Ұлы даланың ұлтаралық тілі: көркем сөйлеу негізі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Ұлы даланың ұлтаралық тілі: көркем сөйлеу негізі

« . . . Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт - тілі болуы. Ұлттың тілінің кеми бастауы - ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай көрініп тұрады. Қазақтың тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихы, сар далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі - бәрі көрініп тұр. Қазақтың сары даласы кең, тілі де бай. Осы күнгі түрік тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай, орымды, терең тіл жоқ»

М. Жұмабаев

Адамзат тарихының сандаған ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесі көрсеткендей қоғам мен мемлекет құрылымындағы күрделі құбылыс - тіл мәселесі болып табылады. Тіл ұлттың негізгі белгісі ретінде халықтың болмыс-бітімінің сақталуында шешуші рөл атқарады, оның рухани мәдениетінің бір бөлігі болып табылады, сондықтан да тіл өзіне деген құрметті талап етеді. «Тіл тағдыры - ұрпақ тағдыры, ұрпақ тағдыры - ел тағдыры» деген ұранды ұстанған қазақ халқы ғасырлар бойы елі мен жерін, діні мен тілін сақтап қалу жолында талай қиын-қыстау кезеңдерді басынан кешірді. Өйткені ана тілі мәселесі - сол тілде жасаған, жасап келе жатқан халықтың өткені мен бүгінгісін таразылай отырып, болашағын танытатын, сол халықтың мәңгілігінің мәселесі.

Тіл - қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Мемлекеттік тілді және басқа тілдерді үйрену арқылы халықтың әлем және ұлттық мәдениетті игерулеріне, өз халқы мен басқа халықтардың дәстүрлері мен мәдениетін зерттеуіне және қабылдауына жағдай жасау керек.

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев қазақстандағы тілдердің үш тұғырлығы туралы ойды алғаш айтқан болатын. Үштілділік жөніндегі сөз Елбасымыздың «Тілдердің үштұғырлығы мәдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыруды қолға алуды ұсынамын. Қазақстан Бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі» деген салиқалы үндеуінен бастау алған болатын.

Сонымен қатар, Қазақстандағы қазіргі білім берудің маңызды бөлігі - осы үштұғырлы тілде білім беру. Ол дегенің білім алушылардың басқа ұлттардың мәдениетін білуі, өмір сүру салтын, дәстүрін білу, халықтардың рухани құндылықтарын тану, өзге ұлттардың мәдени құндылықтарын сыйлау, қадірлеу жүйесі. Қазіргі таңда Қазақтандағы халықтар үшін қазақ тілі мен орыс тілі де маңызды. Ел үшін ежелден келе жатқан ұлттардың достық қарым-қатынас тілі орыс тілі болып табылады. Орыс тілі қазақ жерінде сыйластықтың, ынтымақтасқан қарым-қатынас тілі ретінде екінші тіл болып әбден қалыптасқан.

Тілсіз қоғам болуы мүмкін емес, қоғамнан тыс тіл деген әсте болмайды. Алайда қазіргі дүниежүзілік тәжірибеде екі тілді қатар пайдаланатын қоғамның болатыны сияқты, бірнеше қоғамға қатар қызмет ететін тіл де аз емес. Адам бір тілді болып тумайды, ендеше қостілділіктің ғажайып әлеуметтік құбылыс екендігіне шүбә жоқ.

Біздің, ана тілімізді жойып бара жатқан, қоғамдағы қостілділік - қазақ-орыс тілдері. Қазақ-орыс қостілділігі - қазақтардың көпұлтты қоғамда ана тілімен қабат орыс тілін ұлтішілік және ұлтаралық қатынаста қатар қолданылуы, екі тілдің әрқайсысын әр түрлі жағдайда керегінше пайдалануы.

Қазіргі таңда қоғамымыз көпұлтты болғандықтан, қоғамда екі не одан да көп тілде сөйлейтін этникалық қауымдастықтар бар. Бірақ, біздің қоғамды қазақ-орыс қостілділігі алаңдатып отыр. Дегенмен ешкім тумасынан қостілді болып жаралмайды, өсе келе үйренуі мүмкін. Бір жолы - белгілі бір тілді арнайы үйренуі болса, екіншіден, тұлғаның қоршаған ортасына байланысы.

Осы тұрғыдан Қазақстан халқы Ассамблеясы қазақ тілін ұлтаралық қатынас тіліне айналдыру мақсатында мемлекеттік тілді еркін меңгерген түрлі ұлт өкілдері арасында «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» бастамасын жариялайды. Аталмыш шара мемлекеттік тілді қазақстандық этностардың қатынас құралына айналдыруды мақсат тұтады. Қазақ елі қазіргі таңда көп ұлтты мемлекеттің дәрежесінде бейбітшілдікте, бірліктің берекесінде, татулықтың қазанында бірге қайнап жатыр. Бір үйдің баласындай халықтың достығында шек жоқ.

Бұл туралы Елбасы Н. Ә. Назарбаев: «Қазақ жері 100-ден астам ұлтты біріктіріп отыр. Біздің елімізде бірде-бір этнос өзінің тілін жоғалтқан жоқ. Біз ең кіші деген этникалық топтардың тілі мен мәдениетінің де дамуына бар мүмкіндікті жасап отырмыз. Әрине, осы этникалық көпшілік бір ұлқа айналу үшін өте мықты цемент керек. Ол - мемлекеттік тіл - қазақ тілі» - деп шегелеп берген болатын. Қазақстанда тұрып туған жердің тілін білмеу, дәстүрін, салтын, тарихын білмеу, әрине, толыққанды білімді азаматтыққа жатпайды. А. Тойғанбаев та қазақ тілінің қоғамдағы орны туралы былай дейді: «Қазақстан халқына XXI ғасырдағы қазақ мәдениеті өте қажет. Ал ол тек қазақ тілінде ғана креативті» - деген ойы тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні. Қазақ тілінің креативтілігін әлемге таныту, әлемді қызықтыру, әлем адамдарының қазақ тілінде сөйлеуіне ынталандыратын қадамдарды жасау қазақ елінің, Қазақстан адамдарының бірінші міндетіне айналуы елдігіміздің бірлігі деп ойлаймын.

Қазақ тіл білімі мен ғылымының бастауында Алаш қайраткері, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы тұратыны сөзсіз. Ол алғаш ұлт руханиятына араласып, Қарқаралыда оқытушы болып жүрген кезеңде: «Қазақ даласында оқу-ағарту ісі дұрыс жолға қойылсын. Ол үшін ауыл мектептерінде балалар қазақша сауат ашатын болсын, оқу ана тілінде жүргізілсін», - деп, Ресей министрлер кеңесіне петиция ұйымдастырып, хат жолдаған. Осыдан-ақ Ахмет Байтұрсынұлының қандай ұлт патриоты болғанын, тіл жанашыры болғанын аңғаруға болады. Айта кету керек, Ахмет Байтұрсынұлының «Оқу құралы» атты оқулық кітабы 1925 жылға дейін жеті рет басылып, қаншама қазақ баласы хат танып, сауат ашқан. Сонымен қатар, «Оқу құралы» негізінде «Әліппенің» қайта жасалғандығында атап өтуіміз керек.

Ұлттық мәдениетіміздің өркендеу тетігі - тілде жатыр. Тәуелсіз мемлекеттік тілі - біреу ғана болуы тиіс. Бұл тілді осы елде тұратын халықтың бәрі ілгері-кейінді білуді міндеттеу керек. Тіл мәселесінің айналасындағы айтысқа және іс жүзіне асыра алмай отырғанымыз ұлт жанды қазақтың бір жағынан күлкісін келтірсе, екінші жағынан ызасын келтіреді.

«Тілдің тазалығын сақтаушы академия да емес, білімдар да емес, тілді таза қалпында сақтайтын - халықтың рухы», - деп В. Г. Белинский айтқандай, тіл әр халықтың тағдыры, басты ұлттық ерекшелігі, оның рухани өлшемі.

Қазақстан өзі тәуелсіз мемлекет бола тұрып, қазақ тілінің өз елінде үстемдік ете алмауы мүмкін емес. Сондықтан біз мемлекетіміздің болашағына сенетін болақ, қазақ тілінің де мемлекеттік басқару тіліне айналуы керек және айналады да. Келешегі жарқын, бәсекеге сай мемлекеттің өзінің мемлекеттік тілі үстемдік етуі тиіс.

Ана тілім,

Жүрегісің анамның.

Жүрек - ана,

Мен өзіңен жаралдым.

Сағат сайын саулығыңды тілеймін,

Сенсіз мына керегі не ғаламның?

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі – менің тілім
Ана тілі сабағында оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу
«Тіл туралы» заң- ана тіліміз қазақ тіліне мәртебе берілді.
Тұлғалық бағдарлы оқыту жүйесіндегі сабақтар
Көне қазақтың рухани мәдениеті
Мәтінге бейнелі сөздерді қолдану
Жаһанданудың Қазақстанға тигізетін әсерін талдау
Тәрбиенің заманауи тұжырымдамалары
Ғылыми дүниетаным тәрбиесі
Оқушылардын сөйлеу мәдениетін қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz