Зияты зақымданған балалар


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

3 тақырып: Зияты зақымданған балалар

Сұрақтар:

  1. Зият кемістігінің түрлері:

Олигофрения - орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдануы нәтижесінде танымдық іс-әрекеттің түбегейлі бұзылуы. Олигофрения - грек тілінен аударғанда, ақылы аз деген мағынаны білдіреді. Бұл терминді ХІХ ғ. басында неміс психиатры Э. Крепелин енгізді. Бұл терминмен этиологиялары әр текті, клиникалық симптоматикасы әртүрлі, негізгі ерекшеліктері - тотальдық психикалық жетіспеушілік болып табылатын балаларды атайды. Клиникалық көріністерін сипаттайтын негізгі белгілер

1. Психикалық жетіспеушіліктің түзелмеуі.

2. Интеллектуалдық құрылымның кемістігі, дәйексіз ойлаудың жеткіліксіздігі немесе, мүлдем болмауы.

Деменция - егер кемақылдық 2-3 жасқа дейінгі кезеңде әртүрлі органикалық зақымданулардың әсерінен пайда болса, ал одан кейін пайда болған ой-өріс кемістігі ұғымына деменция кіреді. Ми қызметінің бұзылуы біраз уақыт қалыпты жұмыс істегеннен кейін пайда болады. Деменция себептері түрлі жарақаттар мен ми аурулары (менингит, энцефалит, менингоэнцефалит) . Деменцияда ми жұмысының бұзылуы прогрессивтік сипат алады.

Дебилдік

Имбецилдік

Идиотия

  1. Бұзылулардың классификациясы мен этиологиясы.

https://cf2.ppt-online.org/files2/slide/c/ClgdNvqhacxBOIKeAS8oiGLRXm0Jrw6pZuQyDFWfT/slide-5.jpg

  1. Зият кемістігі бар балалардың психологиялық мінездемесі.

Дебилдік - ақыл ой кемдіктің жеңіл түрі. Акыл ойы кемдіктің 70 -80% осы топты құрайды. Дебилдік деңгейдегі олигофрен-балалар қалыпты дамитын құрдастарынан барлық жағынан артта қалып кояды. Олар кеш жүреді, сөйлейді, кеш уақытта өзін-өзі күту дағдысын меңгереді. Бұл балалар епсіз, әлсіз, тез ауырады. Оларда айналасындағы қызығушылықтары өз бетімен қалыптаспайды, заттарды зерттемейді, ол туралы үлкендерден сұрамайды, табиғатта және әлеуметтік өмірде болған құбылыспен процестерге немқұрайлы қарайды. Мектепке дейінгі жастың соңында, олардың сөздік қоры өте шектеулі болады. Балалар қарапайым мазмұнды жеткізе алмайды. Пассивті сөз қоры қалыпты жағдайға қарағанда көлемі жағынан аз, олар 2 - 3 созден тұратын сөйлемдерді түсінбейді. Мектеп жасында олар әріптесінің сұрағын жақсы түсінбейтіндіктен әңгімелесуден қашады.

Имбецилдік - ақыл ойы кемдіктің орташа деңгейі. Бұл түрде бас миының үлкен жартышарының қабығы және де төменде жатқан кұрылымы да зақымдалады. Бұл бұзылыстар бала дамуының ерте кезеңінде пайда болады. Нәрестелік жаста мұндай балалар басын ұстауды, ез бетінше аунап, отыруды кеш бастайды. 3 жастан кейін жүреді. Оларда гуілдеу, былдыр, «жандану комплексі» қалыптаспайды.

Идиотия - ақыл ой кемтарлықтың ең ауыр деңгейі. Бұл кемістіктің көптеген белгілері ішінен статикалық және моторикалық функциясының бұзылысы ерекшеленеді: әртүрлі сезімдік реакциясының көрінуіндегі тежелулер, айналасына барабар реакция, тұру, журу дағдысының кеш шығуы, былдыр және бірінші сөзінің кеш пайда болуы, айналасындағы заттар мен кұбылыстарға және ойынға деген әлсіз қызығушылық байқалады.

  1. Зият кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу ерекшеліктері.

Зиятында ауытқуы бар балаларды XX ғасырдың 20 жылдарында пайда болған дефектология ғылымының негізін қалаушылардың бірі Л. С. Выготский 1924 жылы басқа сала ғалымдарымен біріге отырып, зиятында ауытқуы бар балаларды кеңінен зерттеді. Зияты зақымдалған балалардың әлеуметтік ортада өмір сүріп, тіршілік ету құқығын қорғауға арналған үш түрлі факторлардың әсеріне тоқталып өтейін:

Бірінші, бала психикасының дамуына кері әсерін тигізетін көру мен есту талдағыштарының зақымданып, түйсіну, қабылдау, есте сақтау, ойлау сияқты психикалық үдерістердің қалыпты дамымауы немесе олардың әрекетінің сапасының өте төмен болуы.

Екінші, баланың естуі мен сөйлеуі жетілмегендіктен сыртқы қоршаған ортаға бейімделе алмай, кеңістікте бағдар таба алмай қалуы осыдан барып оның әлеуметтік бейімделуінің қиындауы.

Үшінші, көрсетілген психикалық процестердің бұзылуы баланың ақыл ойының кемістігіне, жоғары жүйке қызметінің бұзылуына әсер етеді. Сонымен қатар, күрделі психикалық үдерістердің негізі болып табылатын есте сақтау мен ойлау әрекеттерінің өрістемей тоқырап қалуына және баланың дамуына кедергі болуы.

Л. С. Выготский мынандай теориялық ережелерді тұжырымдайды:

-адам психикасы құрлымының жүйелілігі, яғни бір жүйедегі буынның бұзылуы, барлық жүйенің қызметін өзгертетіні туралы;

-бала дамуының өзекті және жақын даму аймағы туралы;

-қалыпты және дамуы ауытқыған балалар-дың дамуындағы факторлардың бірдейлігі туралы;

-ауытқыған дамудағы бірінші және екіншікемістік туралы, дамуы ауытқаған балалармен жүргізілетін коррекциялық педагогикалық жұмыстар туралы;

-баланың психикалық жоғарғы қызметтерінің дамуындағы ұжымның фактор ретінде қарастырылуы туралы.

Аталмыш ерекшеліктерді ескере отырып, осындай балаларды қалай патриоттыққа тәрбиелейміз. Енді осы бағытта құндылықтарды ұлттық тәрбие арқылы өндіру жолдарын қарастырайық:

  1. Бала бойында белсенді азаматтық ұстанымның қалыптасуы, қоғам құндылықтары мен міндеттері бала санасында болу;
  2. Мектептегі қоғамдық жұмыстарға белсенді түрде қатысу,
  3. Қазақстан және туған жер аймағының тарихын білу;
  4. Тарихи деректерді әділетті бағалау, талдау, тарихи процестерді өзінше талдау, талданған мәселені, қабылданған шешімдерді қарау;
  5. Жеке тұлғаның рухани байлығын қабылдау және оны өмірде қолдану
  6. Қоғам және мемлекет өміріне белсенді қатысу;
  7. Жеке адамды құрметтеу, басқа адамды жеке тұлға ретінде, өз таңдауын жасауға құқылы деп қабылдау;
  8. Азаматтық және патриотизмді тәрбиелеу, Отанын сүюге, мемелекеттік рәміздерді құрметтеу, халқымыздың салт дәстүрін құрметтеу;
  9. Басқа елдің де салт дәстүрінен хабардар болу, қоғамда рухани құндылық пен мәдениеттің қажеттілігін ұғыну;

Тапсырмалар:

  1. Олигофрения мен деменцияның салыстырмалы сипаттамасын көрсететін сызба немесе кесте құрастыру.
Олигофрения
Ұқсастықтары
Деменция
Олигофрения:

Олигофрения (грек. olіgos - аз және phren - ақыл) - ақыл-ойдың кемдігі; іштен туа біткен не алғашқы 3 жыл өмірінде дамымай қалған психиканың әр түрлі формалары. Аурудың пайда болуына әр түрлі себептер: тұқым қуалайтын аурулар салдарынан организмдегі генетикалық ауытқулар; кейбір заттардың, мыс, амин қышқылдарының (фенилкетонурия), көмірсулардың (галактоземия) т. б. алмасу процесінің бұзылуынан болатын

аурулар; жатырдағы ұрыққа не іштегі нәрестеге зақым келуі (ана бойындағы вирусты инфекция, токсоплазмоз, мерез) не сәбидің 3 жасқа дейінгі алған жарақаттары (мысалы, бас сүйек-ми зақымы, т. б. ) әсер етеді

Ұқсастықтары:

мидың зақымдануымен сипатталатын және интеллектуалдық сала мен танымдық бұзылулармен бірге жүретін ақыл-ой кемістігінің екі түрі, ауыр және емделмейтін аурулар. Бұл аурулардың бірқатар ұқсас белгілері бар, сондықтан кейде диагноз қою қиынға соғады. ақыл-ой кемістігі, олигофрения және

деменция бір-бірімен тығыз байланысты, бірақ бұл бірдей емес. Аурудың туа біткен немесе ерте басталуы балалардың 1-3% - ында көрінеді. Бұл бірнеше себептерге байланысты болуы мүмкін: тұқым қуалаушылық.

Деменция:

Деменция - адамның ақыл-ой қабілеттерінің жалпы нашарлауы, күштілігі соншалықты,

тіпт ол күнделікті тіршілік әрекетіне кедергі келтіреді. Бұл есте сақтау қабілетіне, мәселелерді шешуге, оқуға және өзге де психикалық функцияларға әсер етеді. Деменция түрлі жағдайлардан туындауы мүмкін, соның ішінде бас миынының ісіктері, бас жарақаттары немесе

инсульт; кейбір бас миының аурулары (мысалы, Альцгеймер ауруы) ; немесе ішімдікке деген тәуелділік.

Депрессияға ұшыраған адамдар (әсіресе, қарттар) деменциядан зардап шегетін сияқты көрінуі мүмкін (псевдодеменция) .

2. Ақыл-ойы кем және ПДТ балалармен түзету-дамыту жұмысында қажетті негізгі шарттарды көрсететін кесте құр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зияты зақымдалған балаларды жалпы білім үрдісіне қосу
ЗИЯТЫ ЗАҚЫМДАЛҒАН БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ ҮРДІСІНІҢ ТҮЗЕТУШІЛІК БАҒЫТЫ
Сал ауруына шалдыққан балалардың түрлі өнімдіс әрекетін жетілдіру
«Зияты бұзылған 3-5 сынып оқушылардың жазбаша сөйлеу тілі бұзылыстарының сипаты»
Зияты бұзылған балалардың байланыстырып сөйлеуінің жағдайы
ЗИЯТЫ ЗАҚЫМДАЛҒАН БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОЙЫН ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Зияты зақымдалған балалар
Зияты зақымдалған балаларды арнайы мектепте оқытудың әдіс - тәсілдері
Зияты зақымдалған балалардың өзін - өзі бағалау ерекшеліктері
Зияты зақымдалған кіші мектеп жасындағы оқушылардың адекватты өзін - өзі бағалау ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz