Н. А. Баскаков классификациясы. Түркі тілдерінің батыс және шығыс хұн саласы, оған кіретін негізгі тілдерге шолу жасау


Реферат
Тақырыбы: Н. А. Баскаков классификациясы. Түркі тілдерінің батыс және шығыс хұн саласы, оған кіретін негізгі тілдерге шолу жасау
Түркітану ғылымында маңызды орын алатын мәселенің бірі - түркі тілдерінің дамуы және қалыптасуы жағынан, туыстық элементтер негізінде классификациялау. Түркі тілдері арасындағы байланыс пен ұқсастықты анықтау және түркі тілдеріне классификация жасау тек лингвистер үшін ғана емес, сондай-ақ әдебиетшілер, тарихшылар, этнографтар үшін де өте маңызды мәселе. Классификация - тілдерді ортақ белгілері бойынша топтастыру. Кез келген ғылым саласы өзінің бүгінгі күйіне дәл осы қалпында жеткен жоқ, белгілі бір даму жолынан өтті. Түркі тілдерінің классификациясы туралы да осыны айтуға болады. Түркі тілдерін классификациялау - шешімі қиын, өте күрделі мәселелердің бірі. Себебі түркі халықтарының қалыптасу және даму тарихы өте күрделі сипатта. Түркі тайпалары бірде қосылып, үлкен тайпалық бірлестіктерге біріксе, енді бірде ыдырап, кейбір тайпалар басқа мемлекеттер құрамына кіріп отырды. Ғұн империясының ыдырауы Түркі қағанатының Батыс және Шығыс тармаққа бөлінуі, Ұйғыр қағанаты мен Моғол мемлекеттерінің пайда болуы, Қарахандықтар мемлекетінің қалыптасуы мен құлауы, селжүктер мен оғыздардың тайпалық одақтарының күшейюі мен әлсіреуі, моңғол шапқыншылығы, соның негізінде қалыптасқан Алтын орда мемлекеті, оның жеке хандықтарға ыдырауы - түркі тілдерінің қалыптасу тарихында өзінің ізін анық қалдырды. Тіл тарихы сол тілде сөйлейтін халық тарихымен тығыз байланысты дамитынын көрсететін бір белгі - осы. Демек, түркі тілдірін классификацияланған кезде осы ерекшеліктер есепке алынуға тиіс. Түркі тілдерін топтастыру мәселесімен көптеген ғалымдар айналысты. Түркі тілдерін ең алғаш классификациялаған ХІ ғасырда өмір сүрген М. Қашқари болатын. Әрине, М. Қашқаридің классификациясын бүгінгі жетілдірілген топтастырумен салыстыруға келмейді. Бірақ ол топтастырудың негізгі ұстанымдарын дұрыс ажырата білді. Ол түркі тілдерін орналасу орнына қарай екіге бөліп қарастырды: 1. Қашқар қаласынан жоғары шыңға дейінгі аралықты мекендеген түркі тайпаларының тілі; 2. Қашқар қаласынан Румға дейінгі аралықты мекендеген түркі тайпаларының тілі. М. Қашқаридің «Сөздігі» біздің дәуірге қолжазба күйінде бір ғана нұсқада келіп жеткен. Ол М. Қашқаридің өз қолымен жазғаны емес, 1266 жылы Мухаммед ибн Абу-Бакир ибн Абул-Фатих ас-Сави көшірген нұсқасы. Бұл қолжазба Стамбулда Ұлттық кітапханада сақтаулы. М. Қашқаридің «Диваны» 1960, 1961, 1963 жылдары өзбек тілінде С. Муталлибовтың аудармасымен жарық көрсе [1, 69], Қазақстанда тұңғыш рет «Түбі бір түркі тілі» деп 1998 жылы Қ. Бекетаев және Ә. Ибатов тәржімелеген [2, 178] .
Н. А. Баскаковтың классификациясын түркі тілдерінің ең толық жасалған классификация екенін көптеген ғалымдар айтып жүр [11] . Ол түркі тілдерінің фонетикалық, морфологиялық ерекшеліктерін анықтайтын кең көлемді тіл материалдарын зерттеп, оны түрлі жағдайлармен байланыстырады. Осының нәтижесінде барлық түркі тілдерін батыс ғұн және шығыс ғұн бұтағы деп екіге бөледі. Н. А. Баскаковтың классификациясы бойынша батыс ғұн бұтағына қазақ, түрік, өзбек тілдері енеді. Ғалымның көрсетуінше, қазақ тілі - қыпшақ тобының қыпшақ-ноғай тобына, түрік тілі - оғыз тобының оғыз-селжук тобына, өзбек тілі - қарлұқ тобының қарлұқ-ұйғыр тармағына жатады. Бұл тілдердің үшеуі де агглютинативсинтездік тілдер құрамына енеді [12, 203] . Жалпы түркі тілдерінің басқа тілдерден айырмашылығы - қосымшалардың түбір морфемадан соң жалғануында. Сондықтан түркі тілдері жалғамалы тілдерге жатады. Өйткені, «бұл тілдерде жаңа сөздердің туу формасы қосымшалар арқылы болады » [
Кейінгі жылдарда түркі тілдерін сол тілдердің иесі болып табылатын халықтардың қалыптасу, даму тарихындағы кезеңдерге қарай, яғни халык тарихына байланыстыра жіктеу бағыты байқала бастады. Жіктеудің осы принципін қолданған Н. А. Баскаков түркі тілдерін алдымен Батыс хун тілдері, Шығыс хун тілдері деп кесек екі топқа беледі де, батыс хун тілін ішінен бүлғар, оғыз, қыпшак, қарлүк деп 4 топқа бөледі. Бүлардың әрқайсысы өз ішінен әрі қарай қазіргі түркі тілдеріне белшектенеді.
Бүл жіктеуде қазақ тілі қыпшақ тілінен бөлінетін ноғай группасына жатады. Б. Серебренников жоғарыда аталған мақаласында Н. Баскаковтың классификациялау принципіне жан-жақты тоқталып, оны қатал да, біраз мәселеде әділ сынайды. Ол түркі тілдерін Н. Баскаков айтқандай сол тілдерде сөйлейтін халықтардың тарихымен тығыз байланысты жіктеу үшін 2 шарт керек дейді: біріншіден, тарихи документтерде, жазба ескерткіштерде аталатын түркі халықтары мен қазіргі түркі халықтары арасында тарихи абсолюттік жалғастылық, төркіндестік барлығы даусыз болсын; екіншіден, тайпалык - бірліктер тілдің қандай екендігі белгілі болсын. Бұларсыз дұрыс шешімге келу мүмкін емес, ал Н. Баскаков аталған екі түрлі алғы шарттың бір-біріне кесімді жауап бере алған жоқ.
Екіншіден, Н. Баскаков өзіне дейінгі зерттеушілер сан рет айтып айқындаған тілдік группаларды тек басқаша, жаңа атаумен ғана атаған. 3-ден, әр группаға жататын тілдік ерекшеліктер деп көрсететіндері де онша сезімді емес, көпшілігі әр түрлі группадағы тілдерде бірдей кездесетін ортақ түлғалар, оның үстіне бүдан басқа әр түрлі группада әр баска болып өзгеріп айтылу себептерін де ашпайды деп сынайды.
Н. А. Баскаков түркі тілдеріне жіктеме жасағанда осындай мәліметтерді, тілмен сол тілде сөйлеуші халыктын тарихи есу жолын, тілдердің карым-қатынасы мен езіндік ерекшеліктерін негізге алады. Осыған орай ол түркі тілдерін ең алдымен батыс және шығыс хун тілдері деп екі топқа беледі. Батыс хун тілдеріне: 1) бүлғар тобын 2) оғыз тобын 3) қыпшақ тобын 4) қарлүк тобын жатқызады да, олардың негізгі фонетикалық ерекшеліктері ретінде : а) з-д-т-й дыбыс сәйкестіктерін (айақ-адақ-азақ-атах) ; ә) қатаң дыбыстар мен үяң дыбыстардың ажыратылуын( б-п, к-г, с-з, д-т) ; б) х, в, қ дербес дыбыстарының бар-жоғын тексереді. Лексикалық ерекшеліктерін араб-парсы және монғол элементтерінің аз-көптігін, грамматикалық ерекшеліктерінен қүрмалас сейлемдердің даму жүйесі, жалғау-жүрнақтардың жалғану тәртібін, т. б. көрсеткен.
Түркі тілдеріне генеалогиялық тұрғыдан жасалған классификациялардың ішіндегі барлық түркі тілдері және олардың басты фонетикалық, морфологиялық, лексикалық ерекшеліктері толық қамтылған, қазіргі түркі тілдерінің даму жолы мен өзара туыстық деңгейін айқын көрсететін әрі көпшілік мамандар тарапынан мойындалған классификация - Н. А. Баскаковтың жіктеуі. Сондықтан қазіргі таңдағы түркі тілдерінің тарихи грамматикасы пән, түркі тілдерінің тарихына байланысты зерттеулер осы классификацияны негізге алады.
Н. А. Баскаков классификациясының өзге жіктеулерден басты айырмашылығы - тілдік ерекшеліктермен қатар тарихи принципке сүйенуінде, яғни тілді сол тілде сөйлеуші халық тарихымен бірлікте қарастыруында.
Ғалым түркі тілдерін үлкен екі бұтаққа бөледі: Батыс хун тілдері және Шығыс хун тілдері. Батыс хун тілдерін төрт топқа бөліп қарастырады.
- Бұлғар тобы(солтүстік-батыс) : көне тілдер - бұлғар тілі, хазар тілі, авар тілі, сувар тілі; қазіргі тілдер - чуваш тілі
- Оғыз тобы(оңтүстік-шығыс) : а) оғыз-түркмен тобы: көне тілдер-оғыз тілі. ә) Қазіргі тілдер - түркмен; б) оғыз-бұлғар тобы: көне тілдер: печенег тілі; қазіргі тілдерге: гагауз, балқан түріктерінің тілдері мен диалектісі
- Оғыз-селжұқ тобы: көне тілге- селжұқ тілі мен ежелгі осман тілін жатқызамыз. Қазіргі тілге-әзірбайжан, түрік тілін қарастырамыз.
- Қыпшақ тобы(солтүстік-шығыс) : а) қыпшақ тобы: көне тілі-құман немесе қыпшақ тілі; қазіргі тіл-қарайым, құмық, қарашай-балқар, кырым татарлар тілі. Ә) қыпшақ-бұлғар тобы: көне тілі: батыс алтын орда тілі, қазіргі тілдер-татар, башқұрт тілдері. Б) қыпшақ-ноғай тобы: көне тілі - ежелгі қазақ, ежелгі қарақалпақ тілі; қазіргі тілге - ноғай, қарақалпақ, қазақ тілі жатады.
- Қарлұқ тобы(оғтүстік-шығыс) : а) қарлұқ-ұйғыр тобы: көне тілі-қарахан дәуіріндегі және одан кейінгі дәуірдегі ұйғыр тілі. Ә) қарлұқ-хорезм тобы: көне тілі-қарлұқ-хорезм, шығыс алтын орда, шағатай, ескі өзбек тілі, ескі ұйғыр тілі; қазіргі тілге-өзбек және ұйғыр тілі жатады.
II. Шығыс хұн бұтағы - шығыс аймақта орналасқан тілдерді қарастырамыз.
- Ұйғыр-өзбек тобы (солтүстік) : а) ұйғыр-түрік тобы: көне тілі - ежелгі оғыз, ежелгі ұйғыр тілі; қазіргі тілге - тува, тофа(диалекті)
Якут тобы: қазіргі күні якут тілін қарастырамыз.
Хакас тобы: қазіргі тілге: хакас, шор, шұлым тілі
- Қырғыз-қыпшақ тобы: көне тілі- ежелгі қырғыз тілі; қазіргі тіл- қырғыз, алтай тілін жатқызамыз.
Бұлардың бір-бірінен айырмашылығы батыс хұн бұтағында ортақ байланысты изоглоссадан құралған. Дауыстылар - ашық дауыстылардың болмауы.
Дауыссыздар - қатаң және ұяң дауыссыздардың анық естілуі.
І. Бұлғар тобына көне бұлғар, хазар және чуваш тілі жатқызылады. Фонетикалық ерекшеліктері : екі еріндік, екі езулік дыбыстардан тұратын вокализмдер жүйесінің болуы; е дыбысының йе дифтонг дыбысына айналуы; сөз соңында ротацизм құбылысының орнығуы ( з ~ р ) ; с дауыссызының й ~ ж ~ дж ~ ч дыбыстарына өзгеруі; д ~ т ~ з ~ й дыбыстарының р дыбысына ауысуы; ламдаизм құбылысының орын алуы ( ш ~ с ~ л ) т. б.
ІІ. Оғыз тобының негізгі фонетикалық ерекшеліктері: сегіз қысқа дауысты дыбыстың болуы; қысаң дауыстылардың қосымшалар құрамында қолданылуы; сөз басында қатаң қ/к, т дыбыстарының ұяңдануы; ғ, г дыбыстарының сөз соңында сақталуы, түбір мен қосымша жігінде түсіп қалуы; сөз басындағы п/б дыбыстарының түсіп қалуы т. б. Грамматикалық ерекшеліктері: ілік септігінің -ын//-иң , табыс септігінің -ның//-ниң, -ны//-ни, -и тұлғаларының қолданылуы; барыс септігінің -а формасының, І жақ жіктік жалғауының көпше түрінің толық құрамымен бірге -ие қосымшасының болуы; есімшенің -мыш//-миш тұлғасының, қалау райдың -си тұлғасының болуы, т. б.
Оғыз тобы іштей үш топшаға бөлінеді:
1. Оғыз-түрікмен топшасы (орта ғасырлық оғыздар тілі, түрікмендер тілі, түрхмен тілі) ;
2. Оғыз-бұлғар топшасы (көне печенек, торк, берендей, ковуй тілдері, гагауз, балқан түріктерінің тілдері) ;
3. Оғыз-селжүк топшасы (көне селжүк, көне османтүріктерінің тілдері, әзірбайжан, түрік тілдері) .
ІІІ. Қыпшақ тобы үшке бөлінеді: 1. Қыпшақ-половец топшасы (көне половецтер, қарайым, қарашай-балқар, құмық, қырым татарларының тілдері) ; 2. Қыпшақ-бұлғар топшасы (батыс Алтын Орда әдеби тілі, татар, башқұрт тілдері) ; 3. Қыпшақ-ноғай топшасы (қазақ, ноғай, қарақалпақ тілдері, өзбек тілінің қыпшақ диалектісі) . Қыпшақ тобының негізгі фонетикалық белгілері: сегіз не тоғыз дауысты дыбыстың болуы; қосымшаларда еріндік дауыстылардың қолданылмауы; ерін үндестігінің әлсіздігі; созылыңқы дауыстылардың болмауы; ғ, г дыбыстарының сөз соңында өзгерістерге түсуі ( й, у, в ) ; сөз басындағы й ~ ш ~ дж дыбыстарының алмасып келуі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz