Кәсіпкерлікті лицензиялау


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Кәсіпкерлікті лицензиялау дегеніміз-лицензиялауға жататын қызметтi немесе белгiлi бiр iс-әрекеттi (операцияларды) мемлекет тарапынан лицензиялауға байланысты қатынастары. Кәсіпкерлікті лицензиялау тәртібі ҚР “Рұқсаттар мен хаттамалар туралы” 2014 жылдың 16 мамырдағы заңымен, “Салық және өзге де төлемдер туралы”, “Ұлттық Банк туралы” т. б. заңдармен реттеледі.

Дүниежүзілік банк жариялаған жыл сайынғы "Бизнес жүргізу" (Doing Business Report) басылымының деректері бойынша 2009 жылы Қазақстан осы басылым қамтыған әлемнің 181 елінің арасында "бизнес жүргізу бостандығы" индексі бойынша 70 орында, "лицензиялау" саласындағы көрсеткіші бойынша 175 орында тұратын болады. Бұл ретте осы көрсеткіш тек құрылыс саласындағы рұқсат беруді ғана есепке алғанын айту керек. 2007 жылғы тамызда қолданысқа енгізілген жаңа редакциядағы "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) лицензиялау жүйесін оңтайландыруда белгілі бір прогресті қамтамасыз етті. Шетелдік сарапшылардың бағалауы бойынша Заңмен шамамен 240 мың кәсіпкерге лицензия беру қысқартылды, бұл қазақстандық бизнеске лицензиялық алымдардың жете түспеуінен мемлекеттік бюджеттің кірістерін азайтпастан шамамен 80, 0 млн. АҚШ долларын үнемдеуге мүмкіндік берді.

Қазақстанда лицензиялау жүйесін жетілдіру жүргізіліп отырған әкімшілік реформа шеңберінде жүзеге асырылуда, оның барысында 2004 - 2007 жылдар ішінде лицензияланатын қызмет түрлерінің саны үш есеге дерлік қысқарды, құрылыс, ауыл шаруашылығы, білім беру, денсаулық сақтау саласындағы жекелеген қызмет түрлері бойынша лицензиялау функцияларын орталықсыздандыру жүзеге асырылды.

Лицензиялаудың негiзгi принциптерi

1. Лицензиялар беру лицензияның осы түрi үшiн белгiленген талаптарға сай келетiн барлық адамдар үшiн бiрдей негiздер мен тең шартқа сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттiк кәсiпорындарға басым лицензиялар беру құқығына тыйым салынады, бұған заң актiлерiмен мемлекеттiк монополияға жатқызылған қызмет түрлерi кiрмейдi.

2. Заңды тұлға құрмай-ақ кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын азаматтар (жеке кәсiпкерлер) лицензияны заңды тұлғалар үшiн белгiленген тәртiппен алады. Қазақстан Республикасының Үкiметi шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне лицензия берудiң оңайлатылған тәртiбiн белгiлеуге хақылы.

3. Бәсекелестiктi шектеу немесе кәсiпкерлердiң қандай да бiр топтарына олардың меншiк нысандарына, ведомстволық мүдделерiне не болмаса орналасқан жерiне қарай артықшылықтар беру мақсатында лицензия беруге тыйым салынады. Лицензия беру монополизмнiң күшеюiне немесе кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiн шектеуге себепшi болмауға тиiс.

4. Лицензиялар иелiктен алынбайды, яғни, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, лицензиат оларды басқа жеке немесе заңды тұлғаларға бере алмайды.

5. Лицензиялар алу осы Заңда лицензиялау көзделген қызмет түрлерiн ғана жүзеге асыру және iс-әрекет (операциялар) түрлерiн ғана атқару үшiн қажет.

6. Қызмет түрлерi бойынша лицензиялық тәртiп енгiзу немесе оны жою мемлекеттiк қауiпсiздiк, мемлекеттiк монополияны iске асыру, құқық тәртiбiн қамтамасыз ету, айналадағы ортаны, азаматтардың меншiгiн, өмiрi мен денсаулығын қорғау мақсатында осы Заңмен белгiленедi.

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшiн өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:

  • өтiнiш;
  • қаржы саласындағы қызметті және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті, сондай-ақ азаматтық және қызметтік қару мен оған патрондардың айналымына байланысты қызметті, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті, күзет қызметін жүзеге асыруға байланысты қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар үшін - жарғысының (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған) көшiрмесi;
  • 3) заңды тұлға үшiн - өтініш беруші заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасы;
  • 4) жеке тұлға үшiн - жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
  • 5) жеке кәсiпкер үшiн - өтiнiш берушiнi жеке кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқа ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған) көшiрмесi;
  • 6) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;
  • 7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен өтініш берушінің бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар.

Қаржы саласындағы қызметпен және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметпен айналысу құқығына лицензия беру кезінде құжаттар тiзбесiне қойылатын қосымша талаптарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi де белгiлей алады. Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым Қазақстан Республикасының “Салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы” кодексіне сәйкес лицензия беру кезінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының “Салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы” кодексінде көзделген өзге де жағдайларда алынады.

Лицензиялық алымның мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының “Салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы” кодексіндебелгіленеді. Лицензияға қосымшаларды (лицензияға қосымшалардың телнұсқаларын) беру кезінде лицензиялық алым алынбайды

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны не оларды беруден уәжді бас тартуды лицензиар он бес жұмыс күнінен кешіктірмей береді. Атом энергиясын пайдалану саласындағы, қаржы саласындағы және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызмет, білім беру, мұнай және газ саласындағы лицензия және (немесе) лицензияға қосымша не оларды беруден уәжді бас тарту Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленген тиісті құжаттармен қоса өтініш ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

Экспорттық бақылауға жататын өнімнің импорты мен экспорты саласындағы лицензиялар және (немесе) лицензияға қосымшалар лицензия осындай растауды алғаннан кейін берілетін импорттаушы елдің түпкі пайдаланушы сертификатының түпнұсқалығы тексерілгендігін растауды алу қажеттігі жағдайын қоспағанда, отыз жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР заңдарымен кәсіпкерлік қызметті құқықтық реттеу
Кәсіпкерлік қызметті қорғау және қолдау
НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ШАҒЫН БИЗНЕСТІҢ МАҢЫЗЫ МЕН ҚЫЗМЕТТЕРІ
Шағын кәсіпкерліктің түсінігі мен қызметінің құқықтық негіздері
Шағын кәсіпкерліктің түсінігі мен азаматтық құқықтық негіздері
Лицензиялауды жүзеге асырушы органдар
Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу
Кәсіпкерлік құқық пәнінен дәрістер кешені
Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің азаматтық құқықтық реттелуі туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz