Қазақстандағы есту қабілеті бұзылған балаларға білім беру жағдайында оқыту процесін ұйымдастырудың бүгінгі көрінісі

Есту қабілеті бұзылған балалар үшін білім беру процесін ұйымдастыру ерекшеліктері
Естімейтін балалардың психофизикалық ерекшеліктері және ерекше білім беруге қажеттіліктері
Естімейтін балалар құлақ түбіндегі қатты дыбысты сезіне алады, бірақ арнайы оқытусыз сөздер мен сөйлемдерді түсінбейді. Естімейтін балалар үшін есту аппараты немесе кохлеарлы имплантты қолдану қажет. Есту аппараты немесе кохлеарлы имплантты қолданғанның өзінде естімейтін балалар айналадағылардың сөйлеуін қабылдау мен түсінуде қиналады. Бұндай балалардың ауызша сөйлеу тілі өздігінен дамымайды, сондықтан оларды ұзақ жүйелі түзете-дамыту жұмысына қосукерек. Бұл жұмыстың басты бағыттары: сөйлеу тілін дамыту (лексикалық, грамматикалық, синтаксистік құрылымдар) есту арқылы қабылдауды, оның ішінде сөйлеу тілін естуді дамыту және дыбыс айтуды қалыптастыру. Ауызша және жазбаша сөйлеу тілін қалыптастырумен қатар баланың танымдық әрекетін және тұлғасын жан жақты дамыту жүреді.
Есту бұзылысын түзету мақсатында естуді протездеу немесе кохлеарлы импланттау қолданылады.
Есту қабілеті бұзылған балалар айналадығылардың сөйлеуін үш әдіспен қабылдайды: есту-көру, есту арқылы, көру арқылы.
Естімейтіннашар еститін балалар сөйлеушіні бірнеше себептерге байланысты әрдайым түсіне бермейді. Есту қабілеті бұзылған баланың айтқанды түсінуі сөйлеушінің артикуляциялық мүшесінің анатомиялық ерекшеліктері (жұқа еріндер, тістестіру ерекшеліктері және т.б.), ерінді бүркеу (мұрт, сақал, ашық түсті далап және басқа) және сөйлеу тілінің ерекшелігі (анық емес, жылдам сөйлеу және т.б.) қиындатады.
Естімейтіннашар еститін балаға қатысты сөйлеушінің тұрған орны және әңгімеге қатысушылардың сангы да үлкен маңызға ие. Мысалы, сөйлеушінің жарық көзіне арқасымен тұруы, балаға қырымен немесе арқасымен тұруы, әңгімеге екі немесе одан да көп адамның қатысуы - сөйлеуді түсінуге кері әсерін тигізеді.
Есту мүмкіндіктерінің ерекшеліктері (есту аппаратының бұзылуы, толық емес есту) және баланың тұрмыстық және әлеуметтік тәжірибесінің шектеулігі (ортақ мәнмәтінтақырып бойынша ақпараттанудың жеткіліксіздігі және осының айтылғанды түсінуге әсер етуі) сөйлеуді қабылдау тұрақсыздығының факторлары болып табылады .
Сөйлеу тілінің даму ерекшеліктері, есту қабілеті бұзылған баланың сөздік қоры да оның сөйлеуді қабылдаудағы мүмкіндіктеріне едәуір әсер етеді.
Естімейтіннашар еститін оқушылардың сөйлеу тілінде келесідей ерекшеліктер болуы мүмкін: дыбыс айту бұзылысы; сөздерді айту мен жазудағы қателер арқылы байқалатын сөздің дыбыстық құрамын жеткіліксіз меңгеру. Лексикалық деңгейде есту қабілеті бұзылған балаларда шектелген сөздік қоры, мәтіндік мағынасын толық меңгермеуге байланысты сөздерді дұрыс түсінбеу және қате қолдану болады. грамматикалық құрылымның кемшіліктері, сөйлеудегі (грамматикалық) белгілі құрылымдарды меңгеру мен қолдану ерекшеліктері естімейтіннашар еститін балалардың сөздерсөз тіркестерінің орны дәстүрлі емесинвертті тәртіптегі сөйлемді қабылдаудағы қиындықтар және оқылған мәтінді түсіну шектеулігі ретінде байқалатын синтаксистік деңгейдегі қиындықтарды туғызуы мүмкін.
Есту арқылы қабылдаудың бұзылысы және осының салдарынан пайда болатын сөйлеу тілінің жетілмеуі бұндай баланың өзіндік дамуын қалыптастырады. Есту қабілеті бұзылған балаларда тек сөйлеу тілі дамуының ғана емес, танымдық және тұлғалық салаларының дамуында да ерекшеліктер байқалуы мүмкін.
Білім беру процесін ұйымдастыру үшін танымдық саланың келесідей басты ерекшеліктерін бөледі: зейіннің төмен көлемі және ауысу қарқынының төмендігі, яғни есту бұзылысы бар балаға бір оқу әрекетін аяқтау үшін және басқаға ауысу үшін белгілі бір уақыт керек болады. Сондай-ақ, бұл санаттағы балаларға ең төменгі зейін тұрақтылығы тән, соның салдарынан есту-көру негізінде ақпарат алатындықтан қатты шаршағыштық болады. Сабақ барысында оқу кезінде көру және материалды түсіндіруде есту талдағышына сүйенетін еститін оқушыға қарағанда есту қабілеті бұзылған білім алушы үнемі екі талдағышты да іске қосып отырады. Естімейтіннашар еститін оқушы зейінін бөлуде үлкен қиындықтарға соқтығады және ол бір уақытта естіп, жаза алмайды.
Есте сақтаудың ерекшеліктері естімейтіннашар еститін баланың лексикалық қорының даму деңгейіне байланысты сөздік жадына қарағанда бейнелік есте сақтаудың басымдығында байқалады. Бұл оқу материалын есте сақтауға көбірек уақытты қажет етеді, бұл орайда саналы есте сақтаудан гөрі, механикалық есте сақтау басым болады.
Есту қабілеті бұзылған бастауыш сынып оқушыларының ойлау ерекшеліктері сөздік логикалық ойлау дамуының деңгейі мен сөйлеу тілі дамуына байланысты сөздік-логикалыққа қарағанда көрнекі-бейнелік ойлаудың басымдығымен байқалады.
Эмоционалды саланың даму ерекшеліктері белгілі бір жағдайда айналадағылардың эмоциялық сезімдерін, оның ішінде интонация арқылы берілетін сөйлеудің эмоциялық бояуын қабылдау шектеулігіне байланысты түсінбеу немесе ажыратуда қиналу арқылы байқалады.
Тұлға қалыптасуының ерекшеліктерінің арасында негативті жағдайлар кешенінің болуын атап өту қажет: өзіне сенімсіздік, қорқыныш, жақын ересек адамға аса тәуелділік, өзін өзі өте жоғары бағалау. Естімейтін және нашар еститін балалардың бір бөлігінде негізсіз өзін өзі жоғары бағалау ұзақ сақталады. Бұл олардың ерте жастан бастап ересектер тарапынан өзінің жетістіктерін жағымды бағалау ортасында болғандығымен түсіндіріледі.
Есту қабілеті бұзылған кейбір оқушылар мұғалімнің және сыныптастардың олардың мүмкіндіктерін жағымсыз бағалауына (көбінесе объективті) байланысты агрессия көрсетуі ммүкін.
Естімейтін және нашар еститін балалар қалыпты құрдастарына қарағанда әлеуметтік жетілуі нашар (қоғамда бейімделу) болады: тұйық, өздері сияқтылармен сөйлесуді қалайды, сәтсіздіктен қорыққандықтан еститін құрдастармен ойнаудан қашады.
Естімейтіннашар еститін оқушы үшін ұзақ уақыт бойы, тіпті жоғары сыныптарға дейін сыныптастарының және өзін өзі бағалауын қалыптастыруда жетекші болып табылатын педагогпен қарым-қатынас орнату ерекше маңызды. Көп уақыт мұғаліммен сөйлесуге басымдық беріп, сыныптастармен әрекеттесуді шектеу әлеуметтік қарым-қатынастың бұзылуына, жоғары ашушаңдыққа, невротикалық әсерлерге алып келуі мүмкін.
Естімейтін және нашар еститін балалар есту қабілеті бұзылысының салдарынан болған ерекше білім беруге қажеттіліктері бар: білім беру, танымдық және коммуникативтік жағдайларда қалдық естуді қолдану және дамыту; сөйлеуші адамның айтқанын есту-көру, есту және көру арқылы қабылдауға және коммуникацияның әртүрлі формаларына үйрету; сөйлеу тілінің барлық жақтарын дамыту және мүмкіндіктердің шектелуіне байланысты қоршаған әлем туралы біліміндегі кемшіліктердің орнын толтыру; инклюзивті білім беру ортасында әлеуметтік құзыреттілікті және мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру; қажеттілік-уәждемелік және эмоционалды-еріктік саланы дамыту; қоғамда барынша тәуелсіз өмір сүруге қабілетті, оның ішінде кәсіби анықталу, әлеуметтік еңбекке бейімделу, белсенді және оптимисттік өмірлік ұстаным және тағы басқа арқылы қалыптастыру .
Арнайы білім беру жағдайларын жасау материалды-техникалық базаны құрудан басталады. Кедергісіз ортаны жасауда есту қабілеті бұзылған балалар үшін ақпарат алу үлкен қиындық туғызатынын ескерген жөн. Сондықтан, ең алдымен, ұйымда осы балаларға көп ақпаратты визуалды көздер арқылы қабылдауға мүмкіндік беретін қолжетімді орта жасалады: тәртіп ережелері, қауіпсіздік ережелері, ұйымның қызмет ету тәртібі және т.б. туралы көрнекі көрсетілген, ыңғайлы орналастырылған және қолжетімді стендтер
Архитектуралық білім беру ортасын құруда бөлмелерді акустикалық дайындау, есту аппаратыкохлеарлы импланты бар бала оқитын сыныптың акустикасын дұрыстау болып табылады. Кабинеттерді арнайы дыбыс жұтатын панельдермен және қалың матадан жасалған педелерді құру бұл мәселені шешеді.
Түзету-дамыту сабақтарына арналған арнайы кабинеттер жасау есту қабілеті бұзылған балалардың денсаулығын сақтау шарты болып табылады. арнайы кабинеттер дыбыс өткізбейтін, түзете-дамыту сабақтарына арналған құрал-жабдықтармен жарақтандырылған болуы қажет.
Арнайы құрал-жабдықтар
Естімейтін және нашар еститін білім алушыларды ерекше қажеттіліктеріне бағдарланған оқытудың техникалық: ұжымдық және жеке қолдануға арналған дыбысты күшейткіш стационарлы желілік аппаратура (қосымша вибротактильді құрылғылары бар), сымсыз аппаратура, мысалы, FM - жүйе; сөйлеудің дыбыс айту жағын дамытуға ықпал ететін арнайы визуалды құралдар; арнайы компьютерлік оқыту бағдарламалары.
Есту арқылы қабылдау мен сөйлеудің дыбыс айту жағын дамыту бойынша топтық және жеке сабақтарға арналаған, музыкалық ырғақтық сабақтарға арналған кабинеттер дыбыс күшейткіш аппаратурамен жабдықталады. Сөйлеушінің бетін және оның артындағы фонды жарықтандыру, заманауи электроакустикалық, оның ішінде дыбыс күшейткіш аппаратура, сондай-ақ қашықтықтан іс-әрекетті үлкен экранда көрсетуге мүмкіндік беретін аппаратураны қолдану қажет.
Естімейтін балалардың сөйлеу тілің дамымауының пайда болу себептері.
1.Есімейтін балалардың сөйлеу тілінің дамымауының пайда болу себептері
Кереңдік - туа пайда болған және жүре пайда болған болып бөлінеді. Туғаннан керең болу - ұрпақтың дұрыс дамымау салдарынан немесе әр түрлі улы заттармен уланғаннан, әр түрлі аурулардың себебінен пайда болады. Туа пайда болған кереңдікті баланың дамуына мұқият бақылағанда ғана байқауға болады.
Балалардың тілі даму кезіндегі гуілдеуі еститін баладан еш айырмашылығы болмайды. Бірақ бес айдан бастап, дыбыстарды ажырату, оған еліктеуі жоғалады. Естімейтін бала сезімін білдіргенде ғана, дыбыс шығарады (мысалы, анасының түрін көргенде, қарны ашқанда, ауырғанда, қорыққанда және т.б.). Қалыпты жағдайда естімейтін бала тыныш жатады. Осы кезде шығарған дыбыстар түсініксіз, бірқалыпты болады. Жүре пайда болған кереңдікке-туғаннан кейінгі сырқаттар немесе ауырған аурулары
жатады (менингит, қызылша және т.б.). Сонымен қатар әр түрлі құлақ аурулары да жатады.
Кереңдік - мылқаулыққа әкеп соғады. Естімейтіндерде сөйлеу тілінің қандайда бір органикалық бұзылыстар байқалмайды. Қоршаған ортаның сөйлеу тілін естімегендіктен, оған еліктей алмағандықтан мылқау болып қалады. Есту қабілетінен айырылмағанға дейінгі баланың сөз қорындағы болған сөздерді есту қабілетінен айырылғанан кейін сөйлеу тілін дамытуға арналған арнайы жаттығулар керек.
Туылғаннан және жүре пайда болған кереңдіктен балаларды есту қабілетінің қалдығы болады. Мысалы, жуан дыбыстарды, қатты шуларды, дауысты ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz