ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯ ЖҮЙЕЛЕРІН МОДЕЛЬДЕУ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Коммерциялық емес акционерлік қоғам

ҒҰМАРБЕК ДӘУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

Ғарыштық инженерия және телекоммуникациялар институты

Телекоммуникация және инновациялық технологиялар кафедрасы

СӨЖ №1

ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯ ЖҮЙЕЛЕРІН МОДЕЛЬДЕУ

Тақырыбы: Нәтижелерді моделдеудің дәлдік бағасы. Имитациялық модель сапасының бағасы

Мамандығы: Радиотехника электроника және телекоммуникациялар

«___» 2020ж. (бағасы) (қолы)

Алматы 2021

Нәтижелерді моделдеудің дәлдік бағасы. Имитациялық модель сапасының бағасы

Имитациялык модельдеудің кезеңдері Зерттелетін жүйелер мен объектілердің əр алуан болуына карамастан, оларды имитациялық модельдеу үшін көбінесе мына алты кезеңді бірінен соң бірін орындау қажет: мəселені қою; математикалық модельдер құру; компьютерге арналған программа жасау; модельдің түпнұсқаға сəйкестігін бағалау; эксперименттердің жоспарын жасау; модельдеудің нəтижелерін өңдеу. Осы кезеңдердің əрқайсысына жеке тоқталайық. Мəселені қою Имитациялық модельдеу, басқа да зерттеу əдістері сияқты, мəселені қоюдан, яғни модельдеудің мақсатын жəне осы модельдерді құру кезінде ескеретін əр түрлі шектеулерді сипаттаудан басталады. Имитациялық модельдеудің мақсаты ретінде жауабы ізделіп отырған маңызды сұрақ, əлде тексеруді қажет ететін жорамал немесе ықпалын бағалайтын əсер бола алады. Мысалы, имитациялық модельдеуді мына сұрақтарға жауап іздеу үшін пайдалануға болады: датчиктерден жауап алатын жаңа алгоритм күрделі қондырғыштардың жұмысына қандай əсер тигізеді немесе оперативті жоспарлаудың нақтылы əдістері өндіріске жұмсалатын қаржыны қанша өнімдейді. Имитациялық модельдеудің мақсаты ретінде, жоғарыда айтылғандай, əр түрлі жорамалдардың ақиқаттығын тексеру де бола алады. Мысалы, кейбір күрделі жүйелердің болашақтағы жағдайы туралы жасалған жорамалды тексеру немесе автобус маршрутының өзгеруі, оның салонының толуын қамтамасыз етеді деген болжамды тексеру, əлде мемлекеттік қорыққа шеттен əкелген тауарлардың жаңа түрі оның экологиялық тепе-теңдігін бұзады деген жорамалдарды тексеру болуы мүмкін. Енді имитациялық модельдеудің мақсаты ретінде əр түрлі əсерлердің ықпалын тексерудің де бір мысалын келтіре кетейік. Металлургиялық пештерде металды қорыту процесінің нəтижесіне, осы пешке үрлеп тұратын ayaғa қосылатын таза оттегінің əсері зор. Имитатциялық модельдеу имитатциялық модельдеуді ұйымдастыру, осы процесті имитациялық модельдеудің мақсаты ретінде байытылған ауадағы оттегі мөлшерінің металл шығымына əсерін анықтау бола алады . Енді осы имитациялық модельдеу кезінде ескеретін шектеулерді бейнелеу туралы бірекі сөз айту қажет. Бұл жұмыс зерттеліп отырған объектінің немесе жүйенің сипаттамаларын анықтаудан басталады. Осы бағыттағы бірінші қадам қаралып отырған объект қандай бөлшектерден тұратынын анықтауы керек. Келесі қадам, осы объектінің елеулі параметрлері мен айнымалыларын айқындау жəне солардың мөлшерлеріне қойылатын шектеулерді табу. Үшінші қадамда осы елеулі параметрлер мен айнымалылардың біріне-бірінің əсерін талдай отырып, олардың имитациялық модельдеу нəтижесіне ықпалын табу кажет.

Математикалық модельді құрастыру

Математикалық модель деп, зерттеліп отырған жүйелердегі процестердің сипаттамалары мен осы жүйелердің елеулі параметрлерінің, бастапқы шарттарының кіріс айнымалыларының арасындағы байланысты бейнелейтін қатынастар жинағын айтамыз. Күрделі жүйелерді құрастыратын элементтердің əртектілігі жəне олардың неше түрлі кездейсоқ факторлардың əсері ортасында жұмыс істеуі осы жүйелерді жəне олардың элементтерін модельдеу үшін əр түрлі математикалық сұлбаларды колдануға мəжбүр етеді. Солардың ішінен имитациялық модельдеу кезінде жиі қолданатын келесі сұлбаларды атап кетуге болады: дифференциалдық жəне айырымдық тендеулер, марков процестері, көпшілікке қызмет көрсету жүйелері, динамикалық жүйелер, агрегаттық жүйелер, ықтималдық автоматтар. Осы сұлбаларды зерттеудің математикалық əдістерінің жақсы дамығанын ескерсек, оларды күрделі жүйелер элементтерінің моделі ретінде пайдалануға болатынын дəлелдеу керек жоқ . Сондықтан бүл сұлбалар имитациялық модельдеу əдісінің үлгілі сұлбалары деп аталады . Математикалық модельдерді құрастыру кезінде назарға ұстайтын тағы бір мəселе бар. Ол ешқандай математикалық модельдің зерттеліп отырған процестерге дəл сəйкес бола алмайтыны, тек қана осы процестердің, алға қойылған мəселелерге тəн, ең елеулі сипаттамаларын бейнелей алатындығын ұмытпау керек. Осыған байланысты математикалық модель қаншама күрделі болуы қажет деген сұрақ туады. Бір жағынан қарағанда, іс жүзінде кездесетін жүйелер өте күрделі, сондықтан оларды бейнелейтін модельдер де күрделі болуы керек деген тұжырымға келуге болады. Бірақ бұл тұжырымның дұрыстығының шегі болуы қажет. Себебі өте күрделі модельдерді құрастыру мүмкін болғанмен, оларды пайдалану өте көп уақыт алады жəне осы модельдерді γ бейнелейтін күрделі математикалық қатынастарды шешкен кезде көптеген қателер жіберіледі де, алынған нəтижелердің пайдасы жоққа шығады. Сондықтан жылдам жүзеге асырылатын жəне алға қойылған мəселелерді зерттеуге жеткілікті дəлдікпен сипатталатын модельдерді кұрастыру қажет. Тағы бір ескеретін жəй, күрделі жүйелерді имитациялық модельдеу кезінде олардың математикалық моделін түрлендіру арқылы зерттеліп отырған процестердің əр қадамын бірінен соң бірін бейнелеп отыратын модельдеуші алгоритм кұру керек. Бұл алгоритм карастырылып отырған процестердің логикалық кұрылымы, хал-күйі жəне кұрамы туралы ақпаратты сақтауы тиіс. Имитациялық модельдеудің бұл кезеңінде зерттеушінің алдында оны қай алгоритмдік тілде жазу керек деген сұрақ туады. Соңғы жылдары компьютермен модельдеудің тез дамуына байланысты имитациялық модельдеуге арналып жасалған көптеген алгоритмдік тілдер пайда болды. Бірақ осы тілдердің көбісі белгілі бір математикалық сұлбамен бейнеленген обьектілерді модельдеуге ғана бағытталған. Мысалы, GPSS деген тіл көпшілікке қызмет көрсету жүйелерінің жұмысын модельдеуге бейімделсе, SlMULA тілі арнайы көп мөлшерлі теңдеулермен бейнеленетін экономика жүйелерін имитациялауға арналған. Универсалды тілдерге қарағанда бұл арнайы тілдердің программасын тезірек кұрастыруға болады жəне осы арнайы имитациялық тілдердің құрамында программаны құрастырғанда жіберілетін қателерді тез табу амалдары ескерілген . Дегенмен, имитациялық модельдеу кезінде универсалды тілдер де (Паскаль, Си, Фортран, Бейсик) жиі қолданылады. Бұл тілдердің де имитациялық модельдеуге тиімді біраз қасиеттері бар. Мысалы, біраз күрделі жүйелерді (автоматтандырылған басқару жүйелерін, ақпаратты іздеу жүйелерін) модельдеген кезде осы модельдеуден алған нəтижелерді көрсету түрінің мағынасы зор. Ал программа арқылы алынған нəтижелерді əр түрлі сұлбада басып шығару тəсілдеріне универсалды тілдер өте бай келеді. Сондықтан зерттеушінің алдында программалау тілін таңдау мəселесі тұра қалса, ол өзі жақсы меңгеретін тілге тоқтауы дұрыс деп есептейміз. Қанша тиімді болғанымен, өзін дұрыс игермеген тілді пайдаланғанша, білетін программалау тілін қолдану тез де жəне сенімді де болады.

Модельдеудің сəйкестігін бағалау

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жиілік диапазонының деректерді беруге әсері
Ақпараттық технологиялардың қауіпсіздігі және аса маңызды объектілерді қорғау
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты
Информатиканы оқытудың мақсатты жүйесі
IP-телефония негізінде байланыс орталығының жұмысын талдау
Имитационды модельдеу
Артпедагогика
Интербелсенді технологиялар
Жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие үрдісіне ендіру
Қаржылық тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz