Мақалдар мен мәтелдер туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Құрметті студент!
(тапсырма қашықтықтан оқу түрінің
студенттеріне арналған)

Мақалдар мен мәтелдердің жанрлық белгілері. Мақал-мәтелдердің ауызекі сөйлеу тілімен байланысы. Құрылысының тұрақты болу себептері. Мақал-мәтелдер тақырыбының халық өмірінің барлық саласын қамтитыны. Қанатты сөздердің, афоризмдердің, фразезологиялық тіркестердің мақал-мәтелдермен арақатысы.

Мақал -- нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа ("Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без"), аллитерацияға ("Етігін шешпей ер шыңаймас"), ассонансқа ("Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар") құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді ("Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар"), ("Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер"), ("Ел -- ырыстың орманы, ер -- ырыстың қорғаны"), ("Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді").
Мәтел -- өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, "Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке" -- мәтел. "Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың" -- мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: ("Ұылымды іздеп, дүниені көздеп" -- Абай), ("Жалғанды жалпағынан басып өтіп" -- Жамбыл, т.б.).
Мақалдар мен мәтелдердің жанрлық белгілері.
Мақал - мәтелдер - халық шежіресі, ғасырдан - ғасырға ұласып келе жатқан ауыз әдебиетінің үлгілеріне жататын халықтың асыл қазынасы, халық шығармашылығының көне жанры. Мақал - халықтың ғасырлар бойғы дүниетанымы, тәжіребес жинақталып берілген, мазмұны жағынан ғибрат, өсиет сияқты, згі қасиеттерді уағыздайтын, құрылымы жағынан әрі көркем, әрі ырғақты, ықшам сөз. Мұнда өмірдің са - алуан құбылыстарына баға беріліп, үлкен түйін жасалады, халықтың ғасырлар бойғы тәжірибесі қорытылады. Олар қолдану әдісі мен аясына қарай, мазмұн мен мәні жағынан сан - саққа құбылып отыратын көне де күрделі жанр.
Мақалдар объективтік дүниені көркемдік тұрғыдан жалпылай қорытады.
Мақалдардың негізгі атқаратын қызметі сөйлеу практикасында қолдану ерекшелігі арқылы ашылып отырады.
Мақалдардың тура және ауыспалы, бейнелі мағыналарының қатынасын қатаң ескере отырып, олардың біріншісінен екіншісіне ауысу процесін белгілі мәселеге халықтың көзқарастық өзгеру құбылысымен байланысты.
Мақалдар дүниені көркемдік тұрғыдан бейнелегенде өзіне тән логикалық заңдылықтары арқылы бейнелейді.
Мақал мен мәтел егіз жанр, тіпті бір жанр деп қарастыруға болады. Дегенмен мағынасына, құрылысына, атқаратын қызметіне қарағанда кейбір өзіндік айырмашылықтары бар. Мақал аяқталған ойды білдіреді, өз алдына тұрып та дербес мағына береді. Ғалым К. Аханов пен М. Ғабдуллиннің пікірлеріне сүйенсек, мәтел синтаксистік құрылымы толық емес, жеке тұрып тиянақты ойды бере алмайтын, тек айтылған ойды ажарлай, айқындау үшін қолданылатын, сөз оралымы қалыптасқан сөйлем, пікірдің элементі деуге болады. Мақал мен мәтел бір - біріне ұқсас болғанымен, құрылымы, білдіретін мағынасы жағынан бірдей емес. Мақал - өмір құбылыстарын жинақтап көрсететін және оларға баға беріп, қорытынды пікір айтылатын халық даналығы. Көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа, аллитерацияға, ассонансқа құрылады.
Ал мәтел - өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Сыңары тармақ болып келіп, сөз үстемелене мақалға айналады. Мақал шендестіруге құралады, дәлелдеу мен қорытынды пікір бірдей жүріп отырады. Ал мәтелде ғана бар мағына ашық емес, қорытынды пікір, дәлелдеу жоқ болады. Жалпы мақал мәтелдер - әлеумет өмірінің алуан саласы көркем образ түрінде бейнелеп, адамның сонау сәбилік дәуірінен сыр тартып, ұрпақтар үнінің жаңғырығынан елес беретін елгезек жанр. Мақал жанрындағы тура және ауыспалы мағыналар өзара диалектикалық байланыста болады. Оның басты ерекшелігін ашу - осы байланысты көрсетуде.
Сөздік көркі - мақал дегендей мақалдың көмегімен айтайын деген ойыңды ұнамды да, ұтымды жеткізуге болады. Сондықтан да мақал-мәтелдердің өн бойынан поэзияға тән жинақылық, үнділік, саздылық, ұйқас ырғақты кездестіруге болады.
Мақал-мәтелдер тақырыбының халық өмірінің барлық саласын қамтитыны.
Мақал-мәтел адам тұрмысындағы алуан түрлі оқиғаларды,қарым-қатынастарды қысқа, тұжырымды тілмен түсіндіреді, айтылмас ойды ажарлайды, әрі анықтайды. Сондықтан да халық сөздің көркі - мақал деп бағалаған. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін шешетін асыл мұра. Мақал мен мәтелдердің мағынасы терең, сөзі ықшам да көркем,еске сақтауға икемді де жеңіл болғандықтан және бала тәрбиелеу ісінде ерекше рөл атқаратындықтан балалар әдебиетінен үлкен орын алады. Балаларға терең ой салумен қатар,оларды көркем және обырызды сөйлеуге жаттықтырады, сөз байлығын, сөздік қорын байыта түседі. Мақал-мәтелдер тәрбиелік жағынан да, оқушылардың сөздік қорын молайтуда да теңдесі жоқ мұра. Сонымен қатар, ел мен жерді қорғау, ерлік тақырыбындағы мақалдардан халықтың ой-тілегін, арман-мүддесін патриотттық сезімін аңғаруға болады. Мысалы, "Ел іші - алтын бесік", "Туған жердің тауы ыстық", "Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол".
Би-шешендер де мақал-мәтелді ұтымды қолданған. Қазақтың би-шешендері даулы істе тапқырлығымен қатар шешендік танытқан. Барша жұртты аузына қаратып сөйлей білмеген шешеннің беделі болмаған. Өйткені кез келген даулы істе жүйелі сөйлеп, тапқырлық танытпаса, оны тыңдайтын құлақ болмаған. Ал мақал-мәтел - сөздің тұздығы. Олардың айтқан сөздерін бір-біріне үлгі етіп, өсиет ретінде таратқан. Ағайын арасындағы татулық, өнеге туралы ойларын алға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ мақал-мәтелдерінің тәрбиелік мәні
Мақал - мәтелдердің тәрбиелік мәні туралы
Мақал-мәтелдер-халық творчествасының төл жемісі
Мақал-мәтелдер
Мақал - мәтелдердің оқытылуы
Қытай және қазақ тілдеріндегі мақал - мәтелдердің лингвомәдени ерекшеліктері
«Қазақ және ағылшын тілдеріндегі (адам, қоғам, табиғат) мақал-мәтелдердің этномәдени сипаты»
Корей мақал-мәтелдерін аударудың ұқсастықтары мен айырмашылықтары
Мақал-мәтелдердегі аналитикалық байланысудың көріністері
Мақал - сөз анасы
Пәндер