Нобель силығының лауреаттары атағын иеленген әлемдік жазушылар


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Нобель силығының лауреаттары атағын иеленген әлемдік жазушылар. Габриэль Гарсиа Маркес (1928 -2014) - жазушы, Нобель сыйлығының лауреаты (1982) . “Оба дерті кезіндегі махаббат” (1985), “Перілер және махаббат” (1994) атты шығармалары философиялық пайым.

Кіріспе

Габриэль Гарсиа Маркес (1928 -2014) - жазушы, Нобель сыйлығының лауреаты (1982) .

Алғашқы шығармалары 1947 жылдан бастап жарияланған. Туған жері Аракатаға ұқсайтын Маконда қ. бейнеленген “Үзілген жапырақтар” (1951) повесінен бастап, жалғыздық сарыны Маркес шығармаларының басты тақырыбына айналды. Автордың “Полковникке ешкім жазбайды” (1956) аталатын повесінде Хемингуэй шығармаларының әсері байқалды.

Латын Америкасында әр түрлі газеттерде тілші қызметін атқарған ол көптеген Еуропа елдерін аралады. 1961 жылы Мексикаға барып, алғаш Испанияда, толық нұсқасы 1966 жылы Мексикада жарық көрген “Қайырымсыз мезет” романын аяқтады.

Шығармашылық сабақтастық негізінде мұнда да Маконда бейнесі, Аурелиано Буэндла, Ребена бейнелері орын алды. 1962 жылы “Үлкен шешені жерлеу” атты шығармасы, 1967 жылы “Жүз жылдық жалғыздық” романы жарыққа шықты. Жарты млн. данамен таралған соңғы аталған романында Буэндиа ұрпағының өсіп-өркендеуі арқылы Латын Америкасының тарихы мен өркениеті, адамзаттың сана-сезімдік эволюциясы көрсетілді.

Маркестің “Әміршінің ақыры” (1975), “Алдын ала білген бір өлімнің тарихы” (1981), “Оба дерті кезіндегі махаббат” (1985), “Перілер және махаббат” (1994) атты шығармалары философиялық тереңдігімен ерекшеленді. “Өз лабиринтіндегі генерал” (1989) романында Колумбияның ұлттық батыры Симон Боливарды бас кейіпкер ретінде суреттелді. “Менің әйелдер туралы мұңлы ойларым” деген жаңа романы испан тілінде жарық көрді (2004) . Маркестің “Жүз жылдық жалғыздық” романы қазақ тіліне аударылған (К. Юсупов) .

2014 жылы, сәуірдің 17-і күні әйгілі колумбиялық жазушы Габриель Гарсиа Маркес дүниеден өтті. Көзі тірісінде-ақ жалпақ әлемді қаламымен жаулаған қайраткер өмірінің соңғы жылдарында қатерлі ісік ауруына шалдығып, есте сақтау қабілетінен айрылды. «Ол темекіні көп шегетін, әрі ылғи ой үстінде жүретін. Қан обырына шалдығуының басты себебі осы шығар», - дейді ұлы Гонзала Гарсиа. «Адам қартайған шағында артына қарағыштап, сүрген өмірінің, жүрген жолының мән-мағынасыздығын көрсе - ең үлкен қасірет сол. Мен қолымнан келгенше жақсы өмір сүруге тырыстым және өмірді шынайы баяндаумен ғана шұғылдандым» деген қаламгердің өз сөзіне қарап, әдемі қартайғанын көруге болады.

“Оба дерті кезіндегі махаббат” (1985)

Габриель Гарсиа Маркес 7 роман, 47 повесть және 10-ға жуық киносценарийдің авторы. Латын Америка әдебиетінің шырағын магиялық реализмге толы шығармаларымен қайта жаққан қаламгер Кариб теңізінің жағалауындағы Колумбияның Аракатака қаласында туған. Жастайынан түрлі аңыз-әпсаналарды, мифтік қиял-ғажайып ертегілерді естіп өскен құймақұлақ баланың болашақта әдебиетке қадам басып, қалам сілтеуіне ата-әжесінің қолында тәрбиеленуі сөзсіз ықпал етті. Тіптен, Маркестің көптеген романдарының артқы фонында өзінің туған ауылы тұратынын аңғару қиын емес. 1967 жылы испан тілінде жарық көрген "Жүз жылдық жалғыздық" романы әлем оқырмандарының назарын бірден өзіне аударып, жазушының атағын асқақтатқан, мәртебесін өсірген, мерейін асырған сом дүние еді. Романның таралымы 30 млн данадан асып, 35-тен астам тілге тәржімаланған. Өзіне көңілі толмайтын жазушы қолымда сиқырлы таяқша болып, қателігімді түзетуге мүмкіндік туа қалса "Жүз жылдық жалғыздық" романын қайта жазып шығар едім, өйткені өз деңгейінде пісіп-жетілуіне, толысуына, ойларымды тиянақтауыма уақыт аздық етті», - дейді. Дегенмен, әлемді өзгерткен жазушыларының тізіміне кіретін Габоның (қысқа есімі) бұл романы 1982 жылы Нобель сыйлығын алды.

Романдағы сөз жеткісіз аристократтық сұлулыққа ие Фермина бикеш өзіне ғашық Флорентино Аристің іңкәр көңілінен бас тартып, әкесінің ұйғарымымен доктор Урбиноның зайыбы атанып, тұрмыс құрады. Бұл уақыт - Испания қалашықтарындағы оба індетінің күшіне мініп тұрған мезеті еді. Бір шетінен хикаяның жұқпалы індетпен байланысты аталуы осыдан шығар. Ал сағы сынған Флорентино үмітін үзбейді. Алдындағы жалғыз сүрлеу жол, қайткен күнде кері шегінбей, соңына дейін бару-тын. Оның іңкәрлігінің екпіні үдеп, жалыны жылдар жылжыған сайын күшейе түседі. Бағытынан кері қайтпауға бекінген Флорентино бақандай елу жыл күтіп, құрмет пен атаққа, байлық пен мансапқа, көл-көсір дәулетке кенелген саудагерге айналады. Қартайған шағында доктор Урбино қаза тауып, ақыр аяғында Флорентино сүйіктісімен қауышу мүмкіндігіне қол жеткізеді. Сюжетінің қысқаша тәпсірі осылай.

Кітап сыртындағы жазуды көзіміз шалғанда шығарма бейсаналық тұрғыда махаббат тақырыбына арналғанын шырамытамыз. Алайда, ондаған, жүздеген, мыңдаған романтикалық хикаяттардың желісіне ұқсамайтын, қаламгердің өзіндік сюреалисттік қорытындысына куә боламыз. . Маркестің көру нүктесі реалистік көзқарастан бір қадам әрі көкжиек сызығы. Әдебиеттің міндеті адам табиғатының түкпіріне тереңдеп, сырына бойлап, құпиясына қанығу. Габоның айтып отырған махаббаты қай махаббат? Тән құмарлығынан биік сабыр мен сенімнің мәселесі ме? Қарттықта махаббат бола ма? Сезім тәкаппарлықты жеңуге қауқарлы ма? Өнер өнегені өмірден ала ма? Болмаса, жазушы өзіндік көркем шындығы арқылы өмірден биік шығарма үлгісін жазып шыққан ба? Осы тақылеттес сентиментальды сауалдардың жауабын сюжеттен іздейміз.
Кез келген әлем әдебиетінің жауһарын әлеуметтік және ұлттық контекстке сілтеме жасамай, қабылдау қиындық туғызады. Естай мен Қорлан, Жібек пен Төлеген, Қалқаман мен Мамыр, Еңлік пен Кебек, Қозы мен Баян, Ақбөбек пен Қайып секілді қос ғашықтырдың баянсыз махаббатын қазақ әдебиетіндегі лиро-эпостық жырлардан оқып өстік. Әке батасынан аттап өту, жесір дауы, таптық теңсіздік, әмеңгерлік, жастай атастырылу, рулық дау-жанжалдарға байланысты қосылмай өткен ғашықтардың бас бостандығы ғасырлар бойы шешімін таппаған өзекті мәселе болатын. Жоғарыда сөз еткен романдағы Фермина мен Флорентиноның қосылмау себебі де осы. Әкесінің туған қызын сіңірі шыққан кедейге қимай, дәулетті дәрігерге ұзатуы ғой. Соның кесірінен бейкүнә тағдырлар бүлінеді емес пе?

Жалпылама алғанда махаббат тақырыбы ғасырлар бойы талқыланып келеді. Махаббаттан музасын іздеген шайырлардың, сиқырлы әуез естіген сазгерлердің, өзгеше бояу аулаған суретшілердің толғанысқа толы туындылары адамзат кеудесіндегі ең бір нәзік сезімдердің қылын шертіп, әсерін аулап, мейірімін оятты. Махаббат - он сегіз мың ғаламды жаратушы Тәңірінің тұңғыш сөзі. Осы орайда қазақ поэзиясында есімін алтын әріппен қалдырған ақын, сұңғыла суреткер Жұматай Жақыпбаевтың ықыласы ауған ғашығы Ләйлаға деген шынайы сүйіспеншілігін ерекше айта кеткен жөн. Алғаш рет би кешінде танысып, кейін ғұмырлық жыр-тақырыбына арналған аруды Жұматай бар-жоғы үш-ақ рет көріпті. Үш-ақ рет. Содан құсалы боп, Мәжнүннің кейпін кешкен. Кешқұрым саябақтарға серуен құрмаған. Қасына барып, бір ауыз тілдеспеген. Ләйләні сырттай бақылап өткен Жұматайдың жұмбақ тағдыры турасында сансыз жорамалдардың айтылуы заңдылық. Ол Ләйліге арнап қанша уақыт өтсе де өңі өшпейтін теңдесіз өлеңдер қалдырды. Өзі ұнатқан жаннан махаббат талап етпеді, құшуға құмартпады. Сырттай үнсіз бақылады. Бұл Жұматайдың саналы түрде қабылдаған шешімі, махаббатқа шынайы баға беруі болатын. Флорентино мен Жұматайдың ұқсастығы осында.

Габриель Гарсиа Маркестің романындағы негізгі тақырып шынайы махаббат төңірегінде болғанымен, біз махаббат тақырыбын көкпар ете алмаймыз. Өйткені, ырқымызға бағынбайды, еркімізге көнбейді, игеруге келмейді. Шынтуайтына келгенде махаббаттың өзі адамзаттың сана-сезімін көкпар етіп, сергелдеңге салады, құдыретіне елітеді. "Шын ғашықтар қосылмайды" деген стереотипті бұзғысы келген Маркес өз шығармасын оптимисттік нотада аяқтайды. Әдетте өнер өнегені өмірден алатынына шүбәсіз сенгенімізбен, кей тұстары өмірдің өзіне үйреткісі келетін ым-ишарасын түсініп, ести алмайтынымыз өкінішті. Көңіліміздегі көрікті ойды сыртқа шығарғанда өңі қашатынындай, махаббат жайлы айтуға оқталған барлық талпынысымыз ішіміздегі мөп-мөлдір тұнбаны лайлап, құнын түсіретіндей көрінеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жекешелендіру, ҚР кәсіпкерлік қызметі, ҚР нарықтық экономиканың қалыптасуы, нобель сыйлығының лауреаттары
Егемен Қазақстан газетінің, Ақиқат, Таңшолпан журналдарының материалдарына талдау жасау
Экономикалық теорияның мектептері. Экономика ғылымындағы Нобель сыйлығының лауреаттары. Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру процесі
Экономика ғылымындағы Нобель сыйлығының лауреаттары,экономикалық теория қалыптасу кезеңдері
Мұхтар Шаханов Танакөз поэмасы, Ғашықтық ғаламаты өлеңі
«қайым және алаш» сценарий
Экономика ғылым саласындағы нобель сыйлығының лауреаттары
Әйгілі химиктер өмірінен
Мұхтар Шаханов
Экономика саласындағы Нобель сыйығының лауреаттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz