ХХ ғ тіл біліміндегі лингвистикалық мектептер мен бағыттар


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

ХХ ғ тіл біліміндегі лингвистикалық мектептер мен бағыттар.

Жоспар.

  1. Кіріспе
  2. Натуралистік немесе биологиялық бағыт.
  3. Психологиялық бағыт.
  4. Жас грамматикалық бағыт.
  5. Женева мектебі
  6. Мәскеу лингвистикалық мектебі.
  7. Қазан лингвистикалық мектебі.
  8. Логикалық бағыт
  9. Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе.

Тіл білімінің теориясы мен тарихын жақсы түсіну үшін ХІХ ғасырдағы жаңа ғылыми бағыттардың, ағымдардың, көзқарастардың, түрлі ғылыми мектептердің ерекшеліктерін ажырата білу керек. Жаңа ғылыми бағыттар мен ағымдардың туындауына негіз болған басты себептердің бірі - тілге деген жаңаша түсінік, түрлі анықтамалар мен оның өзіндік мәнін, ерекшелігін, қызметін айқындауға байланысты айтылған пікірлер мен сан алуан көзқарастар еді.

Лингвист ғалымдар тілді сан алуан аспектіде қарастырады. Міне, осыдан келіп лингвистердің пікірлері бірнеше жікке жарылады. Олардың біразы тілді қоғамдық құбылыстар қатарында деп қараса, енді біреулері тілді жаратылыстану құбылыстарына жатқызады. Ал, келесі біреулері тілді жеке адамдардың психикасына, яғни сөйлеу ерекшелігіне жатқызып, оны психология ғылымының қатарына қосады. Бұл тәрізді сан алуан пікірлер тілге анықтама беруде пікір қайшылықтарына әкеп тіреді. Көтерілген мәселелерді шешуде тіл білімінің тарихында бірнеше көзқарастар мен ағымдар, әр түрлі бағытты ұстанған лингвистикалық мектептер болды.

Тіл білімін зерттеудегі жоғарыда айтылған түрлі ғылыми бағыттар мен олардың ұстанған принциптері алуан түрлі болсада негізгі үш бағыт аясында жүргізіліп келе жатқанын тіл білімі тарихына көз жүгірту арқылы аңғаруға болады. Олар біріншіден, с труктуралистік (құрылымдық) бағыт . Бұл бағыттың негізгі ұстанымы тілді өз ішінен зерттеу болды. Структуралистік бағыт ХХ ғасыр мен ХХІ ғасыр басына дейін кең қанат жайып, тілді өз ішінен зерттеу мәселесінде көптеген жетістіктерге жетті.

Ал екінші бағыт антропоцентристік парадигма деп аталады. Антропоцентристік парадигма өз бастауын Еуропадан В. фон. Гумбольдттың лингвофилософиялық концепцияларынан алады. Бүгінгі таңда антропоцентристік парадигма өте қарқынды зерттелу үстінде. Антропоцентристік парадигма негізінен «тіл-қоғам-адам», «тіл-мәдениет-өркениет», «тіл-ұлт-мәдениет» деген үштіктердің негізінде зерттеу бағыттары жүргізіліп жатыр. Жалпы «антропоцентристік» немесе «антропоцентризм» деген терминді осы бағытты зерттеуші ғалымдар екі түрлі қолданады. Олардың кейбіреуі «антропоцентризм» дегенді «этнолингвистика» деген термин мен ауыстырып та, қолданатын кездері бар.

ХХ ғасыр лингвистикасы

Қазіргі заман тіл білімі жас грамматистерге қарсы күресте туып қалыптасты. 19ғ. соңғы он жылы мен 20ғ. бас кезінен бастап Батыс Еуропа тіл білімінде жас грамматистік бағыт қатты сынға алынды, зерттеудің жаңа әдісі, бұрынғыдан өзгеше амал-тәсілдері іздестірілді. Әр елде, әр жерде жас грамматизмге қарсы лингвистикалық мектептер пайда болды. Олардың қатарына «Сөздер мен заттар», «Эстетизм», «Социологизм» деп аталатын мектептерді жатқызуға болады.
Сөздер мен заттар. Бұл мектептің ең көрнекті өкілі - роман тілдері мен жалпы тіл білімінің маманы Австрия тіл ғалымы Г. Шухардт (1842-1927) .
20 ғ. бас кезінде Батыс Еуропада жас грамматизм бағытына қарсы бағытта пайда болған лингвистикалық мектептің тағы бір түрі - эстетизм немесе эстетикалық лингвистика. Бұл туралы-неміс ғалымы К. Фосслердің «Лингвистикадағы позитизм мен идеализм» (1904), «Тіл - шығармашылық және даму» (1906) деген еңбектерінде баяндалған.
Неолингвизм. (гр. neos - жаңа және лингвистика атауларының бірігуінен туған) . Оның негізін салушылар М. Д. Б. (1873-1946), Д. Бонфанте (1904 ж. )
Социологиялық бағыттың Франциядағы көрнекті өкілдері - П. Лафарг Ф. де Соссюр, А. Мейе, П. Лафарг.
Структурализм бірден пайда болған жоқ. Структуралдық бағыттың көпшілікке танылған үш мектебі болды: Прага (Чехословакияда), Копенгаген (Данияда) мектептері және дескриптивтік мектеп (Америкада) . Кейін келе бұл бағыт басқа елдерге де тарады.

Жалпы алғанда, XX ғасыр лингвистикалық ой-пікірлер дамуының жаңа кезеңі болды және әр түрлі бағытта дамып келеді. Әрине, бұл ғасыр ерекше көтеріп отырған проблемалардың барлығы да бұрынғыларға ұқсамайтын мейлінше тың туындылар деуге болмайды. Басқа да ғылымдардағы сияқты жалғастылық желілестік тіл білімінде де бар. Өткенді жете білмей, меңгермей, оның кұнды, прогресті жақтары мен мәнсіз, өріссіз жақтарын жан-жақты ашпай тұрып, олардан тағылым алмай тұрып, жаңалық аша қою бола бермейтін жәйт. Осы себептен де XX ғасырда дүниеге келген лингвистикалық мектептердің барлығы да өздерінің алдында өмір сүрген жас грамматикалық бағыттың концепцияларына жан-жақты талдау жасай отырып, өз бағыт-бағдарларын белгіледі. XX ғасыр лингвистикасы жас грамматикалық бағытқа қарсы күресте туып, қалыптасты деудің себебі де осында.

Бұл кезеңнін, жаңалығы, тың проблемасы делініп жүргендердің көпшілігі өткен XIX ғасырда дүниеге келген, туа бастаған ой-пікірдің жанарған, терендей, саралана түскен түрлері. Оның солай екенін XX ғасырда қалыптасқан лингвистикалық мектептердің еңбектерін талдауда байқауға болады.

Сөздер мен заттар . Бұл -тіл білімі тарихында жас грамматикалық бағыттан біржола және үзілді-кесілді бас тарту ұранын тұңғыш көтерген мектеп. Оның өкілдері 1909 жылдан бастап Рудольф Мерингердің (1859- 1931) басқаруымен шыға бастаған (Австрияда) «Сөздер мен заттар» деп аталатын журнал төңірегіне топтасқандықтан соның атымен аталған (журнал XX ғасырдың 40 жылдарына дейін шығып тұрды) . Бұл мектептің ең көрнекті өкілі - роман тілдері мен жалпы тіл білімінің маманы Австрия лингвисі Гуго Шухардт (1842-1927) .

Шухардт тек роман тілдерін ғана емес, басқа да көптеген тілдерді зерттеген, жан-жақты, терең білімді адам болған. Ол тіл білімінде бірталай тың да қиын проблемаларды батыл көтеріп, өз көзқарасын білдіріп отырған. Бұл мектептің өкілдері зат пен оның атауы арасындағы қарым-қатынасқа ерекше мән береді. Г. Шухардт «Заттар мен сөздер» деген еңбегінде: сөз затты білдіреді, зат - алғашқы, ол ешнәрсеге тәуелсіз, өзі үшін өмір сүреді, ал сөз затқа қарағанда соңғы, кейінгі, ол -затқа тәуелді, оның өмірі затқа байланысты, зат жоқ болса, сөз де жоқ, тілдегі әр сөздің өзіндік тарихы бар, оны тек лингвистикалық талдау арқылы ғана емес, заттар тарихы арқылы да зерттеуге болады, заттар тарихы мен сөздер тарихы жарыса қатар жүріп отырады, бұл екеуінің тарихы арасында толық параллелизм де, сондай-ақ күрделі және нәзік қарым-қатынастар да бар, тіл білімінің міндеті - соны ашу дейді.

Осы талаптарға орай бұл ағымға жататын ғалымдар (Г. Шухардт, Р. Мерингер, В. Мейер - Любке, т. б. ) сөздер тарихын сол сөздер атау болған заттар тарихына байланыстыра отырып, ұқыптылықпен, көп жағдайда өте шебер зерттеген.

Мектеп өкілдері тарихы зерттелетін сөз қоғамдық өмірдің қай саласына, қай мамандыққа жатса, сөзбен бірге сол сала, сол кәсіп те профессионалдық дәлдікпен зерттелу керек деп есептеді, өздері де солай істеді. Мысалы, Шухардт француз тіліндегі mauvais (табу) деген сөздің латын тіліндегі malifatius (балық ұстау) деген сөзден шыққанын дәлелдеу үшін балық аулау процесін жан-жақты зерттеген. Сол сияқты, Р. Мерингер ауыл шаруашылығына байланысты қолданылатын біраз сөздер тарихын айқындау үшін бір шаруаның үй-жайы туралы үлкен монографиялық зерттеу жазған, Крогман кұдалық-деген мағынаны білдіретін немістің бір сөзінің тарихын түсіндірмек болып, құдалықтың алуан түрлі салттарын жан-жақты баяндаған т. б.

Әрине, сөздер тарихын сол сөз атау болған заттар тарихына байланыстыра қараудың тарихи лексикологияға берері көп, бірақ тіл білімі үшін әр сөз атау болған заттарды жоғарыдағыдай зерттеу әрдайым қажет бола бермейді. Олай істеу, көп жағдайда, лингвистерді негізгі объектіден ауытқытып, тіл білімі үшін қажеті жоқ нәрселермен айналыстырады.

Бұл мектеп өкілдері әсіресе Шухардт тілдік элементтер (сөздер) мағыналарының өзгеруіне, дамуына ерекше мән береді, «тіл туралы ілім - не мағына туралы, немесе атау туралы ілім» болу керек деп санады. Бұлардың семантиканың мәні жөніндегі пікірлері бұл мәселенің кейінгі дәуірде дамуына елеулі әсерін тигізді.

Г. Шухардт тіл адамдар әрекетін бейнелейтін құрал, ол адамдардың әлеуметтік, рухани өмірлерінің бәрімен де, тарихымен де тығыз байланысты, солардың көрсеткіші, сондықтан тілдің өткен тарихы да, қазіргі күйі де бірден дәрежеде зерттелу керек дегенді айтты. Өз еңбектерінде ол тілдің құрылымдық бөлшектерінің барлығын да дыбыстық жүйесін, грамматикасы мен лексикасын да сөз етеді. Оларды сөз еткенде жалпы тілдік, жалпы теориялық тұрғыда шешуге тырысады. Зерттеу қорытындысы жалпы теориялық тұжырымдарға жәрдемші болған жағдайда ғана ғылыми бола алады дейді.

Шухардт тілдерді туыстық жақындықтарына қарап жіктеудің дәлдігіне, ата тіл болды дегенге күмән келтіреді. Генеологиялық классификация орнына тілдерді географиялық ыңғайына қарай қарауды ұсынады. Географиялық жағдайына, қоныс ыңғайының өзгерісіне қарай бір тіл екінші бір тілге ауысып отырады дегенді айтады. Осыдан келеді де тілдің дамуы, ондағы болатын өзгеріс-құбылыс тілдердің араласуынан, тоғысуынан болып жатады. Дүние жүзіндегі тілдердің барлығы да өзара туыстас, бірақ олардың туыстастығы бір төркіннен, ата тілден тарағандықтан емес, араласып, тоғысқандықтан дейді. Бұл, әрине, тым бір жақты кеткендік.

Біраз мәселеде бұл мектеп өкілдері индивидуалистік психологизм ағымындағылармен пікірлес болды. Шухардттың пікірінше, тіл - жеке сөйлеушінің (индивидуумның) жемісі. Индивидуумның тұрмыс жағдайы, мінез-құлқы, мәдениеті, жасы тілге әсерін тигізеді, сөйтіп, индивидуалдық стиль, қалыптасады. Сөздер тарихы - сол сөздерді қолданушы индивидуумдар тарихы.

Г. Шухардт өзінің «Фонетикалық заң туралы» деген мақаласында жас грамматистердің тілде «бұлжымайтын фонетикалық заң бар» дейтін негізгі принципіне қарсы шығады: «Бұлжымайтын фонетикалық заң» деген жоқ, кездейсоқ фонетикалық өзгерістер бола береді, жас грамматистердің бұл принциптері ғылымның ілгері дамуына бөгет жасайды дейді.

Шухардттың лингвистикалық мұрасы бір тектес те, бәрі бірдей бағалы да емес. Оның еңбектерінің ең құнды жақтарының бірі - ғылым дамуына бөгет болатындардың бәрін де ешбір жалтақсыз батыл сынай отыра, үздіксіз жаңалық, басқаша тың бағыт іздеуінде, ғалымдарды соған үндеуінде. Шухардт еңбектері өз дәуіріндегі лингвистикалық ой-пікір дәрежесін жан-жақты көрсете алады. Ол өз еңбектері арқылы тіл білімінің жас грамматистер доктринасы шеңберінде қала алмайтынын, тіл зерттеу ісінде жаңа, тың бағыт-бағдардың қажеттілігін дәлелдеді. Шухардт бастап көтерген көптеген мәселелер лингвистика дамуының кейінгі дәуірлерінде күрделі де мәнді проблемаларға айналды. Сондайлардың бірі ретінде осы мектеп көтеріп қалыптастырған тілдердің бір-біріне тигізетін әсері, тілдер тоғысуы, ареалдық лингвистика, тілдерді географиялық ынғайларына қарай жіктеу мәселелері.

Көптеген кұнды пікірлермен қатар бұл ағымның қайшылықтары да болды. Бұларда айтарлықтай тұрақты, өзіндік жүйелі принципіболақоймайды. Сондықтан тек шартты түрде ғана болмаса, «Сөздер және заттар» бағытындағыларды қалыптасқан лингвистикалық мектеп еді деу қиын.

Эстетизм. XX ғасырдың бас кезінде Батыс Европада жас грамматизм бағытына қарсы пайда болған лингвистикалық мектептің тағы бір түрі - эстетизм немесе эстетикалық лингвистика. Оны қалыптастырушы-неміс ғалымы, роман тілінің маманы, әрі әдебиетші, Мюнхен университетінің профессоры Карл Фосслер (1872-1949) . Сонымен бірге бұл мектеп құрамында роман тілдерінің мамандары Е. Лерх, Л. Шпитцер т. б. болған.

Эстетизм мектебінің негізгі принциптері К. Фосслердің «Тіл біліміндегі позитивизм мен идеализм» (1904), «Тіл - творчество және даму» (1906), деген, т. б. еңбектерінде баяндалған.

Мектептің эстетизм деп аталу себебі - оның өкілдері тілді эстетикалық түлға, эстетикалық көрсеткіш дейді де, оны зерттейтін ғылым лингвистика эстетиканың бір саласы, эстетика оның негізі, қайнар бұлағы. Тіл жөніндегі зерттеу эстетикадан басталып, эстетикамен аяқталады деп санайды.

Кейде бұл мектеп неофилология немесе идеалистік неофилология деп те аталады. Бұлай атау Карл Фосслердің 50 жасқа толуына арналып 1922 жылы шығарылған юбелейлік жинақтың атына байланысты туған.

К. Фосслер зерттеулерінің көпшілігі әдебиет тану ғылымына жатады. Солармен бірге тіл мәселелеріне арналған туындылары да аз емес. Лингвистикалық эстетизм мектебінің теориялық негізін белгілеген «Лингвистикадағы позитивизм мен идеализм» деп аталатын еңбегінде Фосслер позитивистер деп жас грамматистерді атайды да, идеалистер тобына өзін және өзінің жолын қуушыларды жатқызады. Бұл еңбектің ең түйінді мәні - жас грамматикалық бағыттың позитивизмін қатал сынай отырып, тілді эстетикалық туынды, тіл білімін эстетикалық ғылым деп жариялау. Фосслер өзінің эстетикалық концепциясын негіздеуде Италияның көрнекті философы Бенедетто Кроче мен идеалистік философияның көсемдерінің бірі

Неолингвизм . Неолингвизм де жас грамматизм бағытына қарсы XX ғасырдың бас кезінде қалыптасқан лингвистикалық мектеп. Бұл атау гректің жаңа деген мағынаны білдіретін неос деген сөзі мен лингвистика деген сөздің бірігуінен туған.

Бұл мектеп Италияда қалыптасты. Оның негізін салушылар Маттео Бартоли (1873-1946), Джулиано Бонфант, Джулиано Бартони (1878-1946), В. Пизани, т. б.

Неолингвистер жас грамматистерді сынаған, өз принциптерін баяндаған көптеген еңбектер жазды. Сондай еңбектердің бірі - 1925 жылы Дж. Бартони мен М. Бартоли жазған «Неолингвистиканың қосымша очеркі» атты кітап. Онда лингвистикалық жаңа мектептің әдістері мен принциптері қысқаша баяндалады. Бұдан кейін Дж. Бонфант өзінің «Неолингвистиканың ұстаған жолы» (1947) атты еңбегінде неолингвизмнің жас грамматизм бағытынан қандай өзгешелігі барлығын елу бір пунктке бөліп тәптіштеп баяндап берді. Эстетизм өкілдері сияқты бұл мектеп өкілдері де өздерін идеалистерміз деп жариялайды. Неолингвизм бір-біріне үйлесе қоймайтын әр түрлі көзқарастағы ғалымдардың - В. Гумбольдттың, Г. Шухардттың, К. Фосслердің, кейбір мәселеде Г. Паульдің принциптеріне сүйенеді. Сондықтан бұл мектеп кейде эклектикалық неолингвизм деп те аталады.

Неолингвизм өкілдері Гумбольдт пен Фосслер сияқты тілді рухани әрекет, көркем туынды, эстетикалық көрсеткіштердің жиынтығы дейді. Шухардт сияқты бұлар да тілдер тоғысуына ерекше мән береді. Пауль сияқты бұлар да индивидуумнің сөйлеу әрекетін зерттеуге ерекше көңіл бөледі. Эстетистердің ізімен неолингвистер де жас грамматистерді позитивистер, фактіге табынушылар деп айыптайды. Олардың бір ғана фонетикалық заң әдісіне сүйеніп, тіл білімінің объектісін тарылтқандарын сынай келіп, өздерін тілдің барлық мәселелерімен де шұғылданатын нағыз лингвистерміз деп жариялайды. Екіншіден, бұлар жас грамматистер концепцияларының негізі саналатын «бұлжымайтын фонетикалық заң» докторинасын ғылыми деп санамайды. Өмірде шашау шықпайтын, бұлжымайтын заң деген жоқ. Тілдегі «әрбір сөзде, әрбір формада, әрбір дыбыста, өзіндік ерекшелік, жалпы заңнан ауытқушылық бола береді. Ол - өмір заңы», - дейді.

Тіл дегеніміз не? деген сұрауға неолингвистер эстетистер сияқты: «Тіл эстетикалық творчество, ол-индивидуумның творчествосы. Тіл - өнер туындылары, көркем туындылар қатарына жатады. Сондықтан ол адамның рухани өмірінің бір бөлшегі деген т. б. анықтамалар береді. Индивидуалистер, эстетистер сияқты неолингвистер де тілдің қоғамдық мәнін елемейді: қоғам тілі, коллектив тілі деген абстракция, конкретті, ақиқат бар нәрсе - индивидуумның тілі, тілдегі болатын өзгеріс-құбылыстардың барлығы да индивидуумнан тарайды, тіл - индивидуалдық ерікті творчество. Оны адамдар бір-біріне еліктеу арқылы қабылдайды да, өзінше ассимилляциялай отырып, бірден бірге тартады, тілдің қандай дәрежелі тіл болуы индивидуумның творчестволық күшіне, әлеуметтік ыкпалына, әдеби атағына байланысты және соған орай болады дейді. Мұндай концепциялардың жаңалық еместігі алдыңғы тараулардан белгілі. Тілдің дамуы, тілдер туыстастығы, тілдердің тоғысуы, тілдік шекара, диалект, диалектологиялық атлас, т. б. мәселелердің барлығында дерлік неолингвистер өзгелердің пікірлерін қайталаудан ұзап кете алмады. Олар тілдің тіл элементтерінің даму жолдарын зерттегенде, тілдердің таралған орындарына, географиялық жағдайға шешуші мән беріп, географиялық факторды шектен тыс дәріптейді. Осы мектепті негіздеушілердің бірі М. Бартоли: тілдегі жаңа туындар тілдердің араласуынан, яғни қоныс аударуының нәтижесінде бір аймақта екі түрлі халық тілінің, мәдениетінің, экономикасының т. б. араласуына байланысты, бірінің орнын екіншісі ауыстырған тілдік фактілердің тараған аймақтарын салыстыру арқылы олардың қайсысы бұрын, қайсысы кейін пайда болғанын айқындауға болады, тілдік фактінің тараған аймағы неғұрлым кең болса, соғұрлым ол бұрынғы, бастапқы, тараған территориясы шағын болса, кейінгі, соңғы, сол сияқты, орталық аймаққа тараған фактілер шеткері аймаққа тараған фактілерге қарағанда кейінгі, соңғы болады дегенді айтады.

Xx ғасыр лингвистикасындағы бағыттар мен мектептер

Натуралистік немесе биологиялық бағыт.

Натурализм латынның натура (жаратылыс) деген сөзінен шыққан. Натурализм жеке ағым ретінде көркем әдебиетте, өнерде, ғылымда 19 ғасырдың екінші жартысында Дарвин ілімінің әсерінен пайда болды.

Ғылымда натуралистер деп аталатындар - қоғамдық құбылыстарды зерттеуде жаратылыс заңдарын басшылыққа алып, мәселені соған негіздеп шешуге ұмтылушылар. Тіл біліміндегі натурализм көрнекті неміс ғалымы, Россия Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Август Шлейхер (1821-1869) есімімен байланысты. Август Шлейхер - салыстырмалы-тарихи тіл білімінде тіл философиясын қалыптастырушылардың, тіл фактілерін салыстыруда дыбыс құбылыстарының заңдылықтарын қатал сақтауды талап етушілердің, үндіеуропалық ататілді мүсіндеушілердің, тілдердің типологиялық ұқсастығы мен генеалогиялық бірліктерін жан-жаұқты талдаушылардың ең көрнектілерінің бірі. Ол славян, балтық, неміс тілдерінің салыстырмалы грамматикаларын жазудағы зерттеулері арқылы тіл білімін теориялық жағынан дамытты, оның бағыт-бағдарына едәуір ықпал жасады. Салыстырмалы-тарихи әдісті жетілдіре, оның нысанын айқындай түсумен бірге, Август Шлейхер 19 ғасырда туған тіл философиясының да көрнекті өкілі болды. Көптеген пайдалы істерімен қатар ол тіл біліміне бірсыпыра концепциялар да енгізді. Ол тіл білімінде натуралистік көзқарасты қалыптастырды. Оның натуралистік көзқарасы «Лингвистикалық салыстырмалы зерттеу», «Неміс тілі», «Дарвин теориясы және тіл білімі» дейтін еңбектерінен толық көрінеді.

Жас грамматикалық бағыт.

Жас грамматикалық бағыт (младограмматизм) 19ғасырдың 70-жылдарынан бастап қалыптасты. Алғаш Германияда туғанымен, көп ұзамай оған тілектес, пікірлестер әр елден табылып, өте тез өркен жайды. Францияда М. Бреаль, Швейцарияда Ф. де Соссюр, Америкада Уитни, Италияда Г. И. Асколи, Россияда Ф. Ф. Фортунатов бастаған Мәскеу лингвистикалық мектебі мен Бодуэн де Куртенэ бастаған Қазан лингвистикалық мектептері болды.

Бұл ағым өкілдері салыстырмалы-тарихи тіл білімінің өздеріне дейінгі өкілдерін «бұлар - жорамалға толы қапырық шеберханада үнді-еуропалық ататілді мүсіндеушілер» деп кекетіп, тіл ғалымдарын сол «сасық шеберхананы» тастап, жаңа жол табуға шақырған болатын. Олардың осы қызбалықтарына, албырттықтарына қарап, неміс лингвисі Ф. Царнке оларды «жас грамматистер» деп әжуалаған еді. Осы әжуа ат бірте-біртелингвистикалық мектептің аты болып қалыптасты.

Жас грамматистік көзқарасты қалыптастырушылар Бругман, Остгоф, Дельбрюк, Пауль, т. б. Лейпциг университетінің тіл ғалымдары болғандықтан, кейін ол Лейпциг лингвистикалық мектебі деп аталады.

Жас грамматистер мектебі өз зерттеулеріне екі түрлі принципті негіз етті. Оның бірі - тарихи принцип те, екіншісі - психологизм принципі. Осы себептен де жас грамматикалық бағытты кейде психологиялық салыстырмалы-тарихи тіл білімі деп те атайды.

Психологиялық бағыт.

Психологизм өкілдері сөйлеу психологиясы, оның сөйлеу әрекетімен байланысы, сөйлеу әрекетінің іске асу жолдары деген мәселерге ерекше мән береді. Психологизм көп жағдайға лингвистикалық талдау орнына психологиялық талдауы қолданады, сөйтіп, тіл білімін өзінін негізгі функциясынан айырады. Психологизм - тілдік котегориялардың барлығы да тек тілдік материалдар арқылы көрінетін, соны жамылған психологиялық категориялар деп санайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіл білімі тарихы пәні бойынша ОҚУ-ӘДIСТЕМЕЛIК КЕШЕН
Тіл - рухани көрсеткіш
XIX ғасыр тіл біліміндегі лингвистикалық мектептер мен бағыттар
Даярлау бағыттарының жалпы сипаттамасы
ХІХ ғасырдағы лингвистикалық мектептер
Тіл білімі тарихын кезеңдерге бөлу мәселесі
Мәтін лингвистикасының зерттеу объектісі
ХІХғ. 2-жартысындағы пайда болған лингвистикалық мектептер
Хіх ғасыр тіл біліміндегі лингвистикалық мектептер мен бағыттар
XІХ ғасыр тіл біліміндегі лингвистикалық мектептер мен бағыттар туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz