Электрмен жабдықтау жүйелері туралы негізгі мәліметтер


Электрмен жабдықтау жүйелері туралы негізгі мәліметтер
Лекцияның мақсаты: электр энергия тұтынушыларының сипаттамасы, электрмен жабдықтау жүйелеріне қойылатын талаптарды зерттеу.
- Негізгі терминдер мен анықтамалар
Электрмен жабдықтау
деп тұтынушыларды электрэнергиямен қамтамасыз етуді айтады,
электрмен жабдықтау жүйесі
- тұтынушыларды электрэнергиямен қамтамасыз етуге арналған электрқондырғылардың жиынтығы. Электрмен жабдықтау жүйесі ауданды, қаланы, кәсіпорынды электрмен жабдықтайтын өзара байланыстағы электр қондырғылардың жиынтығы деп те анықталуы мүмкін.
Тұтынушы
-электрэнергия қабылдағыштары электр торабына қосылған және электрэнергиясын пайдаланатын кәсіпорын, мекеме, аймағы бөлек цех, құрылыс алаңы, пәтер.
Электрэнергия қабылдағышы
- электрэнергияны пайдалану үшін энергияның басқа түріне түрлену жүретін құрылғы (аппарат, агрегат, қондырғы, механизм) (немесе электрлікке, бірақ басқа параметрлермен) .
Арналымы жалпы электрмен жабдықтау жүйесі -
әртүрлі тұтынушыларды электрэнергиямен қамтамасыз етуге арналған энергиямен жабдықтайтын ұйымның электрқондырғылары мен электр құрылғыларының жиынтығы.
8. 2 Электрэнергия тұтынушыларының негізгі топтары
Орындайтын функцияларынан, энергия жүйесіy қамтамасыз ету мүмкіндіктерінен, электр энергия және қуаттың шамасынан және тұтыну режимдерінен, электр энергияны пайдалану ережелерінің ерекшеліктерінен тәуелді
элект рэнергия тұтынушыларын
келесі негізгі топтарға бөлу қабылданған:
- өндірістік және соларға теңестірілген;
- коммуналдық - тұрмыстық;
- электрлендірілген көлік;
- өндірістік ауылшаруашылық.
Өндірістік кәсіпорындар электр энергияның 30 дан 70% дейін тұтынады. Өндірістік тұтынудың едәуір айырмашылығы әртүрлі елдердің индустриалдық дамуы мен ауа - райы жағдайларымен анықталады; индустриалды дамыған елдер үшін бұл энергия тұтынудың 50-70% санды мәндері бар. Бұл топқа машина жасау, қара және түрлі - түсті металлургия, химия өндірісінің, құрылыс материалдарының және көптеген басқа өндірістердің кәсіпорындары кіреді.
Электр қабылдағыштардың қосынды орнатылған қуаттары және оларға сәйкес өндірістік кәсіпорындардың электр жүктемелері өте кең шектерде өзгереді,
шамамен мегаватт бірліктерінен
(металды өңдеу, майда машина жасау және т. б. ) 300-500 МВт және жоғарыға дейін (ірі машина жасау, қара металлургия, алюминий мен басқа түрлі - түсті металдардың электролизі) . Сонымен бірге кәсіпорындардың негізгі бөлігі үшін 30-150 МВт арасындағы қуаттар кездеседі.
Коммуналды - тұрмыстық тұтынушыларды электрмен жабдықтау
. Бұл топқа қалалар мен елді мекендердің тұрғын аудандарында орналасқан ғимараттардың кең ауқымы жатады. Бұл - тұрғын ғимараттары, әкімшілік - басқару ғимараттары, оқу және ғылыми мекемелері, денсаулық сақтау, мәдени - бұқаралық, қоғамдық тамақтану және т. б. ғимараттары.
Тұрғын және қоғам ғимараттарында
орнатылған қуаты (типінен, қабаттар және тұрғын секциялар санынан тәуелді) 100 - 200 кВт - тан мегаватт бірліктеріне дейін құрайды.
Бұл арналымдағы ғимараттардың осы кездегі негізгі типтері электр жарықтандырудың аспаптары, қыздыратын аспаптар (плиталар, жылыту, ыстық су), тоңазытқыштар, ауа қоңдаушылары және электрондық типті әртүрлі аспаптар (аудио - видеотехника, және т. б. ) . Жарықтандырушы қондырғыларда қыздыру шамдарының және қыздыратын көптігі ғимараттардың кірмелеріндегі жүктемелердің тәулік максимумдер сағаттарында қуат коэффициенттерінің жоғары мәндерін анықтайды (0, 9 - 0, 95) .
Электрлендірілген көлікті электрмен жабдықтау
. Тұрақты токтағы электр көлігінің түзетуші қосалқы станциялары (қалалық, өндірістік, қалааралық) және айнымалы токтағы қалааралық электр көлігінің төмендеткіш қосалқы станциялары электрэнергетикалық жүйелердің электр тораптарынан электрэнергиямен қоректенеді. Сонымен қатар қалалық электр көлігінің қосалқы станциялары (трамвай, троллейбус, метрополитен) қалалардың аймағында орналасады және қалалық тораптардың электрэнергия тұтынушылары болады. Энергия жүйелерінің электр тораптарынан тікелей қоректенетін қалааралық көліктің төмендеткіш қосалқы станциялары әдетте елді мекендердің маңайында немесе жақын орналасады. Қалааралық көліктің төмендеткіш қосалқы станциялары 35-110-220 кВ тораптарынан қорктенеді.
Электр көлігінің электрмен жабдықтау жүйелерінің электрмен жабдықтау сенімділігі жоғары болу керек.
Ауыл шаруашылығын электрмен жабдықтау
. Ауыл шаруашылығын электрмен жабдықтау жүйесіне ауылшаруашылық аудандарының аймағында орналасқан барлық тұтынушыларды электрэнергиямен қоректендіру кіреді. Бұл - ауылшаруашылық өндірістерінің барлық түрлерін және ауылдық елді мекендердің коммуналды - тұрмыстық тұтынушыларының кешендерін электрмен жабдықтау. Бұл аймақтағы электрэнергия тұтынушыларының мысалы ретінде мал, құс, дән өңдейтін кешендер, дән және көкөніс қоймалары, бусандырғыш қондырғылары, және тұрғын ғимараттар, медициналық, сауда, мәдени - ағартушы мекемелер және т. б. айтуға болады. Кейбір тұтынушылардың электр жүктемелері өте үлкен шектерде өзгереді: аз қабатты ғимараттар үшін киловатт бірліктерінен мал және дән өңдейтін кешендер үшін мегаватт бірліктеріне дейін.
Ауылшаруашылық тұтынушыларын электрэнергиямен қоректендіру көбінесе 35-110 кВ қосалқы станцияларынан жүргізіледі.
8. 3 Электрмен жабдықтау жүйелеріне қойылатын негізгі талаптар
ЭҚЕ (ПУЭ) талаптарына сәйкес электрмен жабдықтаудың сенімділігі бойынша электрқабылдағыштар үш категорияға бөлінеді.
I категорияға
жұмыстағы үзіліс адамдардың өміріне қауіп төндіретін, халық шаруашылығына едәуір ысырап жасайтын, қымбат тұратын негізгі жабдыққа зақым келтіретін, өнімнің жаппай бұзылуына алып келетін, күрделі технологиялық процестің, коммуналды шаруашылықтың ерекше маңызды элементтерінің жұмыс атқаруын бұзатын электрқабылдағыштар жатады.
I категория электртұтынушыларының мысалдары: қазан - утилизаторлар, сумен жабдықтау, канализация және газден тазалау сораптары, айналатын пештердің жетектері, қайнайтын қабаты бар пештер, газды тарататын пункттер, үзіліссіз
прокаттың стандары
,
суды ағызу
(водоотлив), көтеретін машиналар, басты желдетудің желдеткіштері, жоғары қысымның желдеткіштері, апатты жарықтандыру.
I категорияның құрамынан адамдардың өміріне қауіп төндіруді, жарылыстарды, өрттерді және қымбат негізгі жабдықтың зақымдалуын болдырмау мақсатымен өндірісті апатсыз тоқтатуға үзіліссіз жұмысы қажет ерекше тобын бөледі. Қара металлургия үшін ерекше топтың электрқабылдағыштары ретінде домна пештерін сумен салқындататын сораптарының электрқозғалтқыштарын, ауа қыздырғыштарының газ араластыратын станцияларын, негізгі технологиялық қондырғылардың буландыру салқындауының сораптарын айтуға болады.
II категорияға
электрмен жабдықтаудағы үзіліс өнімнің жаппай толық шықпауына, жұмысшылардың, механизмдер мен өндірістік көліктің жаппай тұрып қалуына, қала және ауыл тұрғындарының едәуір санының қалыпты тіршілігін бұзуына алып келетін электрқабылдағыштар кіреді.
III категорияға
І және ІІ категориялардың анықтамаларына келмейтін барлық қалған электрқабылдағыштар жатады. Бұл негізгі цехтардағы әртүрлі көмекші механизмдер, өндірісі сериялы емес цехтар.
I категориялы электрқабылдағыштар екі тәуелсіз өзара резервтейтін қорек көздерінен электрэнергиямен қамтамасыз етілу керек. Бір қорек көзінен электрмен жабдықтау бұзылғандағы үзіліс басқасынан қорек автоматты қалпына келу уақытына ғана рұқсат етіледі (РАҚ әсер уақытына) .
Тәуелсіз қорек көзі деп басқа қорек көздерінде кернеу жойылғанда регламенттелген кернеу сақталатын көзді айтады. Тәуелсіз қорек
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz