Сана және тілдің өзара байланысы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Ғұмарбек Дәукеев атындағы
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

Институт Электр техникасы және энергетика
Кафедра Әлеуметтік пәндер кафедрасы

№1 семестрлік жұмыс

Пән: Философия

Тақырыбы: Сана және тілдің өзара байланысы

Мамандық: Электроэнергетика

Орындаған: Рахымбай Әділет тобы:ЭЭк 20-2

Қабылдаған: аға оқытушы Жарқынбаев Е.Е.

2021 ж.
Сана және тілдің өзара байланысы
Caнa мeн тілдің байланыcын қарастырсақ, жеке-жеке тоқталып өтейік.
Айталық, психология, философия, логика, лингвистика ғылымдарының əрқилы салаларында жан-жақты сөз етіліп жүрген аталмыш ұғымдар ғылыми термин ретінде əрқалай түсіндіріліп жүргендігі белгілі.
Сана дегеніміз - адам сезінген және аңғарған ішкі - сыртқы болмыс күйі. Ол адамды басқа тіршілік иелерінен ерекшелеп отыратын, яғни ойлау қабіле-тіне мүмкіндік беретін қасиеті. Сана болмаса , жер планетасы баяғы тас дәуірінде қалып кететін еді.
Негізінде сана ұғымы адамдардың қоғамдық-тарихи əрекетінің жалпыға бірдей формаларымен сипатталатын объективтік əрекетке қатысты адамға тəн амал.Сана - əлемнің объективтік заңдылықтары, қасиеттері- мен мүмкіндіктері жайлы біліммен дүниеге деген көзқарас ретінде анықталады.
Сана көптеген пəндер үшін ақиқатты мінсіз қайталау қабілетін, сондай-ақ əртүрлі деңгейде механизмдер мен формаларды білдіретін негізгі ұғым болып табылады. Өткен ғасырда сана мəселесі тек гуманитарлық ілімдер пəні, соның ішінде əсіресе философия мен психологияның пəні болып табылады деп есептелді. ХХ ғасыр бұл шеңберді айтарлықтай кеңейтті. Көптеген жаратылыстану жəне гуманитарлық ғылымдар да сананы зерттеумен айналысып, оның кейбір заңдылықтарын айқындады. Философия мен психология үшін сана мəселесі негізгі зерттеу нысандарының бірі болып саналады. Ал тіл білімін сананың тілдік сипаты қызықтыратыны сөзсіз, осы тұрғыдан лингвистиканың қарқынды дамып келе жатқан жас бағыттарының бірі психолингвистика үшін тілдік сана ұғымы орталық ұғымдардың біріне айналып үлгерді, оның себебі де жоқ емес. Тіл - сана мазмұнын білдіретін негізгі құрал болып табылады. Тілдің өзі тіл білімінің жас бағыты психолингвистикада арнайы бейнеде əлемді бейнелейтін жəне адамдардың айналадағы ақиқат жайлы ұғымтүсінігін қалыптастыратын тірі құрал ретінде түсініледі.
Тіл дегеніміз - белгілі бір затты, түсінікті, ұғымды белгілейтін және дыбыстауы бар таңбалар жүйесі. Тіл дегенде ең алдыменен біздің ойымызға басқа адамдармен сөйлесу келеді. Екінші, әр ұлттың өз тілі бары келеді. Оның барлығы да дұрыс пікір. Ең алдымен тіл - байланысу құралы, ал әр ұлт бір-бірімен әр түрлі тілмен байланысады. Тіл жайлы көптеген мақал сөздер, мәтелдер айтылып кеткен. Мысалыға, тіл тас жарады немесе бас жарады. Яғни, адам тіл арқылы көптеген жетістіктерге жете алады, ал егерде байқамай ойламай сөйлесе, келеңсіздікке немесе қауіп қатерге алып келуі мүмкін. Қазіргі лингвистикада тіл табиғатын қарастырудағы түбегейлі өзгерістердің себептері көп-ақ, солардың бірі тілді жəне оның қарым-қатынастық қызметін тек формалық құрылым тұрғысынан зерттеу арқылы тіл табиғатын толық əрі жан-жақты тану мүмкін еместігі болып отыр. Енді сана мен тілдің байланысын қарастырсақ, əртүрлі ғалымдардың еңбектерінде əрқилы ғылыми жəне əдіснамалық тұрғыдан түсіндіріліп жүр. Ғалымдардың аталмыш мəселені жан-жақты талдауы арқылы тілдік сана ұғымының күрделілігін байқауға болады. Көптеген зерттеулердің барлығына қарамастан бірегей тұтас тілдік сана теориясы бар деп айта алмаймыз. Тілдік сананы талдау амалдарының ортақ нəтижесі көрсетіп отырғандай, тілдік сана тіл арқылы көріністенеді.
Тіл мен ой-сана арасындағы қарым-қатынас екі жақты: екеуінің де бір-біріне берері де, бір-бірінен алары да аз емес. Тіл - ой-сананы қалыптастыратын, оны материалдандырып жарыққа шығаратын, басқаларға білдіретін, ой-сана табыстарын сақтап, оны кейінгі ұрпаққа жеткізетін құрал. Тіл мен ой-сананың арасындағы байланысты зерттейтін тіл білімінің саласы менталингвистика деп аталады. Ол - экстралингвистиканың бір саласы, екеуі де тілдің сыртқы дүниемен байланысын зерттейді.
Сана өзінің ерекше табиғатымен, тек адамға тән болуымен, дүниені бейнелей алуымен, тіпті өзін - өзі ойлай алуымен т.б. қасиеттермен ерекшеленеді. Сана адамның тіршілік етуінің ажырамас қасиеті ғана емес, адам болмысын айқындайтын маңызды атрибуттардың бірі. Бүгінгі күнгі адамзаттың жетістіктері, ғылым мен білімнің дамуы, өзін қоршаған ортадан ажыратуы т.б. барлығы сананың жемісі болып табылады. Сана - обьективті шындықты бейнелеудің адамға ғана тән жоғары формасы, оның дүниеге және өзіне адамдардың қоғамдық - тарихи қызметінің жалпыға бірдей формаларының жанама түрдегі қатынасының тәсілі. Сана объективті дүниені ой елегінен өткізіп, тұтас дүниетаным құрайды. Ол психикалық үдерістердің бірлігінен құралады: ойлау, тіл, қиялдау т.б. және бұлар - сананың нақты көріністері болып табылады. Сананың пайда болуы жөнінде әр түрлі көзөқарастар бар: эволюцияның нәтижесінде жетіліп шыққан органикалық - физиологиялық мүше мидың басты қызметі; жаратушының ықпалы арқылы адам жаратылысымен пайда болған ерекше құбылыс т.б. Материяның жалпы қасиеті бейнелеу заттар мен құбылыстардың жанжақты өзара байланысты әрекеттестікте болуына тәуелді. Олар бір-біріне әсер ете отырып, сонымен қатар белгілі бір өзгерістерді тудырады. Бұл өзгерістер белгілі бір із түрінде көрінеді немесе өзіндік белгісін қабылдайды. Бейнелеудің формалары өзара әрекет етуші денелердің ерекшеліктері мен құрылымның түзілу дәрежесіне байланысты. Жансыз табиғатта енжар түрде іске асады. Мәселен, құмдағы із басқа сыртқы әсерді өздігінше қабылдаудың, сыртқы реакциясы болып табылады. Бұл бейнелеудің ең қарапайым формасы. Бейнелеудің жоғары формалары тірі материяның маңызды белгілері мынандай: тітіркену, өсу, көбею, зат алмасу т.б. Тітіркену - бұл барлық тірі организмдерге тән бейнелендірудің қарапайым және түпкі формасы. Мәселен, бір клеткалы жәндіктерден бастап, сүт қоректілерге дейінгілердің барлығы осы тітіркену қасиеті ие. Эволюция бойынша тірі организмдерде бейнелеу үшін арнайы бір бір мүше пайда болады. Нерв жүйесі осы бейнелеуді қабылдайтын басты мүше болып табылады. Ал адам миының иірімдері эволюция нәтижесімен көбейген немесе тумысынан берілген болуы мүмкін. Осылардың арқасыңда психикалық бейнелеу жүзеге асады. Психикалық бейнелеудің үш формасы бар: түйсік, қабылдау және образдарды елестету. Түйсік заттардың жеке сапаларын бейнелесе, қабылдауда заттар тұтас бейнеленеді. Елестету бұрын қабылданған сезімнің образы. Осыдан адам санасының бейнелеуінің формасы қалыптасады. 3.2 Сана мимен, психикамен, ойлаумен, тілмен, сөйлеумен тығыз байланысты. Ми - нерв жүйесінің орталық бөлігі болып табылатын хайуанаттар мен адамдардың психикалық өмірімен тығыз байланысты физиологиялық құрылымы. Ми тек адамға ғана тән емес, көптеген тіршілік иелеріне де берілген органикалық құрылғы. Адам миы барынша күрделі, миллиардтаған нейрондық клеткалардан тұрады. Дегенмен, зерттеушілер дельфиннің миы адам миына қарағанда күрделірек екендігін атап көрсетіп жүр. Осыған байланысты миының күрделілігі жөнінен адам мен дельфиннен кейін маймыл, піл, ит болып жалғаса береді. Адам миы бес бөліктен тұрады: үлкен ми сыңарлары, ортаңғы ми, сопақша ми, артқы ми, жұлын. Үлкен ми сыңарлары екіге бөлінеді: сол жақ жарты шар және оң жақ жарты шар. Үлкен ми сыңарлары санаға, ойлауға тікелей қатысты, мәселен, оң жақ жарты шар абстрактілі ойлау мен теориялық ойлауды қамтамасыз етсе, сол жақ жарты шар сезім, эмоция, интуиция сияқты қызметтер атқарады. Демек, сана мидың өнімді жемісі, мисыз ойлау, сана жүзеге аспайды. Психика адамға ғана емес, жоғары дәрежедегі жануарларда да бар. Бірақ, олардың санасы жоқ. Сана адамда ғана бар болғанмен, ол психикамен, тығыз байланысты. Психика тіршілік жүйесі мен қоршаған ортаның белгі берушілік қарым-қатнасының жемісі болып табылатын мидың өнімді қызметі. Психика адам мен жануарлардың қоршаған ортамен белгі берушілік өзара әсері сипаты тұрғысында көріне алады және ол физиологиялық заңдылықтар ретінде қарастырылады. Демек, физиологиялық үдерістердің барлығы психикамен атқарылғандықтан, олар жануарлар мен адамдарға ортақ. Бұны рефлекстер бойынша Павлов пен Сеченов ашып көрсетті де, шартты және шартсыз рефлекстерді ажыратты. Кейіннен ол психоанализде дағды, яғни, саналықтан бейсаналылыққа өту үрдісімен ұштасты. Бірінші сигнал жүйесі мен екінші сигнал жүйелері психиканың қызметінің саналы деңгейге өтуінің көрінісі. Осыдан психика құрылымының рефлекс, бірінші сигнал жүйесі, тітіркендіргіштер, нервтер т.б. психикалық үдерістерден құралатындығы анықталды. Сана психикаға қарағанда жеке, яғни, сана мен ойлаудың туындауы психикалық үдерістердің жоғарғы нәтижесі арқылы іске асады. Яғни, үлкен ми сыңарлары, әсіресе, оның оң жақ жарты шары арқылы, екінші сигнал жүйесі бойынша сана құрылымдары жүзеге асады. Оның бірі - ойлау мен сана өзара тең емес, ойлау сананың маңызды және қажетті айқындалу көрінісі мен негізгі қызметі болып табылады. Сана болмаса ойлау жүзеге аспайды және ойлаусыз сана да болмас еді. Бірақ ойлау сананың бар болатындығының тікелей нақты куәсі болмақ. Ойлау дискурсивті, продуктивті, абстрактілі деңгейлер арқылы барлық басқа тіршілік иелерінен елеулі және дихотомиялық айырмашылыққа енеді, демек, нақты ара жікті ашады. Ойлау тура сәйкес емес, дегенмен, олар бір-бірінің ішкі қажеттіліктерінен туындап, өзара тең деңгейде анықталады. Ойлаудың барлығы тіл арқылы жүзеге асады. Тіл арқылы сыртқа шығарылады. Оның сыртқа шығарылған нақты заттанған көрінісі тіл болып табылады. Тіл мен сана да тура сәйкес бола алмайды. Мәселен, интуиция иррационалдылық болып табылғанмен, интеллектуальді интуиция ойдың, ойлау дағдыларының сұрыпталған, нығыздалған түрі деп есептеледі. Сананың нақты көрінісі тіл және тіл арқылы барлық сана үдерістері жүзеге асып отырады. Яғни, адам санасының екі деңгейі бар: сезім сатылары - түйсік, қабылдау, образдарды елестету; теориялық немесе логикалық. Екінші денгей: ұғым, пікір, ой тұжырымы арқылы жүзеге асады. Сонымен сана тірі материя дамуының жоғары дәрежесінде ғана пайда болған жетістік. Сананың мынадай нақты тұжырымдалу үлгілері материалистік таным да былайша бағамдалады: сана материя дамуының белгілі бір кезеңінде пайда болады; сана неғұрлым жоғары ұйымдасқан материяның түрі, адамның бас миымен ажырамас байланыста болады; өзінің шығу тегі жағынан, мазмұны мен ролі жағынан материалдық әлемнің неғұрлым жетілген бейнесі; адам да, оның санасы да еңбектің нәтижесі, ал объективті идеалистік ұстанымдарда ол құдыретті күштің ықпалындағы адамға берілген жетістік. Философияның тарихында психика, сана, жан тек адамдарда ғана немесе бүкіл материяда бар деп санайтын философиялық көзқарастар бар. Бұны гилозоизм деп атайды. Гилозоизм - грек тілінен аударғанда тірі материя деген ұғымды береді. Бұған қарама-қарсы сана адамдардың барлығына емес, тек санаулы адамдардың тобына ғана тән деп түсіндіретін көзқарастар да бар. Сонымен қатар сананың жеке адамдығынан, әлеуметтік деңгейінен де өрлей түсіп, оны тұтас әлемдік табиғи құбылыс деп қарау турасындағы пікірлер де бар. Жартылай мистикалық, жартылай ғылыми болып табылатын ғарыштық сана, ғарыштық эволюция түсінігі бүгінгі танымда маңызды орын алып келеді. Оның байырғы, бастапқы идеялары көне Грекияда - әлемдік ақыл, нус, логос түрінде айқындалса, көне Үндіде Брахман, Қытайда дао түрінде тұжырымдалған. Әлемдік ақыл (әлемдік рух) танитын, жарататын, өзінің мақсат коюынан туындайтын, барлық шындықтың қағидасы ретінде ойлайтын рухани күш. Әлемді басқаратын бәрінен үстем ақыл деп түсінілетін жаппы ұғым. Ол әр кезеңде әр ойшылда әртүрлі түсіндірілген, ал әрекеті жағынан құдайлық немесе табиғи заңдылықтар жүйесінде болған. Соның бірі Нуус (ақыл ой) - рух, интеллект, әлемдік жан деген сияқты құбылыстармен астасып жатырған, сана мен ойлаудың барлық актілерінің, әлемдік жиынтығын білдіретін көне философия дәуірінен бергі келе жатырған космологиялық метафизикалық түсінік. Мәселен, бұл Анаксагорда - формасыз материя жасаудың және реттілік формасы болса, Неоплатоншылдар барлық дүниені ұғындыратын және белгілі бір форма беретін ерекше сезімнен тыс болмыс деген ой түйеді. Ал Логос (сөз, сөйлеу, тіл мағынасында) - философияда ой, ұғым, ақыл, мағына, әлемдік заң деген сияқты түсініктерді қамтитын бәріне ортақ ақыл және әлемді реттейтін құдыретті ықпалды күш. Гераклит түсінігінде әлемдік ақыл, арнайы жақсыз, тіпті құдайдан да жоғары көтерілетін ғарыш заңдылықтары. Бұл стоиктерде - кейде тұлға, құдай ретінде ұғынылса, неоплатоншылдарда, Филонда, Көне Өсиетте құдай ұғымымен тоғысады, құдайлық қасиеттегі ақыл күші, құдайдың мәңгі ойы, логос ретінде әлемді жаратқан, байланыстырған болып түсініледі. Логос мистикада адам мен құдай арасындағы дәнекер болып табылады. Бұдан әлемдік ақыл түсінігі туындайды да, ол бүгінгі таңда сана өрісін діни-мистикалық тұрғыдан таразылауға қарай бағдарланып отыр. Демек, сана да жоғары ғарыштық қабатты арнайы өріс ретінде обьективті, адамдардан тәуелсіз өмір сүретін қабат деген ойға келіп саяды. Осындай метафизикалық пайымдардың, ойлардың нәтижесі бүгінгі күні барынша ғылымиланған формада космизм аясынан табылды. Космизм - Циолковский, Вернадский тәрізді ойшылдардың ғарыш пен адам бірлігі және оның санасының жеке адамдық қана емес, әлемдік ғарыштық деңгейі туралы философиялық ілім. Бұдан ноосфера туралы ұғым пайда болады. Ноосфера (ноус - ақыл, парасат, спайра - сфера, аймақ деген мағынада) - планетаның адам ақыл парасаты мен саналы іс-әрекетті қамтитын аймағы. Бұл ұғымды Тейяр де Шарден мен Э.Леруа енгізіп, Вернадский дамытқан. Ноосфераның мәні - адамзат қоғамының дамуында биосфера ноосфераға айналатындығы, адамның ғарышқа шығуына байланысты ноосфераның өрістеу беталысы жүріп отыратындығымен айшықталады. Мәселен, орыс жаратылыстанушысы, ойшылы В. Вернадский (1863-1945 жж.) жаратылыстану ғылымдарын зерттеу үшін философия мен логикаға және әдіснамаға көңіл бөліп, биосфера биологиялық өмірмен қамтылған жер қабығы, адам дамуы арқылы биосфера біртіндеп ноосфераға, демек, сана өрісіне, ақыл-ой қабатына өтеді, сондықтан ноосферада үздіксіз кеңею процесі бар дей келе, антропокосмизм жүйесін туғызды: табиғилық пен адамилық ғылым дамуының беталысында біртұтастыққа құйылады деп тұжырымдаса, эволюционизмнің көрнекті өкілі Т.Д.Шарден Христиандық эволюционизм теориясын дәйектейді: қарапайым материядан бастап күрделену, адам санасының жетілу және ондағы руханилық туралы мәселелерді қозғап, оны эволюциялық, ғарыштық деңгеймен байланыстырады да, универсум құрылымының әрбір бөлшегінде ерекше рухани күш жігер бар, ол - эволюцияның қозғаушы және бағыттаушы күші ғылым дамуы - рух эволюциясының кезеңдерінің бірі деп түсіндіреді. Кейіннен осы тұжырымдама тейярдизм деп аталған. Ал ғылыми-техникалық прогресс жағдайында кибернетиканың дамуы жасанды ми, жасанды интеллект тудырумен шұғылданып, нақты нәтижелерге қол жеткізіп жүр. Бұнда адам санасы мен ақылын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Когнитивті лингвистика мен қазақ тіл білімінің байланысы
Когнитивті лингвистика – жеке ғылым саласы
Тілдік санадағы мәдениет ұғымы
Тіл және сананың арақатынасы
Тілдік сана және прагматика
Тұтынушылардың рухани санасы
Тіл - тіршіліктің бастауы
Когнитивті лингвистика-жеке ғылым саласы туралы ақпарат
Сана шындықты бейнелеудің формасы ретінде
Сөздер мен сөйлемдер құрылысы – адамның дүниетану жетістігі
Пәндер