Хазірет Мұхаммед (өмір-баяны)


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

ХАЗІРЕТ МҰХАММЕДТІҢ

(Алланың Оған салауаты мен сәлемі болсын) ДҮНИЕГЕ КЕЛУІ

Пайғамбарымыз Хазірет Мұхаммед (Алланың Оған салауаты мен сәлемі болсын) 571 жылы Көкек айы-ның 20-сына сәйкес келетін Рабиул-әууәл айының 12 Дүйсенбі таңын-да Меккеде дүниеге келді.

Ол дүниеге келген түні таңертең әлем нұрға бөленді. Әкесі Абдуллаһ оның дүниеге келуінен 2 айдай бұрын қайтыс болғандықтан, жалғыз ұлын көре алмады.

Хазірет Әмина осылайша нұр сияқты бір баланы дүниеге әкелісімен атасы Әбдімүттәліп үлкен ас беріп, той жасап, сүйікті немересіне Мұхаммед деп ат қойды.

“Немереңе қандай ат қойдың?” - деп сұрағандарға, “Мұхаммед деп қойдым”, - дейді.

Олар:

“Аталарыңның арасында мұндай ат жоқ еді, бұндай есім қоюыңның

мәнісі не?” - деп сұрайды. Сонда Әбдімүттәліп:

“Көкте Алланың, жерде халықтың мақтанышы болсын деген үміт-пен қойдым”, - деп жауап береді.

Пайғамбарымыз дүниеге келген күні жер бетінде бұрын-соңды болмаған таңғажайып оқиғалар орын алды. Сол күні түнде Иранда патша (Кисра) сарайының 14 бағанасы құлады. Сауа көлі тартылып, құрғап, мың жылдан бері жанып тұрған мәжусилер (отқа табынушылар) табынып келген оттар аяқ астынан сөнді. Бұл оқиғалар келешекте Иран сұлтандығының жойылып, Византия империясының шөгетінінін және пұтқа табынушылардың жойылатындығының белгісі еді. Шындығын-да да, айна-қатесіз осылай болды.

Хазірет МҰХАММЕДТІҢ

(Алланың Оған салауаты мен сәлемі болсын) БАЛАЛЫҚ ШАҒЫ

Меккенің алдыңғы қатарлы адамдарының бір әдеті бар еді. Жаңа туған балаларын Мекке төңірегіндегі тайпалардағы сүт-аналарға беріп бақтыратын. Өйткені, Меккенің ауасы балаларға қолайсыз болатын.

Пайғамбарымызды Хазірет Әмина үш күн, Суәйба деген әйел екі күн емізеді. Содан кейін Хазірет Мұхаммед (Алланың Оған салауаты мен сәлемі болсын) Сағд тайпасынан Халима деген сүт-анаға беріледі. Халима оны өз баласынан артық жақсы көріп, тіпті соққан желден қорғаштайтын. Халиманың кішкене қызы Шейма да Мұхаммедті (Алланың Оған салауаты мен сәлемі болсын) өте жақсы көретін, үнемі бірге ой-найтын.

Хазірет МҰХАММЕДТІҢ (с. а. у) ТЕГІ (ШЕЖІРЕСІ)

Хазірет Мұхаммедтің (Алланың Оған салауаты мен сәлемі болсын) әкесі - Абдуллаһ, Абдуллаһтың әкесі Құрайыш тайпасының Хашым әулетінің және Меккенің соңғы қатардағы адамдарының бірі - Әбдімүттәліп. Анасы Құрайыш тайпасының Зуһра әулетінен Уәһабтың қызы - Әмина. Әкесі жағынын да, шешесі жағынан да текті, беделді отбасынан шыққан Хазірет Мұхаммедтің ата тегі Хазірет Ибраһимге барып тіреледі.

Хазірет МҰХАММЕДТІҢ

(Алланың Оған салауаты мен сәлемі болсын) САПАРЛАРЫ

Пайғамбарымыздың әкесінің ағасы Әбу Талиб саудамен айналысатын. Бір сапарында Хазірет Мұхаммедті өзімен бірге ала кетеді. Шам қаласына жақын жердегі Бұсра ауылына соғады. Сол жерде Бахира деген бір топпен кездеседі.

Бахира Тәуратта және Інжілде аты мен қасиеттері жазылған соңғы пайғамбардың белгілерін осы кішкентай баланың бойынан көреді. Осыдан кейін Әбу Талибқа “Дереу баланы Меккеге алып кет, өйткені иудейлер балаға жамандық жасауы мүмкін” дейді. Әбу Талиб Бахираның айтқанын орындап, Шамға бармай, сауда-саттығын сол жерде бітіріп, қайтып кетеді.

Хазірет Мұхаммед (Алланың Оған салауаты мен сәлемі болсын) 17 жасқа келгенде де немере ағасы Зубәйрмен бірге Йеменге барып келген.

ХАЗІРЕТ МҰХАММЕДТІҢ (Алланың Оған салауаты мен сәлемі болсын) САУДАМЕН АЙНАЛЫСУЫ

Құрайыштың алдыңғы қатарлы байларынан Хадиша деген бір жесір әйел кейбір адамдарға ақшасын беріп ортақтасып сауда жасайтын. Хадиша Хазірет Мұхаммедке ақша беріп, оны сауда керуенімен Сирияға жіберді.

Хазірет Мұхаммед (Алланың Оған салауаты мен сәлемі болсын) сауда-саттықпен айналысып жүрген кезінде-ақ еңбекқорлықпен әділетті, турашыл, адал, адамгершілік қасиеттерімен табысқа жетеді. Сол себептен үнемі көп пайда түсіріп отырады. Хадиша Хазірет Мұхаммедпен бірлесіп ортақ сауда жасағанына өте риза болады.

Хазірет МҰХАММЕДТІҢ (Алланың Оған салауаты мен сәлемі болсын) ХАДИШАМЕН ҮЙЛЕНУІ және БАЛАЛАРЫ

Шам қаласынан оралғаннан кейін, пайғамбарымыз Құрайыш тай-пасының ақсүйек, бай әйелі Хадишаға үйленеді, Хазірет Мұхаммед (Алланың Оған салауаты мен сәлемі болсын) сол кезде жиырма бес жаста, ал Хадиша қырықта еді. Осылайша бақытты бір отбасының шаңырағы көтеріледі.

Хазірет Мұхаммед (Алланың Оған салауаты мен сәлемі болсын) үшеуі ұл, төртеуі қыз, барлығы жеті балалы болады. Бұлардың алтауы Хадишадан, біреуі Мәриядан өмірге келеді. Ұлдарының аттары: Қасым, Абдуллаһ және Ибраһим. Ал қыздарының аттары: Зәйнәп, Рукия, Үммүгүлсім және Фатима. Ұлдары Қасым мен Абдуллаһ әлі пайғамбарлық келмей тұрып Мекке қаласында жастай шетінеген. Ибраһим деген ұлы хижреттен кейін Мәдина қаласында туылды. Ол да кішкентай кезінде қайтыс болды. Қы-здарының барлығы өсіп, тұрмыс құрады. Пайғамбарымыздың ұрпағы Хазірет Әлиге тұрмысқа шыққан Фатимадан тарайды.

Хазірет МҰХАММЕДТІҢ (Алланың Оған салауаты мен сәлемі болсын) ҚАҒБАНЫҢ ЖӨНДЕЛУІ КЕЗІНДЕ ТӨРЕЛІК ЖАСАУЫ

Селден үйдің кей жерлері бүлінгендіктен, Қағбаны жаңалап жасау ісі қолға алынады. Дуалдары қаланып биіктетіліп, “Хажәрүл әсуад” деп аталатын қаиетті қара тасты орнына қояр кезде, әрбір тайпа осы абыройға ие болу үшін бір-бірімен бәсекелесіп, ортақ келісімге келе алмайды. Тіпті, соның салдарынан жанжал шығады. Ақыры шынайы сенімді әрі әділдігімен танылған Хазірет Мұхаммедті қазы етуге, оның берген үкіміне разы болуға келісті.

Хазірет Мұхаммед “Хажәрүл әсуадты” ортаға төселген жайманың үстіне қойып, әр рудың ақсақалдарынан бір кісіге соның шетінен ұстатты. Осылайша жоғарыдағы қойылатын орнына апарылғаннан кейін өзі мүбәрак қолымен орнына қойды. Сөйтіп, әр ру бұл қасиетті жұмысты атқаруға қатысқан болып, бәрі де бұл билікке разы болды. Өйткені мұндай шешім ешкімнің ойында жоқты. Сонымен үлкен бір жанжалдың алды алынды. Осы оқиға болған кезде Хазірет Мұхаммед 35 жаста еді.

Хазірет Мұхаммед (Алланың Оған салауаты мен сәлемі болсын) пайғамбарлығынан бұрын да өте адал әрі сенімді кісі еді. Бұл ерекшеліктерді себепті халық оны “Мұхаммәдүл-әмин”, яғни “Сенімді Мұхаммед” деп атаған. Жұрттың сүйіспеншілігі мен құрметіне бөленген таза да үлгілі өмірімен қоғамда бір жарқы-раған жұлдыз іспеттес болған. Ұлы Алла оны ең жақсы түрде тәрбиеледі. Кәміл ахлақ және ерекшеліктер сыйлады. Өйткені адамзаттың құтылуы үшін оған (болашақта) пайғамбарлық міндеті берілетін еді.

ХАЗІРЕТ МҰХАММЕДКЕ (Алланың Оған

салауаты мен сәлемі болсын) ЕҢ КӨП ДҰШПАНДЫҚ ЖАСАҒАНДАР

Мүшріктер пайғамбарымызға да, мұсылмандарға да зорлық-зомбылық көрсетуден бір тынбады.

Пайғамбарымызға ең көп дұшпандық жасағандар мыналар:

Әбу Ләһаб - пайғамбарымыздың туған немере ағасы болғанына қарамастан Исламның ең үлкен дұшпаны еді. Сонау алғашқы күннен бастап пайғамбарымызға қарсы шықты. Әйелі де пайғамбарымыз өтетін жолға қолынан келгенше тікен тастайтын. “Тәббәт” сүресі осы екеуі жайында түсті. Әбу Ләһаб Бәдір соғысында мұсылмандар жең-генін естіп ашуызадан өлді.

Әбу Ләһабтың баласы Ұтайба бір сапарында пайғамбарымызға жармасып, жағасын жыртып жіберді. Пайғамбарымыз оның бұл әрекетінен қатты көңілі қалып: “Раббым! Ұтайбаға хайуандарыңның біреуін жібер” деп дұға қылды. Алла сүйікті елшісінің дұғасын қабыл алды. Ұтайба Шамға кетіп бара жатқан кезінде жолда бір арыстан шығып, оның парша-паршасын шығарды. Пайғамбарымызға жасаған зұлым-дығының жазасын осылай тартты.

Әбу Жаһил - пайғамбарымызға ең көп дұшпандық жасағандардың басшысы. Мұсылмандарға көп зорлық көрсетті. Аммар бин Ясирдің анасын осы Әбу Жаһил өлтірді. Ол да Бәдір соғысында өліп, жазасын тартты.

1) Ас бин Уайыл - пайғамбарымызға дұшпандық жасағандардың бірі. Пайғамбарымыздың ұлы Қасым шетінегенде “Мұхаммедтің тұқымы құрыды” деп мазақтап, баласының өлімінен қайғырып, жүрегі қарсы айрылған пайғамбарымызды табалаған.

“Кәусар” сүресіндегі “Негізінде тұқымы құрып, есімі ұмытылған, саған кек тұтып, дұшпандық істеген адамның өзі” деген аят сол жайында түскен. Ас бин Уайыл Мекке төңірегіндегі бір тау өткелінен өтіп бара жатқан жерінен астындағы аты оны жерге құлатып, аяғын тістеп алады. Ажалы сол жарадан болады.

2) Уәлид бин Мұғира

3) Үмәйя ибн Халаф

4) Ұтбә бин Рәбиалар да пайғамбарымызға дұшпандық жасағандардың қатарында болатын.

ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ МЕККЕДЕН МӘДИНАҒА ХИЖРЕТІ (М. 622Ж. )

Ислам тарихында пайғамбарымыздың Меккеден Мәдинаға көшуі “хижрет” деп аталды.

Мүшріктердің қысымы толастамағандықтан, пайғамбарымыз мұсылмандарға Мекке қаласынан Мәдина қаласына көшуге рұқсат берді. Мұсылмандар топ-топ болып, Мәдинаға көше бастады. Дін жолында, дін үшін туып-өскен, кіндік қаны тамған жерлерін дүние-мүліктерін тастады.

Меккеде пайғамбарымызбен Хазірет Әбу Бәкір, Хазірет Әли және бірнеше мұсылманнан басқа ешкім қалмады. Расулалла қанша қиын болса да өз міндетін атқарып, пайғамбарлықтың 13 жылын Меккеде өткізді.

Мүшріктер Мәдиналықтардың мұсылман болуы, Меккедегі мұсылмандардың да Мәдинаға көшуі Исламды күшейте ме деп қорықты. Исламды түп-тамырымен жойып жіберу үшін “Даруннәдуа” деп аталатын мәжіліске жиналды. Әбу Жаһилдің ақылымен пайғамбарымызды өлтіруге шешім қабылдады. Бұл қорқынышты шешімді орындау үшін әр тайпадан бір-бірден жас жігіт сайлады. Таңдалған бұл жас жігіттер пайғамбарымыздың үйін қоршап алады да, оның сыртқа шығуын күтеді.

Мүшріктердің жасырын қабылдаған бұл шешімін Алла Жәбірейіл арқылы пайғамбарымызға жеткізді де, хижрет етуіне рұқсат берді.

Пайғамбарымыз (Алланың Оған салауаты мен сәлемі болсын) төсегіне Хазірет Әлиді жатқызып, үйін қоршап тұрған мүшріктердің арасынан шығып, Хазірет Әбу Бәкірдің үйіне барды. Алла Тағала пайғамбарын қорғады. Қолында қаруы бар мүшріктер оны көрмеді.

Жолға дайындалып болған соң, пайғамбарымыз Хазірет Әбу Бәкірмен бірге түнде Меккеден бір жарым сағат қашықтағы Сәуір тауына барады да, сол жерде бір үңгірді паналайды. Таң атысымен пайғамбарымыздың үйден шығып кеткені белгілі болады. Осыдан кейін мүшріктер шартарапқа сабылып іздеуді бастады. Мұхаммедті кім тапса, сол адамға жүз түйе сыйға береміз деп жар салды.

Пайғамбарымызды іздегендер жолдағы іздердің соңына түсе отырып, үңгірдің аузына дейін келді. Бірақ үңгірдің кіре берісінде бір өрмекшінің тор құрғанын көрді. Үңгірдің ішіне кірмекші болғанда, араларынан біреуі “ішке адам кірсе, бұл жерде өрмекшінің торы, көгершіннің ұясы болмас еді” деген соң қайтып кетті.

Мүшріктер үңгірдің аузына келген кезде Хазірет Әбу Бәкір қорқып:

- Бізді көріп қоятын болды, уа, Расулалла! - деді. Пайғамбарымыз:

- Қам жеме, Алла бізбен бірге, - деп жауап қатты.

Үңгірдің аузына өрмекшілердің тор құруы, сол жердегі ағаштардың біріне көгершіннің ұя салып, жұмыртқа тастауы мұғжиза еді. Алла Тағала сүйікті пайғамбарын осы мұғжизаларымен қорғап, үңгірдің аузына дейін келген дұшпанды жасырын бір күшпен кері қайтарды. Пайғамбарымыз бен Әбу Бәкір үңгірде үш күн жатқаннан кейін, Мәдинаны бетке алып жолға шықты. Олардың ізіне түскен Сұрақа деген бір палуан қиналмай-ақ іздерін тапты. Атын тебініп, өкшелеп қуып берді. Дәл сол кезде атының аяғы сүрініп кетіп, өзі жерге омақаса құлады. Қайтадан орнынан тұрып атымен шаба жөнелді. Бірақ бұл жолы атының аяғы тізесіне дейін құмға батып, жүре алмай қалды. Жасырын бір күш атын жүргізбей қойды. Сұрақа мұны көргенде қатты қорқып кетті. Өкшелеп қуғанына өкінді. Дауыстап пайғамбарымыздан кешірім сұрады. Сөйтті де сол жерден кері қайтты. Артынан келгендерге “Мен бұл жақтарды қарап таппадым” деп оларды кері қайтарды. Өзі кейіннен мұсылман болды.

Сүйікті пайғамбарымыз бір аптаға созылған тарихи сапарын аяқтап, дүйсенбі күні Мәдинаға жақын Құба ауылына жетті. Бұл жерде жұрт оны қуана қарсы алды.

Пайғамбарымыз бұл жерде он күннен артық аялдады. Құба мешітін салғызды. Мешіт салынып жатқанда, өз қолымен тас тасыды. Ислам тарихында салынған алғашқы мешіт - осы Құба мешіті. Пайғамбарымыздан үш күннен кейін Меккеден шыққан Хазірет Әли де осы жерде пайғамбарымызға келіп жетті.

ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ МӘДИНАҒА ЖЕТУІ

Қасындағы мұсылмандармен бірге пайғамбарымыз (Алланың Оған салауаты мен сәлемі болсын) Жұма күні Құбадан шығып Мәдинаға бағыт түзеді. Салимұлдарының еліне жеткенде, уақыт түс мезгілі болған еді. Пайғамбарымыз Жұма намазын оқудың парыз етілгенін мұсылмандарға жариялап, сол жерде алғаш рет намаз оқытты. Намаздан кейін Мәдинаға қарай жолын жалғастырды.

Мәдиналықтар мерекелік қуанышпен бұл құрметті қонақты қарсы алу үшін жолдың екі жағын алып, тізіліп тұрды. Пайғамбарымыз өтіп бара жатқанда “Қош келдің, уа, Расулалла!” деп дауыстап, кішкентай сәбилерге дейін “Алланың елшісі келді” деп қуанғаны байқалды.

Мәдинаға жеткенде зор ілтипат көрген пайғамбарымыз Халид бин Зәйд, яғни Әбу Әйюб әл-Ансаридың үйіне қонақ болып түсті. Осы үйде жеті айдай тұрды.

МӘСЖИД-И НӘБӘУИДІҢ САЛЫНУЫ

Әбу Әйюб әл-Ансаридың үйінің жанында бос жер бар болатын. Пайғамбарымыз сол жерді сатып алып, мешіт тұрғызып, қасынан өзі тұру үшін бөлмелер салғызады. Кейін қонақ болып тұрған үйінен осы жерге көшті.

Қазірде мұсылмандар зиярат ететін Мәдинадағы “Мәсжид-и Нәбәуи” міне осы жер. Бұл мешіт салынып жатқан кезде де пайғамбарымыз кірпіш тасып, өзі де жұмыс істеді.

ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ НАУҚАСТАНУЫ және ҚАЙТЫС БОЛУЫ

(h. 10 - M. 632)

Пайғамбарымыз қоштасу қажылығын жасап, Мәдинаға оралды. Осы міндетінің аяқталып, бұл дүниеден көшетін уақытының келгенін түсінді. Ауруы күннен-күнге үдей берді. Науқас болса да азан оқылғанда мешітке барып намаздарын оқитын. Бірақ бақиға аттанарының алдында үш күн халі нашарлайды. Мешітке бара алмады. Хазірет Әбу Бәкірге жамағатқа имамдық етіп, намаз оқытуды тапсырды.

Қызы Хазірет Фатима күн сайын әкесіне барып тұрды. Ажал аузында жатса да қызына былай деп үгіт-насихат айтты:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұсылман медреселерінің оқу жүйесінің мәні
ДІНИ ДАСТАНДАР ТАҒЛЫМЫ
Шынайы сопылықтың тағы бір белгісі - құдаймен сұхбаттасу
Хз. Мұхаммед пайғамбардың көркем мінезі
Ш. Жәңгіровтың өмірі мен шығармашылығы (ғылыми мақала). Ғ. Қараштың ізденіс жылдары жайлы
Қасиетті Құранда сөз болатын хикаялар туралы
Мұхаммед Хайдар Дулати заманы
Ислам дініндегі антрапалогиялық мәселелер
Диуани хикметтің тілі қай түрік тілінде
Семей губревкомының жанынан ашылған қазақ бөлімінің қызметкері, 1920 жылдың ақпанынан бөлім меңгерушісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz