайырлы, заманауи білімге негіз болуы
Міндеті:
- Ұлттық
- Тарихи
- Әлеуметтік жағдай сәйкестігі
3. Құрылымы:
Сөз басы
Ұсақ әңгіме, ертегілер (балалар турасында)
Үлкен кісілер турасында әңгімелер
Әртүрлі өлең - жырлар
Мақалдар
4. Ағымдағы оқу - үрдісі
Оқыту - мұғалімнің іс - әрекеті
Оқу - баланың іс - әрекеті
Жағдай жасау - ата - ананың іс - әрекеті
Рефлексия
Түйіндеу
«Қырғыздарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы »-
дидактикалық шеберлігінің тағлымы
Анықтама 1879 жылы Орынбор қаласында орыс таңбасымен қазақ тілінде басылып шықты (І - бөлімі)
1889 жылы толықтырылып өңделген басылымы шықты
1890 жылы қолжазба түрінде В. В. Васильевтің жеке мұрағатында болды (ІІ - бөлімі)
1936 жылы Республикалық А. С. Пушкин атындағы кітапхана мұрағатында қолжазбасы сақталуда
- Мақсаты:
Орыс тілін үйренуге тілек білдірген қазақтар үшін тағлым беру, мұғалімнің оқыту жұмысына әдістемелік көмек жасау . . .
Міндеттері:
Қазақ балаларының ерекшелігін айқындау;
Оқу үрдісінде баланың ұлттық ерекшелігін ескеру;
Нақты жағдайдағы бөтен тілді игерудің балаға тиімді тәсілдерімен әдістемелік жүйесін әзірлеу;
Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралын жасау;
Орыс тілін беретін пән мұғалімдерінің әдістемелік кәсіби шеберлігін шыңдау.
Құрылымы:
І - Нәрселердің аттары - зат есімі
ІІ - Зат мақұлұқтың қасиеттерінің аттары - сын есімі
ІІІ - Есеп аттары - сан есімі
ІV - Местоимение деген сөздің бөлімі - есімдік
V - Ақыры өзгермейтін сөздер - үстеу, демеу
VІ - Предлог деген сөздің бөлімі - жалғау
VІІ - Глагол деген сөздің бөлімі - етістік
VІІІ - Қазақшадан орысшаға көшіруге жазылған сөздер
- Дидактикалық қағидалары:
Этникалық
Аксиологиялық
Акмеологиялық
Заман талабына сәйкестік
Азаматтылық
Тіл игерту кезеңдері
1. Сөздің алғашқы түбірі арқылы ауызша сөйлеуді дамыту
2. Әліппе бойынша оқыту
3. Оқуға арналған кітап - қырғыз хрестоматиясы
4. Нәтижелілігі
Мұғалімде
Балада
Құнды бағамдалуы
Әлеуметтік
Тұлғалық
« Шариат - ул - ислам » - тәрбиенің таза бұлағы
- Анықтама:
1884 жылы Қазан университетінің типографиясында араб әріптермен жарық көрді.
1894 - Орынбор қаласында орыс таңбасымен қайта басылды
1991 - «Жұлдыз» №6 жорналында шықты Алматы қ.
2007 - «Тұлғалар» топтамасына «Ы. Алтынсарин» енді, Алматы, қ.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz