Абай махаббат туралы


Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Ғұмарбек Дәукеев атындағы
«АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ»
Институт Электр техникасы және энергетика
Кафедра Әлеуметтік пәндер кафедрасы
№2 семестрлік жұмыс
Пән: «Философия»
Тақырыбы: Абай махаббат туралы
Мамандық: Электроэнергетика
Орындаған: Рахымбай Әділет тобы:ЭЭк 20-2
Қабылдаған: аға оқытушы Жарқынбаев Е. Е.
2022 ж
Абай махаббат туралы
Дала кемеңгері Абай - қазақ елінің мақтанышы. Абай дегенде толғанбаған қазақ, ойланбайтын адамзат болмайтын шығар сірә?! Ойлы өлеңдерімен, асыл қара сөздерімен өскелең ұрпаққа қанат бітіріп, тәрбие мен адами қасиеттерді әрдайым бойға сіңірткен данышпан ақынның өсиеті - мәңгілік мұра. Абай өлеңдерін бағаламау, болашаққа дәріптемеу үлкен күнә болар. Әр қазақ баласы қазақтығын Абай құндылығымен дәлелдей білуі тиіс.
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған,
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, - деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге 170 жыл бойы өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүре бермек!
Ол өткен заманның, кешегі түркі дүниесінің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды Абай -лебі, Абай - үні, ана тынысы - заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді.
Абай мұралары сан алуан. Олардың ең көлемдісі - лирикалық шығармалары. Оның лирикасы кең көлемді мол қазына; биігі бітпес, тереңі таусылмас сырлы мұра. Абай лирикасы сала-сала. Жалпы лирика деген ұғымға қандай қасиеттер тән болса, Абай өлеңдерінде соның бәрі бар. Абайды бірыңғай қайғының, яки қуаныштың ақыны деуге, не мұңшыл, не күлкішіл ақын деуге тіпті де болмайды. Абай лирикасында осының бәрі түгел, тұтас жатыр. Оның сырлы жырларындағы сәл ғана, ең бір жай сезінудің өзі оқырманның жан жүйесін, көңіл күйін түгел тебіренте толқытып, барлық пернені түгел басып, барлық шекті түгел сөйлеткендей сайрайды. Бұл - ғажайып құбылыс. Дүниені ақылмен тану арқылы адам діндегі алдамшы Құдайды емес, ғылымдағы Құдайдың мәнділігіне көзін жеткізе алады. Сол арқылы нағыз адами болмысқа ие болады. Махаббат пен әділеттілік Құдайдың ең жоғары формасы болғандықтан да, адам үшін олар ерекше мәнді болуы тиістігін түсінетін белсенді адамға айналады. Абайдың «жиырма жетінші қара сөзі» Сократ пен шәкірті Аристодемнің диалогі түрінде жазылған. Онда Құдай адамды қандай жоғары қасиетсапалармен жаратқанын және Құдайдың «махаббатын көргені үшін» адам Құдай алдында «қаншалықты қарыздар» екендігін талқылайды. Абай қара сөздерінде халықты қанап отырған болыстар мен билер туралы жиіркенішпен айтады. Жиырма екінші қара сөзінде «Болыс пен биді құрметтейін десең, Құдайдың өзі берген болыстық пен билік елде жоқ. Сатып алған, жалынып, бас ұрып алған болыстық пенен биліктің ешбір қасиеті жоқ» дейді. Бірақ Абай өзі біраз жыл би болып, халықтың шексіз сенімі мен махаббатына, құрметіне ие болды. Шоқан Уәлиханов сияқты Абай да болыстар мен билерді сайлаудың өзіндік реформасын ұсынды. Ол болыс билеушісінің қазақша да, орысша да білім алған адам болса екен деп армандады. Оның халықпен ұзақ мерзімге сайланып, халықтың мүддесін қорғағанын, пайдалы еңбекпен, кәсіппен, ағартушылықпен айналысқанын қалады. Оқу мен білімді, ғылымды Абай ең бірінше орынға қойды. Ғылымсыз екі дүниеде де жетістікке жету мүмкін емес деді. Қырық бесінші мынадай сөздермен аяқталады: «Ғаделет, махаббат, сезім кімде көбірек болса, сол кісі - ғалым, сол - ғақил». Ал қырық бірінші сөзінде «Ғылымның жолдары бар, әрбір жолда үйретушілерге беріп сен бұл жолды үйрен, сен ол жолды үйрен деп жолға салып, мұндағы халыққа шығынын төлетіп жіберсе, хатта қыздарды да ең болмаса мұсылман ғылымына жіберсе, жақсы дін танырлық қылып үйретсе, сонда сол жастар жетіп, бұл аталары қартайып көзден қалғанда түзелсе болар еді» дейді. Абай өзінің өлеңдерінде патша отаршылдары мен олардың саясатын орыс халқынан және оның демократиялық мәдениетінен ажыратып қарауға үйретті. Абай туған халқына пайда әкеліп, әлем мәдениетімен үндесу үшін орыс тілі мен мәдениетін, ғылымын үйренуге шақырады. Экономика мен мәдениет салаларында жетістікке жетудің жолы адамның, халықтың, Отанның игілігі үшін адал еңбек ету. «Ақыл, ғылым - бұлар кәсіби», яғни еңбекпен табылады дейді қырық үшінші қара сөзінде. Абайдың философиясы қоғамда сенім, махаббат пен ақыл, адамгершілік, арлылық, жауапкершілік, өзгені құрметтеу, адамды сүю, бірімге талаптану сияқты гуманистік құндылықтарды нығайтуға бағытталады.
Махаббат әр адамның жүрегіне ұя салатын сезім құдіреті. Ол құдірет бірде шапағатқа, бірде машақатқа, бірде ләззатқа, бірде азапқа, бірде нұрға, бірде мұңға бөлейтін, ыстығы мен суығы астасып жататын асау бір ағын. Жарқылы жаныңа гүл еккізетін, тіпті кейде қайғы-қасірет шеккізетін бұл сиқырлы сезімнің ғашықтық ғаламаты да, махаббат машақаты да сонысымен қымбат, сонысымен жұмбақ.
Осы оттың шарпуынан ақылы дария, таланты жаһанға жария небір ұлыларыңыз да «аман» қалмаған. Ғашықтық ғаламаты тағдырының аманатына айналған талай-талай тұғырлы тұлғалардың сүйіспеншілік сезімі жайлы сөз қозғайтын жаңа жобадан сіздер қазақтың әйгілі адамдарымен қатар ғаламның танымал ұлыларының ұлы сезімдері хақында сыр ұғатын боласыздар.
«Махаббатсыз дүние бос . . . » Адамның жан дүниесін жарық нұрға бөлейтін ұлы сезімді бір- ақ ауыз сөзбен осылай түйіндей білген ақын Абайдың жүрегін шоқтай жандырған махаббат алауы оның ақындық шабытына ғана емес, өмірлік бағытына да сәуле шашқан сөнбес шырақ еді . . .
«Айттым сәлем, Қаламқас,
Саған құрбан мал мен бас.
Сағынғаннан сені ойлап,
Келер көзге ыстық жас.
Сенен артық жан тумас,
Туса, туар, артылмас.
Бір өзіңнен басқаға,
Ынтықтығым айтылмас.
Бұл ұлы ақынның ақылы мен жүрегін жаулаған, қолы жетпей, мәңгі арманына айналған ғашығы Тоғжанға арнаған сезімінің селі. Абай-дана, Абай-дара, Абай-ақын, Абай-хакім. Солай бола тұра Абай да жұрт қатарлы жұмыр басты пенде. Оның да жігіттік желікті, қызық-думан көрікті бастан өткермеуі мүмкін емес. Әкесінің тапсырмасын орындай жүріп ол талай дала аристократтарының аруларымен танысты. Лап етіп жанған, соңыра өз сезіміне өзі тоңған сәттері де болған шығар. Бірақ Тоғжанға деген кәусар көңілінің ынтықтығы өмір бойы басылмай өтті. Бұл - көркем шығармадағы бейнелі образ емес, бұл - ақын тағдырының шынайы шындығы.
Абай үш әйел алған адам. Әйткенмен алғашқы қосағы Ділдаға үйленбес бұрын-ақ махаббат дертіне шалдығып, жүрегі Тоғжанға тұсалған ақын арманының орындалуына заманның қатал қағидалары, дәрменсіздікке душар еткізген дәстүр-дәріптері дес бермеді. Бөжей мен Майбасардың дауы кезінде Құнанбайдың тапсырмасымен Сүйіндік ауылына келген бозбала жігіттің албырт сезімін оятқан Тоғжан бейнесін жазушы Мұхтар Әуезовтің суреттеуінде былай танимыз. «Қақтаған ақ күмістей жазық маңдайы, сәл жасаураған бота көздері, қарлығаштың қанатын еске түсіретін қиғаш қастары, ұшы үлбіреп тұрған екі бүйрек беті, шебер қолынан шыққандай жұмыр иегі, аққу мойыны мен қаз омырауы» . . . Бұған дейін Семейде талай орыс, татар қыздарымен таныс-біліс болып жүрсе де Абайдың сезімін арбаған мына сұлулық оны еріксіз еліттіріп, ессіз күйге жетелеп бара жатады. Сүйіндіктің ауылындағы сол жүздесуден кейін Тоғжан бейнесі көз алдында мөлдіреп, көңіл түкпірін тәтті бір сезім шайқайды да тұрады. Жан-дүниесін тағатсыз сағынышқа малған күйден арыла алмаған ақын «Арылмас, айықпас бұл не дерт?» деп өзі де ішкі әлеміндегі өзгеріске таң қалады.
Сүйіндіктің өзінен екі-үш жас үлкен баласы Асылбекпен таныстығы мен көңіл жарастығын себеп етіп, Майбасар лаңынан қолы босаған Абай Тоғжанды көріп қайтуды ойлайды. Бұл кезде Құнанбай аға сұлтандықтан босап, оның болыс інісі Майбасардың орнын Сүйіндік басқан еді. Бұдан бұрын Сүйіндік ауылына барғанда жүзтаныс болған Ерболмен кездесіп, орайы келіп Асылбектің отауына түседі. Қыз ағасының үйде жоқтығы қос ғашықтың таң атқанша сырласып, қимас сезіммен табысуына себеп болады.
Бұдан кейін де Абай айнымас адал досы Ерболдың көмегімен Тоғжан ауылына жолай жолаушы іспетті тағы бір тоқтап, сүйген аруымен жүздесудің есебін тапқан еді. Тоғжанның ағасы Әділбектің қайындап, өзге үлкендердің де ілесе кеткені ауыл жастарының жиналып, ойын-сауық құруына мол мүмкіндік тудырған-тұғын. Асылбектің отауындағы жастардың басқосуы, әдемі әзіл-күлкімен көңілдің жарастығын жақындастырған тәтті сәттер Абай мен Тоғжанның жүректерін жалынымен жандырды. Екі жасқа тілеулес жеңге келер түні оларды оңаша табыстырып, бір-біріне ынтыққан қос жүрек таң атқанша сезім сыры мен көңіл шерін тарқатып тауыса алмай, қимастықпен амалсыз қоштасады. Бұл Абайдың ессіз сүйген ғашығымен соңғы рет жолыққан, мәңгі сағынышқа айналған жүздесуі еді.
Өйткені сүйген жүрек өздерінікі болғанымен, шешім етер ерік өзгенікі еді. Абайдың өзі көрмесе де, әке-шешесі қалап айттырған қалыңдығы бар. Тоғжанның тілегін тұсап, сыртынан атастырған күйеуі бар. Сондықтан да екеуі де ғашықтық дертінен құса болса да әке-шешенің әмірінен асып кете алмайды.
Құнанбайдың Абайға айттырған қалыңдығы Ділдә айтулы жердің, атағы дүркіреген Алшынбай бидің қызы. Алшынбай Қаздауысты Қазыбек бидің шөбересі. Абайдың анасы Ұлжан да бұл тұқымнан алыс емес, Алшынбайға ағайын қарындас боп келеді.
Ділдәнің Абайдан екі жас үлкендігі болғанымен, әйгілі әулеттің қызы тым тәккаппар, өр көңілді, кесек сөйлеп, кергіп басады. Ал Тоғжанға деген маздақ сезім жүрегінде мәңгі жанған Абай Ділдәмен дәм-тұзы жарасқанымен, ол оның сүйіп алған жары емес еді. 15 жасында отау иесі атанған Абай тұңғыш ұлы Ақылбай дүниеге келгенде де өзін әке ретінде сезіне алмады. Абайға аңсары қаншалық ауғанмен ата салтты аттап кете алмаған Тоғжан да тағдырдың тұсауына көнбеске шарасыз-тын. Күйеуі ақырғы рет келіп алып кетерінің алдында ол Абайға «жетсін» деп хабар бергізіп, соңғы рет жүздесіп, тілдесіп қалуға тілек білдірген. Жаздың желсіз ымырт жабылар шағында жым-жырт сайда қос ғашық құшақ айқастыра тұрып сүйіскен күндерінің сәулесіне шомылып, қоштасар шағының қайғы-қасіретіне тұншыққан. Көңілдегі нала мен жүректегі жара, өзекті өртеген өкініш пен өксік, сағыныш пен сағымға айналған сырлы сәттер екеуін арманның айықпас дертіне шалдықтырып, араларын амалсыз алшақтата берген. Жайшылықта ұяң, нәзік, қорғаншақ Тоғжан ұзатылар шағында ішкі дертін ірікпей, жан сырын жария етуден жасқанбай, ел ағаларынан рұқсат сұрай отырып Абаймен қоштасу зарын шығарыпты.
«Кертаудың ат байладым аршасына, Сәлем де Тобықтының баршасына» . . . деп басталатын бұл сыңсу әнді кешегі елуінші жылдарға дейін әжелеріміз ұмытпай айтып та келген екен.
Ал «Жарқ етпес қара көңілім не қылса да,
Аспанда ай менен күн шағылса да.
Дүниеде сенен артық маған жар жоқ,
Саған жар менен артық табылса да»
деп өз жанының жарасын жырмен ақтарған Абай да өмір бойы қолы жетпеген ғашығын аңсаумен өтті. Сол сағыныш, сол арман оны Әйгеріммен Тоғжан боп табыстырды.
. . . Құнанбайды қажылық сапарға Семейден аттандырып салған соң көп ұзамай елге қайтқан Абай мен Ербол көз байланар шақта Орда тауының бөктерін жайлаған Бекей мен Шекей деген ағайынды адамдардың ауылына тап болады. Жолсоқты болып келген Абай Бекейдің отауында азырақ мызғып алмақ боп жатқанында түсінде Тоғжанды көреді. Дәл баяғыша өздері кездескен Жәнібек өзенінің етегінде «Мен келдім. Міне, қасыңдамын» деп сүйгені тұр. Тоғжан мұны сағынғанын айтып, сызылтып өзі үйреткен «Топайкөкке» салады. Зарықтырған ғашығына «Кел, келші, сәулем» деп құшағын жая бере оянып кеткен Абайдың құлағына тым жақыннан әлгі үн үзіліп жетеді. Сол «Топайкөк» . . . Сол Тоғжанның дауысы . . . Абай есеңгірегендей есікке ұмтылады. Бірақ бұл әнді салып жатқан Тоғжан емес еді. Ол көрші Шекей үйінде жастармен бірге отырған Бекейдің қызы Шүкіман болатын. Дауысы ғана емес түр-тұлғасы да, бет-әлпеті де Тоғжаннан аумай қалған бойжеткенді көргенде Абай аңырып тұрып қалады. Жүрегі аттай тулаған ол, «айнымаған Тоғжан» деп күбірлей береді. Бекей үйінде жалғасқан жастар жиыны Шүкіманды ашық ажарымен ғана емес, жарқын мінезімен, жүректің қылын шертер әншілік өнерімен, назды, сазды үнімен де өзіне баурап бара жатты. Қыз да сыртынан атына қанық қонақ жігіттің жанарынан лап еткен жалынды аңдаусыз аңғарған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz